Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 686 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 қыркүйекте № 19331 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10407 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртібі";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жеке және заңды тұлғалар қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуге өтінішті www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:

      1) меншік құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесін;

      2) дайындаушы зауыттың қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбір бірлігіне техникалық паспортының (формулярының) электрондық көшірмесін.

      Жеке басты куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болады.

      7. Жергілікті атқарушы органдар өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдары өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      8-тармақ алып тасталсын;

      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті жергілікті атқарушы органдар өтініш берілген күннен бастап (2) екі жұмыс күнінде қарайды.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Өтініш беруші ұсынған құжаттар Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келген кезде жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасыменқол қойылған қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік дайындалады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары тізілімнен шығарылған кезде меншік иесі немесе оған теңестірілген адам жергілікті атқарушы органдарына портал арқылы:

      1) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;

      2) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын есептен шығару туралы не закымдануы туралы, Қазақстан Республикасының шегінен тыс пайдалану үшін әкете отырып сату туралы актіні қоса бере отырып, еркін нысандағы өтінішті ұсынады.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2-қосымша алып тасталсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2) Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 686 бұйрығына
1-қосымша
  Қалалық рельстік көліктің
көлік құралдарын мемлекеттік
тіркеу стандартына
1-қосымша
нысан

      ________________________________________________________________________________

      (жергілікті атқарушы органның атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (ұйым атауы, заңды тұлғаның атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) туған күні, үй мекенжайы, телефоны) (қызмет алушы туралы ақпарат "Жеке тұлға" мемлекеттік деректер қоры немесе "Заңды тұлға" мемлекеттік деректер қоры арқылы автоматты түрде тартылады)

Өтініш

      ________________________________________________________________________________

      (меншік, мүліктік жалдау, жалға алу немесе лизинг) құқығында тиесілі қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеуді сұраймын.

      Мекенжайы:

      ___________________________ қаласы___________________________________ көшесі

      жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі:

      ________________________________________________________________________________

      байланыс телефондары (факс)________________________________________________

      Тізбе __________________________________________________ парақта қоса беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 686 бұйрығына
2-қосымша
  Қалалық рельстік көліктің
көлік құралдарын мемлекеттік
тіркеу стандартына
3-қосымша
нысан

      _____________________________________________

      _____________________________________________

      (жергілікті атқарушы органның атауы)

      Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы

                              КУӘЛІК

      Осы куәлік "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

      ________________________________________________________________________________

      (қалалық рельстік көліктің көлік құралдарына құқықтар көрсетілсін)

      құқығындағы

      ________________________________________________________________________________

      (иесінің толық атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) берілді және

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      қалаалық рельстік көліктің көлік құралдарының мемлекеттік тіркелгенін растайды.

      зауыттық нөмірі ____________________________________________________________

      мүкәммалдық нөмірі ________________________________________________________

      секциясы __________________________________________________________________

      жасалған жылы ____________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Берілген күні 20___жылғы "___"_______

      Жергілікті атқарушы органның лауазымды адамы _______________________________

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 686 бұйрығына
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады