Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тіркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 495 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11632 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
Өтініштерді қабылдау:
"1) көрсетілетін қызметті беруші";
"2) "Азаматтарға арналған үкімет" "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады";
Нәтижесін беру:
"1) көрсетілетін қызметті беруші";
"2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері" арқылы жүзеге асырылады";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) жұмылдырылған:
1) қалалық (аудандық) ішкі істер органдары көші-қон қызметі бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері (бұдан әрі - ҚАІІО);
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының қызметкері (бұдан әрі – ПД КҚҚБ);
3) Полиция департаментінің (бұдан әрі - ПД), ҚАІІО бастығы, бастықтың орынбасары не материалды қарау орны бойынша.";
12-тармақ алып тасталсын:
мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:
"4-тарау. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне:
Көрсетілетін қызметті алушы;
Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкері;
Көші-қон қызметі басқармасының қызметкері;
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері.
"13. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Полиция департаментінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон қызметі бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.";
1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
"Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде, облыстардың, республикалық маңызы бар, қалалардың және астананың Полиция департаментінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон қызметі бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.".
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.03.2020 № 266 (алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоңқолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты |
Е. Тургумбаев |
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-қимылдың логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы
1-кесте
Негізгі процестің іс-әрекеті (жұмыс барысы, ағыны) | |||
1 | Іс-әрекеттің № (жұмыс барысы, ағыны) | 1 | 2 |
2 | ҚФБ атауы | ІІО, Мемлекеттік корпорация | ІІО, Мемлекеттік корпорация |
3 | Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы | Өтініш берушінің құжаттар топтамасын қабылдау және тексеру | Істі қалыптастыру және оны КҚҚҚ-ға жолдау |
4 | Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім) | Журналға тіркеу және алғаны туралы талон беру | Ілеспе хат |
5 | Орындау мерзімі | 30 минут | 3 күн |
1-кестенің жалғасы
Негізгі процестің іс-әрекеті (жұмыс барысы, ағыны) | ||||
1 | 3 | 4 | 5 | 6 |
2 | КҚПБ | ҰҚКД | ҚСжАЕАКБ | КҚҚБ |
3 | ҰҚКД-де "Бүркіт" Бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы "Бүркіт-ІІМ" және ҚСжАЕАКБ кіші жүйесінде тексеру | материалдарды келісу | Өтініш берушіні арнайы есептер бойынша тексеру | Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мүмкіндігі туралы дәлелді қорытынды шығару, ІІД басшылығына жолдау |
4 | Сұрау салуды жолдау | КҚҚБ-ге "Бүркіт" Бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы "Бүркіт-ІІМ" кіші жүйесінде жауап беру | КҚҚБ-ға жауап | Дәлелді қорытынды |
5 | 3 күн | 30 күн | 15 күн | 7 күн |
1-кестенің жалғасы
Негізгі процестің іс-әрекеті (жұмыс барысы, ағыны) | ||||
1 | 7 | 8 | 9 | 10 |
2 | ІІД басшылығы | КҚҚБ | ІІО | ІІО |
3 | Іс материалдарын тексеру, Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мүмкіндігі туралы қорытындыны бекіту |
Шығарылған қорытындының нәтижелері туралы хабарлама. | Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беріледі/не рұқсат беруден бас тартылады | Тіркеу есебіне қою |
4 | Қорытындыны бекіту | Өтініш берушіге хабарлау | Рұқсат беру | "Шетелдіктерді құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесі арқылы тіркеу |
5 | 10 күн | 3 күн | 10 минут | 10 минут |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 799 бұйрығына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 266 (алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоңқолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 799 бұйрығына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 266 (алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоңқолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.