Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2019 жылғы 7 қазандағы № 19-42-3.3.17 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 21 қазанда № 19491 болып тіркелді.

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі осы бұйрықтың 14-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің қаржы және бухгалтерлік есеп секторы:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары – бас бухгалтер Е.К.Арпабаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Президенті
Кеңсесінің бастығы
Н.Онжанов

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының Еңбек және

      халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      _______________________________________

  Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесі бастығының
2019 жылғы 7 қазандағы
№ 19-42-3.3.17 бұйрығына
1-Қосымша

"Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві" республикалық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының
ТІЗІЛІМІ

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Президенті Кеңсесінің Бастығының 15.03.2022 № 22-42-3.3.2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Буын

Саты

Лауазымдар атауы

А блогы (басқарушы персонал)

А2

1

Қызмет басшысы, бас бухгалтер

2

Бас инженер

В блогы (негізгі персонал)

В1

1

Бас ғылыми қызметкер

2

Жетекші ғылыми қызметкер, бас сарапшы

3

Аға ғылыми қызметкер, жетекші сарапшы

4

Ғылыми қызметкер, аға сарапшы

5

Сарапшы

В2

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты архивист

2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты архивист

3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты архивист

4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ архивист

С блогы (әкімшілік персонал)

С2


Әкімшілік функцияларды орындайтын, біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: инженер, жүйелік әкімші, бухгалтер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, заңгер, кадр бойынша маман, құжат жүргізуші, жұртшылықпен байланыс жөніндегі маман, дизайнер

С3


Әкімшілік функцияларды орындайтын, біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: техник, механик

D блогы (қосалқы персонал)

D


Техникалық орындаушылар: кезекші әкімші

     

  Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесі бастығының
2019 жылғы 7 қазандағы
№ 19-42-3.3.17 бұйрығына
2-Қосымша

"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының
ТІЗІЛІМІ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Президенті Кеңсесінің Бастығының 15.03.2022 № 22-42-3.3.2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Буын

Саты

Лауазымдар атауы

А блогы (басқарушы персонал)

А1

1-1

Басшының орынбасары

А2

1

Өкілдік, зертхана, бөлім басшысы; ғалым хатшы; бас бухгалтер

1-1

Бөлім басшысының орынбасары, бас бухгалтердің орынбасары

В блогы (негізгі персонал)

В1

1

Бас ғылыми қызметкер

2

Жетекші ғылыми қызметкер, бас сарапшы

3

Аға ғылыми қызметкер, жетекші сарапшы

4

Ғылыми қызметкер, аға сарапшы, кеңесші

5

Сарапшы

В2

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты негізгі персонал мамандары: қорларды сақтаушы

2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты негізгі персонал мамандары: қорларды сақтаушы

3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты негізгі персонал мамандары: қорларды сақтаушы

4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ негізгі персонал мамандары: қорларды сақтаушы

С блогы (әкімшілік персонал)

С2


Әкімшілік функцияларды орындайтын, біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: бухгалтер, инженер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, жүйелік әкімші, кадр бойынша маман, аудармашы, дизайнер, заңгер

     

  Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесі бастығының
2019 жылғы 7 қазандағы
№ 19-42-3.3.17 бұйрығына
3-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім"
республикалық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының
ТІЗІЛІМІ

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды – ҚР Президенті Кеңсесі бастығының 20.08.2020 № 20-42-3.3.11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесі бастығының
2019 жылғы 7 қазандағы
№ 19-42-3.3.17 бұйрығына
4-Қосымша

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының ТІЗІЛІМІ

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Президенті Кеңсесінің Бастығының 13.02.2023 № 23-42-3.3.1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Буын

Саты

Лауазымдар атауы

А блогы (басқарушы персонал)

А1

1-1

Басшының орынбасары

А2

1

Қызмет басшысы, бас бухгалтер

1-1

Қызмет басшысының орынбасары, бас бухгалтердің орынбасары, бас экономист

В блогы (негізгі персонал)

В1

2

Бас сарапшы

3

Жетекші сарапшы

4

Кеңесші

С блогы (әкімшілік персонал)

С2


Әкімшілік функцияларды орындайтын, біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: кадр бойынша маман, заңгер, экономист, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, бухгалтер, құжат жүргізуші

  Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесі бастығының
2019 жылғы 7 қазандағы
№ 19-42-3.3.17 бұйрығына
5-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 42-3.3.12 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14503 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2016 жылғы 22 желтоқсанда № 246 (28372) жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 42-3.3.12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2018 жылғы 9 ақпандағы № 18-42-3.3.4 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16453 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде 2018 жылғы 13 наурызда жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 42-3.3.12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2019 жылғы 11 ақпандағы № 19-42-3.3.6 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18350 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде 2019 жылғы 7 наурызда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады