"Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын және оны есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 84 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2019 жылғы 5 тамыздағы № 263 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 9 тамызда № 19217 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 416-НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 10.09.2024 № 416-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-3-бабының 13-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын және оны есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18617 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 21 мамырда электрондық түрде жарияланған) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 84 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін есептеу әдістемесінде:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ақпараттық-талдамалық телебағдарлама - көрермендер аудиториясы үшін қоғамдық маңызды қызығушылықты тудыртатын белгілі бір уақыт аралығында орын алған оқиғалардың жүйелендірілген ақпараты мен талдауын қамтитын телебағдарлама;";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тіл теңгеріміне қойылатын талаптарды сақтау нысанасында теле-, радиоарналарға мониторинг жүргізу кезінде мынадай өлшемшарттар ескеріледі:

      1) қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың көлемі оларды трансляциялау (ретрансляциялау) уақытында қазақ тілінде айтылатын теле, радиобағдарламаларды қамтиды. Басқа тілдегі (орыс, ағылшын және басқа) теле-, радиобағдарламалардың көлемін қазақ тілінен өзгеше тілде дыбыстық сүйемелдеуі бар теле-, радиобағдарламалар құрайды;

      2) көп тілді теле-, радиобағдарламалар - егер теле-, радиобағдарламаларды трансляциялау уақытында сөйлеу тілі екі және одан да астам тілде болса, теле-, радиобағдарламалардың қазақ және басқа тілдердегі хабар тарату уақыты бөлек тіркеледі.

      3) сөзбен сүйемелденбейтін теле-, радиобағдарламалар - оларды сүйемелдеуде қандай да бір тілдегі сөзді және оның негізгі мазмұнымен байланысты ақпаратты қамтымайтын теле-, радиобағдарламалардың көлемі "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - "Телерадио хабарларын тарату туралы" Заң) 10-бабының 1-тармағында және 2-тармағында белгіленген заңнаманың талаптарын сақтау тұрғысындағы мониторингте ескерілмейді;

      4) отандық теле-, радиоарна ретрансляциялайтын шетелдік теле-, радиобағдарламалардың ұзақтығы жарнама уақыты, техникалық үзіліс және эфирлік қосымшалар есепке алынбай тіркеледі;

      5) телеарналарда тарату кезінде субтитрлер түріндегі телебағдарламалар аудармасы қазақ тіліндегі телебағдарламалардың жалпы көлемінде ескерілмейді;

      6) жарнама, эфирлік қосымшалар (Мемлекеттік Гимннің орындалуы, теле-, радиоарнаның өз атауын хабарлауы, теле-, радиоарнаның өз ақпараты (анонс), әлеуметтік жарнама, қосымша ақпарат мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлеміне енгізілмейді;

      7) бір теле-, радиобағдарламадан екіншісіне көшу кезінде көшу жүзеге асырылатын теле-, радиобағдарламаның тілі тіркеледі.

      Сөйлеу арасындағы үзіліс уақыты соңғы айтылған тілдің уақытына жатады.

      Дербес эфир оқиғасы ретінде таратылатын және теле-, радиобағдарламаларда таратылатын музыкалық шығармалар "Телерадио хабарларын тарату туралы" Заңның 10-бабының 2-тармағында белгіленген заңнаманың талаптарын сақтау тұрғысындағы мониторингте ескерілмейді.

      Телеарналар қазақ тілінде негізгі дыбыстық сүйемелдеуі бар көп арналы хабар беруді пайдаланған жағдайда, "Телерадио хабарларын тарату туралы" Заңның 10-бабының 2-тармағында белгіленген заңнама талаптарын сақтау тұрғысында осы телеарнаның басқа тілдегі дыбыстық жолдары бар мониторингі жүзеге асырылмайды.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылмаған телеарналардағы телесауда көлемін есептеу мына формуланы пайдаланған кезде жүзеге асырылады:



      мұнда:

      Tcomg - минутпен алғандағы телесауда;

      VaDinD - тәулікпен алғанда жарнама таратудың және телесауданың жалпы көлемі;

      PTcomg% - тәулікпен алғанда телесауда көлемі.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. "Телерадио хабарларын тарату туралы" Заңның 30-бабының 1-тармағын сақтау туралы талап ақпараттық-талдамалық телебағдарламаны қоспағанда, телеарнаның хабар тарату кестесіне жергілікті уақытпен он алтыдан жиырма екі сағатқа дейінгі кезеңде жаңалықтар сипатындағы кемінде бір телебағдарламаның шығуы енгізілген күндерге қолданылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады