Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, оларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың орын алғанын, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізу қажеттілігін негіздейтін материалдарды, материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың тиісті негіздемелерін ұсыну қағидаларын және тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қарашадағы № 890 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 желтоқсанда № 12396 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысының 10 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Бекітілсін:
      1) Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, оларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың орын алғанын, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізу қажеттілігін негіздейтін материалдарды, материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың тиісті негіздемелерін ұсыну қағидалары мен тізбесі;
      2) Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негіздейтін материалдардың тізбесі.
      2. Мына:
      1) «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негіздейтін материалдарды ұсыну, оларды оқшауландыру және жою жөніндегі іс-шаралар, материалдық-техникалық есептеулер, қаржы және адамзат ресурстары ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 226 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тізілімде тіркелген № 5833, «Әділет» ақпараттық-құқық жүйесінде 2014 жылғы 16 қыркүйекте, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы № 191 (1788), Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2009 жыл желтоқсан, № 12).
      2) «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негіздейтін материалдарды ұсыну, оларды оқшауландыру және жою жөніндегі іс-шаралар, материалдық-техникалық есептеулер, қаржы және адамзат ресурстары ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 226 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 184 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тізілімде тіркелген 2009 жылғы 28 қазан № 6979, «Заң газеті» 2009 жылғы 17 мамыр № 85 (1901), «Юридическая газета» газеттерінде 2011 жылғы 10 маусым № 81 (2071), Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2011 жыл, № 24 (тираждың шыққан уақыты 23.11.2011 жыл) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында қарастырылған іс шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-полковнигі                 Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 қарашадағы
№ 890 бұйрығына   
1-қосымша      

Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлардың, оларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың
орын алғанын, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету
жөніндегі іс-шараларды өткізу қажеттілігін негіздейтін
материалдарды, материалдық-техникалық, қаржылық және адами
ресурстардың тиісті негіздемелерін ұсыну қағидасы

1. Жалпы ереже

      1. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, оларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың орын алғанын, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізу қажеттілігін негіздейтін материалдарды, материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың тиісті негіздемелері мен есептеулерін ұсыну қағидасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына сәйкес әзірленген.

2. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлардың орын алғанын негіздейтін материалдарды ұсыну
тәртібі

      2. Қазақстан Республикасының аумағында өңірлік немесе жаһандық ауқымда әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) заңнамаға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға тиісті негіздемелері мен есептеулері бар Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтерінен ақша бөлу туралы өтінішхатты ұсынады.
      3. Жергiлiктi ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізілген жағдайда, Министрліктің аумақтық органдары тиiстi жергiлiктi атқарушы органның резервiнен ақша бөлу туралы өтінішхаттарды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар бюджетті атқару жөніндегі уәкiлеттi органына қарастыруына ұсынады.
      4. Материалдарда төтенше жағдай аймағы, қайтыс болған және зардап шеккен адамдардың саны, материалдық нұқсанның мөлшері, төтенше жағдайды жоюға жергілікті атқарушы органнан, ұйымдар мен басқа да көздерден бөлінген және шығындалған қаражат мөлшері туралы мәліметтер көрсетіледі.
      5. Тиісті органдар келіп түскен өтінішхатты оның келіп түскен күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралады. Қосымша құжаттарды талап ету кезінде қарау мерзімі 5 жұмыс күніне ұзартылады. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың орын алуын негіздейтін материалдар тізбесінде көрсетілген мәліметтері жоқ материалдар қараусыз қайтарылады.

3. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайларды оқшаулау және жою іс-шаралары

      6. Төтенше жағдайлар туындаған кезде оларға жедел ден қою мақсатында азаматтық қорғаудың басқару органдары өз құзыреті шегінде:
      1) қалыптасқан ахуалды талдауды, төтенше жағдайдың таралу ауқымын айқындауды, адам шығыны мен материалдық нұқсанды алдын ала бағалауды;
      2) халықты құлақтандыруды;
      3) төтенше жағдайдың ықтимал өршуін бағалауды, ахуал туралы деректерді қорытуды және аналитикалық материалдар дайындауды;
      4) төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарына сәйкес азаматтық қорғау күштері мен құралдарын жедел жіберуді;
      5) авариялық-құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде азаматтық қорғау күштері мен құралдарын басқаруды, төтенше жағдайды жою мәселелері бойынша қажетті шұғыл шаралар мен басқарушылық шешімдер қабылдауды;
      6) төтенше жағдайды жоюға тартылатын азаматтық қорғау күштері мен құралдарының іс-қимылдарын үйлестіруді және олардың өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыруды;
      7) төтенше жағдайларда халықтың тіршілігін қатамасыз ету жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде таралу ауқымына қарай төтенше жағдайларды жою үшін материалдық-техникалық ресурстардың қорларын пайдалануды;
      8) төтенше жағдайды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарына сәйкес төтенше жағдайларды жоюға тартылатын азаматтық қорғау күштері мен құралдарының жай-күйін бақылауды жүргізеді.

4. Төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету
жөніндегі іс-шараларды өткізу тәртібі

      7. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі төтенше жағдайды енгізуге негіз болып табылатын әлеуметтік сипаттағы төтенше мән-жайлардың алдын алуды және оларды жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың шұғыл ден қоюы мен жұмыс істеуінің айрықша режимін білдіреді.
      8. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі жекелеген жергілікті жерлерде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша енгізіледі, және «Төтенше жағдай туралы» Заңның 3-2-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда енгізеді.
      9. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі кезінде шұғыл ден қою және басқару жүйесінің жұмыс органы жедел штаб болып табылады.
      10. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған кезде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органға жәрдемдесуге және қажетті көмек көрсетуге міндетті.
      11. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою мақсатында әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган:
      1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа);
      2) мемлекеттік материалдық резервті пайдаланады;
      12. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимінің қолданылу мерзімі оны енгізуге негіз болған мән-жайларды жою мерзімінен аспауы тиіс.

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 қарашадағы
№ 890 бұйрығына   
2-қосымша      

Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлардың орын алуын негіздейтін материалдар тізбесі

      Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың орын алуын негіздейтін материалдар тізбесі:
      1) Әкімнің (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана), аудандық (қалалық) әкімнің немесе Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi комиссия төрағасының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi комиссия мүшелерінің және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен зардап шеккен объектілерді және халықты тексеру туралы шешімі;
      2) комиссия мүшелері қол қойған және мөр басқан төтенше жағдай туындаған аумақтарды және объектілерді тексеру актісі (болған төтенше жағдайлар, төтенше жағдай аймағының ауданы, ғимараттар мен құрылыстардың зақымдалу және бұзылу сипаты мен деңгейі, зардап шеккендердің саны, нқсанның мөлшері, төтенше жағдайды жою шаралары бойынша негізгі мәліметтер көрсетіледі);
      3) Өтінішхаттарда өтініш жасаушының көрсетілген сұрау сомасына шығындардың сметалық жиынтық есебімен (бірінші кезектегі жұмыстар түрлері бойынша, материалдық-техникалық, қаржы және адамзат ресурстары есептерінің толық сомаларын ашумен) төтенше жағдайларды жою бойынша шұғыл жұмыстарға Комиссия мүшелері және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің, аудан (қала) әкімінің қаржы-экономикалық қызмет бастығы қол қойған жобалау-сметалық құжаттамалар;
      Жобалау-сметалық құжаттамаларға жойылған тауар-материалдық құндылықтардың құны кірмейді;
      4) бірінші кезектегі жұмыстарды жүргізу үшін жергілікті бюджетте көзделген қаражаттың болмауы туралы облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан әкімі немесе оның міндетін атқарушы тұлға, сондай-ақ облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің, аудан (қала) әкімі қаржы-экономикалық қызмет бастығы қол қойған негіздеме-анықтама;
      5) республикалық немесе жергілікті бюджеттерден бұрын бөлінген қаражаттар туралы мәліметтер;
      6) бұзылған объектілерді салу мен күрделі жөндеу үшін төтенше резервтен қаражат бөліну қажеттілігі кезінде құжаттармен қоса құрылыс салу бойынша уәкілетті органның оң қорытындысы берілуі тиіс;
      7) зардап шеккен ғимараттарды, құрылыстарды, азаматтар мүлкін сақтандыруды өтеу және сақтандыру сыйақыларын төлеу туралы анықтама, егер ондайлар болса;
      8) біржолғы көмек алуға төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтардың облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандық (қалалық) әкіміне жазған арыздары негізінде жасалған азаматтардың тізімі;
      9) болған төтенше жағдайдың, келтірілген нұқсанның және өзге де салдарлардың ауқымын растайтын басшы немесе оның міндетін атқарушы қол қойған және мөр басылған мүдделі мемлекеттік органдардың анықтама-қорытындысы;
      10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу негіздемесі (жұмыстар түрлері, сұралатын сомалар мен толық түсіндірмесі бар).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады