БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ауыл шаруашылығы ұйымдарының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 307 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19280 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы ұйымдарының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бухгалтер, экономист, заңгер, кадрлар жөніндегі маман, аудармашы мамандары лауазымдарының біліктілік сипаттамалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 775 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14281 болып тіркелген) бекітілген барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында айқындалған.
Басшылар және мамандар, ғылыми сала мамандары бағдарламалық қамтылым саласындағы, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі лауазымдарының және өзге де инженерлік-техникалық персоналдың біліктілік сипаттамалары Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 болып тіркелген) бекітілген Басшылар, мамандар және өзге де қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында айқындалған.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Қазақстан Республикасының Жер кодексін;
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – "АӨК-ні және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заң);
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заң);
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заң);
"Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – "Ғылым туралы" Заң);
ұйымның (филиалдың) өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін және экономика дамуының басым бағыттарын және экономикалық қызметтің тиісті түрін айқындайтын;
агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы қызмет саласындағы ұйымның (филиалдың) өндірістік қызметі мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды;
ұйым (филиал) құрылымының мамандануын және ерекшелігін;
кірістер мен шығыстардың бюджеттік сметасын және ұйымның (филиалдың) табыс әкелетін қызметінен алынған қаражат бойынша кірістер мен шығыстар сметасын жасаудың және келісудің тәртібін, ұйымның (филиалдың) шаруашылығын жүргізу және басқару әдістерін, тиісті ауыл шаруашылығы саласының ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибесін, еңбек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнама негіздерін, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін; ішкі еңбек тәртібі қағидаларын; еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау мен өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Қазақстан Республикасының Жер кодексін;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;
"АӨК-ні және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңды;
"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – "Өсімдіктер карантині туралы" Заң);
"Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – "Өсімдіктерді қорғау туралы" Заң);
"Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – "Тұқым шаруашылығы туралы" Заң);
"Ғылым туралы" Заңды;
Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы бірлестігінің (ұйымының) өндірістік қызметі мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, ауыл шаруашылығы дақылдары өндірісінің технологиясын, мәдени өсімдіктер селекциясын және тұқым шаруашылығын, олардың биологиялық ерекшеліктерін және оларды өсіру агротехникасын, өсімдік шаруашылығы өнімдеріне арналған стандарттарды, өсімдік шаруашылығы саласындағы ғылымның жетістіктері мен отандық және шетелдік кәсіпорындар жұмысының озық тәжірибелерін, экономиканы, өндірісті, еңбекті ұйымдастыруды және басқаруды, еңбек және жер заңнамалары негіздерін, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану саласындағы заңнама негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Қазақстан Республикасының Жер кодексін;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;
"Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" Заңды;
"Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңды;
"Өсімдіктер карантині туралы" Заңды;
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – "Ветеринария туралы" Заң);
"Ғылым туралы" Заңды;
Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, зертханалық жабдықты пайдалану және микроорганизмдермен жұмыс қағидаларын, ветеринариялық микробиологияны, бактериологияны және фитопатологияны, өсімдіктер аурулары зияндылығының экономикалық шегін, жануарлар мен өсімдіктердің бактериалды аурулары қоздырғыштарын бірдейлендіру әдістерін, карантинге жатқызылған өнім үлгілерін сынау әдістемелерін, жануарлар ауруларымен күрес жөніндегі әдістемелерді және нұсқаулықтарды, ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі нұсқауларды, жануарлардан алынатын өнімді және шикізатты сараптаудың ветеринариялық-санитариялық қағидаларын, материалдарды зертханалық зерттеудің әдістемелерін, жануарлардан алынатын өнімді өндіру және қайта өңдеу технологиясын, еңбек заңнамасының негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және қорғау жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуі тиіс.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Қазақстан Республикасының Жер кодексін;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;
"Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Заң);
"АӨК-ні және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңды;
"Ветеринария туралы" Заңды;
"Ғылым туралы" Заңды;
Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін. агроөнеркәсіптік кешен және кәсіпорынның өндірістік қызметі мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, өндіріс технологиясын, асылдандыру ісін, ауыл шаруашылығы жануарларының әр түрлі түрлерінің биологиялық ерекшеліктерін, оларды ұстау мен азықтандырудың ғылыми негіздерін, мал шаруашылығы саласындағы ғылыми жетістіктерді және отандық, шетелдік кәсіпорындардың озық жұмыс тәжірибесін, өнімді өткізуді ұйымдастыруды, мал шаруашылығы өнімдеріне арналған қолданыстағы стандарттарды, еңбек және жер заңнамаларын, экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі қолданыстағы заңнаманы, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Қазақстан Республикасының Жер кодексін;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;
"Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңды;
"Өсімдіктер карантині туралы" Заңды;
"Тұқым шаруашылығы туралы" Заңды;
"Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Заң);
"Ғылым туралы" Заңды;
Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, агроөнеркәсіптік кешен, өсімдіктерді қорғау және карантин, мемлекеттік сорт сынау мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, өсімдіктен алынатын өнімдерге фитопатологиялық сараптау жүргізу әдістерін, өсімдіктер ауруларын бірдейлендіру әдістерін, ауыл шаруашылығы алқаптарына фитопатологиялық зерттеу жүргізу әдістемелерін, карантинге жатқызылған өнімдер үлгілерін іріктеу әдістемелерін, аспаптар мен жабдықтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидаларын білуі тиіс.";
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Қазақстан Республикасының Жер кодексін;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;
"Өсімдіктер карантині туралы" Заңды;
"Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңды;
"Тұқым шаруашылығы туралы" Заңды;
"АӨК-ні және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңды;
"Ғылым туралы" Заңды;
Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, агроөнеркәсіптік кешен, өсімдіктер қорғау және карантин мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, ауыл шаруашылығы дақылдары мен тұқымдарын пестицидтермен өңдеу технологиясын, зиянкестермен және ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары және арамшөптермен күрестің әдістері мен құралдарын, экономика, ауыл шаруашылығындағы еңбекті ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздерін, өсімдіктер зиянкестерімен және ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары және арамшөптермен карантиндік объектілермен, бөтен түрлермен және аса қауіпті зиянды организмдермен күрес жөніндегі отандық және шетелдік ғылым мен техниканың жетістіктерін, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі заңнаманы, еңбек және жер заңнамаларын, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.";
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"64. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;
"Өсімдіктер карантині туралы" Заңды;
"Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңды;
"Тұқым шаруашылығы туралы" Заңды;
"АӨК-ні және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңды;
"Ғылым туралы" Заңды;
Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ауыл шаруашылығы кәсіпорнының қызметіне қатысты басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылының агротехникасын және тұқым шаруашылығын, өсімдік шаруашылығы өнімдеріне арналған қолданыстағы стандарттарды, өсімдік шаруашылығы саласындағы ғылым жетістіктері мен озық тәжірибені, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, жер және еңбек заңнамасы негіздерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.";
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"70. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасынаң Заңын (бұдан әрі – "Азаматтық қорғау туралы" Заң);
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;
"Ғылым туралы" Заңды;
Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, шаруашылықтың өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жылыту және газдандыру саласындағы басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, құрылғыны, жылу-энергетикалық және газдық жабдықты пайдалану және оларға қызмет көрсету қағидаларын, қазандық және газдық жабдықты монтаждан кейін пайдалануға қабылдау тәртібін, отынды, жылуды, газды, буды ұтымды пайдалану әдістерін, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жылыту және газдандыру саласындағы озық тәжірибені, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, қоршаған ортаны, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.";
112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"112. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;
"Өсімдіктер карантині туралы" Заңды;
"Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңды;
"Тұқым шаруашылығы туралы" Заңды;
"АӨК-ні және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңды;
"Ғылым туралы" Заңды;
Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ауыл шаруашылығы өсімдіктерін қорғау және карантин жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысты басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, агротехниканы, энтомологияны, фитопатологияны, зиянкестерімен, ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларымен және арамшөптермен күрестің әдістері мен құралдарын, карантиндік объектілер, бөтен текті түрлер және айрықша қауіпті зиянды организмдерді, ауыл шаруашылығы дақылдары мен тұқымдарын пестицидтермен өңдеу технологиясын, өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы ғылым жетістіктері мен озық ғылымды, экономика, еңбек және басқару негіздерін, еңбек және жер заңнамаларын, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.";
115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"115. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды;
"Өсімдіктер карантині туралы" Заңды;
"Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңды;
"Тұқым шаруашылығы туралы" Заңды;
"АӨК-ні және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңды;
"Ғылым туралы" Заңды;
Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, тұқым шаруашылығы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысты басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, агротехниканы, тұқымдарды байқаудан өткізу және егістік сапаларын бағалау әдістерін, тұқым сапасын жақсарту тәсілдері мен әдістерін, тұқым өндіру және өңдеу технологиясын, тұқым шаруашылығы саласындағы ғылым жетістіктері мен озық тәжірибені, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, жер және еңбек заңнамасы негіздерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.";
мынадай мазмұндағы 23, 24, 25-параграфтармен толықтырылсын:
"23-параграф. Инженер-гидротехник (гидротехник)
129. Лауазымдық міндеттері:
далалық агромелиоративтік жұмыстар жоспарын әзірлеуге қатысады;
суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйіне, гидромелиоративтік жүйелер мен гидротехникалық құрылысжайлардың, ашық және жабық көлденең дренаж жүйелерінің техникалық жай-күйіне, суландыру және коллекторлық-дренаждық каналдарындағы теріс процестердің дамуына зерттеп-қарау жүргізеді, дренаж жұмысының тиімділігін бағалайды;
суландыру жүйелеріндегі коллекторлық-дренаждық ағынның шығынын өлшеуді жүргізеді;
суландыру каналдарынан және коллекторлық-дренаждық желіден жерүсті суларының сынамаларын алады;
далалық жұмыстар нәтижелерінің камералдық өңделуін жүзеге асырады;
өлшеу құралдары мен су өлшеу бекеттеріне метрологиялық өлшеулерді жүргізуді ұйымдастырады;
суландыру жүйелеріне түгендеу жүргізуге қатысады;
суды пайдалану, суландыру және суару нормалары жоспарларын түзетуге қатысады;
суландыру жүйелеріндегі су үнемдеу технологияларын енгізу мен суды есепке алу құралдарын жетілдіруге көмек көрсетеді;
тақырыптық есептерді дайындауға қатысады.
130. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;
"Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңды;
Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, гидромелиоративтік жүйелер мен гидротехникалық ғимараттарды техникалық пайдалану саласындағы құжаттарды, суды есепке алатын өлшеу құралдары мен аспаптарын стандарттау мен техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің ережелерін, жалпы нормаларды, ережелер мен сипаттамаларды, өлшеу құралдарын тексеруді, еңбек заңнамасының негіздерін, еңбекті қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларын білуі тиіс.
131. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары санатты инженер-гидротехник (гидротехник): мамандығы (гидромелиорация, су ресурстары және суды пайдалану) бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білімі және бірінші санатты инженер-гидротехник (гидротехник) лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес;
І санатты инженер-гидротехник (гидротехник): мамандығы (гидромелиорация, су ресурстары және суды пайдалану) бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білімі және екінші санатты инженер-гидротехник (гидротехник) лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес;
ІІ санатты инженер-гидротехник (гидротехник): мамандығы (гидромелиорация, су ресурстары және суды пайдалану) бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білімі және санаты жоқ инженер-гидротехник (гидротехник) лауазымындағы еңбек өтілі 1 жылдан кем емес;
санаты жоқ инженер-гидротехник (гидротехник): (гидромелиорация, су ресурстары және суды пайдалану) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білімі немесе мамандығы (гидромелиорация, жерді мелиорациялау, баптау, гидрология) бойынша техникалық білімі, еңбек өтіліне талаптар қойылмайды.
24-параграф. Су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман
132. Лауазымдық міндеттері:
су шаруашылығы жүйелерін жобалау мен пайдалануға қатысады, гидротехникалық және су шаруашылығы құрылысжайларының құрылысы мен оларды пайдалану кезінде есептеулерді, негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындайды;
судың есебі мен суармалы жүйелердегі судың бөлінуін ұйымдастырады;
су пайдалану мен су тарту объектілерін жобалау үшін қажет болатын бастапқы деректерді анықтау бойынша далалық іздестіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;
су ресурстары мен су шаруашылығы жүйелерінің жай-күйіне мониторинг пен бағалау жүргізу бойынша жұмыстарды орындайды;
су объектілерін пайдалану мен қорғау бойынша нормативтік актілерді, ережелер мен есептерді әзірлеуге қатысады;
су заңнамасы мен су ресурстарын қорғау қағидаларының сақталуын тексеруді, табиғи сулардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, су пайдаланушылардың арасындағы қарым-қатынасты регламенттеуге қатысады;
далалық бақылаулардың камералдық өңдеуін жүзеге асырады және картографиялық материалдардың жасалуын қамтамасыз етеді.
133. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;
"Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңды;
"АӨК дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңды;
Қазақстан Республикасының Су кодексін;
Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, далалық іздестіру жұмыстарын жүргізу саласындағы нормативтік және әдістемелік құжаттарды, қазба жұмыстарын жүргізудің технологиясы мен оны ұйымдастыруды, су ресурстарын пайдалану саласындағы ғылыми жетістіктер мен озық тәжірибелерді, қолданылатын өлшеу құралдарының негізгі жұмыс принциптері мен сипаттамаларын, өлшеу құралдарын тексеруді, еңбек заңнамасының негіздерін, еңбекті қорғау мен өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларын білуі тиіс.
134. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары санатты су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман: мамандығы (су ресурстары және суды пайдалану) бойынша жоғары білімі (және/немесе бакалавр, магистр, PhD философия докторы, бейіні бойынша доктор) және бірінші санатты су ресурстары және суды жөніндегі маман лауазымында еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс;
І санатты су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман: мамандығы (су ресурстары және суды пайдалану) бойынша жоғары білімі (және/немесе бакалавр, магистр, PhD философия докторы, бейіні бойынша доктор) мен екінші санатты су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман лауазымында еңбек өтілі 2 жылдан кем болмауы тиіс;
ІІ санатты су ресурстары және суды пайдалану бойынша маман: мамандығы (су ресурстары және суды пайдалану) бойынша жоғары білімі (және/немесе бакалавр, магистр, PhD философия докторы, бейіні бойынша доктор) мен санаты жоқ су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман лауазымында еңбек өтілі 1 жылдан кем болмауы тиіс;
санаты жоқ су ресурстары және суды пайдалану бойынша маман: мамандығы (су ресурстары және суды пайдалану) бойынша жоғары білімі (және/немесе бакалавр, магистр, PhD философия докторы, бейіні бойынша доктор) немесе мамандығы (су ресурстары және суды пайдалану) бойынша техникалық (орта кәсіптік) білімі болуы тиіс және еңбек өтіліне талаптар қойылмайды.
25-параграф. Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман
135. Лауазымдық міндеттері:
мелиорацияланған жерлерді пайдалану жөніндегі перспективалық және жылдық жоспарларды әзірлеуге қатысады;
суару, құрғату және суландыру жүйелерін салу және реконструкциялау, құрғатуды қажет етпейтін жерлерде мәдени-техникалық жұмыстар жүргізу жоспарларын жасайды және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
шаруашылықішілік, суару, құрғату, суландыру желілерін жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді ұйымдастырады, оны әзірлеуге мамандандырылған жобалау ұйымдарын тартады;
шаруашылықішілік мелиоративтік желіні үнемі техникалық ақаусыз ұстау мақсатында оны жөндеуді және тазартуды қамтамасыз етеді;
мелиоративтік жерлерді пайдалануға қабылдауға, жерлерді жеделдетіп жақсарту бойынша жұмыстарды қабылдауға қатысады;
мелиоративтік желілер мен гидротехникалық құрылысжайлардың сақталуын қамтамасыз етеді;
мелиоративтік машиналар мен суару техникаларының қолданыстағы нормалар мен қағидаларға сәйкес сақталуын және пайдаланылуын ұйымдастырады;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.
136. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Қазақстан Республикасының Жер кодексін;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды;
"Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңды;
"АӨК дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңды;
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;
Қазақстан Республикасының Су кодексін;
Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, мелиорация мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, мелиорациялық және мәдени-техникалық жұмыстарды жүргізу технологиясын, мелиоративтік және мәдени-техникалық жұмыстарды жүргізу және мелиорацияланған жерлерді пайдалану саласындағы ғылым жетістіктер мен озық тәжірибені, жер заңнамасы негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидаларын білуі тиіс.
137. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары санатты мелиорациялау жөніндегі маман: мамандығы (жерді мелиорациялау, баптау және қорғау) бойынша жоғары білімі (және/немесе бакалавр, магистр, PhD философия докторы, бейіні бойынша доктор) мен бірінші санатты мелиорациялау бойынша маман лауазымында еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс;
І санатты мелиорациялау жөніндегі маман: мамандығы (жерді мелиорациялау, баптау және қорғау) бойынша жоғары білімі (және/немесе бакалавр, магистр, PhD философия докторы, бейіні бойынша доктор) мен екінші санатты мелиорациялау бойынша маман лауазымында еңбек өтілі 2 жылдан кем болмауы тиіс;
ІІ санатты мелиорациялау жөніндегі маман: (жерді мелиорациялау, баптау және қорғау) мамандығы бойынша жоғары білімі (және/немесе бакалавр, магистр, PhD философия докторы, бейіні бойынша доктор) мен санаты жоқ мелиорациялау бойынша маман лауазымында еңбек өтілі 1 жылдан кем болмауы тиіс;
санаты жоқ мелиорациялау жөніндегі маман: мамандығы (жерді мелиорациялау, баптау және қорғау) бойынша жоғары білімі (және/немесе бакалавр, магистр, PhD философия докторы) білімі болуы тиіс және еңбек өтіліне талаптар қойылмайды.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен бірінші, сексен екінші, сексен үшінші, сексен төртінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, сексен жетінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, тоқсан тоғызыншы, жүзінші, жүз бірінші, жүз екінші, жүз үшінші, жүз төртінші, жүз бесінші, жүз алтыншы, жүз жетінші, жүз сегізінші, жүз тоғызыншы, жүз оныншы, жүз он бірінші, жүз он екінші, жүз он үшінші, жүз он төртінші, жүз он бесінші, жүз он алтыншы, жүз он жетінші, жүз он сегізінші, жүз он тоғызыншы, жүз жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі