"2019 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 594 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 28 тамыздағы № 383 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 28 тамызда № 19302 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "2019 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 594 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17645 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 5 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 28 тамыздағы
№ 383 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 594 бұйрығына қосымша

2019 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс

Өнім берушінің атауы

Жатақханалардағы жаңа орындардың саны

1

"М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗМЗУ Университеті" акционерлік қоғамы

560

2

"Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

265

3

"Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

188

4

"Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы" мекемесі

300

5

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

800

6

"Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" акционерлік қоғамы

250

7

Жеке кәсіпкер Кайпова Гульслу Сайдуллаевна

350

8

Жеке кәсіпкер Гусейнов Шамсадин Аллахверди оглы

210

9

Жеке кәсіпкер Г.А. Рыспаева

100

10

"Югстройсервис-Н" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

200

11

"R`n R Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

164

12

"Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

170

13

"Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті" мекемесі

500

14

Жеке кәсіпкер В.П. СЕМЕНОВ

340

15

"Қазақстан-Американдық Еркін университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

106

16

"ДиЛМАШ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

330

17

Жеке кәсіпкер СҮЙЕНІШ САҒИ ҚОМШАБАЙҰЛЫ

400

18

"Virginia" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100

19

Қарағанды облысы Білім басқармасының "Қарағанды гуманитарлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

100

20

"Қайнар" жоғары колледжі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

105

21

Жеке кәсіпкер ҚАНАТҰЛЫ ТАРҒЫН

420

22

Жеке кәсіпкер К.Н.Бексултанова

300

23

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

396

24

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

100

25

"Каспий қоғамдық университеті" білім мекемесі

158

26

Жеке кәсіпкер "Айшанұр"

100

27

Жеке кәсіпкер Д.Б. Бекенов

241

Барлығы

7253


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады