"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы ("такс фри" пилоттық жобасы)" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 13 тамыздағы № 871 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 710 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32935 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы ("такс фри" пилоттық жобасы)" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 13 тамыздағы № 871 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19235 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 15 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімінде ("такс фри" пилоттық жобасы):

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. "Такс фри" пилоттық жобасы Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында орналасқан стационарлық сауда объектілерінде "такс фри" жүйесінің операторы мен "такс фри" жүйесіндегі сауда қызметінің субъектісі арасында жасалған "такс фри" пилоттық жобасына қатысу туралы шарт негізінде іске асырылады.";

      11-тармақтың бірінші бөлігіндегі 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік кіріс және паспорттық бақылау органдарының қызметкері Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларының халықаралық әуежайларында тауарларды қарап тексеру рәсімінен өткеннен кейін екінші данасын сатып алушы "такс фри" жүйесі операторының атына Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларының халықаралық әуежайларының қону аймақтарында орналасқан "такс фри" арнайы пошта жәшіктері арқылы немесе "такс фри" жүйесінің операторы айқындаған өзге де жеткізу тәсілімен жібереді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Сатып алушы Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларының халықаралық әуежайларының ғимараттарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінен өткенге дейін сатып алушыға ресімделген сатып алынған тауарларды, "такс фри" құжаттарын (чектерін), бақылау-касса машинасының чектерін, шет мемлекет азаматының жеке басын куәландыратын құжатты (төлқұжатты) және отырғызу талонын кедендік тексеруге ұсынады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Сатып алушы Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларының халықаралық әуежайларында Мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамы тауарларды қарап-тексеру рәсімінен және паспорттық бақылаудан өткеннен кейін "такс фри" жүйесінің операторына Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларындағы халықаралық әуежайларының қону аймағында орналасқан "такс фри" арнайы пошта жәшігі арқылы мемлекеттік кірістер органына қарап-тексеру жүргізу туралы (жеке нөмірлік мөрі) белгісі бар "такс фри" құжатын (чегін) ұсынады немесе жеткізудің өзге де тәсілімен (пошта байланысы) жүзеге асырылады.";

      16-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Сатып алушы өзі сатып алған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге (тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы әкетуді қоспағанда) Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларының халықаралық әуежайларының ғимаратында орналасқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының өткізу пункті арқылы әкетуді жүзеге асырса, бұл "такс фри" құжатында (чекте) мемлекеттік кірістер органының белгісімен (жеке нөмірлік мөрі) расталады;".

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
- Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады