"Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 61 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 1139 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 21 қазанда № 19494 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10436 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесінде:

      реттік нөмірлері 3, 4 және 5 – жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

Өндіріс паспортында көрсетілген өндірістің технологиялық схемасына сәйкес келетін темекі өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын технологиялық жабдық

Технологиялық жабдықтың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Көрсетілген жабдықтың болуын 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 137-бабына сәйкес лицензиар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жолымен белгілейді

4.

Қазақстан Республикасының өлшеу бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары

Өлшеу құралдарының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Өлшеу құралдарының болуын 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 137-бабына сәйкес лицензиар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жолымен белгілейді

5.

Темекі өнімдерінің өндірісін технологиялық бақылау бойынша зертханалар

Зертхананың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Зертхананың болуын 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 137-бабына сәйкес лицензиар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жолымен белгілейді

  ";

      қосымшада:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары, мыналар:

      1) өлшеу құралының атауы _____________________________________;

      2) аумақтық өндіріс орнын көрсете отырып өндірушінің атауы

      _____________________________________________________________;

      3) типі _______________________________________________________;

      4) моделі _____________________________________________________;

      5) зауыттық нөмірі _____________________________________________;

      6) соңғы және кейінгі тексеру (калибрлеу) күнін көрсете отырып тексеру

      (калибрлеу) туралы сертификаттың нөмірі _____________ көрсетілсін.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады