Ауыл шаруашылығы ұйымдарының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 307 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 тамызда № 19280 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.09.2021 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Ауыл, шаруашылығы ұйымдарының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.

      2. "Ауыл шаруашылығы саласының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 17/308 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8614 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2014 жылғы 17 мамырдағы № 96 (28320) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 21 тамыздағы
№ 307 бұйрығымен
бекітілді

Ауыл шаруашылығы ұйымдарының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы ұйымдарының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі – біліктілік сипаттамалары) кадрларды дұрыс іріктеуге және орналастыруға, олардың біліктілігін арттыруға, жұмыскерлерді аттестаттауға, басшылар, мамандар арасында еңбекті үлестіруге ықпал етуге, сондай-ақ осы санаттағы жұмыскерлердің лауазымдық міндеттерін және олардың еңбегіне ақы төлеу санаттары бойынша қойылатын біліктілік талаптарын айқындауда бірізділікті қамтамасыз етуге арналады.

      2. Бухгалтер, экономист, заңгер, кадрлар жөніндегі маман, аудармашы мамандары лауазымдарының біліктілік сипаттамалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 775 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14281 болып тіркелген) бекітілген барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында айқындалған.

      Басшылар және мамандар, ғылыми сала мамандары бағдарламалық қамтылым саласындағы, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі лауазымдарының және өзге де инженерлік-техникалық персоналдың біліктілік сипаттамалары Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 болып тіркелген) бекітілген Басшылар, мамандар және өзге де қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында айқындалған.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.09.2021 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу кезінде нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларда тиісті лауазымға тән жұмыстар тізбесін нақтылауға жол беріледі және жұмыскерлерді арнайы даярлауға қажетті талаптар белгіленеді.

      4. Біліктілік сипаттамаларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірледі.

2-тарау. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы басшылар мен мамандар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары

1-бөлім. Басшылардың лауазымдары

1-параграф. Ауыл шаруашылығы саласындағы ұйым (филиал) басшысы

      6. Лауазымдық міндеттері:

      ауыл шаруашылығы қызметі саласындағы ұйымның (филиалдың) қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      ұйым (филиал) мүлкінің сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      ұйымның (филиалдың) құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

      ұйымдардың банктерді қоса алғанда, мемлекеттік бюджеттің, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорларының, өнім берушілердің, тапсырыс берушілердің және кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындауын, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарын (келісімшарттарын), индикативтік жоспарлар мен бизнес-жоспарлар көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз етеді;

      қазіргі заманғы техника мен озық технологияларды, еңбекті басқарудың және ұйымдастырудың прогрессивтік нысандарын пайдалану негізінде өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырады;

      ұйымды (филиалды) білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту бойынша шаралар қабылдайды;

      ұйымның (филиалдың) қаржылық-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді шешеді;

      ұйымның (филиалдың) штаттық кестесін, қаржылық жоспарын, жылдық есебін және жылдық бухгалтерлік теңгерімін бекітеді;

      жұмыскерлерге уақтылы және толық көлемде еңбекақы төлеуді қамтамасыз етеді;

      ұйымның (филиалдың) ұйымдастыру-басқарушылық құрылымын, жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіреді;

      ұйымның (филиалдың) қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді;

      сотта, төрелікте, мемлекеттік органдарда ұйымның (филиалдың) мүліктік мүдделерін қорғайды;

      ұйым (филиал) жұмыскерлерінің қосымша кәсіби білім алуын (біліктілікті арттыру, кәсіби қайта даярлау) ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      ұйым (филиал) жұмыскерлерінің өз лауазымдық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

      ұйым (филиал) жұмыскерлерінің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын орындауын қамтамасыз етеді; еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидаларын және нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді;

      конференцияларға, семинарларға, көрмелерге қатысады;

      өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етеді;

      өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шараларды қабылдайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады.

      7. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – "АӨК-ні және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заң);

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заң);

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заң);

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – "Ғылым туралы" Заң);

      ұйымның (филиалдың) өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін және экономика дамуының басым бағыттарын және экономикалық қызметтің тиісті түрін айқындайтын;

      агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы қызмет саласындағы ұйымның (филиалдың) өндірістік қызметі мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды;

      ұйым (филиал) құрылымының мамандануын және ерекшелігін;

      кірістер мен шығыстардың бюджеттік сметасын және ұйымның (филиалдың) табыс әкелетін қызметінен алынған қаражат бойынша кірістер мен шығыстар сметасын жасаудың және келісудің тәртібін, ұйымның (филиалдың) шаруашылығын жүргізу және басқару әдістерін, тиісті ауыл шаруашылығы саласының ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибесін, еңбек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнама негіздерін, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін; ішкі еңбек тәртібі қағидаларын; еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау мен өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.09.2021 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) бизнес және басқару және/немесе құқық және/немесе әлеуметтік ғылымдар және/немесе өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.

2-параграф. Ауыл шаруашылығы саласындағы ұйым (филиал) басшысының орынбасары

      9. Лауазымдық міндеттері:

      құрылымдық бөлімшенің қызметін басқаруды жүзеге асырады, оның жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, бөлімшенің негізгі міндеттері мен функцияларына сәйкес мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

      ұйымның саясатын, бөлімше қызметінің мәні болып табылатын проблемалар бойынша даму стратегиясын айқындауға және іске асыруға қатысады;

      іс-шаралар жоспарларын, нұсқаулық және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге басшылық жасайды;

      бөлімшенің өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне талдау жасайды;

      бөлімшеге келіп түскен құжаттар мен материалдарды қарайды және олар бойынша шешім қабылдайды, олармен жұмыс істеу тәртібін айқындайды;

      бөлімше қызметінің мәні болып табылатын мәселелерді келісу үшін бөлімшеге келіп түскен құжаттар жобалары бойынша қорытынды береді;

      басқарушылық шешімдердің іске асырылу барысын, олардың әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастырады, жоғары тұрған басшылық қабылдаған өзге де құжаттарға талдау жасайды;

      жоғары тұрған басқару органдарының қарауына бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша баяндамалар, ұсыныстар, шешім жобаларын енгізеді;

      бөлімше қызметінің мәселелері бойынша семинарлар, кеңестер, консультациялар ұйымдастыруға және өткізуге басшылық жасайды және тікелей қатысады;

      бағынысты жұмыскерлер арасында лауазымдық міндеттерді бөледі;

      бағынысты жұмыскерлерге өкімдер береді және олардың жұмысының нәтижесін талдайды;

      бағынысты жұмыскерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды;

      уәкілетті мемлекеттік органдармен, бөгде ұйымдармен, ұйымның құрылымдық бөлімшелерімен бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

      бөлімшенің материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;

      мемлекеттік, коммерциялық және қызметтік құпия болып табылатын ақпаратты қорғау бойынша жұмыстар жүргізеді;

      ұйым басшылығына бөлімшенің жұмысын жетілдіру бойынша, бағынысты жұмыскерлерді ынталандыру, жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізеді;

      бөлімше жұмысының нәтижелерін есепке алуды, белгіленген есептілікті жүргізуді және уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;

      бағынысты жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қағидалары мен нормаларын, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған шараларды қабылдайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

      10. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;

      "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңды;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      бөлімшенің (ұйымның) қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ұйымның міндеттері мен функцияларын және бөлімшенің қызмет аясын, сондай-ақ негізгі қызметпен аралас қызмет аясын негізге ала отырып, тиісті білім саласындағы ғылыми және практикалық мәселелерді, бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша отандық және шетелдік тәжірибені, еңбек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнама негіздерін, экономиканы, еңбекті ұйымдастыруды және басқаруды, коммуникация және байланыстың қазіргі заманғы құралдарын, есептеуіш техниканы, оларды пайдалану қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары бойынша талаптарды білуге тиіс.

      11. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) бизнес және басқару және/немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) және/немесе әлеуметтік ғылым (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) және/немесе өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және кәсіптік қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 4 жылдан кем емес.

3-параграф. Ауыл шаруашылығы саласындағы ұйымның (филиалдың) құрылымдық бөлімшесінің басшысы

      12. Лауазымдық міндеттері:

      құрылымдық бөлімшенің қызметін басқаруды жүзеге асырады, оның жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, бөлімшенің негізгі міндеттері мен функцияларына сәйкес мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

      ұйымның саясатын, бөлімше қызметінің мәні болып табылатын проблемалар бойынша даму стратегиясын айқындауға және іске асыруға қатысады;

      іс-шаралар жоспарларын, нұсқаулық және әдістемелік жоспарларды әзірлеуге басшылық жасайды;

      бөлімшенің өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне талдау жасайды;

      бөлімшеге келіп түскен құжаттар мен материалдарды қарайды және олар бойынша шешім қабылдайды, олармен жұмыс істеу тәртібін айқындайды;

      бөлімше қызметінің мәні болып табылатын мәселелерді келісу үшін бөлімшеге келіп түскен құжаттардың жобалары бойынша қорытынды береді;

      басқарушылық шешімдердің іске асырылу барысын, олардың әдіснамалық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады, жоғары тұрған басшылық қабылдаған өзге де құжаттарға талдау жасайды;

      жоғары тұрған басқару органының қарауына бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша баяндамалар, ұсыныстар, шешім жобаларын енгізеді;

      бөлімше қызметінің мәселелері бойынша семинарлар, кеңестер, консультациялар ұйымдастыруға және өткізуге басшылық жасайды және тікелей қатысады;

      бағынысты жұмыскерлер арасында лауазымдық міндеттерді бөледі;

      бағынысты жұмыскерлерге өкімдер береді және олардың жұмысының нәтижесін талдайды;

      бағынысты жұмыскерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды;

      уәкілетті мемлекеттік органдармен, бөгде ұйымдармен, ұйымның құрылымдық бөлімшелерімен бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

      бөлімшенің материалдық, қаржылық, және еңбек ресурстарының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      мемлекеттік, коммерциялық және қызметтік құпия болып табылатын ақпаратты қорғау бойынша жұмыстар жүргізеді;

      ұйым басшылығына бөлімшенің жұмысын жетілдіру бойынша, бағынысты жұмыскерлерді ынталандыру, жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізеді;

      бөлімше жұмысының нәтижелерін есепке алуды, белгіленген есептілікті жүргізуді және уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;

      бағынысты жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қағидалары мен нормаларын, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған шараларды қабылдайды сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады.

      13. Мыналар:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңды;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      бөлімшенің (ұйымның) қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ұйымның міндеттері мен функцияларын және бөлімшенің қызмет аясын, сондай-ақ негізгі қызметпен аралас қызмет аясын негізге ала отырып, тиісті білім саласындағы ғылыми және практикалық мәселелерді, бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша отандық және шетелдік тәжірибені, еңбек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнама негіздерін, экономиканы, еңбекті ұйымдастыруды және басқаруды, коммуникация және байланыстың қазіргі заманғы құралдарын, есептеуіш техниканы, оларды пайдалану ережелерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары бойынша талаптарды білуге тиіс.

      14. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) бизнес және басқару және/немесе құқық және/немесе өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және кәсіптік қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

4-параграф. Бас агроном

      15. Лауазымдық міндеттері:

      өсімдік шаруашылығы саласын ұйымдастыру-техникалық басқаруды жүзеге асырады;

      егіншіліктің ғылыми-негізделген жүйелерін әзірлеуді және ендіруді, жерлерді, негізгі қорларды, еңбек және материалдық ресурстарды тиімді пайдалану, өнім өндірісін ұлғайту және сапасын арттыру, оның өзіндік құнын төмендету мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің қарқынды технологияларын енгізу және олардың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастырады;

      топырақ құнарлылығын арттыруға, астық шаруашылығын нығайтуға, мал шаруашылығы үшін мықты жемшөп базасын құруға бағытталған агротехникалық және ұйымдастыру-экономикалық іс-шараларды әзірлеуді және ендіруді қамтамасыз етеді;

      дәнді және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, барынша оңтайлы мерзімде және агротехниканың жоғары деңгейінде ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу технологияларын жетілдіру бойынша іс-шаралар ұйымдастырады;

      ауыспалы егістің, топырақты эрозиядан қорғаудың, топырақты өңдеудің, тыңайтқыш қолданудың, егістерді зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғаудың ғылыми негізделген жүйелерін әзірлейді және ендіреді;

      шаруашылықішілік жерге орналастыру, жерлер мелиорациясы, дақыл-техникалық жұмыс жобаларын, тұқым шаруашылығы, аудандастырылған, перспективалы және тапшы тұқымдарды жылдам көбейту, сорт ауыстыруды және сорт жаңартуды жеделдете жүргізу, шаруашылықты сапасы жоғары сорттық тұқыммен қамтамасыз ету және оларды дұрыс пайдалану жөніндегі жұмыстарды орындауды ұйымдастырады;

      нарықтық экономика және шаруашылық бөлімшелер тапсырмалары, жағдайында шаруашылықты дамытудың перспективалық және жылдық жоспарларын әзірлеуге қатысады;

      өсімдік шаруашылығы бойынша технологиялық карталарды, өндірістік бағдарламаларды және жұмыс жоспарларын әзірлейді;

      шаруашылық бөлімшелеріне өндірістік қызметке талдау жүргізуге, өсімдік шаруашылығы өндірісін ұлғайту және өнім сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және олардың перспективаға қажеттілігін айқындау үшін техникалық құралдармен жиынтықтауға көмек көрсетеді;

      дайындаушы, өңдеуші, қызмет көрсетуші және басқа да кәсіпорындармен өсімдік шаруашылығы өнімдерін өткізу бойынша шарттар жасасуды ұйымдастырады және жасасады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      өсімдік шаруашылығы салаларының агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші, қызмет көрсетуші және басқа кәсіпорындарымен (ұйымдарымен) ұтымды өндірістік-экономикалық байланысын орнату бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      алқаптар тарихының кітабын, жердің баулы кітабын және басқа да есептік құжаттарды жүргізу, есептерді уақтылы рәсімдеу және оларды мемлекеттік органдарға ұсыну бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      өсімдік шаруашылығы саласы бойынша бөлімшелердің, ауыл шаруашылығы учаскелерінің қызметін үйлестіреді, агрохимиялық қызметті басқарады;

      өсімдік шаруашылығындағы өндірістік процестерді кешенді механикаландыру және автоматтандыру жөніндегі іс-шараларды ендіруге ықпал етеді;

      жер қорын, машина-тракторлық паркті, жанар майды және химияландыру құралдарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;

      өсімдік шаруашылығында пайдаланылатын машиналарды, жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді, тыңайтқыштарды, химикаттарды, отынды, ыдысты және басқа да материалдық ресурстарды сатып алуға өтінім жасауға қатысады;

      кәсіпорын ішіндегі басқа бөлімшелерге берілген өсімдік шаруашылығы өнімдерінің, сондай-ақ, дайындаушы ұйымдарға немесе қайта өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген өнімнің мөлшері мен сапасына арнайы сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді;

      еңбекті ұйымдастыру мен еңбекақы төлеудің, кәсіпорын бөлімшелерінде жалдамалық, кооперативтік қатынастарды ұйымдастырудың, шаруа қожалықтарын құрудың прогрессивті нысандарын дамытуға және енгізуге ықпал етеді;

      оларға өндіріс технологиясы мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

      өсімдік шаруашылығы құрылыстарын салу жобаларын қарастыруға, оларды салу орындарын таңдауға, жаңадан салынған, күрделі және ағымдағы жөндеуден өткен объектілерді қабылдауға, сондай-ақ, мердігер ұйымдар орындаған жұмыстарды қабылдауға қатысады;

      саладағы агротехникалық есепті дұрыс жүргізуді қамтамасыз етеді;

      ауыл шаруашылығы жұмыстарын сапалы және уақытылы жүргізуді, техниканы тиісінше пайдалануды, саладағы еңбек және материалдық-ақша қаражатын ұтымды пайдалануды ұйымдастырады, өндірілген өнімнің сапасын қамтамасыз етеді;

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама талаптарының орындалуын, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

      16. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "АӨК-ні және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңды;

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – "Өсімдіктер карантині туралы" Заң);

      "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – "Өсімдіктерді қорғау туралы" Заң);

      "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – "Тұқым шаруашылығы туралы" Заң);

      "Ғылым туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы бірлестігінің (ұйымының) өндірістік қызметі мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, ауыл шаруашылығы дақылдары өндірісінің технологиясын, мәдени өсімдіктер селекциясын және тұқым шаруашылығын, олардың биологиялық ерекшеліктерін және оларды өсіру агротехникасын, өсімдік шаруашылығы өнімдеріне арналған стандарттарды, өсімдік шаруашылығы саласындағы ғылымның жетістіктері мен отандық және шетелдік кәсіпорындар жұмысының озық тәжірибелерін, экономиканы, өндірісті, еңбекті ұйымдастыруды және басқаруды, еңбек және жер заңнамалары негіздерін, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану саласындағы заңнама негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.09.2021 № 261 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және кәсіптік қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.

5-параграф. Бас агроном-агрохимик

      18. Лауазымдық міндеттері:

      ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды және химияландыру құралдарын, тиімді пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастырушылық-технологиялық басқаруды жүзеге асырады;

      тыңайтқыштарға және топырақ жақсартушы заттарға талдау жүргізуді, тыңайтқыштармен егістік тәжірибелер жүргізуді ұйымдастырады және оларға қатысады;

      зерттеулер, экспресс-талдауларды, жүргізуді ұйымдастырады, жаңа әдістер апробациясын жүргізеді, жұмысқа зертханалық құрылғылар және құрал-жабдықтар дайындайды;

      топырақ құнарлылығының жай-күйі мен өзгеру серпінін бағалауды ұйымдастырады және жүргізеді;

      химияландырудың перспективалы және жылдық жоспарларын жасауға, ұйымдармен шарттар жасасуға және өндірістік бағдарламаларды әзірлеуге қатысады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      сынақ жабдықтарын және өлшеу құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын сақтайды;

      материалдық-техникалық құралдарға, арнайы киімге және жеке қорғаныш құралдарына деген қажеттілікті айқындайды;

      талдаулардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді; белгіленген құжаттаманы, есеп және есептілікті жүргізеді;

      минералды және органикалық тыңайтқыштарды тиімді қолдану, топырақтың химиялық мелиорациясы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қатысады;

      ғылыми жетістіктер мен озық тәжірибені насихаттауды және ендіруді қамтамасыз етеді;

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

      19. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" Заңды;

      "Өсімдіктер карантині туралы" Заңды;

      "Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңды;

      "Тұқым шаруашылығы туралы" Заңды;

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық жыне өзге де нормативтік құқықтық актілерін, агроөнеркәсіптік кешен, ұйымның өндірістік қызметі мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, агрохимияны, тыңайтқыштарды тасымалдау, сақтау және енгізу технологиясын, тыңайтқыштарды талдау әдістерін, тыңайтқышқа арналған стандарттарды, экономика, ауыл шаруашылығындағы еңбекті ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздерін, еңбек және жер заңнамасы негіздерін, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі заңнаманы, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.

      20. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және кәсіптік қызмет бағыты бойынша бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.

6-параграф. Бас бактериолог

      21. Лауазымдық міндеттері:

      карантиндік-фитосанитариялық және ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуді ұйымдастырады;

      ғылыми-өндірістік бағдарламалардың жекелеген тапсырмаларын орындайтын жұмыскерлер тобын басқарады;

      сараптамалар, тексерулер, зерттеулер жүргізу әдістерін әзірлейді;

      жаңа зерттеулер мен әзірлемелердің бағыттарын және оларды орындау әдістерін негіздейді, ғылыми-өндірістік жұмыстардың жоспарларына қосуға ұсыныстар енгізеді;

      карантинге жатқызылған өнімнің халықаралық және отандық стандарттарға сәйкестігіне сынаулар, карантиндік талдау және карантиндік сараптама жүргізеді;

      өлген малдардың өлекселерін байқап қарауды және союды жүргізеді;

      жануарлар ауруларының қоздырғыштарын анықтауды және типке жатқызуды жүзеге асырады;

      зертханалық зерттеулерге арналған сынама іріктеуді жүзеге асырады;

      аса қауіпті жануарлар ауруларының жасырын нысандарын анықтайды;

      зерттеуге келіп түскен материалды қабылдайды, зерттеу аяқталғанға дейін оның сақталуын қамтамасыз етеді, зерттеу және санитариялық өңдеу жүргізуге жұмсалған материалдар шығысы бойынша құжаттама ресімдейді;

      бокстың зарарсыздандырылуын, жұмыс орнының өңделуін, құрал-саймандардың стерильдендірілуін, реактив ерітінділерінің, қоректік ортаның дайындығын, биологиялық материал қалдықтарының жойылуын, сондай-ақ санитария және өртке қарсы қорғаныс қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      талдаулар нәтижелерін ресімдейді және береді;

      ағымдағы жұмыс нәтижелері бойынша құжаттама ресімдейді;

      коллекциялық материалдың есебін жүргізеді, оның сақталуын қамтамасыз етеді;

      зертханалық талдаулар мен сараптамалар жүргізудің жаңа әдістерін әзірлеуге және қолданыстағыларын жетілдіруге қатысады;

      кадрлардың біліктілігін арттыру және даярлау бойынша жұмыстар жүргізеді;

      еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізеді, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіпте есептілік ұсынады.

      22. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" Заңды;

      "Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңды;

      "Өсімдіктер карантині туралы" Заңды;

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – "Ветеринария туралы" Заң);

      "Ғылым туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, зертханалық жабдықты пайдалану және микроорганизмдермен жұмыс қағидаларын, ветеринариялық микробиологияны, бактериологияны және фитопатологияны, өсімдіктер аурулары зияндылығының экономикалық шегін, жануарлар мен өсімдіктердің бактериалды аурулары қоздырғыштарын бірдейлендіру әдістерін, карантинге жатқызылған өнім үлгілерін сынау әдістемелерін, жануарлар ауруларымен күрес жөніндегі әдістемелерді және нұсқаулықтарды, ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі нұсқауларды, жануарлардан алынатын өнімді және шикізатты сараптаудың ветеринариялық-санитариялық қағидаларын, материалдарды зертханалық зерттеудің әдістемелерін, жануарлардан алынатын өнімді өндіру және қайта өңдеу технологиясын, еңбек заңнамасының негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және қорғау жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуі тиіс.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.09.2021 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және кәсіптік қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

7-параграф. Бас ветеринар дәрігер

      24. Лауазымдық міндеттері:

      шаруашылықтың ветеринария қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      зертханалық зерттеулер үшін сынама алуды жүзеге асырады;

      мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін ұлғайтуды, оның сапасын арттыруды және өзіндік құнын төмендетуді қамтамасыз ететін бекітілген ғылыми негізделген ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды ендіреді;

      зоотехникалық қызметпен және бөлімше басшыларымен бірлесіп, мал шаруашылығында профилактикалық, ветеринариялық-санитариялық, эпизоотияға қарсы және емдік іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және жүргізуді жүзеге асырады;

      басқа шаруашылықтармен, өңдеуші және қызмет көрсетуші кәсіпорындармен өндірістік-экономикалық байланыстарды әзірлеуге қатысады;

      шаруашылықтың (ұйымның) дәрі-дәрмектерге, биопрепараттарға, ветеринариялық жабдықтарға, құрал-саймандарға, дезинфекциялық құралдарға деген қажеттілігін айқындайды және олармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      фермалардың, сою және сүт пункттерінің, малдан алынатын өнімдер мен шикізаттарды сақтау қоймаларының, сондай-ақ малдарды, өнімдер мен шикізатты өткізу пункттерінің ветеринариялық-санитариялық қолайлылығын қамтамасыз етеді;

      мал мен құсты ветеринариялық байқауды, ет пен ет өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптауды жүргізуді ұйымдастырады;

      ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша іс-шаралар ұйымдастырады;

      етті, ет өнімдерін және малдан алынатын шикізатты сақтау шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      малдарды азықтандыру сапасын қадағалайды, жемшөп базасын нығайту, жемшөпті дұрыс дайындау, сақтау және пайдалану, жайылымдарды, суаттарды пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

      малдардың әрбір басын ветеринариялық байқауды жүйелі түрде жүргізеді, сиырлардың буаздығын тексереді, қысыр қалудың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, аналық бастың қайта күйлеу себептерін зерделейді;

      мал шаруашылығы фермаларында, өнімдер мен шикізаттар сақтауға арналған үй-жайларда дезинфекция, дезинсекция және дератизация ұйымдастырады;

      малдарды және мал шаруашылығы өнімдерін жаппай залалданудан қорғау бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

      жануарлардың қырылу себептерін айқындайды;

      ветеринариялық іс-шараларды жүргізу кезінде еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізеді, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіпте есептілік ұсынады.

      25. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" Заңды;

      "Ветеринария туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының және Кеден одағының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ветеринария, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саулығы, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, ветеринариялық-санитариялық қағидаларды, кәсіпорынның өндірістік қызметіне, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясына, қолдан ұрықтандыруды жүргізу технологиясына қатысты нормаларды және нұсқаулықтарды, ережелерді және басқа да басшылық құжаттарды, өндіру, бақылау және өндірілген өнімнің сапасы жөніндегі стандарттарды және нұсқаулықтарды, ветеринариялық-санитариялық сараптаманы, микробиология мен эпизоотологияны, экономика, еңбекті ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздерін, жер және еңбек заңнамалары негіздерін, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі заңнаманы, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.

      26. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша білім және кәсіптік қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.

8-параграф. Бас вирусолог

      27. Лауазымдық міндеттері:

      карантиндік-фитосанитариялық, ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуді ұйымдастырады.

      ғылыми-өндірістік бағдарламалардың тапсырмаларын орындайтын жұмыскерлер тобын басқарады;

      өсімдіктерді қорғаудың биологиялық құралдарын талдауды жүргізеді; карантинге жатқызылған өнімнің халықаралық және отандық стандарттарға сәйкестігіне сынаулар, карантиндік талдау және карантиндік сараптама жүргізеді;

      өлген малдардың өлекселерін байқап қарауды және союды жүргізеді;

      зертханалық зерттеулерге арналған сынама алуды жүзеге асырады;

      жануарлар ауруларының қоздырғыштарын анықтауды және типке жатқызуды жүзеге асырады;

      жануарлардың аса қауіпті ауруларының жасырын нысандарын анықтайды;

      жаңа зерттеулер мен әзірлемелердің бағыттарын және оларды орындау әдістерін негіздейді, ғылыми-өндірістік жұмыстардың жоспарларына қосуға ұсыныс енгізеді;

      жабдықтар мен аспаптардың жаңа түрлерін сынауға, жануарлар мен өсімдіктердің вирустық ауруларын диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістерін әзірлеуге қатысады;

      зерттеуге келіп түскен материалды қабылдайды, зерттеу аяқталғанға дейін оның сақталуын қамтамасыз етеді, зерттеу және санитариялық өңдеу жүргізуге жұмсалған материалдар шығысы бойынша құжаттама ресімдейді;

      бокстың зарарсыздандырылуын, жұмыс орнының өңделуін, құрал-саймандардың стерильдендірілуін, биологиялық материал қалдықтарының жойылуын, сондай-ақ санитария және өртке қарсы қорғаныс қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      зерттеу нәтижелерін ресімдейді және сараптама актісін (сынақ хаттамасын) береді;

      өз құзыреті шегінде барлық жұмыс түрлерін ұйымдастыруға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

      коллекциялық материалдың есебін жүргізеді, оның сақталуын қамтамасыз етеді;

      кадрлардың біліктілігін арттыру және даярлау бойынша жұмыстар жүргізеді;

      еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізеді, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіпте есептілік ұсынады.

      28. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңды;

      "Өсімдіктер карантині туралы" Заңды;

      "Ветеринария туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін; зертханалық зерттеулер жөніндегі әдістемелер мен нұсқаулықтарды, қолданылатын аспаптар мен жабдықтардың жұмыс қағидатын және пайдалану қағидаларын, жануарлар мен өсімдіктердің вирустық аурулары қоздырғыштарын бірдейлендіру әдістерін, ветеринариялық-санитариялық талаптарды, ветеринариялық микробиологияны, бактериологияны және фитопатологияны, өсімдіктер аурулары зияндылығының экономикалық шегін, карантинге жатқызылған өнім үлгілерін іріктеу әдістемелерін; жануарлар ауруларымен күрес жөніндегі әдістемелерді және нұсқаулықтарды, ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі нұсқауларды, жануарлардан алынатын өнімді және шикізатты сараптаудың ветеринариялық-санитариялық қағидаларын, жануарлардан алынатын өнімді өндіру және өңдеу технологиясын, еңбек заңнамасының негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және қорғау жөніндегі қағидаларды білуге тиіс.

      29. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және кәсіптік қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

9-параграф. Бас герболог

      30. Лауазымдық міндеттері:

      карантинге жатқызылған өнімдерге зертханалық зерттеу жүргізуге, ауыл шаруашылығы дақылдарының ластануына фитосанитариялық мониторинг және бағалау жүргізуге басшылықты жүзеге асырады;

      барынша күрделі проблемалар бойынша ғылыми-техникалық шешімдер, сараптамалар, зерттеулер, тексерулер жүргізу әдістерін әзірлейді, ол үшін қажетті құралды таңдайды;

      жаңа зерттеулер мен әзірлемелердің бағыттарын негіздейді, ғылыми-өндірістік жұмыстардың жоспарларына қосуға ұсыныстар енгізеді;

      ауыл шаруашылығы дақылдарының ластануына фитосанитариялық мониторингті және бағалауды және ұйымдарға фитосанитариялық жай-күй туралы ақпарат ұсынуды жүзеге асырады, ауыл шаруашылығы дақылдарының карантиндік арамшөптерімен күрестің басталу, аяқталу мерзімдері және олардың болжамдары туралы хабардар етеді;

      карантинге жатқызылған өнімнің халықаралық және отандық стандарттарға сәйкестігіне сынаулар, карантиндік талдау және карантиндік сараптама жүргізеді;

      ағымдағы жұмыс нәтижелері бойынша қажетті құжаттаманы ресімдейді;

      өз құзыреті шегінде барлық жұмыс түрлерін ұйымдастыруға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

      коллекциялық материалдың есебін жүргізеді, оның сақталуын қамтамасыз етеді;

      санитария және өртке қарсы қорғаныс қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      зертханалық талдаулар мен сараптамалар, мониторинг және ауыл шаруашылығы дақылдарының ластануына бақылау жүргізудің жаңа әдістерін әзірлеуге және қолданыстағыларын жетілдіруге қатысады;

      еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      кадрлардың біліктілігін арттыру және даярлау бойынша жұмыстар жүргізеді.

      31. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңды;

      "Өсімдіктер карантині туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, өсімдіктерден алынатын өнімге карантиндік арамшөптермен ластану мәніне сараптама жүргізу әдістерін, карантинге жатқызылған өнім үлгілерін іріктеу әдістемелерін, аспаптар мен жабдықтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидаларын білуге тиіс.

      32. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) бизнес және басқаружәне/немесе құқық (құқықтану және/немесе халықаралық құқық) және/немесе өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және кәсіптік қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

10-параграф. Бас зоотехник

      33. Лауазымдық міндеттері:

      мал шаруашылығы (құс шаруашылығы) саласын басқаруды жүзеге асырады;

      сала өнімдерінің өндірісін ұлғайтуды, өзіндік құнын төмендетуді, оның сапасы мен тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін ғылыми негізделген мал шаруашылығы жүйелерін әзірлеуді және ендіруді жүзеге асырады;

      мал шаруашылығын дамыту, табынның өсімін молайтуды жақсарту, малдардың өнімділігін арттыру, төлдің шығысын ұлғайту, малдарды ұстау, азықтандыру және күтіп-бағу, жайылымдарды және басқа жемшөптік алқаптарды ұтымды пайдалану бойынша іс-шараларды әзірлеуді және орындауды ұйымдастырады;

      мықты жемшөп базасын және азықтардың сақтандыру қорын жоспарлауға және құруға қатысады;

      ветеринария қызметімен бірлесіп, ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарын жасауға қатысады;

      мал шаруашылығы салаларының басқа шаруашылықтармен, дайындаушы, өңдеуші және қызмет көрсетуші ұйымдармен және кәсіпорындармен өндірістік-экономикалық байланысы бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      дайындаушы, өңдеуші, қызмет көрсетуші және басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен мал шаруашылығы өнімдерін өткізу бойынша шарттар жасауды ұйымдастырады және жасасады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      еңбекті ұйымдастыру мен еңбекақы төлеудің, кәсіпорын бөлімшелерінде жалдамалық, кооперативтік қатынастарды ұйымдастырудың, шаруа қожалықтарын құрудың прогрессивті нысандарын дамытуға және енгізуге ықпал етеді, мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің технологиялары мәселелері бойынша оларға консультативтік көмек көрсетеді;

      агрохимиялық қызметпен және бөлімшелер басшыларымен бірлесіп жемшөптік базаны нығайту, көпжылдық дақылдар жайылымдары мен пішендіктерді құру, жасыл конвейер ұйымдастыру, пішен, сүрлем, шөптік және витаминдік ұн өндірісі үшін жасыл масса дайындау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады;

      малды жаздық жайылымдық және қыстық қотандық маусымға ауыстыру, жемшөптерді пайдалану және сақтау, азықтандырудың толыққанды рациондарын жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      өнімділігі жоғары малдарды өсіріп шығару, аналық бастың қысырлығын төмендету бойынша селекциялық-асылдандыру жұмыстарына басшылық жасайды;

      сүттің майлылығын, тығыздығын, қышқылдығын және тазалығын айқындау бойынша талдаулар жүргізуді ұйымдастырады;

      мал шаруашылығы үшін қажетті жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді, жөндеу материалдарын және басқа да минералды заттарды сатып алуға өтінімдер жасауға қатысады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      тиісті кезеңдегі өндірістік қызметті талдау және мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін ұлғайту және сапасын арттыру бойынша іс-шаралар әзірлеу кезінде бөлімшелерге көмек көрсетеді;

      мал шаруашылығы үй-жайларын салу жобаларын қарастыруға, оларды салу орындарын таңдауға, жаңадан салынған, күрделі және ағымдағы жөндеуден өткен объектілерді қабылдауға қатысады;

      зоотехниялық құжаттамаларды, мал шаруашылығы бойынша есепті және белгіленген есептілікті жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      басқа бөлімшелерге берілген және дайындаушы және қайта өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген мал шаруашылығы өнімдерінің мөлшері мен сапасын есепке алуды ұйымдастырады;

      қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайын жасау, қоршаған ортаны өндіріс қалдықтарымен ластанудан қорғау бойынша іс-шаралар әзірлейді және ендіреді;

      еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары бойынша қағидалар мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      34. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Заң);

      "АӨК-ні және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңды;

      "Ветеринария туралы" Заңды;

      "Ғылым туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін. агроөнеркәсіптік кешен және кәсіпорынның өндірістік қызметі мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, өндіріс технологиясын, асылдандыру ісін, ауыл шаруашылығы жануарларының әр түрлі түрлерінің биологиялық ерекшеліктерін, оларды ұстау мен азықтандырудың ғылыми негіздерін, мал шаруашылығы саласындағы ғылыми жетістіктерді және отандық, шетелдік кәсіпорындардың озық жұмыс тәжірибесін, өнімді өткізуді ұйымдастыруды, мал шаруашылығы өнімдеріне арналған қолданыстағы стандарттарды, еңбек және жер заңнамаларын, экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі қолданыстағы заңнаманы, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.09.2021 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыты бойынша және кәсіби қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.

11-параграф. Бас фитопатолог

      36. Лауазымдық міндеттері:

      карантинге жатқызылған өнімдерге зертханалық фитопатологиялық зерттеу, ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянды ауруларға тұрақтылығына мемлекеттік сорттық сынау, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын және гибридтерін шаруашылық пайдалылығына сараптамалық бағалау, ауыл шаруашылығы өсімдіктері ауруларының дамуына және таралуына фитосанитариялық мониторинг жүргізуді басқаруды жүзеге асырады;

      барынша күрделі проблемалар бойынша ғылыми-техникалық шешімдер, сараптамалар, зерттеулер, тексерулер жүргізу әдістерін әзірлейді, ол үшін қажетті құралды таңдайды;

      жаңа зерттеулер мен әзірлемелердің бағыттарын негіздейді, ғылыми-өндірістік жұмыстардың жоспарларына қосуға ұсыныс енгізеді;

      ауыл шаруашылығы дақылдары егістеріне фитопатологиялық зерттеулер жүргізеді;

      Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы өсімдіктердің қорғалатын сорттарының мемлекеттік тізілімін қалыптастыруға қатысады;

      зиянды, аса қауіпті зиянды организмдердің, карантиндік объектілердің таралуының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      карантинге жатқызылған өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігіне сынаулар, карантиндік талдау және карантиндік сараптама жүргізеді;

      жұмыс процесінде халықаралық және отандық стандарттарды қолданады;

      ағымдағы жұмыс нәтижелері бойынша қажетті құжаттаманы ресімдейді;

      коллекциялық материалдың есебін жүргізеді, оның сақталуын қамтамасыз етеді;

      ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларын айқындаудың әдістерін, селекциялық жетістіктердің өсімдіктер ауруларына тұрақтылығын, ерекшелігін, біртектілігін және тұрақтылығын сынау әдістемесін, өсімдіктер ауруларының дамуына және таралуына мониторинг жүргізу әдістерін әзірлеуге, жаңаларын игеруге және қолданыстағыларын жетілдіруге қатысады;

      істер номенклатурасы бойынша ғылыми және өзге де материалдардың мұрағатын жүргізеді және қолдайды;

      еңбекті қауіпсіздігі және қорғау бойынша қағидалар мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      кадрлардың біліктілігін арттыру және даярлау бойынша жұмыстар жүргізеді.

      37. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңды;

      "Өсімдіктер карантині туралы" Заңды;

      "Тұқым шаруашылығы туралы" Заңды;

      "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Заң);

      "Ғылым туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, агроөнеркәсіптік кешен, өсімдіктерді қорғау және карантин, мемлекеттік сорт сынау мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, өсімдіктен алынатын өнімдерге фитопатологиялық сараптау жүргізу әдістерін, өсімдіктер ауруларын бірдейлендіру әдістерін, ауыл шаруашылығы алқаптарына фитопатологиялық зерттеу жүргізу әдістемелерін, карантинге жатқызылған өнімдер үлгілерін іріктеу әдістемелерін, аспаптар мен жабдықтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.09.2021 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және кәсіптік қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

12-параграф. Бас энтомолог

      39. Лауазымдық міндеттері:

      карантинге жатқызылған объектілерге карантинді-фитосанитариялық сараптау, селекциялық жетістіктерді өсімдіктер зиянкестеріне тұрақтылығына мемлекеттік сынау, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын және гибридтерін шаруашылық пайдалылығына сараптамалық бағалау, Қазақстан Республикасы аумағында ауыл шаруашылығы өсімдіктері зиянкестерінің дамуына және таралуына фитосанитариялық мониторинг жүргізуді басқаруды жүзеге асырады;

      барынша күрделі проблемалар бойынша ғылыми-техникалық шешімдер, сараптамалар, зерттеулер, тексерулер жүргізу әдістерін әзірлейді, ол үшін қажетті құралды таңдайды;

      жаңа зерттеулер мен әзірлемелердің бағыттарын негіздейді, ғылыми-өндірістік жұмыстардың жоспарларына қосуға ұсыныс енгізеді;

      ауыл шаруашылығы дақылдары егістеріне энтомологиялық зерттеулер жүргізеді;

      Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы өсімдіктердің қорғалатын сорттарының мемлекеттік тізілімін қалыптастыруға қатысады;

      зиянды, аса қауіпті зиянды организмдердің, карантиндік объектілердің таралуының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      карантинге жатқызылған өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігіне сынаулар, карантиндік талдау және карантиндік сараптама жүргізеді;

      жұмыс процесінде халықаралық және отандық стандарттарды қолданады;

      ағымдағы жұмыс нәтижелері бойынша қажетті құжаттаманы ресімдейді;

      коллекциялық материалдың есебін жүргізеді, оның сақталуын қамтамасыз етеді;

      зертханалық талдаулар мен сараптамалар жүргізудің жаңа әдістерін әзірлеуге және қолданыстағыларын жетілдіруге қатысады;

      ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларын айқындаудың әдістерін, селекциялық жетістіктердің өсімдіктер ауруларына тұрақтылығын, ерекшелігін, біртектілігін және тұрақтылығын сынау әдістемесін, өсімдіктер ауруларының дамуына және таралуына мониторинг жүргізу әдістерін әзірлеуге, жаңаларын игеруге және қолданыстағыларын жетілдіруге қатысады;

      еңбекті қауіпсіздігі және қорғау бойынша қағидалар мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      істер номенклатурасы бойынша ғылыми және өзге де материалдардың мұрағатын жүргізеді және қолдайды;

      еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      кадрлардың біліктілігін арттыру және даярлау бойынша жұмыстар жүргізеді.

      40. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңды;

      "Өсімдіктер карантині туралы" Заңды;

      "Тұқым шаруашылығы туралы" Заңды;

      "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, агроөнеркәсіптік кешен, өсімдіктерді қорғау және карантин, мемлекеттік сорт сынау мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, өсімдіктен алынатын өнімдерге энтомологиялық сараптау жүргізу әдістерін, өсімдіктер ауруларын бірдейлендіру әдістерін, ауыл шаруашылығы алқаптарына энтомологиялық зерттеу жүргізу әдістемелерін, карантинге жатқызылған өнімдер үлгілерін іріктеу әдістемелерін, аспаптар мен жабдықтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды білуге тиіс.

      41. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және кәсіптік қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

13-параграф. Ветеринариялық дәріхана меңгерушісі

      42. Лауазымдық міндеттері:

      дәрі-дәрмектерді, биопрепараттарды, химикаттарды, дезинфекциялау құралдарын, құрал-сайманды, инвертарьды және ветеринариялық жабдықты қабылдау, беру және сақтау бойынша операцияларды орындайды;

      ветеринариялық тауарларды сүйемелдеуші құжаттары бойынша қабылдайды және ресімдейді, олардың сапасын, санын және техникалық жай-күйін, ветеринариялық биологиялық препараттар мен дәрілердің жарамдылық мерзімін тексереді;

      ветеринариялық құралдар қозғалысының тиісті есебін, кіріс-шығыс құжаттарының дұрыс рәсімделуін қамтамасыз етеді;

      кәсіпорынды, шаруашылықты қажетті ветеринариялық тауарлармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      ветеринариялық тауарларды, химикаттарды, витаминдерді, биопрепараттарды және дәрілерді қоймаға қою және сақтау қағидаларын ескере отырып, қоймалық үй-жайды ұтымды пайдалануды ұйымдастырады;

      қоймалық үй-жайдың, жабдықтың және инвентарьдың техникалық жарамдылығын және олардың уақтылы жөнделуін, дәріхананы және қоймалық үй-жайды тазалықта және тәртіпте ұстауды, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      шаруашылықтың дәрі-дәрмекке, биопрепараттарға, құрал-сайманға, аспаптарға, жабдыққа және басқа да ветеринариялық құралдарға деген қажеттілігін айқындауға, дәріханалық материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады;

      дәріханада тауарлардың бар-жоқтығы туралы картотеканы ұдайы жүргізеді, ветеринар дәрігерлерді дәрілік заттардың бар-жоқтығы, жаңа профилактикалық және емдік препараттардың, аспаптардың, құрал-сайманның келіп түскені туралы хабардар етеді және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықпен таныстырады;

      стандарттар, нұсқаулықтар, ережелер талаптарына жауап бермейтін ветеринария құралдарына рекламация жасайды және оларды өнім берушілерге ұсынады;

      фермалардың ветеринар дәрігерлеріне жіберілетін препараттарды сақтау, қолдану және дозалау қағидалары бойынша ұсыным береді;

      ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізеді, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіпте есептілік ұсынады.

      43. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Ветеринария туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де ветеринария, дәрілік заттарды сақтау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін, оларды жануарларды емдеу үшін қолдану, қойма шаруашылығын жүргізу мәселелері жөніндегі нұсқаулық материалдарын, фармакология және ветеринария негіздерін, жануарларды емдеу әдістерін, экономика және еңбекті ұйымдастыру негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.

      44. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) ветеринария бағыты бойынша жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) (ветеринария) мамандығы бойынша білімі және кәсіби қызмет бағыттары бойынша жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес.

14-параграф. Ветеринария пунктінің меңгерушісі

      45. Лауазымдық міндеттері:

      қызмет көрсететін аймақтағы ветеринар мамандардың жұмысына әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      зертханалық зерттеулерге сынама алуды жүзеге асырады;

      бекітілген аумақтағы елді мекендерде жануарлар ауруларының алдын алу және жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар ұйымдастырады және жүргізеді;

      жануарларды диагностикалық зерттеуді, иммундауды, аса қауіпті жұқпалы аурулар ошағын жоюды, ауру жануарларды амбулаториялық және стационариялық емдеуді, жануарларды сою алдында байқап қарауды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және қолдан ұрықтандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады;

      ақылы ветеринариялық қызмет көрсету кезінде есептілік бланкілерін ресімдейді және береді;

      биопрепараттардың, дәрі-дәрмектердің, дезинфекциялаушы заттардың және ветеринариялық мүліктің келіп түсуі және жұмсалу есебін жүргізеді, олардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      жануарлардың өлу себептерін айқындайды және оның алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;

      денсаулық сақтау мамандарымен бірлесіп, адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан халықты қорғау бойынша іс-шаралар жүргізеді;

      ветеринария бойынша жұмыс есебін жүргізеді және белгіленген есептілікті ұсынады.

      46. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Ветеринария туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де ветеринария мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін, ветеринария мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, жануарларға арналған дәрілік заттарды және дезинфекциялық заттарды қолдану қағидаларын, зертханалық зерттеулер әдістемесін, қолдан ұрықтандыруды жүргізу технологиясын, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидаларын білуге тиіс.

      47. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) ветеринария бағыты бойынша және кәсіби қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес.

15-параграф. Ветеринариялық зертхана меңгерушісі

      48. Лауазымдық міндеттері:

      ветеринариялық-санитариялық сараптама және диагностикалық зерттеулер жүргізуге басшылық жасайды, зертхана жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;

      әдістемелік басшылықты жүзеге асырады және бекітілген жаңа прогрессивті зерттеулер әдістерін ендіреді;

      зертханалық мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады және зертханалардың есептеріне талдау жүргізеді;

      зертханаішілік бақылауға жауап береді;

      зертханалық зерттеулер сапасы жүйесіне және құжаттаманы жүргізуге жауап береді;

      сынау зертханаларына арналған қағидалар мен талаптардың сақталуына жауап береді;

      биологиялық, химиялық қауіпсіздікке және сынау зертханасындағы биологиялық қорғауға жауап береді;

      нәтижелерді, интерпретацияны, қорытындыны есепке алуды жүргізеді немесе оған қатысады;

      зерттеулер, есептер жоспарларын тікелей жасайды немесе бақылайды;

      қиын жағдайларда диагноз қою үшін жергілікті жерлерге шығуды, зертханалық зерттеулерге арналған сынама іріктеуді жүзеге асырады және ауруларды жою бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

      жаңа зерттеу әдістері бойынша ұсыныстарды қарайды, оларды апробациядан өткізуге қатысады және нұсқаулық құжаттарды бекіту үшін дайындайды;

      ветеринариялық зертханалар жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді;

      зертхананы материалдық жарақтауға жауап береді;

      қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария, өртке қарсы қауіпсіздік, биологиялық және химиялық қауіпсіздік, патогендермен жұмыс режимі жөнінде инструктаж жүргізеді;

      еңбек және өндірістік тәртіпті, еңбек қауіпсіздігі және қорғау, экологиялық қауіпсіздік, санитариялық режим және өртке қарсы қорғаныс қағидалары мен нормаларының сақталуына жауапты болады;

      ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізеді, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіпте есептілік ұсынады.

      49. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңды;

      "Өсімдіктер карантині туралы" Заңды;

      "Ветеринария туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, жануарлар ауруларының профилактикасы және жою бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жүйесін, жұмыс бағыты бойынша диагностикалық зерттеулер әдістерін; ветеринария бойынша нұсқаулық құжаттарды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық-санитариялық сараптау қағидаларын, аспаптарды және жабдықтарды, зерттеулерді ұйымдастыру мәселелерін, ветеринариялық мекемелердегі жұмыс және еңбекті қорғау қағидаларын, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария, санитариялық жұмыс режимін, өртке қарсы қорғаныс қағидаларын білуге тиіс.

      50. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және кәсіптік қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.

16-параграф. Жөндеу-механикалық шеберхана меңгерушісі

      51. Лауазымдық міндеттері:

      шаруашылықтағы тракторларды, ауыл шаруашылығы машиналарын және басқа да техника құралдарын жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша шеберхананың өндірістік-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      тракторларды, ауыл шаруашылығы машиналарын, технологиялық жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеу жүргізу графиктерін жасауды ұйымдастырады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      жөндеу жұмыстарын, техникалық қызмет көрсетуді және техникаға сынақ жүргізуді ұйымдастырады;

      жабдықтар, қосалқы бөлшектер, жөндеу материалдарын, аспаптарды, құрал-саймандарды және басқа да материалдық-техникалық құралдар сатып алуға есептеулер және өтінімдер жасайды;

      рационализаторлық және өнертабыстық жұмыстарды, жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу, тозған бөлшектерді қалпына келтіру бойынша ғылыми жетістіктер мен озық тәжірибені ендіруді ұйымдастырады;

      жөндеу кәсіпорындары шаруашылығы техникалық құралдарын жөндеуді және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қатысады;

      жөндеу шеберханасының жұмыскерлерін арнайы киіммен, қорғану құралдарымен, құрал-сайманмен, инвентарьмен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

      күн сайын еңбек және өндірістік тәртіпті нығайту және жөндеу шеберханасындағы еңбек жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізеді;

      техникалық негізделген өндіру (уақыт) нормаларын әзірлеуді және ендіруді, оларды белгіленген тәртіппен уақтылы қайта қарауды қамтамасыз етеді;

      жұмыс орындарының кезең-кезеңімен аттестатталуын ұйымдастырады;

      еңбекті қорғау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша еңбек заңнамасында көзделген уақтылы нұсқама жүргізуді қамтамасыз етеді;

      жөндеу жұмыстарын, жөндеуге арналған нормалар мен шаруашылық есептеу лимиттерінде көзделген қосалқы бөлшектерді, құрал-саймандарды және ақшалай қаражатты жұмсауды бастапқы есепке алуды ұйымдастырады;

      жөндеу шеберханасының жұмысы туралы ағымдағы және жылдық есептерді, жөндеу шеберханасының қарамағындағы жөндеу жабдығын және техниканы есептен шығару актілерін жасайды;

      жөндеуге жататын техниканы және пайдалануға берілмеген жөнделген техниканы дұрыс сақтауды қамтамасыз етеді;

      механизатор кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізеді.

      52. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге қатысты басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды; шаруашылықтағы машиналар мен жабдықтардың конструкторлық ерекшелігін, оларды жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды және оның тәртібін, жөндеу және техникалық қызмет көрсету саласындағы жетістіктер мен озық тәжірибені, экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.

      53. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша білім және жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік): ауыл шаруашылығын механизациялау және/немесе ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу мамандықтары бойынша білім және кәсіптік қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

17-параграф. Машиналық аула меңгерушісі

      54. Лауазымдық міндеттері:

      шаруашылықтағы машиналық аула жұмысын басқарады, тапсырмаларды орындаушыларға жеткізеді және олардың жұмыс орындары бойынша қойылуын жүзеге асырады;

      машиналық аула жұмыскерлері орындайтын жұмыс көлемдері бойынша шарттық көрсеткіштерді, материалдық ресурстар мен ақшалай қаражатқа деген қажеттілікті әзірлеуді жүзеге асырады;

      стандарт талаптарына сәйкес техниканы сақтауды және сақталуын қамтамасыз етеді, оны ұстаудың озық технологиясын ендіреді;

      мыналарға: жаңа ауыл шаруашылығы машиналарын (оларды қабылдауды, қосымша жинақтауды және жаттықтыруды ұйымдастырады) сатып алуға, жабдыққа, қосалқы бөлшектерге және басқа материалдарға өтінім жасауға қатысады, жұмыскерлердің олармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;

      ауыл шаруашылығы техникасын егіс жұмыстары кезеңіне уақтылы дайындауды, машиналар мен тракторлық агрегаттарды жиынтықтауды, реттеуді және технологиялық баптауды қамтамасыз етеді;

      күрделі емес ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеуді ұйымдастырады;

      есептен шығарылған машиналарды бөлшектеуді, олардың құрамдас бөліктерінің, құрауыш бірліктерінің және бөлшектерінің ақауларын анықтауды, жарамды бөлшектерді шаруашылықтың қоймасына немесе ауыстыру пунктіне, ал істен шыққандарын металлоломға өткізуді ұйымдастырады;

      техниканы сақтауға қою, ауыл шаруашылығы машиналарына жөндеу жүргізу, сақтаудан шығару графиктерін әзірлеуге қатысады;

      ауыл шаруашылығы машиналарын ұстау және сақтау технологияларын жетілдіру бойынша жоспарлар мен іс-шаралар әзірлейді;

      механизаторларға жинақталған машиналарды береді және олардан қабылдап алады және бөлшектеуге жол бермейді;

      машиналық аулаға қабылданған және ауладан берілген ауыл шаруашылығы техникасының есебін; машиналық аулада орындалған жұмыстар, қаражат шығыстары туралы есептік құжаттаманы жүргізеді және бухгалтерияға есеп береді;

      орындалған жұмыстарды талдауды, материалдық ресурстарды жұмсауды, еңбекақы төлеуді кезең-кезеңімен жүзеге асырады және орталық қызметті және басшылықты машиналардың техникалық жай-күйі туралы хабардар етеді;

      машиналық ауланың жұмыскерлеріне және механизаторларға сынулардың сипатын анықтауда, оларды жоюда әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

      орындалған жұмыстардың сапасын қамтамасыз етеді және анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдайды;

      еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын, техниканы коррозияға қарсы қорғау технологияларын және оны сақтау мен пайдалану кезеңінде техникалық қызмет көрсету, машиналарды технологиялық баптау және ретке келтіру, жөндеу технологияларын зерделеу бойынша машиналық аула жұмыскерлерін оқытуды ұйымдастырады және жүргізеді;

      машиналық аула жұмысшыларына және тартылған механизаторларға нұсқама жүргізеді, білімдерін және олардың машиналық аулада жұмыс жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын тексереді.

      55. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, техниканың сақталу және машиналар мен агрегаттарды коррозияға қарсы қорғау, сақтау, реттеу, технологиялық баптау, күрделі емес ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік техникалық инспекция жүйесін, техникаға жөндеу жүргізудің және сақтаудың, жөндеу жұмыстарын жоспарлаудың негізгі технологиялық процестерін және машиналарды жөндеу және сақтауға арналған қаражат шығыстарын, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, еңбекті қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.

      56. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және кәсіптік қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) ауыл шаруашылығын механизациялау және/немесе ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және/немесе агрономия мамандықтары бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.

18-параграф. Ұрық сақтау қоймасының меңгерушісі

      57. Лауазымдық міндеттері:

      ұрық сақтау қоймасының өндірістік-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      асыл тұқымды тұқымдық малдардың тереңнен мұздатылған ұрығын стандарттардың, ветеринариялық заңнаманың нұсқамалары және сақтау қоймасының жұмыс технологиясы талаптарына сәйкес қабылдауды, сақтауды және жіберуді қамтамасыз етеді;

      өндірісті жабдықпен, инвентарьмен, құрал-сайманмен және көлікпен қамтамасыз етеді;

      машиналар мен жабдықтарды тиімді пайдалануды, оларды жөндеуді қамтамасыз етеді және биоқоймалардың температуралық режимдерінің журналын жүргізеді, оларға дезинфекция жүргізеді;

      келіп түскен азоттың сертификаттарын тексереді;

      ұрықты сақтаудың дұрыстығын және оның сапасын, сақтау қоймасына жаңадан түскен ұрықтың өлшеп оралуын және салынуын қадағалайды, оның белсенділігін тексеруді қамтамасыз етеді;

      шәуетті сақтауды ұйымдастырудың, оның технологиясының және онымен жұмыс істеудің ғылыми жетістіктерін және озық тәжірибесін өндіріске енгізуді ұйымдастырады;

      есеп пен есептіліктің жүргізілуін қамтамасыз етеді;

      кадрларды даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға қатысады;

      жұмыскерлердің өндірістік және еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      қоршаған ортаны қорғау бойынша заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді.

      58. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" Заңды;

      "Ветеринария туралы" Заңды;

      "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ветеринария және асыл тұқымды мал шаруашылығы, ұрықты сақтау және пайдалану мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, ұрықты қабылдау, сақтау және жіберу қағидаларын, шәуетті сақтауды ұйымдастырудың, оның технологиясының және онымен жұмыс істеудің ғылыми жетістіктерін және озық тәжірибесін, ұрыққа арналған қолданыстағы стандарттар мен бағаларды, қолданылатын материалдар мен жабдықты, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.

      59. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша ветеринариялық медицина мамандығын қоса алғанда және кәсіптік қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

19-параграф. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас агроном

      60. Лауазымдық міндеттері:

      ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестерімен, ауруларымен және арамшөптерге, карантиндік объектілерге, бөтен текті түрлерге және аса қауіпті зиянды организмдермен күрес бойынша жұмысқа басшылық жасауды жүзеге асырады;

      өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі мемлекеттік мекеме өкілдерімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі зиянкестері және ауруларының саны мен даму серпінін анықтайды;

      шаруашылықтармен өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша іс-шараларды орындауға шарттар жасасу жөнінде ұсыныстар береді;

      өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша жылдық және күнтізбелік іс-шаралар жоспарын жасайды және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      пестицидтерді қолдану мақсатында пайдаланылатын авиацияның жер үстіндегі қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастырады;

      жоспарланған пестицидтерді дайындауды сәйкес келтіреді және олардың шаруашылықтарға уақтылы түсуін және тиісінше пайдаланылуын, агрегаттардың ұтымды жинақталуын қамтамасыз етеді, олардың ұтымды жұмыс режимін орнатады;

      қызмет көрсетуші шаруашылықтармен ұтымды өндірістік-экономикалық байланыс орнатады;

      өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша орындалған жұмыстардың сапасын айқындау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады;

      пестицидтерді қолдану жөніндегі арнайы техника мен жабдықтық стандарттардың белгіленген талаптарына және техникалық шарттарға сәйкес сақталуын ұйымдастырады;

      өсімдіктерді зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау бойынша ғылыми жетістіктерді және озық тәжірибені өндіріске ендіреді, карантиндік объектілермен, бөтен түрлермен және аса қауіпті зиянды организмдермен күресу;

      пестицидтермен жұмыс істеу кезінде еңбек, қоршаған орта қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

      61. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Өсімдіктер карантині туралы" Заңды;

      "Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңды;

      "Тұқым шаруашылығы туралы" Заңды;

      "АӨК-ні және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңды;

      "Ғылым туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, агроөнеркәсіптік кешен, өсімдіктер қорғау және карантин мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, ауыл шаруашылығы дақылдары мен тұқымдарын пестицидтермен өңдеу технологиясын, зиянкестермен және ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары және арамшөптермен күрестің әдістері мен құралдарын, экономика, ауыл шаруашылығындағы еңбекті ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздерін, өсімдіктер зиянкестерімен және ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары және арамшөптермен карантиндік объектілермен, бөтен түрлермен және аса қауіпті зиянды организмдермен күрес жөніндегі отандық және шетелдік ғылым мен техниканың жетістіктерін, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі заңнаманы, еңбек және жер заңнамаларын, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.09.2021 № 261 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      62. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және кәсіптік қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.

2-бөлім. Мамандар лауазымы

1-параграф. Агроном

      63. Лауазымдық міндеттері:

      бекітілген учаскеде жұмыстарды жүзеге асырады;

      өнім өндірісін ұлғайту және сапасын арттыру мақсатында егіншіліктің ғылыми-негізделген жүйелерін игеру және өсімдік шаруашылығын одан әрі әртараптандыру бойынша жұмыстарды жүргізеді;

      ауыл шаруашылығы алқаптарының өнімділігін, топырақ құнарлылығын арттыру, жұмыс күшін, техниканы ұтымды пайдалану, органикалық және минералдық тыңайтқыштарды, пестицидтерді, өсім реттеуіштерін дұрыс қолдану бойынша іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады;

      ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру мен жинаудың, азықтарды дайындау мен сақтаудың қарқынды технологияларын және озық тәжірибесін енгізеді;

      ауыспалы егістің игерілуін және егіс алаңдарының ұтымды құрылымын қамтамасыз етеді;

      тұқымдардың, отырғызу материалының, тыңайтқыштардың, химикаттардың және басқа да материалдардың дұрыс сақталуын ұйымдастырады;

      бөлімше ішінде звенолар, бригадалар қалыптастыруға қатысады және олардың оңтайлы мөлшерін айқындайды;

      бөлімше үшін жұмыс жоспарларын, жұмыстарды орындау графиктерін әзірлейді;

      жаңа технологияларды, ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын қолдану бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізеді;

      жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру бойынша қабылданған іс-шаралардың тиімділігін талдайды;

      егіске, тыңайтқыштарды, тұқымдарды есептен шығаруға арналған актілерді уақтылы жасайды;

      алқаптар тарихының кітабын және басқа да агрономиялық құжаттаманы жүргізеді;

      есеп пен белгіленген есептіліктің жүргізілуін ұйымдастырады;

      қоршаған ортаны қорғау бойынша заңнаманың, еңбекті қорғау және қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

      64. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Өсімдіктер карантині туралы" Заңды;

      "Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңды;

      "Тұқым шаруашылығы туралы" Заңды;

      "АӨК-ні және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңды;

      "Ғылым туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ауыл шаруашылығы кәсіпорнының қызметіне қатысты басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылының агротехникасын және тұқым шаруашылығын, өсімдік шаруашылығы өнімдеріне арналған қолданыстағы стандарттарды, өсімдік шаруашылығы саласындағы ғылым жетістіктері мен озық тәжірибені, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, жер және еңбек заңнамасы негіздерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.09.2021 № 261 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      65. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санатты агроном: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және ІІ лауазымдағы агроном лауазымында жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

      ІІ санатты агроном: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және кәсіптік қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) (агрономия) мамандығы бойынша білімі және агроном лауазымында жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;

      санаты жоқ агроном: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және кәсіптік қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) агрономия мамандығы бойынша білімі жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

2-параграф. Агрохимик

      66. Лауазымдық міндеттері:

      топырақ құнарлылығын арттыруға және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін ұлғайтуға бағытталған агрохимиялық іс-шараларды әзірлейді және енгізеді;

      өсірілетін өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін, шаруашылықтың топырақтық-климаттық жағдайларын, органикалық және минералдық тыңайтқыштарды пайдаланудың тиімділігін, химиялық қорғаныс заттарын, оларды қолдану тәсілдерін жүйелі түрде зерделейді және тыңайтқыштар мен басқа да химиялық заттардың қандай учаскелерде, қандай мерзімдерде және қандай мөлшерде қолданылу қажеттігін айқындайды;

      ауыспалы егістер, тыңайтқыштар мен химиялық заттарға деген қажеттілік және оларды пайдалану жоспарларын жасауға қатысады;

      агрохимиялық картограммалар жасауды ұйымдастырады, жыл сайын жұмыс кезеңінде оларды жекелеген ауыл шаруашылығы алқаптары бойынша топырақ үлгілерін талдау негізінде түзетуді жүргізеді;

      жекелеген шаруашылық бөлімшелерінде өнім өндірісі жоспарын әзірлеуге қатысады;

      тыңайтқышты дайындауды және сақтауды, сондай-ақ белгіленген нормаларға сәйкес топыраққа енгізуді ұйымдастырады;

      тыңайтқыштар енгізу кезінде механикаландыруды және осындай жұмыстарды ұйымдастырудың озық тәжірибесін енгізуге қатысады;

      топырақтың, жемшөптің, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің, минералдық, органикалық тыңайтқыштардың және басқа материалдың сынамаларын дайындауды жүзеге асырады;

      агрохимиялық зертхана қызметкерлерінің физикалық-химиялық зерттеулер, экспресс-талдаулар жүргізуін ұйымдастырады, химиялық талдаудың жаңа әдістерін байқаудан өткізуді, зертханалық қондырғыларды, аспаптарды және жабдықтарды жұмысқа дайындауды жүргізеді;

      талдаулар деректерін есептеуді және математикалық-статистикалық өңдеуді орындайды;

      тыңайтқыштармен және өсімдіктерді қорғаудың химиялық заттарымен тәжірибелік жұмыс жүргізеді, өсімдік шаруашылығы өніміне зиянды заттардың рұқсат етілгеннен жоғары деңгейде қосылғаны, өндірілген өнімнің сапасы үшін жауапты болады;

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың, еңбек қауіпсіздігі және қорғау нормалары мен қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

      67. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Өсімдіктер карантині туралы" Заңды;

      "Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңды;

      "Тұқым шаруашылығы туралы" Заңды;

      "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, агрохимия саласындағы басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды; топырақтануды, агрохимияны, топырақты зертханалық зерттеу технологиясын, өсімдік сынамаларын, тыңайтқыштарды, химиялық материалдарды, ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды, улы химикаттарды, гербицидтерді қолдану саласындағы ғылым жетістіктерін және озық тәжірибені, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, жер және еңбек заңнамасы негіздерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.

      68. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санатты агрохимик: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және ІІ лауазымдағы агрохимик немесе агроном ретінде жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

      ІІ санатты агрохимик: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және кәсіптік қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес немесе техникалық кәсіби (арнаулы орта, орта кәсіптік) мамандықтар бойынша: агрономия және/немесе фермерлік шаруашылық және/немесе агрономия бағыты бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

      санаты жоқ агрохимик: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) мамандықтар бойынша: және/немесе агрономия мамандығы бойынша жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

3-параграф. Ауыл шаруашылығы кәсіпорнын жылыту жөніндегі инженер

      69. Лауазымдық міндеттері:

      жылулық-техникалық және газдық жабдықты техникалық пайдалануды және уақтылы жөндеуді, өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында отынды, жылуды, буды және газды үнемді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;

      жылулық-қуаттық жабдық пен жылыту және газдандыру магистратураларын пайдалануды жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарларын, бөлімшелер мен объектілердің жылу-энергетикалық ресурстарын тұтыну графиктерін әзірлейді;

      қажетті жылу және газ жабдығын, қосалқы бөлшектерді және оған арналған құрал-сайманды, қатты және сұйық отынды (машина-тракторлық паркке арналған жанар-жағар май материалдарынан басқа) сатып алуға өтінім жасайды;

      монтаждау жұмыстарын жүргізгеннен кейін қазандық және газдық жабдықты пайдалануға қабылдауды ұйымдастырады;

      жылулық, газдық құрылғылар мен жабдыққа техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу жүргізу графиктерін әзірлейді, олардың уақтылы орындалуын ұйымдастырады;

      қолданыстағы нормалар мен қағидаларды сақтай отырып, отынды сақтауды, жылулық-техникалық және газдық жабдықтың сақталуын ұйымдастырады;

      жабдықты есептен шығаруға актілер жасайды және оларды белгіленген тәртіпте бекітуге ұсынады;

      шаруашылық бөлімшелері мен шаруашылықтың энергетикалық құрылғыларын, қуаттылықтарды және магистральдарды жалпы пайдалану қорытындысын шығарады, кемшіліктерді анықтайды және жояды;

      жылулық, газдық және отындық шаруашылық бойынша есеп жүргізеді және есептілік жасайды, техникалық құжаттаманың дұрыс ресімделуін қадағалайды;

      еңбекті қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

      70. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасынаң Заңын (бұдан әрі – "Азаматтық қорғау туралы" Заң);

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;

      "Ғылым туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, шаруашылықтың өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жылыту және газдандыру саласындағы басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, құрылғыны, жылу-энергетикалық және газдық жабдықты пайдалану және оларға қызмет көрсету қағидаларын, қазандық және газдық жабдықты монтаждан кейін пайдалануға қабылдау тәртібін, отынды, жылуды, газды, буды ұтымды пайдалану әдістерін, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жылыту және газдандыру саласындағы озық тәжірибені, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, қоршаған ортаны, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.09.2021 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      71. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      ауыл шаруашылығы кәсіпорнын жылыту жөніндегі І санатты инженер: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) инженерия және инженерлік іс (жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету) бағыттары бойынша және ауыл шаруашылығы кәсіпорнын жылыту жөніндегі ІІ санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

      ауыл шаруашылығы кәсіпорнын жылыту жөніндегі ІІ санатты инженер: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) инженерия және инженерлік іс (жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету) бағыттары бойынша және ауыл шаруашылығы кәсіпорнын жылыту жөніндегі санаты жоқ инженер лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

      ауыл шаруашылығы кәсіпорнын жылыту жөніндегі санаты жоқ инженер: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) инженерия және инженерлік іс (жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету) бағыттары бойынша, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе (техникалық жылу жабдықтары және жылумен жабдықтау жүйелері) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

4-параграф. Асылдандыру ісі жөніндегі техник

      72. Лауазымдық міндеттері:

      мал шаруашылығында асыл тұқымды малдардың есебін жүргізеді; шаруашылықта асылдандыру жұмыстарының жоспарларын әзірлеуге қатысады;

      малдардың өнімділігін айқындау үшін өлшеулерді және саууды жүргізуге қатысады, талдаулар үшін сүттің сынамаларын іріктеуді жүргізеді, малдардың өнімділік деректерін асыл тұқымдық карточкаларына енгізеді;

      жануарларды бағалауға қатысады;

      асыл тұқымды жұмыс бойынша құжаттаманы қатаң түрде бекітілген нысандарға сәйкес жүргізеді;

      жануарлардың ауруға шалдығуын зерттеуге қатысады, асыл тұқымдық кітабына жазу үшін жануарлардың карточкаларын дайындайды;

      сату, көрмеде көрсету үшін асыл тұқымды жануарларды іріктеуге және дайындауға қатысады;

      бригадирлердің өндірістік-зоотехникалық есептің бастапқы құжаттарын уақтылы ұсынуын қамтамасыз етеді;

      еңбекті қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

      73. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, мал шаруашылығында асыл тұқымдық есепті жүргізу жөніндегі әдістемелік және нұсқаулық нұсқамаларды; асыл тұқымды мал шаруашылығы технологиясының негіздерін, зоотехникалық және асыл тұқымдық есептің қолданыстағы нысандарын, малдарды бағалау жөніндегі нұсқаулықтарды, еңбек заңнамасының негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.

      74. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      асылдандыру ісі жөніндегі І санатты техник: (зоотехния) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) білім және асылдандыру ісі жөніндегі ІІ санатты техник лауазымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

      асылдандыру ісі жөніндегі ІІ санатты техник: (зоотехния) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) білім және асылдандыру ісі жөніндегі санаты жоқ техник лауазымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

      асылдандыру ісі жөніндегі санаты жоқ техник: (зоотехния) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

5-параграф. Бактериолог

      75. Лауазымдық міндеттері:

      зертханалық карантиндік-фитосанитариялық және ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізеді;

      өлген малдардың өлекселерін байқап қарауды және союды жүргізеді;

      жануарлар ауруларының қоздырғыштарын анықтауды және типке жатқызуды жүзеге асырады;

      жануарлардың аса қауіпті ауруларының жасырын нысандарын анықтайды;

      зерттеуге келіп түскен материалды қабылдайды, зерттеу аяқталғанға дейін оның сақталуын қамтамасыз етеді;

      карантинге жатқызылған өнімнің халықаралық және отандық стандарттар талаптарына сәйкестігіне сынаулар, карантиндік талдау және карантиндік сараптама жүргізеді;

      зерттеу және санитариялық өңдеу жүргізуге жұмсалған материалдар шығысы бойынша құжаттаманы, сондай-ақ зерттеулер нәтижелерін ресімдейді, олар бойынша сараптама актісін береді;

      бокстың зарарсыздандыруды, жұмыс орнын өңдеуді, құрал-сайманды стерильдеуді жүргізеді, реактив ерітінділерді, қоректік ортаны дайындайды;

      жүргізілген талдаулардың нәтижелерін ресімдейді және есептейді, биологиялық материал қалдықтарының жойылуын қамтамасыз етеді;

      өз құзыреті шегінде ұйым жұмыскерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

      бактериология саласында экспериментальдық зерттеулер жүргізеді;

      жаңа жұмыс әдістерін әзірлеуге қатысады;

      жүргізілген зертханалық-диагностикалық зерттеулерді талдауды және есебін жүргізуді жүзеге асырады;

      зертханалық зерттеулерге арналған сынама алуды жүзеге асырады;

      коллекциялық материалдың есебін жүргізеді, оның сақталуын қамтамасыз етеді;

      еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидаларының және нормаларының сақталуын қамтымасыз етеді;

      белгіленген есептілікті жүргізеді.

      76. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңды;

      "Өсімдіктер карантині туралы" Заңды;

      "Ветеринария туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды, зертханалық жабдықты пайдалану қағидаларын, ветеринариялық микробиологияны, бактериологияны және фитопатологияны, өсімдіктер аурулары зияндылығының экономикалық шегін, жануарлар мен өсімдіктердің бактериалды аурулары қоздырғыштарын бірдейлендіру әдістерін, жануарлар ауруларымен күрес жөніндегі әдістемелерді және нұсқаулықтарды, ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі нұсқауларды, жануарлардан алынатын өнімді және шикізатты сараптаудың ветеринариялық-санитариялық қағидаларын, материалдарды зертханалық зерттеудің әдістемелерін, жануарлардан алынатын өнімді өндіру және өңдеу технологиясын, еңбек заңнамасының негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және қорғау жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.

      77. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санатты бактериолог: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және ІІ лауазымындағы бактериолог лауазымында жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

      ІІ санатты бактериолог: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және санаты жоқ бактериолог лауазымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

      санаты жоқ бактериолог: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және бактериолог лауазымындағы жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

6-параграф. Ветеринар дәрігер

      78. Лауазымдық міндеттері:

      жануарлардың ауруы мен қырылуының алдын алу жөніндегі шаруашылықтың ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары жоспарын жасайды;

      ауырған мал мен құсты емдеуді жүргізеді, жануарларды ұстау, азықтандыру және оларды күтіп-бағу кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық қағидалардың орындалуын қадағалайды;

      мал шаруашылығы фермаларында, мал базаларында, малдан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеу және сақтауға арналған аумақтарда және үй-жайларда дезинфекция, дезинсекция, дератизация және дезактивация жүргізуді ұйымдастырады;

      зертханалық зерттеулерге арналған сынама алуды жүзеге асырады;

      ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады;

      бекітілген жаңа ветеринария құралдарын, ветеринария саласындағы ғылыми жетістіктер мен озық тәжірибені ендіреді;

      ұйымда Қазақстан Республикасының және Кеден одағының ветеринария саласындағы заңнамалары, ветеринариялық-санитариялық қағидалары және халықты адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау жөніндегі қағидалары талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      ветеринария бойынша есептің жүргізілуін және белгіленген есептіліктің дайындалуын қамтамасыз етеді;

      табынның өсімін молайту кезінде ветеринариялық-санитариялық қағидалардың орындалуын қадағалайды;

      аналық бастың қысырлығын болдырмау және жою, сау төл өсіру бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асырады;

      еңбекті қауіпсіздігі және қорғау нормалары мен қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

      79. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Ветеринария туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ветеринария саласындағы басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, микробиологияны, эпизоотологияны, дәрілік және дезинфекциялық заттарды, оларды қолдану қағидаларын, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясын, оның сапасына қойылатын талаптарды, жануарларды ұстаудың зоогигиеналық және ветеринариялық қағидаларын, жануарлардан алынатын өнімді және шикізатты ветеринариялық-санитариялық сараптау қағидаларын, қолдан ұрықтандыруды жүргізу технологиясын, ветеринария және ветеринариялық сараптама саласындағы ғылым жетістіктері мен озық тәжірибені, еңбек заңнамасы негіздерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбек қауіпсіздік және қорғау қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.

      80. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санатты ветеринар дәрігер: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және ІІ санаттағы ветеринар дәрігер лауазымында жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

      ІІ санатты ветеринар дәрігер: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және ветеринар дәрігер лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

      санаты жоқ ветеринар дәрігер: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және ветеринария жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

7-параграф. Ветеринариялық фельдшер

      81. Лауазымдық міндеттері:

      жануарлар аурулары мен өлімінің алдын алу бойынша профилактикалық, ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды, сондай-ақ ауырған мал мен құсты емдеуді жүргізеді;

      зертханалық зерттеулерге арналған сынама алуды жүзеге асырады;

      жемшөптің, жайылымдардың, жануарларды суару орындарының, үй-жайдың, жабдықтың және құрал-сайманның санитариялық жай-күйін қадағалайды, мал шаруашылығы үй-жайларына санитариялық өңдеу жүргізуді қамтамасыз етеді;

      ветеринар дәрігердің басшылығымен мал өлекселерін патология-анатомиялық ашуды жүргізеді;

      көңді биотермиялық залалсыздандыру, сондай-ақ, мал мен құсты тасымалдаудан кейін автомобилдерді және ыдысты жуу мен дезинфекциялау регламенттерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      дәрі-дәрмектердің, дезинфекциялық заттардың және басқа материалдардың түсу және жұмсалу есебін жүргізеді, олардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      ветеринар дәрігердің нұсқауы бойынша ветеринария бойынша есепті жүргізеді және белгіленген есептілікті дайындайды;

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

      82. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Ветеринария туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ветеринария мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, жануарларды ұстаудың зоогигиеналық және ветеринариялық қағидаларын, дәрілік және дезинфекциялық заттарды, оларды қолдану қағидаларын, дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу тәртібін, ветеринариялық құжаттарды рәсімдеу тәртібін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.

      83. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санатты ветеринариялық фельдшер: ветеринария мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) білім және ІІ санатты ветеринариялық фельдшер лауазымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

      ІІ санатты ветеринариялық фельдшер: ветеринария мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) білім және санаты жоқ ветеринариялық фельдшер лауазымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

      санаты жоқ ветеринариялық фельдшер: ветеринария мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

8-параграф. Вирусолог

      84. Лауазымдық міндеттері:

      зертханалық карантиндік-фитосанитариялық және ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізеді;

      жануарлар ауруларының қоздырғыштарын анықтауды және типке жатқызуды жүзеге асырады;

      жануарлар аса қауіпті ауруларының жасырын нысандарын анықтайды;

      карантинге жатқызылған өнімнің белгіленген стандарттарға сәйкестігіне сынаулар, карантиндік талдау және карантиндік сараптама жүргізеді;

      жұмыс процесінде халықаралық және отандық стандарттарды қолданады;

      өлген малдардың өлекселерін байқап қарауды және союды жүргізеді;

      зерттеуге келіп түскен материалды қабылдайды, зерттеу аяқталғанға дейін оның сақталуын қамтамасыз етеді;

      зерттеу және санитариялық өңдеу жүргізуге жұмсалған материалдар шығысы бойынша құжаттама ресімдейді;

      бокстың зарарсыздандырылуын, жұмыс орнының өңделуін, құрал-саймандардың стерильдендірілуін жүргізеді, реактивтер ерітінділерін, қоректік ортаны дайындайды;

      жүргізілген талдаулар нәтижелерін ресімдейді және есептейді, биологиялық материал қалдықтарының жойылуын қамтамасыз етеді;

      өз құзыреті шегінде зертхана жұмысшыларына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

      жабдықтар мен аспаптардың бекітілген жаңа түрлерін сынауға, жануарлар мен өсімдіктердің вирустық ауруларын диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістерін әзірлеуге қатысады;

      зертханалық зерттеулерге арналған сынама алуды жүргізеді;

      жүргізілген зертханалық-диагностикалық зерттеулерді талдауды және есебін жүргізуді жүзеге асырады;

      картотека жүргізеді және коллекциялық материалдың сақталуын жүзеге асырады;

      еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларының сақтауын қамтамасыз етеді;

      қоректік ортаның және диагностикалық препараттардың дұрыс сақталуын және жарамдылық мерзімін қадағалайды.

      85. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңды;

      "Өсімдіктер карантині туралы" Заңды;

      "Ветеринария туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, зертханалық жабдықтар мен аспаптардың жұмыс қағидатын және пайдалану қағидаларын, вирусология мен фитопатологияны, өсімдіктер аурулары зияндылығының экономикалық шегін, жануарлар мен өсімдіктердің вирустық аурулары қоздырғыштарын бірдейлендіру әдістерін, карантинге жатқызылған өнім үлгілерін іріктеу әдістемелерін, жануарлар ауруларымен күрес жөніндегі әдістемелерді және нұсқаулықтарды, ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі нұсқауларды, жануарлардан алынатын өнімді және шикізатты сараптаудың ветеринариялық-санитариялық қағидаларын, жануарлардан алынатын өнімді өндіру және қайта өңдеу технологиясын, материалдарды зертханалық зерттеу әдістемелерін, еңбек заңнамасының негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды білуге тиіс.

      86. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санатты вирусолог: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша білім және ІІ санатты вирусолог лауазымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

      ІІ санатты вирусолог: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша білім және санаты жоқ вирусолог лауазымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

      санаты жоқ вирусолог: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша білім жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

9-параграф. Герболог

      87. Лауазымдық міндеттері:

      карантинге жатқызылған өнімдерге зертханалық зерттеу, ауыл шаруашылығы дақылдарының ластануына фитосанитариялық мониторинг және бағалау жүргізеді;

      зерттеуге келіп түскен материалды қабылдайды, зерттеу аяқталғанға дейін оның сақталуын қамтамасыз етеді;

      карантинге жатқызылған өнімнің белгіленген стандарттарға сәйкестігіне сынаулар, карантиндік талдау және карантиндік сараптама жүргізеді;

      ауыл шаруашылығы дақылдарының ластануына фитосанитариялық мониторингті және бағалауды және ауыл шаруашылығы ұйымдарына фитосанитариялық жай-күй туралы ақпарат ұсынуды жүзеге асырады, ауыл шаруашылығы дақылдарының карантиндік арамшөптерімен күрестің басталу, аяқталу мерзімдері және олардың болжамдары туралы хабардар етеді;

      талдаулар нәтижелерін ресімдейді және есептейді;

      зерттеулер жүргізуге жұмсалған материалдар шығысы бойынша құжаттаманы ресімдейді;

      зертханалық жабдықты жұмысқа дайындайды;

      биологиялық материал қалдықтарының зарарсыздандырылуын және жойылуын қамтамасыз етеді;

      облыстың және ауданның қызмет көрсетілетін аумағында ауыл шаруашылығы дақылдары карантиндік арамшөптерінің есебін және анықталуын жүргізеді;

      коллекциялық материалдың есебін жүргізеді, оның сақталуын қамтамасыз етеді;

      республикада, облыста, жекелеген ауданда арамшөптердің таралу және даму болжамдарын және үлгілерін жасауға қатысады;

      зерттеудің жаңа тесттері мен әдістерін бағалауды жүргізеді;

      еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      жүргізілген зертханалық-диагностикалық зерттеулерді талдауды және есепке алуды жүргізеді;

      белгіленген тәртіпте есептер ұсынады.

      88. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңды;

      "Өсімдіктер карантині туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, өсімдіктерден алынатын өнімге карантиндік арамшөптермен ластану мәніне сараптама жүргізу әдістерін, карантиндік арамшөптерді бірдейлендіру әдістерін, ауыл шаруашылығы алқаптарына арамшөптермен ластану мәніне қатысты зерттеу жүргізу әдістемесін, карантинге жатқызылған өнім үлгілерін іріктеу әдістемелерін, аспаптар мен жабдықтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және қорғау жөніндегі қағидаларды білуге тиіс.

      89. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санатты герболог: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және ІІ санатты герболог лауазымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

      ІІ санатты герболог: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және санаты жоқ герболог лауазымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

      санаты жоқ герболог: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) агрономия және/немесе фермер қожалығы (бейіні бойынша) және/немесе экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану (салалар бойынша) және/немесе ауыл шаруашылығы экология және/немесе экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша) және/немесе бақ-саябақ және ландшафт құрылысы (түрлері бойынша) және/немесе жерге орналастыру және/немесе гидрология және метеорология және/немесе ветеринария мамандығы бойынша білімі жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

10-параграф. Гельминтолог

      90. Лауазымдық міндеттері:

      карантинге жатқызылған өнімдерге зертханалық зерттеу, өсімдіктер ауруларымен, өсімдіктердің нематодтарымен (фитогельминттермен) залалданғанын анықтау үшін ауыл шаруашылығы дақылдарына тексеру жүргізеді;

      зерттеуге келіп түскен материалды қабылдайды, зерттеу аяқталғанға дейін оның сақталуын қамтамасыз етеді;

      карантинге жатқызылған өнімнің белгіленген стандарттарға сәйкестігіне сынаулар, карантиндік талдау және карантиндік сараптама жүргізеді;

      зертханалық жабдықты жұмысқа дайындайды;

      талдаулар нәтижелерін ресімдейді және есептейді;

      биологиялық материал қалдықтарының зарарсыздандырылуын және жойылуын қамтамасыз етеді;

      өсімдіктер ауруларының таралуы туралы материалдарды жинайды, олардың зияндылығын анықтайды және олармен күрестің тиімді шараларын әзірлеуді ұйымдастырады;

      кәсіпорындарға, шаруашылықтарға аурулармен және паразиттік нематодтармен күрес бойынша іс-шараларды жүргізуге әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

      өсімдіктер аурулары мен фитогельминттерді анықтау, олардың зияндылығын айқындау және олармен күрес бойынша іс-шаралар жүргізу жөніндегі ғылым жетістіктерін және озық тәжірибені зерделейді;

      зерттеудің жаңа тесттері мен әдістерін бағалауды жүргізеді;

      жүргізілген зертханалық-диагностикалық зерттеулерді талдауды және есепке алуды жүргізеді;

      еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      белгіленген тәртіпте есептер ұсынады;

      нематодтармен күрестің прогрессивті тәсілдері мен әдістерін енгізеді.

      91. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңды;

      "Өсімдіктер карантині туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, өсімдіктерді қорғау және карантин мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, нематодтардың энтомологиясын, негізгі түрлерінің морфологиялық ерекшеліктерін, қызмет көрсетілетін аудандағы ауыспалы егістің құрылымын, негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің ерекшеліктерін, өсімдіктер ауруларымен күрес шараларын, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.

      92. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санатты гельминтолог: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және ІІ санатты гельминтолог лауазымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

      ІІ санатты гельминтолог: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және санаты жоқ гельминтолог лауазымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

      санаты жоқ гельминтолог: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

11-параграф. Еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыру жөніндегі инженер

      93. Лауазымдық міндеттері:

      фермаларға, кешендерге, құс фабрикаларына, жемшөп дайындау және құрама жем цехтарында механикаландыру және автоматтандыру құралдарын енгізу және оларға қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      механикаландыруға және автоматтандыруға жататын негізгі және көмекші жұмыстар мен операциялар учаскелерін айқындау мақсатында өндірістік процестерді зерделейді;

      мал шаруашылығы фермаларын, кешендерін, жемшөп цехтарын механикаландыру және автоматтандыру және оларды қайта жаңарту, өндірістік процестерді, еңбекті көп қажетсінетін қол жұмыстарын, көліктік және басқа операцияларды механикаландыру және автоматтандыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      механикаландыру және автоматтандыру құралдарын монтаждауды, ретке келтіруді және қолданысқа енгізуді ұйымдастырады;

      жабдықты монтаждау, жөндеу немесе техникалық қызмет көрсетуден кейін оны мердігерден қабылдап алуға қатысады;

      механикаландыру құралдарын монтаждау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстардың сапалы орындалуын, жабдықты жөндеуге және пайдалануға арналған материалдық және ақша қаражатының ұтымды пайдаланылуын ұйымдастырады;

      механикаландыру құралдарын пайдалану, техникалық баптау және жөндеу бойынша нұсқаулықтар әзірлейді, жұмыскерлерді қауіпсіз жұмыс әдістеріне оқытады;

      еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыруға арналған жаңа техниканы, жабдықты, қосалқы бөлшекті, жөндеу материалдарын және құрал-сайманды сатып алуды ұйымдастырады;

      жинақталмаған немесе ақаулы механикаландыру құралдарын алған кезде жеткізушілерге шағымды ресімдейді;

      еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыруға арналған техниканың, жабдықтың сақталуын қамтамасыз етеді;

      жарамсыздыққа жеткен механизмдер мен жабдықты есептен шығаруға арналған құжаттаманы ресімдейді, пайдаланылмайтын техниканы консервациялауды және сақтауды ұйымдастырады;

      белгіленген тәртіпте техникалық құжаттама және есептілік жүргізуді, еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыру бойынша ғылым жетістіктері мен озық тәжірибені енгізуді қамтамасыз етеді;

      ұтымды ету ұсыныстары мен өнертабыстарды ендіруге ықпал етеді;

      шаруашылық жұмыскерлеріне жаңа машиналарды, жабдықтарды, механикаландыру және автоматтандыру құралдарын игеруге көмек көрсету бойынша жұмысты жүргізеді;

      еңбекті қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

      94. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру саласындағы басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, құрылғыны, механикаландыру және автоматтандыру құралдарын пайдалану және оларға қызмет көрсету қағидаларын, монтаждау және іске қосу-ретке келтіру жұмыстарын орындау тәртібін, еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыру және автоматтандыру саласындағы жетістіктер мен озық тәжірибені, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.

      95. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыру жөніндегі І санатты инженер: (аграрлық техника және технология, ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыру жөніндегі ІІ санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

      еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыру жөніндегі ІІ санатты инженер: (аграрлық техника және технология, ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыру жөніндегі санаты жоқ инженер лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

      еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыру жөніндегі санаты жоқ инженер: (аграрлық техника және технология, ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) немесе (ауыл шаруашылығын механикаландыру) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

12-параграф. Жанар-жағар май материалдары жөніндегі инженер

      96. Лауазымдық міндеттері:

      шаруашылықтың машина-тракторлық паркін мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді ұйымдастыру-техникалық басқаруды жүзеге асырады;

      шаруашылықтың мұнай өнімдеріне деген жылдық қажеттілігін айқындайды, мұнай өнімдерінің айлар және тоқсандар бойынша жұмсалу, әкеліну және қорларының жинақталу жоспарын әзірлейді;

      орталық мұнай қоймасында және шаруашылық бөлімшелерінде мұнай өнімдерін қабылдап алуды, сақтауды және босатуды ұйымдастырады;

      мұнай базаларынан, коммерциялық құрылымдардан алынған, мұнай қоймасында және құю пункттерінде сақталған мұнай өнімдерінің түр-түрін және сапасын күнделікті есепке алуды жүргізеді;

      түр-түрі және сапасы бойынша мұнай өнімдерін жеткізуге шарттар жасауға қатысады;

      шаруашылықтағы мұнай жабдықтарының сақталуын, уақтылы техникалық қызмет көрсетілуін және жөнделуін қамтамасыз етеді;

      метрологиялық қызметтермен бірлесіп белгіленген мерзімде цистерналарды және мұнай сыйымдылықтарын қораптауды жүргізеді;

      бастапқы кіріс-шығыс құжаттарын ресімдеу және тапсыру қағидаларын сақтай отырып, мұнай өнімдерінің есебін жүргізеді;

      мұнай өнімдеріне және мұнай жабдықтарына түгендеу жүргізуге қатысады;

      мұнай қоймаларын, инвентарьды уақтылы жөндеуді, қажетті құралдар сатып алуға шарттар (өтінімдер) ресімдеуді ұйымдастырады;

      мұнай қоймасы шаруашылығы жұмысының тиімділігін арттыру, мұнай өнімдерін үнемдеу, оларды жеткізу, сақтау және құю шығыстарын қысқарту бойынша іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

      мұнай шаруашылығы бойынша есепке алу және есептік құжаттаманың жүргізілуін ұйымдастырады;

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныс қағидалары нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

      97. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Азаматтық қорғау туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, мұнай шаруашылықтарындағы жұмысты ұйымдастыруға қатысты басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды; мұнай жабдығының техникалық сипаттамаларын, конструктивтік ерекшеліктерін, мақсатын, жұмыс режимін және пайдалану қағидаларын, мұнай жабдығына қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыруды, ауыл шаруашылығы өндірісінде қолданылатын мұнай өнімдерінің маркасы мен сапасын, мұнай өнімдерінің сапасын бақылау тәсілі мен құралдарын, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.

      98. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жанар-жағар май материалдары бойынша І санатты инженер: (аграрлық техника және технология, мұнай-газ ісі) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және жанар-жағар май материалдары бойынша ІІ санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

      жанар-жағар май материалдары бойынша ІІ санатты инженер: (аграрлық техника және технология, мұнай-газ ісі) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және жанар-жағар май материалдары бойынша санаты жоқ инженер лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

      жанар-жағар май материалдары бойынша санаты жоқ инженер: жұмыс өтіліне талап қойылмайды (аграрлық техника және технология, мұнай-газ ісі) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) немесе (ауыл шаруашылығын механикаландыру, мұнай-газ және жанар май құю станцияларының құрылыстары мен оларды пайдалану) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) білім және мұнай шаруашылығындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

13-параграф. Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник

      99. Лауазымдық міндеттері:

      ауыл шаруашылығы жануарының күйлеуін айқындайды, ұрықтандыру алдында дайындық жұмыстарын жүргізеді, ауыл шаруашылығы жануарларын ұрықтандыруды жүргізеді;

      биоматериалдармен қамтамасыз етуге, құрал-саймандар мен жабдықтарды сатып алуға өтінімдер жасайды;

      қолдан ұрықтандырудан алынған төлді кiрiске алу актiсiн жасайды;

      ректалдық зерттеу нәтижелерін есепке алады, қолдан ұрықтандыру бойынша есеп жасайды;

      еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      материалдарды, инвентарьды, аспаптарды, дәрілік заттарды, ветеринариялық препараттарды және орталарды ұтымды пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды.

      100. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Ветеринария туралы" Заңды;

      "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, асылдандыру жұмысын және қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі әдістемелерді және нұсқаулық нұсқамаларды, қолдан ұрықтандырудың технологиясын, ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру және өсімін молайту жөніндегі ғылым жетістіктерін және озық тәжірибені, орындарға, құрал-саймандарға, жабдықтарға, ауыл шаруашылығы жануарларының тұқымына арналған қолданыстағы стандарттарды, бағаларды, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларды білуге тиіс.

      101. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник: жоғары білім мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) зоотехния және/немесе ауыл шаруашылығы биотехнологиясы немесе ветеринария немесе осы бейін бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттың болуы.

14-параграф. Зертхананың ветеринар дәрігері

      102. Лауазымдық міндеттері:

      ауруларды диагностикалаудың алдыңғы қатарлы тәсілдері мен әдістерін пайдалана отырып, жануарлар мен адамдар ауруларының алдын алуға бағытталған зертханалық зерттеулер жүргізеді;

      шаруашылықтардан, ұйымдардан, ветеринариялық мекемелерден және басқа заңды және жеке тұлғалардан түскен объектілерде патология-анатомиялық, микроскопиялық, бактериологиялық, биологиялық, серологиялық, гистологиялық, химиялық-токсикологиялық, биохимиялық, санитариялық-микологиялық, ихтиопатологиялық, капрологиялық, радиологиялық, ветеринариялық-санитариялық және басқа да зертханалық зерттеулер жүргізеді;

      зерттеулердің дұрыстығына, толықтығы мен уақтылығына жауап береді;

      зерттеулер нәтижелері бойынша тиісті құжаттаманы ресімдейді;

      жануарлардың жұқпалы аурулары қоздырғыштарының анықталғаны туралы мәліметтер береді;

      зертханашыларды даярлауды жүргізеді;

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың, еңбек қауіпсіздігі және қорғау нормалары мен қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

      103. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Ветеринария туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ветеринария мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, зертханалық зерттеулер жүргізу әдістерін, қызмет көрсетілетін аймақта жануарлардың ауруы бойынша ахуалды, зертханалық диагностика саласындағы ғылым жетістіктері мен озық тәжірибені, еңбек заңнамасы негіздерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.

      104. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      зертхананың І санатты ветеринар дәрігері: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және ІІ санатты зертхананың ветеринар дәрігері лауазымында жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

      зертхананың ІІ санатты ветеринар дәрігері: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және ветеринар дәрігері лауазымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

      санаты жоқ зертхананың ветеринар дәрігері: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

15-параграф. Зоотехник

      105. Лауазымдық міндеттері:

      бөлімшенің (кешеннің, ауыл шаруашылығы учаскесінің, ферманың) мал шаруашылығына ұйымдастыру-технологиялық басшылық жасауды жүзеге асырады, бұл ретте мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсімін, оның сапасы арттыруды мен өзіндік құнын төмендетуді қамтамасыз етеді;

      мал шаруашылығын интенсификациялау, оны өнеркәсіптік негізге көшіру бойынша іс-шаралар әзірлеуге және жүргізуге қатысады;

      жылдық және перспективалы жоспарлар жобаларын әзірлейді;

      малдардың өнімділігін арттыру табынның өсімін молайтуды жақсарту және төлдің шығысын ұлғайту бойынша жұмыстарды жүргізеді, асыл тұқымдық жұмыс жоспарында көзделген іс-шараларды орындайды;

      жемшөптерді, жайылымдарды және басқа жемшөптік алқаптарды ұтымды пайдалануды ұйымдастырады, фермаларда мал басын ұстаудың, азықтандырудың және күтіп-бағудың жаңа әдістерін енгізеді;

      жабдықты, үй-жайды, механикаландыру құралдарын және басқа да қорларды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

      еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      зоотехниялық құжаттаманы жүргізеді және мал шаруашылығы бөлімшелерінде есепке алуды ұйымдастырады;

      106. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Заңды;

      "Ветеринария туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, мал шаруашылықтарының қызметіне қатысты басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, жануарлардың анатомиясын, физиологиясын және оларды азықтандыруды, асылдандыру ісін, мал шаруашылығы саласындағы ғылыми жетістіктер мен озық тәжірибені, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.

      107. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санатты зоотехник: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және ІІ санатты зоотехник лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

      ІІ санатты зоотехник: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және санаты жоқ зоотехник лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес немесе (зоотехния) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) зоотехния мамандығы бойынша білім және санаты жоқ зоотехник лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;

      санаты жоқ зоотехник: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша немесе зоотехния мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

16-параграф. Машина-тракторлық паркті пайдалану жөніндегі инженер

      108. Лауазымдық міндеттері:

      машина-тракторлық паркті пайдалануды және оған техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      техникалық күтіп-баптау, қызмет көрсету графиктерін және машиналарды пайдалануды жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді;

      жаңа тракторлар, комбайндар, ауыл шаруашылығы машиналарын, қосалқы бөлшектер және құрал-саймандар сатып алуға шарттар жасасуға, жөндеудің және техникалық қызмет көрсетудің прогрессивті технологияларын әзірлеуге және енгізуге қатысады;

      жанар-жағар май материалдарын үнемді жұмсау бойынша іс-шаралар енгізеді;

      жаңа тракторларды, комбайндарды, ауыл шаруашылығы машиналарын қабылдап алуды, құрауды және жаттықтыруды және оларды пайдалануға беруді ұйымдастырады;

      техниканы есептен шығару актілерін жасайды және оларды белгіленген тәртіпте бекітуге ұсынады;

      техниканы сақтауға қоюды ұйымдастырады;

      ұтымды ету ұсыныстары мен өнертабыстарды ендіруге ықпал етеді;

      белгіленген тәртіпте есеп, техникалық құжаттама жүргізеді және есептілік ұсынады;

      нұсқама жүргізеді және механизаторлардың еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді.

      109. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, машина-тракторлық парктің жұмысына қатысты басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, егіс шаруашылығында және мал шаруашылығында механикаландырылған жұмыстарды ұйымдастыруды, құрылғыны, машинаны пайдалану және оларға қызмет көрсету қағидаларын, жөндеу жұмыстарын жүргізу технологиясын, әдістерін, еңбек заңнамасы негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.

      110. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      машина-тракторлық паркті пайдалану жөніндегі І санатты инженер: (аграрлық техника және технология) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және машина-тракторлық паркті пайдалану жөніндегі ІІ санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

      машина-тракторлық паркті пайдалану жөніндегі ІІ санатты инженер: (аграрлық техника және технология) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және машина-тракторлық паркті пайдалану жөніндегі санаты жоқ инженер лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

      машина-тракторлық паркті пайдалану жөніндегі санаты жоқ инженер: (аграрлық техника және технология) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор), жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе (ауыл шаруашылығын механикаландыру, ауыл шаруашылығындағы техникалық қызмет көрсету және жөндеу) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

17-параграф. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном

      111. Лауазымдық міндеттері:

      ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен, ауруларымен, арамшөптермен, карантиндік объектілермен, бөтен текті түрлермен және айрықша қауіпті зиянды организмдермен күрес бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      шаруашылықтың аумағындағы ауыл шаруашылығы алқаптарына жүйелі тексерулер жүргізеді, олардың зиянкестермен және аураларымен қоныстану (залалдану) алаңын, дәрежесін және олармен күрестің нақты әдістерін айқындайды;

      танаптардың ластану картасын жасайды;

      ауыл шаруашылығы өсімдіктерін зиянкестерден, аурулардан, арамшөптерден, бөтен текті түрлерден және айрықша қауіпті зиянды организмдерден агротехникалық, химиялық, биологиялық және басқа да заттармен қорғау және карантин бойынша профилактикалық тұтынушылық іс-шаралар кешенін жүргізуді қамтамасыз етеді;

      ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен, ауруларымен, арамшөптермен, карантиндік объектілермен, бөтен текті түрлермен және айрықша қауіпті зиянды организмдермен күрес бойынша іс-шаралар жоспарларын және кестелерін әзірлейді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      ауыспалы егіс схемаларын жасауға, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің қарқынды технологиясын, өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуге қатысады;

      пестицидтермен жұмыс істеу үшін химиялық және материалдық-техникалық құралдарға, арнайы киімге, жеке қорғаныс құралдарына деген қажеттілікті айқындайды;

      пестицидтердің әкелінуін, дұрыс сақталуын және есепке алынуын ұйымдастырады, олардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      танаптарды, қырмандарды, қоймаларды, сақтау орындарын және басқа да объектілерді химиялық өңдеуді, тұқымдық материалды егу алдында химикатпен өңдеуді ұйымдастырады және бақылайды;

      пестицидтерді қолдану регламенттерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      химиялық препараттар мен ерітінділерді қолдану дозасын қатаң бақылауды жүргізеді;

      пестицидтермен жұмыс істеу кезінде жұмысшыларды санитариялық қағидаларға оқыту бойынша жұмыстар жүргізеді;

      жұмыскерлердің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманы, еңбек қауіпсіздігі және қорғау өрт нормалары мен қағидаларын сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді.

      112. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Өсімдіктер карантині туралы" Заңды;

      "Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңды;

      "Тұқым шаруашылығы туралы" Заңды;

      "АӨК-ні және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңды;

      "Ғылым туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ауыл шаруашылығы өсімдіктерін қорғау және карантин жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысты басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, агротехниканы, энтомологияны, фитопатологияны, зиянкестерімен, ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларымен және арамшөптермен күрестің әдістері мен құралдарын, карантиндік объектілер, бөтен текті түрлер және айрықша қауіпті зиянды организмдерді, ауыл шаруашылығы дақылдары мен тұқымдарын пестицидтермен өңдеу технологиясын, өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы ғылым жетістіктері мен озық ғылымды, экономика, еңбек және басқару негіздерін, еңбек және жер заңнамаларын, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 112-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.09.2021 № 261 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      113. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санатты агроном: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және ІІ санатты өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном лауазымында жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

      ІІ санатты агроном: жоғары өсімдік (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және кәсіптік қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) мамандықтар (агрономия) бойынша немесе санаты жоқ агроном лауазымында жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;

      санаты жоқ өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және кәсіптік қызмет бағыты бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) агрономия мамандығы бойынша жұмыс өтіліне талап қайылмайды.

18-параграф. Тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном

      114. Лауазымдық міндеттері:

      жоғары сапалы тұқым сорттарын және отырғызу материалын өсіру бойынша, сондай-ақ шаруашылық үшін қажетті мөлшерде тұқым қорын құру, республикалық қорға сорттық және гибридтік тұқымдар жеткізудің шарттық міндеттемелерін орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      тұқым шаруашылығы бойынша жоспарлы құжаттама жасайды;

      тұқымдық учаскелер отырғызудың барынша оңтайлы мерзімдерін, жоғары сапалы тұқым алу мақсатында оларды күтіп-баптау бойынша агрономиялық іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етеді;

      сорттық егістіктерді апробациялауды жүргізеді;

      тұқым шаруашылығы егістіктерін уақтылы жинауды, тұқымды себуді, тұқымды жинаудан кейінгі өңдеуді, оларды жоғары егістік кондициясына дейін жеткізуді ұйымдастырады;

      тұқымның дұрыс сақталуын және тұқымдық мақсаттарға пайдаланылуын ұйымдастырады;

      жаңа сорттарды өндірістік сынауды ұйымдастырады;

      сорт ауыстыру және сорт жаңарту бойынша жұмыстар жүргізеді, жаңа өнімділігі жоғары сорттар мен гибридтерді өндіріске жеделдете енгізуді қамтамасыз етеді;

      қажетті сорттар мен гибридтердің тұқымын және отырғызу материалын сатып алуға өтінімдер жасайды, шарттар ресімдейді, оларды уақтылы алуды қамтамасыз етеді;

      тұқым сапасын жақсарту, тапшы және перспективалы сорт тұқымдарының өндірісін ұлғайту, дәнді дақылдар тұқым шаруашылығын өндірістік негізге көшіру бойынша іс-шаралар әзірлейді;

      тұқым шаруашылығы бойынша есепті және белгіленген есептілікті жүргізеді;

      тұқым зертханасына талдауға тұқым үлгілерін уақтылы жібереді;

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың, еңбек қауіпсіздігі және қорғау нормалары мен қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

      115. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Өсімдіктер карантині туралы" Заңды;

      "Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңды;

      "Тұқым шаруашылығы туралы" Заңды;

      "АӨК-ні және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңды;

      "Ғылым туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, тұқым шаруашылығы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысты басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, агротехниканы, тұқымдарды байқаудан өткізу және егістік сапаларын бағалау әдістерін, тұқым сапасын жақсарту тәсілдері мен әдістерін, тұқым өндіру және өңдеу технологиясын, тұқым шаруашылығы саласындағы ғылым жетістіктері мен озық тәжірибені, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, жер және еңбек заңнамасы негіздерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.

      Ескерту. 115-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.09.2021 № 261 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      116. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санатты тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және ІІ санатты тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном лауазымында жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

      ІІ санатты тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном лауазымындағы кәсіптік қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) мамандығы бойынша немесе санаты жоқ тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном лауазымында жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;

      санаты жоқ тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және/немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) агрономия мамандығы бойынша жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

19-параграф. Топырақтанушы

      117. Лауазымдық міндеттері:

      аумақтардың топырағын зерттеу жөніндегі жұмыстарды орындайды; топырақ пішіндерінің шекараларын, топырақтың негізгі сипаттамасы мен қасиетін айқындайды;

      бейінді үлгілерді, қышқылдығы мен тұздылығына үлгілерді іріктеуді орындайды;

      жоспарлы-картографиялық материалдардың кешенін, топырақ очерктерін, талдамалық жоспарды жасайды;

      жерді түбірлі жақсарту, топырақтың әлеуетті құнарлығына сәйкес және тыңайтқыштарды қолдану бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлейді;

      технологиялық регламенттерді, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі заңнама талаптарын, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді;

      егістік топырақтық-мелиоративтік жұмыстарды жүргізуге дайындайды және ұйымдастырады;

      учаскелік қызметке ұсынылатын егістік материалдарының сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;

      егістік топырақтық-мелиоративтік жұмысты жүргізуге қатысады;

      ауданның бірлестіктерінде және шаруашылықтарында ұйымдастыру-технологиялық басшылықты жүзеге асырады;

      шаруашылықтағы топырақтың құнарлығын ұстап тұру және арттыру бойынша іс-шараларды әзірлейді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      қызмет көрсететін аймақтағы ауыл шаруашылығы алқаптарына агрохимиялық зерттеулерді жүргізуді, талдау үшін топырақтың үлгілерін іріктеуді ұйымдастырады және қатысады;

      талдаулардың сапасын және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;

      ғылыми жетістіктерді, озық тәжірибелерді және топырақты талдаудың жаңа әдістерін зерделейді және өндіріске енгізеді;

      еңбекті ғылыми ұйымдастыруды ендіруге, қолданыстағы еңбекақы төлеу туралы ережелерді тиімді қолдануға ықпал етеді;

      белгіленген құжаттамаларды, есепті және есептілікті жүргізеді;

      шаруашылықтармен шарттар жасасуға, өндірістік бағдарламаларды әзірлеуге, агрохимиялық картограммаларды жасауға қатысады;

      қоршаған ортаны қорғау қағидаларының, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

      118. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, суармалы жер мониторингін және егістік зерттеулерді жүргізу әдістері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, еңбекті қорғау, өндірістік санитарияны, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғаныс қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.

      119. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санатты топырақтанушы: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы бағыты бойынша және ІІ санатты топырақтанушы лауазымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

      ІІ санатты топырақтанушы: өсімдік шаруашылығы бағыты бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және санаты жоқ топырақтанушы лауазымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

      санаты жоқ топырақтанушы: өсімдік шаруашылығы бағыты бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) жұмыс өтілі талап етілмейді.

20-параграф. Фитопатолог

      120. Лауазымдық міндеттері:

      карантинге жатқызылған өнімдерге зертханалық зерттеу, ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянды ауруларға тұрақтылығына мемлекеттік сорттық сынау, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын және гибридтерін шаруашылық пайдалылығына сараптамалық бағалау, ауыл шаруашылығы өсімдіктері ауруларының дамуына және таралуына фитосанитариялық мониторинг жүргізеді;

      ауыл шаруашылығы дақылдары егістеріне фитопатологиялық зерттеулер жүргізеді;

      зерттеуге келіп түскен материалды қабылдайды, зерттеу аяқталғанға дейін оның сақталуын қамтамасыз етеді;

      зертханалық жабдықтарды жұмысқа дайындайды;

      карантинге жатқызылған өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігіне сынаулар, карантиндік талдау және карантиндік сараптама жүргізеді;

      жұмыс процесінде халықаралық және отандық стандарттарды қолданады;

      ағымдағы жұмыс нәтижелері бойынша қажетті құжаттаманы ресімдейді;

      жүргізілген сараптама, зерттеп-қарау, зерттеу және сынау нәтижелеріне талдау жүргізеді;

      биологиялық материалды зарарсыздандыруды және жоюды қамтамасыз етеді;

      коллекциялық материалдың есебін жүргізеді, оның сақталуын қамтамасыз етеді;

      жаңа зерттеулер мен әзірлемелердің бағыттарын негіздейді, ғылыми-өндірістік жұмыстардың жоспарларына қосуға ұсыныс енгізеді;

      Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы өсімдіктердің қорғалатын сорттарының мемлекеттік тізілімін қалыптастыруға қатысады;

      зиянды, аса қауіпті зиянды организмдердің және карантиндік объектілердің таралуының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдарын әзірлейді;

      еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларын айқындаудың бар әдістерін, селекциялық жетістіктердің өсімдіктер ауруларына тұрақтылығын, ерекшелігін, біртектілігін және тұрақтылығын сынау әдістемесін, өсімдіктер зиянкестерінің дамуына және таралуына мониторинг жүргізу әдістерін әзірлеуге, жаңаларын игеруге және қолданыстағыларын жетілдіруге қатысады.

      121. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Тұқым шаруашылығы туралы" Заңды;

      "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Заңды;

      "Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңды;

      "Өсімдіктер карантині туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, фитопатологияны; мемлекеттік сорт сынау әдістемесін, жаңа селекциялық жетістіктерге құжаттамаларды ресімдеу және куәліктерді, патенттерді беру тәртібін, селекциялық жетістіктерді қорғау қабілеттілігіне және шаруашылық пайдалылығына бағалау әдістемелерін, карантинге жатқызылған объектілерге карантиндік-фитосанитариялық сараптамалар жүргізу әдістемелерін, ауыл шаруашылығы өсімдіктер ауруларының дамуына және таралуына фитосанитариялық мониторинг жүргізу әдістемелерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары білуге тиіс.

      122. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санатты фитопатолог: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және ІІ санатты фитопатолог лауазымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

      ІІ санатты фитопатолог: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және санаты жоқ фитопатолог лауазымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

      санаты жоқ фитопатолог: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) агрономия және/немесе фермер қожалығы (бейіні бойынша) және/немесе экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану (салалар бойынша) және/немесе ауыл шаруашылығы экологиясы және/немесе экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша) және/немесе бақ-саябақ және ландшафт құрылысы (түрлері бойынша) және/немесе жерге орналастыру және/немесе гидрология және метеорология және/немесе ветеринария мамандықтары бойынша білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

21-параграф. Химик

      123. Лауазымдық міндеттері:

      топырақ пен суға зертханалық талдау жүргізу, зерттеу нәтижелерін жасау;

      зерттеулер жүргізу, экспресс-талдаулар ұйымдастыру, жаңа әдістермен апробация жүргізу, зертханалық құрылғыны және жұмысқа құрал-жабдықтарды дайындау;

      ішкі құжаттаманы жүргізу, журналдар, сынақ, жұмыс журналдарын, сынақ хаттамасын толтыру;

      аккредитация талаптарына сәйкес сапалы және дәлелді, уақтылы сынақ өткізуді қамтамасыз етеді;

      сынақ құрал-жабдықтарын және өлшеу құрылғыларын техникалық пайдалану қағидаларын сақтайды;

      құрал-жабдықпен бекітілген қызмет көрсету, құрал-жабдықтардың жұмыс істеуін және өлшеу құрылғыларын сынақ жүргізу арқылы қарап отыру;

      орындалған зерттеулердің нәтижелері бойынша есеп жасауға қатысады.

      124. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламасының сынақ зертханаларына қойылатын сынақ жабдығы және өлшеу құралдарын, оларды пайдалану қағидаларын, қоршаған орта объектілеріне және оларды сынау әдістеріне арналған нормативтік құжаттардың талаптарын, жеке қорғану құралдарын ұстау қағидаларын, сынақ нәтижелерін өңдеуді, ресімдеуді, зертханалық зерттеулер жүргізу әдістері бойынша әдістемелік және басқа да басқару материалдарын және нұсқаулықтарды, еңбек заңнамасы негіздерін, еңбекті қорғау, өндірістік санитария қағидалары мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғаныс техникасын білуге тиіс.

      125. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары деңгейдегі біліктілікті маман:

      жоғары санатты химик: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы PhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және бірінші санатты химик лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      І санатты химик: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе құқық және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және екінші санаты химик лауазымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

      ІІ санатты химик: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе құқық және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және санаты жоқ химик лауазымындағы жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес;

      санаты жоқ химик: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе құқық және/немесе ветеринария бағыттары бойынша немесе химия мамандығы бойынша техникалық (орта арнайы) білім жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

22-параграф. Энтомолог

      126. Лауазымдық міндеттері:

      карантинге жатқызылған өнімдерге зертханалық зерттеулер, ауыл шаруашылығы дақылдарының өсімдіктер зиянкестеріне тұрақтылығына мемлекеттік сынау, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын және гибридтерін шаруашылық пайдалылығына сараптамалық бағалау, ауыл шаруашылығы өсімдіктері зиянкестерінің дамуына және таралуына фитосанитариялық мониторинг жүргізеді;

      ауыл шаруашылығы дақылдары егістеріне энтомологиялық зерттеулер жүргізеді;

      зерттеуге келіп түскен материалды қабылдайды, зерттеу аяқталғанға дейін оның сақталуын қамтамасыз етеді;

      зертханалық жабдықты жұмысқа дайындайды;

      карантинге жатқызылған өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігіне сынаулар, карантиндік талдау және карантиндік сараптама жүргізеді;

      жұмыс процесінде халықаралық және отандық стандарттарды қолданады;

      ағымдағы жұмыс нәтижелері бойынша қажетті құжаттаманы ресімдейді; жүргізілген сараптама, зерттеу, тексеру және сынау нәтижелеріне талдау жүргізеді;

      биологиялық материалды зарарсыздандыруды және жоюды қамтамасыз етеді;

      коллекциялық материалдың есебін жүргізеді, оның сақталуын қамтамасыз етеді;

      жаңа зерттеулер мен әзірлемелердің бағыттарын негіздейді, ғылыми-өндірістік жұмыстардың жоспарларына қосуға ұсыныс енгізеді;

      Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы өсімдіктердің қорғалатын сорттарының мемлекеттік тізілімін қалыптастыруға қатысады;

      зиянды, аса қауіпті зиянды организмдердің, карантиндік объектілердің таралуының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдарын әзірлейді;

      еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      өсімдіктер зиянкестерін сәйкестендірудің қолдағы бар әдістерін, селекциялық жетістіктердің өсімдіктер зиянкестеріне тұрақтылығын, ерекшелігін, біртектілігін және тұрақтылығын сынау әдістемесін, өсімдіктер зиянкестерінің дамуына және таралуына мониторинг жүргізу әдістерін әзірлеуге, жаңаларын игеруге және қолданыстағыларын жетілдіруге қатысады.

      127. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;

      "Тұқым шаруашылығы туралы" Заңды;

      "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Заңды;

      "Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңды;

      "Өсімдіктер карантині туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, энтомологияны, мемлекеттік сорт сынау әдістемесін, жаңа селекциялық жетістіктерге құжаттамаларды ресімдеу және куәліктерді, патенттерді беру тәртібін, селекциялық жетістіктерді қорғау қабілеттілігіне және шаруашылық пайдалылығына бағалау әдістемелерін, карантинге жатқызылған объектілерге карантиндік-фитосанитариялық сараптамалар жүргізу әдістемелерін, ауыл шаруашылығы өсімдіктері зиянкестерінің дамуына және таралуына фитосанитариялық мониторинг жүргізу әдістемелерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидаларын білуге тиіс.

      128. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санатты энтомолог: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша мамандығы бойынша және ІІ санатты энтомолог лауазымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

      ІІ санатты энтомолог: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша мамандығы бойынша және санаты жоқ энтомолог лауазымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

      санаты жоқ энтомолог: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) агрономия және/немесе фермер қожалығы (бейіні бойынша) және/немесе экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану (салалар бойынша) және/немесе ауыл шаруашылығы экологиясы және/немесе экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша) және/немесе бақ-саябақ және ландшафт құрылысы (түрлері бойынша) және/немесе жерге орналастыру және/немесе гидрология және метеорология және/немесе ветеринария мамандығы бойынша білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

23-параграф. Инженер-гидротехник (гидротехник)

      Ескерту. 2-бөлім 23-параграфпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.09.2021 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      129. Лауазымдық міндеттері:

      далалық агромелиоративтік жұмыстар жоспарын әзірлеуге қатысады;

      суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйіне, гидромелиоративтік жүйелер мен гидротехникалық құрылысжайлардың, ашық және жабық көлденең дренаж жүйелерінің техникалық жай-күйіне, суландыру және коллекторлық-дренаждық каналдарындағы теріс процестердің дамуына зерттеп-қарау жүргізеді, дренаж жұмысының тиімділігін бағалайды;

      суландыру жүйелеріндегі коллекторлық-дренаждық ағынның шығынын өлшеуді жүргізеді;

      суландыру каналдарынан және коллекторлық-дренаждық желіден жерүсті суларының сынамаларын алады;

      далалық жұмыстар нәтижелерінің камералдық өңделуін жүзеге асырады;

      өлшеу құралдары мен су өлшеу бекеттеріне метрологиялық өлшеулерді жүргізуді ұйымдастырады;

      суландыру жүйелеріне түгендеу жүргізуге қатысады;

      суды пайдалану, суландыру және суару нормалары жоспарларын түзетуге қатысады;

      суландыру жүйелеріндегі су үнемдеу технологияларын енгізу мен суды есепке алу құралдарын жетілдіруге көмек көрсетеді;

      тақырыптық есептерді дайындауға қатысады.

      130. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, гидромелиоративтік жүйелер мен гидротехникалық ғимараттарды техникалық пайдалану саласындағы құжаттарды, суды есепке алатын өлшеу құралдары мен аспаптарын стандарттау мен техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің ережелерін, жалпы нормаларды, ережелер мен сипаттамаларды, өлшеу құралдарын тексеруді, еңбек заңнамасының негіздерін, еңбекті қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларын білуі тиіс.

      131. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары санатты инженер-гидротехник (гидротехник): мамандығы (гидромелиорация, су ресурстары және суды пайдалану) бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білімі және бірінші санатты инженер-гидротехник (гидротехник) лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес;

      І санатты инженер-гидротехник (гидротехник): мамандығы (гидромелиорация, су ресурстары және суды пайдалану) бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білімі және екінші санатты инженер-гидротехник (гидротехник) лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес;

      ІІ санатты инженер-гидротехник (гидротехник): мамандығы (гидромелиорация, су ресурстары және суды пайдалану) бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білімі және санаты жоқ инженер-гидротехник (гидротехник) лауазымындағы еңбек өтілі 1 жылдан кем емес;

      санаты жоқ инженер-гидротехник (гидротехник): (гидромелиорация, су ресурстары және суды пайдалану) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білімі немесе мамандығы (гидромелиорация, жерді мелиорациялау, баптау, гидрология) бойынша техникалық білімі, еңбек өтіліне талаптар қойылмайды.

24-параграф. Су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман

      Ескерту. 2-бөлім 24-параграфпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.09.2021 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      132. Лауазымдық міндеттері:

      су шаруашылығы жүйелерін жобалау мен пайдалануға қатысады, гидротехникалық және су шаруашылығы құрылысжайларының құрылысы мен оларды пайдалану кезінде есептеулерді, негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындайды;

      судың есебі мен суармалы жүйелердегі судың бөлінуін ұйымдастырады;

      су пайдалану мен су тарту объектілерін жобалау үшін қажет болатын бастапқы деректерді анықтау бойынша далалық іздестіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;

      су ресурстары мен су шаруашылығы жүйелерінің жай-күйіне мониторинг пен бағалау жүргізу бойынша жұмыстарды орындайды;

      су объектілерін пайдалану мен қорғау бойынша нормативтік актілерді, ережелер мен есептерді әзірлеуге қатысады;

      су заңнамасы мен су ресурстарын қорғау қағидаларының сақталуын тексеруді, табиғи сулардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, су пайдаланушылардың арасындағы қарым-қатынасты регламенттеуге қатысады;

      далалық бақылаулардың камералдық өңдеуін жүзеге асырады және картографиялық материалдардың жасалуын қамтамасыз етеді.

      133. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңды;

      "АӨК дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының Су кодексін;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, далалық іздестіру жұмыстарын жүргізу саласындағы нормативтік және әдістемелік құжаттарды, қазба жұмыстарын жүргізудің технологиясы мен оны ұйымдастыруды, су ресурстарын пайдалану саласындағы ғылыми жетістіктер мен озық тәжірибелерді, қолданылатын өлшеу құралдарының негізгі жұмыс принциптері мен сипаттамаларын, өлшеу құралдарын тексеруді, еңбек заңнамасының негіздерін, еңбекті қорғау мен өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларын білуі тиіс.

      134. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары санатты су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман: мамандығы (су ресурстары және суды пайдалану) бойынша жоғары білімі (және/немесе бакалавр, магистр, PhD философия докторы, бейіні бойынша доктор) және бірінші санатты су ресурстары және суды жөніндегі маман лауазымында еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс;

      І санатты су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман: мамандығы (су ресурстары және суды пайдалану) бойынша жоғары білімі (және/немесе бакалавр, магистр, PhD философия докторы, бейіні бойынша доктор) мен екінші санатты су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман лауазымында еңбек өтілі 2 жылдан кем болмауы тиіс;

      ІІ санатты су ресурстары және суды пайдалану бойынша маман: мамандығы (су ресурстары және суды пайдалану) бойынша жоғары білімі (және/немесе бакалавр, магистр, PhD философия докторы, бейіні бойынша доктор) мен санаты жоқ су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман лауазымында еңбек өтілі 1 жылдан кем болмауы тиіс;

      санаты жоқ су ресурстары және суды пайдалану бойынша маман: мамандығы (су ресурстары және суды пайдалану) бойынша жоғары білімі (және/немесе бакалавр, магистр, PhD философия докторы, бейіні бойынша доктор) немесе мамандығы (су ресурстары және суды пайдалану) бойынша техникалық (орта кәсіптік) білімі болуы тиіс және еңбек өтіліне талаптар қойылмайды.

25-параграф. Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман

      Ескерту. 2-бөлім 25-параграфпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.09.2021 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      135. Лауазымдық міндеттері:

      мелиорацияланған жерлерді пайдалану жөніндегі перспективалық және жылдық жоспарларды әзірлеуге қатысады;

      суару, құрғату және суландыру жүйелерін салу және реконструкциялау, құрғатуды қажет етпейтін жерлерде мәдени-техникалық жұмыстар жүргізу жоспарларын жасайды және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      шаруашылықішілік, суару, құрғату, суландыру желілерін жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді ұйымдастырады, оны әзірлеуге мамандандырылған жобалау ұйымдарын тартады;

      шаруашылықішілік мелиоративтік желіні үнемі техникалық ақаусыз ұстау мақсатында оны жөндеуді және тазартуды қамтамасыз етеді;

      мелиоративтік жерлерді пайдалануға қабылдауға, жерлерді жеделдетіп жақсарту бойынша жұмыстарды қабылдауға қатысады;

      мелиоративтік желілер мен гидротехникалық құрылысжайлардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      мелиоративтік машиналар мен суару техникаларының қолданыстағы нормалар мен қағидаларға сәйкес сақталуын және пайдаланылуын ұйымдастырады;

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.

      136. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңды;

      "АӨК дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңды;

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;

      Қазақстан Республикасының Су кодексін;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, мелиорация мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, мелиорациялық және мәдени-техникалық жұмыстарды жүргізу технологиясын, мелиоративтік және мәдени-техникалық жұмыстарды жүргізу және мелиорацияланған жерлерді пайдалану саласындағы ғылым жетістіктер мен озық тәжірибені, жер заңнамасы негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидаларын білуі тиіс.

      137. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары санатты мелиорациялау жөніндегі маман: мамандығы (жерді мелиорациялау, баптау және қорғау) бойынша жоғары білімі (және/немесе бакалавр, магистр, PhD философия докторы, бейіні бойынша доктор) мен бірінші санатты мелиорациялау бойынша маман лауазымында еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс;

      І санатты мелиорациялау жөніндегі маман: мамандығы (жерді мелиорациялау, баптау және қорғау) бойынша жоғары білімі (және/немесе бакалавр, магистр, PhD философия докторы, бейіні бойынша доктор) мен екінші санатты мелиорациялау бойынша маман лауазымында еңбек өтілі 2 жылдан кем болмауы тиіс;

      ІІ санатты мелиорациялау жөніндегі маман: (жерді мелиорациялау, баптау және қорғау) мамандығы бойынша жоғары білімі (және/немесе бакалавр, магистр, PhD философия докторы, бейіні бойынша доктор) мен санаты жоқ мелиорациялау бойынша маман лауазымында еңбек өтілі 1 жылдан кем болмауы тиіс;

      санаты жоқ мелиорациялау жөніндегі маман: мамандығы (жерді мелиорациялау, баптау және қорғау) бойынша жоғары білімі (және/немесе бакалавр, магистр, PhD философия докторы) білімі болуы тиіс және еңбек өтіліне талаптар қойылмайды.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады