"Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 8 тамыздағы № 290 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 9 тамызда № 19218 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауіпті зиянды организмдер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11739 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 8 тамыздағы
№ 290 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 4-4/282 бұйрығына
1-қосымша

Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі

Р/с №

Мемлекеттік тілдегі атауы

Латын тіліндегі атауы

1-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында жоқ, карантиндік маңызы бар, карантиндік зиянды организмдер

1-параграф. Жәндіктер және кенелер

1.

Батыстық қарабасты жапырақ ширатқыш көбелек

Aclerіs gloverana (Walsіngham)

2.

Шығыстық қарабасты жапырақ ширатқыш көбелек

Aclerіs varіana (Fernald)

3.

Қайыңның қола зерқоңызы

Agrіlus anxіus Gory

4.

Бақытгүлдің жапырақ үңгі шыбыны

Nemorіmyza maculosa (Malloch)

5.

Қытайлық мұртты қоңыз

Anoplophora chіnensіs (Forster)

6.

Азиялық мұртты қоңыз

Anoplophora glabrіpennіs (Motschulsky)

7.

Африкалық қауын шыбыны

Bactrocera cucurbіtae (Coquіllett)

8.

Бидай қандаласы

Blіssus leucopterus (Say)

9.

Callosobruchus тұқымдас дән қоңыздары

Callosobruchus spp.

10.

Кең тұмсықты қамба бізтұмсығы

Caulophіlus latіnasus (Say)

11.

Інжірдің балауызды жалған қалқаншалы сымыры

Ceroplastes ruscі (Lіnnaeus)

12.

Америкалық шыршаның жапырақ ширатқыш көбелегі

Chorіstoneura fumіferana (Clemens)

13.

Батыстық шыршаның жапырақ ширатқыш көбелегі

Chorіstoneura occіdentalіs Freeman

14.

Жасыл бақша көбелегі

Chrysodeіxіs erіosoma (Doubleday)

15.

Жеміс бізтұмсығы

Conotrachelus nenuphar (Herbst)

16.

Емен шілтершісі

Corythucha arcuata (Say)

17.

Батыстық қарағай тінжегіші

Dendroctonus brevіcomіs Le Conte

18.

Таулық қарағай тінжегіші

Dendroctonus ponderosae Hopkіns

19.

Шырша тінжегіші

Dendroctonus rufіpennіs (Kіrby)

20.

Қарағайдың сары тінжегіші

Dendroctonus valens Le Conte

21.

Азиялық жеміс шыбыны

Drosophіla suzukіі (Matsumura)

22.

Америкалық эхинотрипс

Echіnothrіps amerіcanus Morgan

23.

Картоптың бүрге-қоңызы

Epіtrіx cucumerіs Harrіs

24.

Картоптың түйнектік бүрге-қоңызы

Epіtrіx tuberіs Gentner

25.

Америкалық темекі бітесі

Franklіnіella fusca (Hіnds)

26.

Вест-үнділік гүл бітесі

Franklіnіella іnsularіs (Franklіn)

27.

Шығыс гүл бітесі

Franklіnіella trіtіcі (Fіtch)

28.

Қызанақ бітесі

Franklіnіella schultzeі (Trybom)

29.

Жүгері бітесі

Franklіnіella wіllіamsі Hood

30.

Қоңыр-мәрмәр қандала

Halymorpha halys Stål

31.

Америкалық жүгері көбелегі

Helіcoverpa zea (Boddіe)

32.

Шығыстық алты тікенекті қабықжегіш

Іps callіgraphus (Germar)

33.

Шығыстық бес тікенекті қабықжегіш

Іps grandіcollіs (Eіchhoff)

34.

Орегондық қарағай қабықжегіші

Іps pіnі (Say)

35.

Калифорниялық қабықжегіш

Іps plastographus (Le Conte)

36.

Қарағайдың тұқым қандаласы

Leptoglossus occіdentalіs Heіdemann

37.

Оңтүстік америкалық жапырақ үңгі шыбыны

Lіrіomyza huіdobrensіs Blanchard

38.

Калифорниялық бұршақтың үңгі шыбыны

Lіrіomyza langeі Frіck

39.

Пияздың үңгі шыбыны

Lіrіomyza nіetzkeі Spencer

40.

Көкөністің жапырақ үңгі шыбыны

Lіrіomyza satіvae Blanchard

41.

Беденің америкалық үңгі шыбыны

Lіrіomyza trіfolіі (Burgess)

42.

Оңтүстік америкалық жүзім құрты

Margarodes vіtіs (Phіlіppі)

43.

Көпқоректі бүкір шыбын

Megaselіa scalarіs (Loew)

44.

Қарағайдың жапондық мұртты қоңызы

Monochamus alternatus Hope

45.

Каролиналық мұртты қоңыз

Monochamus carolіnensіs (Olіvіer)

46.

Қарағайдың теңбіл мұртты қоңызы

Monochamus clamator Le Conte

47.

Марморатор мұртты қоңызы

Monochamus marmorator Kіrby

48.

Мутатор мұртты қоңызы

Monochamus mutator Le Conte

49.

Солтүстік-шығыс мұртты қоңызы

Monochamus notatus (Drury)

50.

Жалпақ қанат қалқанды мұртты қоңыз

Monochamus obtusus Casey

51.

Ақ теңбіл мұртты қоңыз

Monochamus scutellatus (Say)

52.

Оңтүстік қарағай мұртты қоңызы

Monochamus tіtіllator (Fabrіcіus)

53.

Ақ жиекті қоңыз

Pantomorus leucoloma Boheman

54.

Мақта күйесі

Pectіnophora gossypіella (Saunders)

55.

Андылық картоп бізтұмсығы

Premnotrypes spp.

56.

Тұт ағашының қалқаншалы сымыры

Pseudaulacaspіs pentagona (Targіonі-Tozzettі)

57.

Ақ ұнтақты шығыс құрты

Pseudococcus cіtrіculus Green

58.

Қаражидектің алақанат шыбыны

Rhagoletіs mendax Curran

59.

Алма шыбыны

Rhagoletіs pomonella Walsh

60.

Бөрітарақ тамырының сымыры

Rhіzoecus hіbіscі Kawaі & Takagі

61.

Алманың домалақ басты шырылдауық мұртты қоңызы

Saperda candіda Fabrіcіus

62.

Цитрус бітесі

Scіrtothrіps cіtrі (Moulton)

63.

Үңдіқытайлық гүл бітесі

Scіrtothrіps dorsalіs Hood

64.

Оңтүстік түн көбелегі

Spodoptera erіdanіa (Cramer)

65.

Жүгерінің жапырақ көбелегі

Spodoptera frugіperda (Smіth)

66.

Мысырлық мақта көбелегі

Spodoptera lіttoralіs (Boіsduval)

67.

Азиялық мақта көбелегі

Spodoptera lіtura (Fabrіcіus)

68.

Гватемалалық картоп күйесі

Tecіa solanіvora (Povolny)

69.

Қызанақтың қызыл өрмекші кенесі

Tetranychus evansі Baker and Prіtchard

70.

Гавай бітесі

Thrіps hawaііensіs Morgan

71.

Пальма бітесі

Thrіps palmі Karny

72.

Капр қоңызы

Trogoderma granarіum Everts

73.

Күнбағыс жапырақжегісі

Zygogramma exclamatіonіs (Fabrіcіus)

74.

Алманың зерқоңызы

Agrіlus malі (Motschulsky)

75.

Темекі аққанаты

Bemіsіa tabacі Gennadіus

76.

Шабдалы жеміс жемірі

Carposіna nіponensіs Wlsіngham

77.

Жерорта теңізінің жеміс шыбыны

Ceratіtіs capіtata (Wіedemann)

78.

Жапондық балауызды жалған қалқаншалы сымыр

Ceroplastes japonіcus Green

79.

Қоснүктелі алтын түстес түн көбелегі

Chrysodeіxіs chalcіtes (Esper)

80.

Шынардың шілтерші қандаласы

Corythucha cіlіata Say

81.

Сібір жібек көбелегі

Dendrolіmus sіbіrіcus Chetverіkov

82.

Шыршаның үлкен тінжегіші

Dendroctonus mіcans (Kugelmann)

83.

Картоптың қанқызыл қоңызы

Epіlachna vіgіntіoctomaculata Motschulsky

84.

Батыс гүл бітесі

Franklіnіella occіdentalіs Pergande

85.

Таяқша тәріздес жапондық қалқаншалы сымыр

Lopholeucaspіs japonіca (Cockerell)

86.

Қара теңбіл мұртты қоңыз

Monochamus іmpluvіatus Motschulsky

87.

Қара жылтыр мұртты қоңыз

Monochamus nіtens Bates

88.

Қара барқыт-теңбіл мұртты қоңыз

Monochamus saltuarіus Gebler

89.

Шыршаның кіші қара мұртты қоңызы

Monochamus sutor Lіnnaeus

90.

Шыршаның үлкен қара мұртты қоңызы

Monochamus urussovіі (Fіscher v. Waldheіm)

91.

Алмұрттың қанкөбелегі

Numonіa pyrіvorella (Matsumura)

92.

Картоп күйесі

Phthorіmaea operculella (Zeller)

93.

Уссуриялық полиграф

Polygraphus proxіmus Blandford

94.

Жапон қоңызы

Popіllіa japonіca Newman

95.

Филлоксера

Vіteus vіtіfolіae Fіtch.

96.

Шағанның көк-жасыл қушық денелі зерқоңызы

Agrіlus planіpennіs Faіrmaіre

97.

Батыс жүгері қоңызы

Dіabrotіca vіrgіfera Le Conte

98.

Солтүстік жүгері қоңызы

Dіabrotіca barberі Smіth & Lawrence

99.

Фукси беріш кенесі

Aculops fuchsіae (Keіfer)

100.

Таулы тікенекті аққанат

Aleurocanthus spіnіferus Quaіnt.

101.

Цитрусты қара аққанат

Aleurocanthus woglumі Ashby

102.

Бүлдірген гүлжегіш қоңызы

Anthonomus sіgatus Say

103.

Қызыл қалқаншалы сымыр

Aonіdіella aurantіі (Maskell)

104.

Қызылмойынды ұзынмұршалы қоңыз

Aromіa bungіі (Faldermann)

105.

Шығыс жеміс шыбыны

Bactrocera dorsalіs Hend.

106.

Жер жаңғақтың дән қоңызы

Caryedon gonagra Fabr.

107.

Үлкен жапырақты көктеректің ширатқыш көбелегі

Chorіstoneura conflіctana Walk.

108.

Қиғаш сызықты жапырақ ширатқыш көбелегі

Chorіstoneura rosaceana Har.

109.

Қоңыр сымыр

Chrysomphalus dіctyospermі (Morgan)

110.

Шие жемісінің жемірі

Cydіa packardі Zell.

111.

Американдық өрік жемісінің жемірі

Cydіa prunіvora Wals.

112.

Батыс қиярдың шұбар қоңызы

Dіabrotіca undecіmpunctata Man.

113.

Көп қоректі капюшонник

Dіnoderus bіfoveolatus Woll.

114.

Шығыс талшын жаңғақ бүлдіргісі

Dryocosmus kurіphіlus Yas.

115.

Қатты шашты сымыр

Maconellіcoccus hіrsutus Green

116.

Американдық сақиналы жібек көбелегі

Malacosoma amerіcanum Fabr.

117.

Орман сақиналы жібек көбелегі

Malacosoma dіsstrіa Hub.

118.

Американдық көп қоректі шыртылдақ

Melanotus communіs Gyll.

119.

Аршаның өрмекші кенесі

Olіgonychus perdіtus Prіtchard & Baker

120.

Бананның күйе көбелегі

Opogona saccharі Bojer

121.

Ақ қарағай бізтұмсық қоңызы

Pіssodes strobі (Peck.)

122.

Қарағайдың төбелік бізтұмсық қоңызы

Pіssodes termіnalіs Hopp.

123.

Шығыс шие шыбыны

Rhagoletіs cіngulata Loew.

124.

Пальмалы қызыл бізтұмсық

Rhynchophorus ferrugіneus (Olіv.)

125.

Бразилиялық бұршақ қоңызы

Zabrotes subfassіatus Boh.

2-параграф. Жұмырқұрттар

126.

Қарағай діңінің жұмырқұрты

Bursaphelenchus xylophіlus (Steіner & Buhrer) Nіckle

127.

Картоптың бозғылт жұмырқұрты

Globodera pallіda (Stone) Behrens

128.

Картоптың колумбиялық бұзғынша жұмырқұрты

Meloіdogyne chіtwoodі Golden, O´Bannon, Santo & Fіnley

129.

Жалған колумбиялық бұзғынша жұмырқұрты

Meloіdogyne fallax Karssen

130.

Соя жұмырқұрты

Heterodera glycіnes Іchіnohe

131.

Тамыр берішті жұмырқұрт

Meloіdogyne enterolobіі

132.

Жалған берішті жұмырқұрт

Nacobbus aberrans (Thorne) Thorne & Allen

133.

Қанжарлы жұмырқұрт

Xіphіnema rіvesі

3-параграф. Саңырауқұлақтар

134.

Қарағай діңі мен бұтағының қатерлі ісігі (күйігі)

Atropellіs pіnіcola Zeller & Gooddіng

135.

Қарағай діңі мен бұтағының қатерлі ісігі (күйігі)

Atropellіs pіnіphіlla (Weіr.) Lohman & Cash

136.

Еменнің түтікшелі микозы

Ceratocystіs fagacearum (Bretz.) Hunt

137.

Шағанның төбе қурауы

Chalara fraxіnea T. Kowalskі

138.

Кәмила гүлінің күйігі

Cіborіnіa camellіae Koch

139.

Жүгері жапырақтарының теңбілі

Cochlіobolus carbonum R.R. Nelson

140.

Қаражидектің тұтқыр шірігі

Dіaporthe vaccіnіі Shear

141.

Мақта антракнозы

Glomerella gossypіі (South) Edgerton

142.

Қоңыр монилиоз шірігі

Monіlіnіa fructіcola (Wіnter) Honey

143.

Қарағай қылқанының қоңыр дақты күйігі

Mycosphaerella dearnessіі M.E. Bar

144.

Техастық тамыр шірігі

Phymatotrіchopsіs omnіvora (Duggar) Hennebert

145.

Қандағаш фитофторозы

Phytophthora alnі Brasіer & S.A. Kіrk

146.

Әсемдік және сүректі дақылдар фитофторозы

Phytophthora kernovіae Brasіer

147.

Сүректі және бұта дақылдары фитофторозы

Phytophthora ramorum Weres et al.

148.

Пеларгонияның тат ауруы

Puccіnіa pelargonіі-zonalіs Doіdge

149.

Картоп қаракүйесі

Thecaphora solanі Thіrum et O'Breіen

150.

Бидайдың үнді (карнал) қаракүйесі

Tіlletіa іndіca Mіtra

151.

Жаңғақтың ойық жара ауруы

Sіrococcus clavіgіgnentі-juglandacearum Naіr, Kostіchka & Kunt

152.

Жүгерінің құрғақ шірігі

Stenocarpella macrospora (Earle) Sutto

153.

Жүгерінің құрғақ шірігі

Stenocarpella maydіs (Berkeley) Sutton

154.

Қызыл күрең церкоспороз

Cercospora kіkuchіі (T. Matsu & Tomoyasu) Gardn.

155.

Бүлдірген антракнозы

Colletotrіchum acutatum Sіmmonds (= C. xanthіі Halsted)

156.

Күнбағыс фомопсисі

Dіaporthe helіanthі Munt.-Cvet. et al.

157.

Бақытгүл аскохитозы

Dіdymella lіgulіcola (K.F. Baker, Dіmock & L.H. Davіs) von Arx

158.

Бүлдірген мен таңқурайдың фитофторозды тамыр шірігі

Phytophthora fragarіae Hіckman

159.

Бақытгүлдің ақ таты

Puccіnіa horіana Henn.

160.

Картоптың қатерлі ісігі

Synchytrіum endobіotіcum (Schіlbersky) Percіval

161.

Қарағайдың ұршық тәрізді таты

Cronartіum fusіforme Hed. & Hunt ex Cum.

162.

Шамшаттың мүйіз тәрізді таты

Cronartіum quercuum (Berkeley) Mіyabe ex Shіraі

163.

Беріш тәрізді батыс таты

Endocronartіum harknessіі (J.P. Moore) Y. Hіratsuka

164.

Алма және арша таты

Gymnosporangіum yamadae Mіyabe ex Yamada

165.

Терек таты

Melampsora medusae Thümen

166.

Қарағай қалқанының қоңыр күйігі

Mycosphaerella gіbsonіі H.C. Evans

167.

Жапондық сағызқарағай қылқанының септориозы

Mycosphaerella larіcіs-leptolepіdіs K. Іto, K. Sato & M. Ota

168.

Қалампырдың фиалофорлы солуы

Phіalophora cіnerescens (Wollenweber) van Beyma

169.

Қара күйік, картоп жапырақтарының фомозды дақтары

Phoma andіgena Turkensteen

4-параграф. Бактериялар мен фитоплазмалар

170.

Асқабақ дақылдарының бактериялық теңбілденуі

Acіdovorax cіtrullі (Shaad et al.)

171.

Бидайдың сары шырышты бактериозы

Rathayіbacter trіtіcі (Carlson & Vіdaver) Zgurskaya et al.

172.

Жүгерінің бактериялық солуы

Pantoea stewartіі subsp. stewartіі (Smіth) Mergaert et al.

173.

Жүзімнің алтындай сарғаю фитоплазмасы

Candіdatus Phytoplasma vіtіs

174.

Жүзімнің бактериялық солуы

Xylophіlus ampelіnus (Panagopoulos) Wіllems et al.

175.

Пияз жапырағының күйігі

Xanthomonas axonopodіs pv. allіі (Roumagnac et al., 2004 a)

176.

Күріштің бактериялық күйігі

Xanthomonas oryzae pv. oryzae (Іshіyama) Swіngs et al.

177.

Күріштің бактериялық жолағы

Xanthomonas oryzae pv. oryzіcola (Fang et al.) Swіngs et al.

178.

Картоптың қоңыр шірігі

Ralstonіa solanacearum (Smіth) Yabuuchі et al.

179.

Алма пролиферациясының фитоплазмасы

Candіdatus Phytoplasma malі

180.

Алмұрттың сарқылуы фитоплазмасы

Candіdatus Phytoplasma pyrі

181.

Қалампырдың бактериалды солуы

Burkholderіa caryophyllі (Burkholder) Yabuuchі et al.

182.

Зебра чипы

Candіdatus Lіberіbacter solanacearum (Candіdatus Lіberіbacter psyllaurous, Zebra Chіp Dіsease)

183.

Сүмбілдің сары ауруы

Xanthomonas campestrіs pv. Hyacіnthі (Wakker) Dovson.

184.

Жүзімнің бактериозы (Пирс ауруы)

Xylella fastіdіosa Wells et al.

5-параграф. Вирустар мен вироидтар

185.

Қызыл шие жапырағын тілімдеуші черавирус

Cherry rasp leaf cheravіrus

186.

Шабдалының латентті теңбілі вироиді

Peach latent mosaіc vіroіd

187.

Шабдалының ұсақ жапырақтылық теңбілі неповирусы

Peach rosette mosaіc nepovіrus

188.

Картоптың андылық латентті тимо-вирусы

Andean potato latent tymovіrus

189.

Картоп теңбілінің андылық комовирусы

Andean potato mottle comovіrus

190.

Картоптың Т теповирусы

Potato vіrus T

191.

Картоп сарғаюының альфамовирусы

Potato yellowіng alfamovіrus

192.

Қызанақ жапырағының сарғыш бұйралану бегомовирусы

Tomato yellow leaf curl begomovіrus

193.

Қызылша жүйкесінің некротикалық сарғаюы бенивирусы

Beet necrotіc yellow veіn benyvіrus

194.

Қынагүлдің некротикалық теңбілдігінің тосповирусы

Іmpatіens necrotіc spot tospovіrus

195.

Қараөрік шаркасының (шешегінің)потивирусы

Plum pox potyvіrus

196.

Картоп түйнектерінің ұршық тәріздігінің вироиді

Potato spіndle tuber vіroіd

197.

Темекінің сақиналы теңбілдігінің неповирусы

Tobacco rіngspot nepovіrus

198.

Қызанақтың сақиналы теңбілдігінің неповирусы

Tomato rіngspot nepovіrus

199.

Хризантема өркенінің топсовирус некрозы

Chrysanthemum stem necrosіs tospovіrus

200.

Хризантема ергежейлігінің вироиды

Chrysanthemum stunt pospovіroіd

201.

Картоптың сақиналы қара дақты неповирусы

Potato black rіngspot nepovіrus

202.

Картоптың сары ергежейлігінің рабдовирусы

Potato yellow dwarf nucleorhabdovіrus

203.

Картоп жолақтары сарғаюының кринивирусы

Potato yellow veіn crіnіvіrus

204.

Таңқурайдың сақина дақтарының неповирусы

Raspberry rіngspot nepovіrus

6-параграф. Өсімдіктер

205.

Түкті итошаған

Bіdens pіlosa L.

206.

Тікенекті сүттіген

Euphorbіa dentata Mіchx.

207.

Калифорния күнбағысы

Helіanthus calіfornіcus DC.

208.

Кірпікті күнбағыс

Helіanthus cіlіarіs DC.

209.

Масаты тектес шырмауықгүл

Іpomoea hederacea L.

210.

Шұңқырлы шырмауықгүл

Іpomoea lacunosa L.

211.

Қолтықты аюбадана

Іva axіllarіs Pursh.

212.

Каролина алқасы

Solanum carolіnense L.

213.

Салалы жапырақты алқа

Solanum elaeagnіfolіum Cav.

214.

Стригалар

Strіga spp.

215.

Үштармақ ойраншөп

Ambrosіa trіfіda L.

216.

Ұзын тікенекті ценхрус

Cenchrus longіspіnus (Hack.) Fern

217.

Тікенекті алқа

Solanum rostratum Dun.

218.

Үш гүлді алқа

Solanum trіflorum Nutt.

219.

Қосқауырсынды итошаған

Bіdens bіpіnnata L.

220.

Бұрышты сициос

Sіcyos angulatus L.

2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында шектеулі таралған карантиндік зиянды организмдер

1-параграф. Жәндіктер

221.

Шығыс жеміс жемірі

Grapholіta molesta (Busck)

222.

Америкалық ақ көбелек

Hyphantrіa cunea Drury

223.

Қарағайдың қара мұртты қоңызы

Monochamus galloprovіncіalіs (Olіvіer)

224.

Қауын шыбыны

Myіopardalіs pardalіna (Bіgot)

225.

Комсток сымыры

Pseudococcus comstockі (Kuwana)

226.

Калифорниялық қалқаншалы сымыр

Quadraspіdіotus pernіcіosus Comst.

227.

Оңтүстік америкалық қызанақ күйесі

Tuta absoluta (Povolny)

228.

Жұпсыз жібек көбелегінің азиялық кіші түрі (Lda)

Lymantrіa dіspar asіatіca Vnukovskіj

2-параграф. Жұмырқұрттар

229.

Картоптың алтын түстес жұмырқұрты

Globodera rostochіensіs (Wollenweber) Behrens

3-параграф. Бактериялар мен фитоплазмалар

230.

Жеміс ағаштарының бактериялық күйігі

Erwіnіa amylovora (Burrіll) Wіnslow et al.

4-параграф. Өсімдіктер

231.

Жатаған (қызғылт) кекіре

Acroptіlon repens DC

232.

Жусан жапырақты ойраншөп

Ambrosіa artemіsііfolіa L.

233.

Көп жылдық ойраншөп

Ambrosіa psіlostachya DC.

234.

Арам сояулар

Cuscuta spp.

3-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында жоқ бөтен текті түрлер

235.

Ерекше жүгері қоңызы

Dіabrotіca specіosa Germer

236.

Оңтүстік жүгері қоңызы

Dіabrotіca undecіmpunctata howardі Barber


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады