"Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, оларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың орын алғанын, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізу қажеттілігін негіздейтін материалдарды, материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың тиісті негіздемелерін ұсыну қағидаларын және тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қарашадағы № 890 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 764 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 қыркүйекте № 19371 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, оларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың орын алғанын, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізу қажеттілігін негіздейтін материалдарды, материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың тиісті негіздемелерін ұсыну қағидаларын және тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қарашадағы № 890 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12396 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың орын алуын негіздейтін материалдар тізбесі:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) қалпына келтіру жұмыстарының құнын алдын ала есептеуді қоса ұсына отырып, зардап шеккен тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар саны туралы анықтама;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабы 2-тармағында көзделген іс-шараларды орындау кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жасалған жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігін растайтын ақаулық ведомостар, сондай-ақ "Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16073 болып тіркелген) сәйкес жасалған алдын ала шығындар ұсынылады;";

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) біржолғы көмек алуға тілек білдіретін, төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтардың алдын ала саны туралы мәліметтер;";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе: Үкіметтің резервінен біржолғы көмек алуға, қираған объектілерді салуға немесе күрделі жөндеуге ақша бөлінген жағдайда бастапқы кезеңде алдын ала қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін 1, 2-1, 3-1, 4, 5, 6, 8-1, 9, 10-тармақтарда көзделген құжаттар ұсынылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Тургумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады