"Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі бірінші орынбасарының – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 300 бұйрығына өзгеріс енгізу

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 1032 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 қыркүйекте № 19414 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі бірінші орынбасарының – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 300 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18496 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) көлемі – 4 948 315 600 (төрт миллиард тоғыз жүз қырық сегіз миллион үш жүз он бес мың алты жүз) теңгеден артық емес;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады