"Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді тексеру мәселелері бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 503 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 16 ақпандағы № 61 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 15 тамыздағы № 721 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 75 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 тамызда № 19275 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді тексеру мәселелері бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 503 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 16 ақпандағы № 61 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6077 болып тіркелген, 2010 жылғы 7 шілдеде № 10 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Е. Тургумбаев
     
      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Дәленов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады