"Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 қазандағы № 364 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 17 қазанда № 19480 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 181 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13717 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арзандатылған құн – бекітілген субсидиялар нормасынан төмен емес арзандатылған баға бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге немесе ауыл шаруашылығы кооперативтеріне (бұдан әрі – ауылшаркооперативі) өткізілетін өсімдік қорғау құралдарының құны;

      2) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) – ауыл шаруашылығы өнімін тауарлық өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;

      3) гербицидтер мен биопрепараттарды қолдану регламенті – гербицидтер мен биопрепараттарды қолдану шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар;

      4) жеке шот – субсидиялауға арналған өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) тіркеу және олармен жасалатын операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген адамды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;

      5) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – басқарма) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және иесі ретінде оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      6) отандық өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіруші (бұдан әрі – ӨҚҚ өндіруші) – Қазақстан Республикасы аумағында гербицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды өндіруді жүзеге асыратын және арнайы жарақтандырылған өндірістік үй-жайлары, биозертханалары, биофабрикалары бар, биоагенттерді (энтомофагтарды) және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген гербицидтер мен биопрепараттарды өткізуді жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      7) өсімдіктерді қорғау құралдары (бұдан әрі – ӨҚҚ) – өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар;

      8) ӨҚҚ жеткізуші – биоагенттерді (энтомофагтарды) және "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-6-бабына сәйкес тіркелген гербицидтер мен биопрепараттарды өндіруді (формуляциялауды) және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      9) ӨҚҚ-ның ең төменгі құны – субсидия нормасын белгілеу үшін баға ұсыныстарын, сондай-ақ мемлекеттік органдардан алынған ақпаратты талдау жолымен облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын, гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың Қазақстан Республикасы аумағында қалыптасқан ең төменгі бағасы;

      10) өтінім – ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) сатып алынған ӨҚҚ үшін субсидиялар алуға арналған электрондық өтінімі;

      11) өтпелі өтінім – ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) арзандатылған құнмен сатып алатын ӨҚҚ үшін ӨҚҚ өндірушінің субсидиялар алуға арналған электрондық өтінімі;

      12) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидия алуға арналған өтінімді (өтпелі өтінімді) тіркеуге, сондай-ақ өтінімді (өтпелі өтінімді) субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін, субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

      13) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – интернет желісінде орналасқан, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет ресурс;

      14) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – субсидиялауға арналған өтінімдер (өтпелі өтінімдер), сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      15) танаптың электрондық картасы – бұрылыс нүктелерінің координаталарын, соңғы екі жылдағы ауыспалы егіс туралы ақпаратты және жерді қашықтықтан зондтайтын спутниктерден алынған деректерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінде орналасқан танап туралы ақпарат;

      16) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      17) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Индустрия және инфрақұрылымдық даму саласындағы уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына отандық ӨҚҚ өндірушілердің тізбесін келесі жылға ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан және тиісті жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей береді.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары отандық гербицидтер өндірушілердің тізбесін оны алғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде веб-порталға орналастырады.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары келесі жылға ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан және тиісті жылдың 1 маусымынан кешіктірмей, отандық биоагенттер (энтомофагтар) өндірушілердің тізбесін қалыптастырады және үш жұмыс күні ішінде тізбенің деректерін веб-порталға орналастырады.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ӨҚҚ жеткізушілердің тізбесін келесі жылға ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей веб-порталға орналастырады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Субсидияланатын ӨҚҚ түрлерінің тізбесі және 1 литрге (килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормалары, сондай-ақ ӨҚҚ-ны субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері (бұдан әрі – субсидиялар көлемдері) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің орынбасары, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам қол қойған ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей мақұлдауға ұсынылады.

      Бұл ретте ӨҚҚ-ның тиісті түрлеріне қалыптасқан нарықтық бағаларды растайтын құжаттарды (прайс-парақтар, коммерциялық немесе бағалық ұсыныстар), сондай-ақ шығыс нормаларын ескере отырып, субсидиялауға жататын ӨҚҚ түрлерінің көлемдері бойынша есептемелерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы келесі жылға ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей Министрлікке береді.

      Оң шешім қабылданған жағдайда, Министрлік тиісті ілеспе хатпен субсидияланатын ӨҚҚ тізбесін және 1 литрге (килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ субсидиялар көлемдерін кері қайтарады.

      Теріс шешім қабылданған жағдайда, Министрлік субсидияланатын ӨҚҚ тізбесін және 1 литрге (килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ субсидиялар көлемдерін мақұлдаудан уәжді бас тартуы бар хатпен кері қайтарады. Бұл ретте пысықталған субсидияланатын ӨҚҚ түрлерінің тізбесі және субсидиялар нормалары, сондай-ақ субсидиялар көлемдері қайта қарау үшін бес жұмыс күні ішінде Министрлікке жолданады.

      Министрлік мақұлдағаннан кейін, субсидияланатын ӨҚҚ түрлерінің тізбесі және 1 литрге (килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормалары, сондай-ақ субсидиялар көлемдері облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының қаулысымен (бұдан әрі – қаулы) бекітіледі.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы субсидияланатын ӨҚҚ түрлерінің тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ субсидиялар көлемдерін бекіту туралы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оларды веб-порталға орналастырады.

      Субсидияланатын ӨҚҚ түрлерінің тізбесіне және 1 литрге (килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормаларына, сондай-ақ субсидиялар көлемдеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Қағидалардың осы тармағының бірінші – бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған жағдайда төленеді:

      1) ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтпелі өтінімді "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беруі.

      "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің өзара ақпараттық іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Өтпелі өтінім кезінде субсидия ӨҚҚ өндірушіге төленеді.

      Шаруа немесе фермерлік қожалық нысанында құрылған ауылшартауарынөндіруші өзінің мүшелері сатып алған ӨҚҚ үшін өтінім (өтпелі өтінім) берген жағдайда, шаруа немесе фермерлік қожалық мүшелерінің құрамы жөніндегі мәліметтер субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің Қазақстан Республикасының интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйесімен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталуы тиіс.

      Ауылшаркооперативінде жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жоқ болған жағдайда, ауылшаркооперативі ауылшаркооперативінің мүшелері болып табылатын ауылшартауарынөндірушілердің субсидиялар алуына өтінім (өтпелі өтінім) береді. Бұл ретте субсидияларды алушылар ауылшартауарынөндірушілер болып табылады.

      2) өтінімнің немесе өтпелі өтінімнің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелуі.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ауылшартауарынөндірушінің жеке шоты болған жағдайда, ол өз бетімен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімді (өтпелі өтінімді) тіркеуді жүзеге асыра алады;

      3) деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлға" немесе "Жеке тұлға" мемлекеттік дерекқорларымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған, ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы. Бұл ретте өтпелі өтінім үшін де субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ӨҚҚ өндірушінің жеке шоты болуы қажет.

      Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) ӨҚҚ-ны электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін қолданбайтын шетелдік ӨҚҚ өндірушіден тікелей сатып алған жағдайда, ӨҚҚ-ны сатып алуға жұмсалған шығындар жүк кедендік декларациясының мәліметтерін декларациялаумен (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден ӨҚҚ сатып алған ауылшартауарынөндіруші немесе ауылшаркооперативі үшін) немесе тауар Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінгенін растайтын мемлекеттік кірістер органы берген құжат мәліметтерімен расталады;

      4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйенің өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде ауылшартауарынөндірушіге (ауылшаркооперативіне) ӨҚҚ өткізілгенінің расталуы.

      Бұл ретте, өтінім берілген ӨҚҚ-ға субсидиялар алу үшін электрондық шот-фактураларды кері қайтаруға, күшін жоюға және түзетуге жол берілмейді;

      5) ауылшартауарынөндірушіде немесе ауылшаркооперативінің мүшелері болып табылатын ауылшартауарынөндірушілерде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен және "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқорымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған, жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиісті алаңдағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің (лерінің) болуы.

      Жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы туралы шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде әрекет ететін ауылшартауарынөндіруші өтінім (өтпелі өтінім) берген жағдайда, осындай жер учаскелері бар бірлескен шаруашылық қызмет туралы шартқа қатысушыға қатысты қолданылады. Бұл ретте бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарттың көшірмесін қоса бере отырып, өтінім (өтпелі өтінім) берген ауылшартауарынөндіруші субсидия алушы болып табылады;

      6) ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) жер учаскелері егістігінің бүкіл алаңына арналған танаптардың электрондық карталарының субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелуі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Бұл ретте осы бұйрықтың 1-тармағының қырық тоғызыншы абзацы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

      Министр С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 10 қазандағы
№ 364 бұйрығына
1-қосымша
  Өсімдіктерді қорғау мақсатында
ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған
гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және
биопрепараттардың құнын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Өтінім

      1. (кімге) _____________________________________________________

                  (облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)

                        жергілікті атқарушы органының толық атауы)

      (кімнен) __________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      2. Маған ___________ литр (килограмм, грамм, дана) көлемінде сатып

      алынған _____________________________________________________ үшін

                              (ӨҚҚ түрі)

      ________________________ теңге мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын.

                  (сома санмен және жазбаша)

      3. Өтінім беруші туралы мәліметтер*:

      заңды тұлға үшін:

      атауы ___________________________________________________________

      БСН ____________________________________________________________

      басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________________

      басшысының ЖСН-сы ____________________________________________

      мекенжайы: _____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ____________________________________________

      4. Жеке тұлға, дара кәсіпкер үшін:

      атауы __________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ___________________________________

      ЖСН ___________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі __________________________________________________________

      кім берді ________________________________________________________

      берілген күні _____________________________________________________

      мекенжайы: ______________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: _____________________________________________

      Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:

      орналасқан жері __________________________________________________

      хабарлама күні ___________________________________________________

      5. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері туралы мәліметтер:

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН-сы/ЖСН-сы

1

2

3




      6. Жер учаскесі туралы мәліметтер:

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Барлық алаң, гектар

Оның ішінде егістік

Нысаналы мақсаты

Жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының атауы

1

2

3

4

5

6







      7. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының бар-жоғы туралы мәліметтер*:

      ЖСН/БСН ________________________________________________________

      Кбе ______________________________________________________________

      Банк деректемелері: _______________________

      Банк атауы: ______________________________

      БСК ______________________________________________________________

      ЖСК _____________________________________________________________

      БСН _____________________________________________________________

      Кбе ______________________________________________________________

      8. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі) және ӨҚҚ өндіруші/жеткізуші арасындағы сатып алу-сату шартының мәліметтері:

      шарттың нөмірі ___________________________________________________

      шарт жасалған күн _________________________________________________

      ҚҚС-мен бағасы (теңге) _____________________________________________

      ӨҚҚ өндірушінің атауы және БСН-сы _________________________________

      ӨҚҚ өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы _______________________

      ӨҚҚ атауы ________________________________________________________

      ӨҚҚ көлемі, литр (килограмм, грамм, дана) ____________________________

      төлеу мерзімі ______________________________________________________

      межелі (босату) пункті ______________________________________________

      9. ӨҚҚ-ның нақты сатып алынғанын растайтын (өтінім берген сәтте) төлем құжаттарының мәліметтері:

      төлем құжатының нөмірі ____________________________________________

      төлем құжатының күні ______________________________________________

      шот-фактура нөмірі ________________________________________________

      берілген күні ______________________________________________________

      10. Тауарларға арналған кедендік декларациядан алынған мәліметтер (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден ӨҚҚ сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі үшін):

      тауарларға арналған кедендік декларацияның нөмірі ___________________

      берілген күні ______________________________________________________

      ӨҚҚ атауы ________________________________________________________

      өлшем бірлігі _____________________________________________________

      мөлшері (көлемі)**_________________________________________________

      ҚҚС-мен бағасы (теңге)**___________________________________________

      өткізу құны, барлығы** ____________________________________________

      шетелдік ӨҚҚ өндірушінің атауы ____________________________________

      шетелдік ӨҚҚ өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы ______________

      11. Тауар Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінгенін растайтын, мемлекеттік кірістер органы берген құжаттың мәліметтері:

      құжаттың нөмірі __________________________________________________

      берілген күні _____________________________________________________

      шетелдік ӨҚҚ өндірушінің атауы ____________________________________

      шетелдік ӨҚҚ өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы ______________

      мөлшері (көлемі)**________________________________________________

      ҚҚС-мен бағасы (теңге)**___________________________________________

      өткізу құны, барлығы** ____________________________________________

      12. Сатып алынған ӨҚҚ-ға арналған сәйкестік сертификаты/сапа сертификаты/талдау сертификаты/ сәйкестік туралы декларация:

      сертификаттың/ декларацияның нөмірі_______________________________

      сертификаттың/декларацияның берілген күні _________________________

      сертификаттың/декларацияның қолданылу мерзімі (көрсетілген жағдайда) ____

      сәйкестендірілген өнім (атауы, шығарушы ел)__________________________

      өтінім беруші (атауы, мекенжайы) ___________________________________

      кім берді _________________________________________________________

      13. Тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың немесе тауардың шығарылған жері туралы декларацияның мәліметтері (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден ӨҚҚ сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі үшін):

      нөмірі мен берілген күні ____________________________________________

      тауардың атауы ___________________________________________________

      экспорттаушы/жүк жөнелтуші _______________________________________

      импорттаушы/жүк алушы ___________________________________________

      14. Тиесілі субсидиялар есептемесі:

ӨҚҚ-ның саудалық атауы

ӨҚҚ өндіруші (отандық/шетелдік)

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы (өңделетін объект), сүрі жер

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі және алаңы, гектар

Танаптың кадастрлық нөмірі және алаңы, гектар

1 гектарға ӨҚҚ шығысының (қолдану) нормасы, литр (килограмм, грамм, дана)

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

Өңделетін алаң, гектар

ӨҚҚ пайдаланудың нақты көлемі (литр, килограмм, грамм, дана)

1 литрдің (килограмм, грамм, дана) бағасы, теңге

1 литрге (килограмм, грамм, дана) арналған субсидиялар нормасы, теңге

Тиесілі субсидия сомасы, теңге (8-баған х 10-баған)

8

9

10

11

12






      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Өсімдіктерді қорғау мақсатында сатып алынған ӨҚҚ-ны ағымдағы жылы қолдануға міндеттенемін, қолданбаған жағдайда, алынған субсидияларды қайтарып беруге міндеттенемін.

      Өтінім беруші 20__ жылғы "__" ________ сағат 00:00 қол қойып, жіберді:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қойылған күн мен уақыт

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Өтінім қарауға 20__ жылғы "__" ________ сағат ____ қабылданды:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қойылған күн мен уақыт

      Аббревиатуралардың толық жазылуы және түсіндірмесі:

      ӨҚҚ – өсімдіктерді қорғау құралдары;

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      БСК – банктік сәйкестендіру коды;

      БИН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      Кбе – бенефициар коды;

      * – гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау процесі толық автоматтандырылған жағдайда, өтінімдегі мәліметтер интеграция есебінен автоматты түрде толтырылады;

      ** – 10 және 11-жолдарда көрсетілген мәліметтерді ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі) гербицидтерді тікелей шетелдік тыңайтқыштарды өндірушіден сатып алған кезде толтырады.

      Ескертпе:

      Ауыл шаруашылығы кооперативі осы өтінімді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің субсидия алуы үшін де берген жағдайда, өтінімнің 5, 6, 7, 8 және 9-жолдарында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 10 қазандағы
№ 364 бұйрығына
2-қосымша
  Өсімдіктерді қорғау мақсатында
ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған
гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және
биопрепараттардың құнын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Өтпелі өтінім

      1. (кімге) _____________________________________________________

                  (облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)

                        жергілікті атқарушы органының толық атауы)

      (кімнен) __________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      2. Осымен ________________________________ арзандатылған құнмен

                  (ӨҚҚ өндірушінің атауы)

      __________ литр (килограмм, грамм, дана) көлемінде ___________________

                                                            (ӨҚҚ түрі)

      сатып алу-сату шартын жасасқанымды мәлімдеймін және маған тиесілі ____

      ______________________________________ теңге мөлшеріндегі субсидияны

      (сома санмен және жазбаша)

      отандық ӨҚҚ өндіруші ______________________________________________

                              (отандық ӨҚҚ өндірушінің атауы)

      нақты өткізілген ӨҚҚ көлемдері жөніндегі тізілімге мәліметтер ұсынғаннан кейін

      отандық ӨҚҚ өндіруші _________________________________________

                        (отандық ӨҚҚ өндірушінің атауы)

      аударуды сұраймын.

      3. Өтінім беруші туралы мәліметтер*:

      заңды тұлға үшін:

      атауы ___________________________________________________________

      БСН ____________________________________________________________

      басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________

      басшысының ЖСН-сы _____________________________________________

      мекенжайы: ______________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: _____________________________________________

      4. Жеке тұлға, дара кәсіпкер үшін*:

      атауы ___________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ___________________________________

      ЖСН ___________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі __________________________________________________________

      кім берді ________________________________________________________

      берілген күні _____________________________________________________

      мекенжайы: ______________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: _____________________________________________

      Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:

      орналасқан жері __________________________________________________

      хабарлама күні ___________________________________________________

      5. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері туралы мәліметтер:

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН-сы/ЖСН-сы

1

2

3




      6. Жер учаскесі туралы мәліметтер:

Кадастрлық нөмірі

Барлық алаң, гектар

Оның ішінде егістік

Нысаналы мақсаты

Жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының атауы

1

2

3

4

5

6







      7. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен ӨҚҚ өндіруші арасындағы сатып алу-сату шарты:

      шарттың нөмірі ____________________________________________________

      шарт жасалған күн _________________________________________________

      ҚҚС-мен бағасы (теңге) _____________________________________________

      ӨҚҚ өндірушінің атауы және БСН-сы _________________________________

      ӨҚҚ өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы _______________________

      ӨҚҚ атауы ________________________________________________________

      ӨҚҚ көлемі, литр (килограмм, грамм, дана) ____________________________

      төлеу мерзімі ______________________________________________________

      межелі (босату) пункті ______________________________________________

      8. ӨҚҚ өндірушінің екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының бар-жоғы туралы мәліметтер*:

      банктің атауы: _____________________________________________________

      БСК _____________________________________________________________

      ЖСК _____________________________________________________________

      БСН _____________________________________________________________

      Кбе ______________________________________________________________

      9. Сатып алынған ӨҚҚ-ға арналған сәйкестік сертификаты:

      сертификаттың нөмірі ______________________________________________

      сертификаттың қолданылу мерзімі ___________________________________

      сәйкестендірілген өнім (атауы, шығарушы ел) __________________________

      өтінім беруші (атауы, мекенжайы) ____________________________________

      кім берді _________________________________________________________

      10. Тиесілі субсидиялар есептемесі:

ӨҚҚ-ның саудалық атауы

ӨҚҚ өндіру (отандық/ шетелдік)

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы (өңделетін объект), сүрі жер

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі және алаңы, гектар

Танаптың кадастрлық нөмірі және алаңы, гектар

1 гектарға ӨҚҚ шығысының (қолдану) нормасы, литр (килограмм, грамм, дана)

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

Өңделетін алаң, гектар

ӨҚҚ пайдаланудың нақты көлемі (литр, килограмм, грамм, дана)

1 литрдің (килограмм, грамм, дана) бағасы, теңге

1 литрге (килограмм, грамм, дана) арналған субсидиялар нормасы, теңге

Тиесілі субсидия сомасы, теңге (8-баған х 10-баған)

8

9

10

11

12






      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Өсімдіктерді қорғау мақсатында сатып алынған ӨҚҚ-ны ағымдағы жылы қолдануға міндеттенемін, қолданбаған жағдайда, алынған субсидияларды қайтарып беруге міндеттенемін.

      Өтінім беруші сағат 20__ жылғы "__" ________ сағат 00:00 қол қойып, жіберді:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қойылған күн мен уақыт

      Өтпелі өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Өтпелі өтінім қарауға 20__ жылғы "__" _____ сағат ____қабылданды:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қойылған күн мен уақыт

      Аббревиатурлардың толық жазылуы және түсіндірмесі:

      ӨҚҚ – өсімдіктерді қорғау құралдары;

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      БСК – банктік сәйкестендіру коды;

      БИН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      Кбе – бенефициар коды;

      * – гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау процесі толық автоматтандырылған жағдайда, өтпелі өтінімдегі мәліметтер интеграция есебінен автоматты түрде толтырылады.

      Ескертпе:

      Ауыл шаруашылығы кооперативі осы өтпелі өтінімді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің субсидия алуы үшін де берген жағдайда, өтпелі өтінімнің 5, 6, 7 және 8-жолдарында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады