Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы ("такс фри" пилоттық жобасы)

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2019 жылғы 13 тамыздағы № 871 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 тамызда № 19235 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 31.12.2024 дейін қолданыста болады

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.06.2022 № 631 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары және мерзімдері ("такс фри" пилоттық жобасы) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 15 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.06.2023 № 710 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
Б. Шолпанкулов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушының
2019 жылғы 13 тамыздағы
№ 871 бұйрығымен
бекітілген

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары және мерзімі ("такс фри" пилоттық жобасы)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары және мерзімдері ("такс фри" пилоттық жобасы) (бұдан әрі – Қағидалар) салықтық әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру, экономикалық әсерді бағалау мақсатында "Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және "такс фри" пилоттық жобасын іске асыру тәртібін және мерзімін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Мемлекеттік кіріс органдары – аумағында қызметін жүзеге асыру орны бойынша тіркелген, пайдалану құқығында "такс фри" пилоттық жобасына қатысатын стационарлық сауда объектілерінде сауда орны бар салық төлеушілер тіркелген аумақтық мемлекеттік кіріс органдары;

      2) сатып алушы – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет болып табылмайтын шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар;

      3) "такс фри" жүйесі – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, "такс фри" жүйесіндегі сауда қызметі субъектілері, шет мемлекеттің азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар, мемлекеттік кірістер органдары, "такс фри" жүйесі операторы арасында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге тауарларды әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысын төлеу кезінде туындайтын құқықтық қатынастар;

      4) "такс фри" жүйесінің операторы – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге тауарларды әкету кезінде шет мемлекеттің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысын төлеуді жүзеге асыратын заңды тұлға "Global Blue" компаниясы;

      5) "такс фри" жүйесіндегі сауда қызметінің субъектісі – пайдалану құқығындағы "такс фри" пилоттық жобасына қатысатын стационарлық сауда объектілерінде сауда орны бар және қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектісі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.06.2022 № 631 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. "Такс фри" пилоттық жобасының қатысушылары

      3. Пилоттық жобаның қатысушылары:

      1) "такс фри" жүйесіндегі сауда қызметі субъектісі;

      2) "такс фри" жүйесінің операторы – "Global Blue" компаниясы;

      3) мемлекеттік кірістер органдары.

3-тарау. Құқықтар мен міндеттер

      4. "Такс фри" жүйесіндегі сауда қызметі субъектісі, егер сатып алынған тауарлардың құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданылатын 20 (жиырмадан) кем емес айлық есептік көрсеткішті құраса, сатып алушыға "такс фри" құжатын (түбіртегін) толтырады және ұсынады.

      5. Сатып алушы тауар сатып алынған бір күннің ішінде бақылау-кассалық машинаның түбіртегі болған кезде "такс фри" құжатын (түбіртегін) толтыруды және ұсынуды талап ете алады.

      6. "Такс фри" жүйесіндегі сауда қызметі субъектісі, орнату (қолдану) мекенжайы стационарлық сауда объектісінің мекенжайына сәйкес келетін бақылау-кассалық машинаны қолдана отырып күнтізбелік бір күн ішінде басып шығарылған бір немесе бірнеше түбіртектер негізінде "такс фри" құжатын (түбіртегін) ресімдейді.

      7. "Такс фри" жүйесіндегі сауда қызметі субъектісі сатып алушыдан "такс фри" құжатын (түбіртегін) жазып беру үшін жеке басының куәлігін (төлқұжатын) талап ете алады.

      8. "Такс фри" жүйесіндегі сауда қызметі субъектісі сатып алушы жеке басының куәлігін (төлқұжатын) ұсынған кезде "такс фри" құжатының (түбіртегінің) толтырылған нысанын, бақылау-кассалық машинаның түбіртегін, электрондық шот-фактураны тиісінше толтыруды, оған қол қоюды және сатып алушыға ұсынуды жүзеге асырады.

      9. "Такс фри" пилоттық жобасы Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында орналасқан стационарлық сауда объектілерінде "такс фри" жүйесінің операторы мен "такс фри" жүйесіндегі сауда қызметінің субъектісі арасында жасалған "такс фри" пилоттық жобасына қатысу туралы шарт негізінде іске асырылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.06.2023 № 710 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Жобаны іске асыру тәртібі мен мерзімдері

      10. "Такс фри" жүйесінде қосылған құн салығының сомасын өтеу "такс фри" пилоттық жобасына қатысатын стационарлық сауда объектілерінде орналасқан сауда орындарындағы "такс фри" жүйесінде сауда қызметі субъектісінен сатып алынған азық-түлік емес тауарларға ғана жүргізіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.06.2022 № 631 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. "Такс фри" құжаты (түбіртегі) Global Blue операторы ұсынатын бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, екі данада автоматты түрде ресімделеді:

      1) бір данасы "такс фри" жүйесіндегі сауда қызметі субъектісінде қалады және мұрағатталады;

      2) мемлекеттік кіріс және паспорттық бақылау органдарының қызметкері Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларының халықаралық әуежайларында тауарларды қарап тексеру рәсімінен өткеннен кейін екінші данасын сатып алушы "такс фри" жүйесі операторының атына Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларының халықаралық әуежайларының қону аймақтарында орналасқан "такс фри" арнайы пошта жәшіктері арқылы немесе "такс фри" жүйесінің операторы айқындаған өзге де жеткізу тәсілімен жібереді.

      "Такс фри" құжаты (түбіртегі) "такс фри" жүйесінің операторы айқындаған нысан бойынша мына мәліметтерді:

      1) реттік нөмірі және жасалған күні;

      2) "Такс фри" жүйесіндегі сауда қызметі субъектісінің атауы, сәйкестендіру нөмірін, осы ұйымның немесе оның оқшауланған бөлімшесінің мекенжайын (ұйым оқшауланған бөлімше арқылы бөлшектеп сауда қызметін жүзеге асырған жағдайда);

      3) "такс фри" жүйесіндегі сауда қызметі субъектісі сатып алушыға берген бақылау-кассалық машина түбіртегінің реттік нөмірі мен күнін;

      4) қосылған құн салығы сомасын ескере отырып өткізілген тауарлардың құнын;

      5) "такс фри" жүйесіндегі сауда қызметі субъектісінің өткізілген тауарлар бойынша есептеген қосылған құн салығы сомасын;

      6) "такс фри" жүйесі операторының комиссиясын есепке алмай қосылған құн салығының өтемақы сомасын;

      7) сатып алушының төлқұжатының сериясын, нөмірін және берілген күнін;

      8) сатып алушының латын әліпбиі әріптерімен жазылған тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) (жеке басы куәлігінің (төлқұжатының) деректеріне сәйкес);

      9) уәкілетті органы жеке тұлғаға латын әліпбиі әріптерімен жазылған жеке басының куәлігін (төлқұжатын) берген шет мемлекеттің атауын (жеке басы куәлігінің (төлқұжатының) деректеріне сәйкес);

      10) есептегіш құрылғыларды қолдана отырып "такс фри" құжатының (түбіртегінің) нөмірін сәйкестендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін штрих кодты, "такс фри" жүйесі операторының ақпараттық жүйесінде пайдаланған кезде оны көрсете отырып жасалады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.06.2022 № 631 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2023 № 710 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      12. Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңының 14-бабында көзделген шарттарда тауарды айырбастаған немесе қайтарған жағдайларда бұрын ұсынылған "такс фри" құжаттары (түбіртегі) "такс фри" жүйесіндегі сауда қызметі субъектісіне қайтарылуға тиіс, тауар ауыстырылған жағдайда жаңа "такс фри" құжаты (түбіртегі), сондай-ақ қосымша шот-фактура ұсынылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.06.2022 № 631 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Сатып алушы Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларының халықаралық әуежайларының ғимараттарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінен өткенге дейін сатып алушыға ресімделген сатып алынған тауарларды, "такс фри" құжаттарын (чектерін), бақылау-касса машинасының чектерін, шет мемлекет азаматының жеке басын куәландыратын құжатты (төлқұжатты) және отырғызу талонын кедендік тексеруге ұсынады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.06.2023 № 710 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. "Такс фри" жүйесі шеңберіндегі кедендік қарап-тексеруді "такс фри" құжатында (түбіртегінде) көрсетілген мәліметтердің кедендік қарап тексеруге ұсынылған тауарларға сәйкестігін белгілеу мақсатында тауарларды сырттай көзбен қарап тексеру арқылы мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамы жүргізеді.

      Мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамы "такс фри" құжаттарында (түбіртектерінде) көрсетілген мәліметтер дұрыс болған жағдайда осындай "такс фри" құжаттарында (түбіртектерінде) қарап тексерудің жүргізілгені туралы белгі (жеке нөмірлі мөр) қояды.

      15. Сатып алушы Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларының халықаралық әуежайларында Мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамы тауарларды қарап-тексеру рәсімінен және паспорттық бақылаудан өткеннен кейін "такс фри" жүйесінің операторына Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларындағы халықаралық әуежайларының қону аймағында орналасқан "такс фри" арнайы пошта жәшігі арқылы мемлекеттік кірістер органына қарап-тексеру жүргізу туралы (жеке нөмірлік мөрі) белгісі бар "такс фри" құжатын (чегін) ұсынады немесе жеткізудің өзге де тәсілімен (пошта байланысы) жүзеге асырылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.06.2023 № 710 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. "Такс фри" жүйесі операторы бір уақытта мына талаптар сақталған:

      1) шетел мемлекеті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет болып табылмаған;

      2) сатып алушы тиісінше толтырылған және мемлекеттік кірістер органының белгісін (жеке нөмірлі мөрін) қамтитын "такс фри" құжатын (түбіртегін) ұсынған;

      3) "такс фри" құжаттарында (түбіртектерінде) көрсетілген, сатып алушы сатып алған тауарлардың жалпы құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы 20 (жиырмадан) кем емес айлық есептік көрсеткішті құраған;

      4) Сатып алушы өзі сатып алған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге (тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы әкетуді қоспағанда) Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларының халықаралық әуежайларының ғимаратында орналасқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының өткізу пункті арқылы әкетуді жүзеге асырса, бұл "такс фри" құжатында (чекте) мемлекеттік кірістер органының белгісімен (жеке нөмірлік мөрі) расталады;

      5) "такс фри" құжатын (түбіртегін) ресімдеу күнінен бастап ресімдеу айын қоспағанда, үш айдан көп емес уақыт өткен кезде қосылған құн салығы сомасының өтемақысын төлеу жүргізеді.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.06.2022 № 631 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2023 № 710 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      17. "Такс фри" жүйесінің операторы сатып алушыға қосылған құн салығы сомасының өтемақысын төлеу қолма-қол ақшасыз нысанда ғана банк шотына, немесе несие картасына немесе мобильді әмиян шотына ақша қаражатын аудару арқылы жүзеге асырады.

      18. Сатып алушыға өтелетін қосылған құн салығының сомасы сауда қызметі субъектісі тауарларды өткізген кезде сатып алушыға есептелген және осындай адам "такс фри" жүйесінің операторы айқындаған қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша көрсетілетін қызметтің құнына азайтылған тауарлар бағасының құрамында төленген қосылған құн салығының сомасы ретінде айқындалады.

      19. Қосылған құн салығы сомасының өтемақысын төлеу салық заңнамасына сәйкес сатып алушы акцизделетін деп танылатын тауарларды сатып алған кезде жүргізілмейді.

      20. "Такс фри" жүйесінің операторы ай сайын салыстырып тексеруді жүргізеді және кедендік тазартудан өткен "такс фри" құжаттары (түбіртектері) негізінде қосылған құн салығының өтелуге жататын сомасын көрсете отырып әрбір сауда қызметінің субъектісі бойынша жеке шот береді.

      "Такс фри" жүйесінің операторы ай сайын, есептіден кейінгі айдың 15-і күніне қосылған құн салығы сомасы өтемақының өтелінген сомасы бойынша мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына табыс етеді.

      21. "Такс фри" жүйесіндегі сауда қызметі субъектісі сатып алушыға бұрын тауарларды өткізген кезде есептелген және сатып алушыдан тауарлар бағасы құрамында "такс фри" жүйесінің операторына сатып алушыға қосылған құн салығының өтемақысы үшін алынған қосылған құн салығы сомасын төлеуді жүргізеді. Бұл ретте "такс фри" жүйесі операторының "такс фри" жүйесіндегі сауда қызметі субъектісінен қосылған құн салығы сомасын алуы қосылған құн салығын есептеу мақсатын іске асыру бойынша айналым болып табылмайды.

      "Такс фри" жүйесі операторы көрсететін қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша қызметтерді іске асыру бойынша айналым қосылған құн салығынан босатылады және мұндай айналым мөлшері сауда қызметі субъектісінен алынған қосылған құн салығы сомасы мен сатып алушыға қосылған құн салығының өтемақысы сомасы арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.

      22. Такс "фри" жүйесіндегі сауда қызметі субъектісі "такс фри" жүйесіндегі сауда қызметі субъектісіне "такс фри" жүйесінің операторы ұсынатын тізілім негізінде "такс фри" жүйесі операторының қосылған құн салығының төленген сомалары бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасын ұлғайтуды жүргізеді.

      Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын ұлғайту "такс фри" жүйесі операторына қосылған құн салығы сомасы төленген салық кезеңінде жүргізіледі.

      23. "Такс фри" жүйесіндегі сауда қызметі субъектісі сатып алушыға "такс фри" жүйесінде қосылған құн салығы сомасының өтемақысын төлеу жүзеге асырылатын тауарларды өткізу бойынша айналымдардың жеке салық есебін жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады