"Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1088 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 873 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 10 қазанда № 19460 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1088 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13238 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 5 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын;

      "2-тарау. Техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну тәртібі";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. ҚАЖ мекемесінің әкімшілігі сотталғанның ағза функцияларының тұрақты бұзылуын анықтаған кезде ҚАЖ мекемесі орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөліністеріне (бұдан әрі – аумақтық бөліністер) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық әлеуметтік сараптаманы өткізу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 тіркелген) куәландыратын адамға құжаттарын әзірлейді және ұсынады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мүгедектігі бар сотталғандарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдар тізбесіне, "Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларына және мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдармен қамтамасыз ету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10370 тіркелген) (бұдан әрі – № 26 Бұйрық) сәйкес жүргізіледі.

      Мүгедектігі бар сотталғандар "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығымен бекітілген Мекемелердің iшкi тәртiптеме қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 тіркелген) қатар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға ұсынылған және өзімен бірге алып жүруге рұқсат етілген техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және арнайы жүріп-тұру құралдарының тізбесіне сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) және арнайы жүріп-тұру құралдарын өзімен бірге алып жүреді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. ҚАЖ мекемелерінің мемлекеттік тапсырыс қаражаттары есебінен протездік-ортопедиялық көмекке, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдарға, міндетті гигиеналық заттарға, арнайы жүріп-тұру құралдарына мұқтаж мүгедектігі бар сотталғандардың құжаттары № 26 бұйрықпен бекітілген тізбе бойынша сотталғанның жазасын өтеу орны бойынша республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар және ауданның жергілікті атқарушы органдарының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдарына жолданады.";

      18-тармақтың 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. ҚАЖ мекемелері техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын алған мүгедектігі бар сотталғандардың тізімдерін Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне жылына екі рет ұсынады (бұдан әрі - ІІМ).";

      Осы бұйрықпен бекітілген мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға ұсынылатын және өзімен бірге алып жүруге рұқсат етілген техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және арнайы жүріп-тұру құралдарының тізбесі, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Д.Т. Қанатбеков) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Д.Т. Қанатбеков) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 9 қазандағы
№ 873 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1088 бұйрығымен
бекітілген

Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға ұсынылатын және өзімен бірге алып жүруге рұқсат етілген техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және арнайы жүріп-тұру құралдарының тізбесі

      Мекемелерде жазасын өтеп жатқан және қамаудағы мүгедектігі бар сотталғандар мынадай заттар мен бұйымдарды өздерімен бірге алып жүре алады:

      1. Протездiк-ортопедиялық құралдар:

      1) протездер;

      2) аппараттар, туторлар;

      3) балдақтар, таяқтар, жетек арбалар;

      4) корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар;

      5) бандаждар, емдік белбеулер, балалардың профилактикалық шалбаршалары;

      6) ортопедиялық аяқкиім және қосымша құрылғылар (кебiстер, супинаторлар);

      7) аппараттарға арналған аяқ киім;

      8) жейде киюге арналған құрылғы;

      9) колготки киюге арналған құрылғы;

      10) шұлық киюге арналған құрылғы;

      11) түйме тағуға арналған құрылғы (ілмек).

      2. Сурдотехникалық құралдар:

      1) есту аппараттары;

      2) кохлеарлық импланттарға арналған сөйлеу процессорлары;

      3) дауыс шығаратын аппарат.

      3. Тифлотехникалық құралдар:

      1) тифлотаяқтар;

      2) Брайль жүйесі бойынша жазу құралы;

      3) Брайль жүйесі бойынша жазу грифелi;

      4) рельефті-ноқатты қаріппен жазуға арналған қағаз;

      5) сөз шығаратын термометр;

      6) сөз шығаратын тонометр;

      7) тест жолақшалары бар сөз шығаратын глюкометр;

      8) брайль қарпін өз бетімен үйренуге болатын сөйлейтін құрал;

      9) Брайль бойынша алмалы-салмалы әліппе;

      10) көру қабілеті бұзылған мүгедектерге арналған ине сабақтағыштар, тігін инелері.

      4. Жүрiп-тұрудың арнайы құралдары:

      1) бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбалар;

      2) серуендеуге арналған кресло-арбалар.

      5. Міндетті гигиеналық құралдар:

      1) несеп қабылдағыштар;

      2) нәжіс қабылдағыштар;

      3) жөргектер;

      4) сіңіргіш жаймалар (жаялықтар);

      5) катетер;

      6) стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған паста-герметик;

      7) қорғаныш крем;

      8) сіңіргіш ұнтақ (опа);

      9) иісті бейтараптандырғыш;

      10) теріні тазартқыш;

      11) санитарлық құрылғысы бар кресло-орындық.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады