"Кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 148 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 16 қазандағы № 1145 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 21 қазанда № 19495 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 148 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16403 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарлама нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасы
Премьер – Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 16 қазандағы
№ 1145 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы "8" ақпандағы
№148 бұйрығына
қосымша
  нысан

Кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарлама

20__жылғы "___"_________

№ ____

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы

      26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 86-бабының 6-тармағына

      және 137-бабының 6-тармағына сәйкес (бұдан әрі - Кодекс)

      _______________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      Сізді,

      _______________________________________________________________

      (төлеушінің, төлеушімен ортақ міндетте болатын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған кезде) немесе толық атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/

      _______________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), мекен-жайы)

      Кодексінің ______ бабына сәйкес туындаған

      _________________________________________________________________

      теңге (санда және жазбаша),

      кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының,

      өсімпұлдардың, пайыздардың төлеу жөніндегі міндеттердің орындалмағанын немесе

      тиісінше орындалмағанын хабардар етеді: теңге

р/с №

Бюджеттік сыныптама коды

Төлем тапсырмасының код

Бюджеттік сыныптама кодының атауы

Кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомалары

Хабарлама қойылған күнгі өсімпұл сомасы

Хабарлама қойылған күнгі пайыздың сомасы

Барлық сомалар

1

2

3

4

5

6

7

8


















Барлығы







      Кодекстің 86-бабының 6-тармағына және 137-бабының 6-тармағына сәйкес кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарлама, оны табыс еткен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде орындалуға жатады.

      Сіз осы сомаларды мынадай деректемелер бойынша бюджеттік сыныптама коды бойынша бюджетке төлеуіңіз қажет:

      _______________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      БСН

      ______________________________________________________________

      шотқа №______________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органы)

      _______________________________________________________________

                        (Қазынашылық басқармасы, БИК)

      Кодексінің 21-бабына сәйкес Сіз мемлекеттік кірістер органының немесе олардың

      лауазымды тұлғаларының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне),

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде

      шағымдануға құқылысыз.

      Мемлекеттік кірістер органының басшысы (басшының орынбасары)

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы, мөрі)

      20__ жылғы "___"__________

      М.О.

      "Хабарламаны алған төлеуші, төлеушімен ортақ міндетте болатын тұлға

      _______________________________________________________________

      (төлеушінің/ төлеушімен ортақ міндетте болатын тұлғаның/ төлеушінің /

      төлеушімен ортақ міндетте болатын тұлғаның лауазымды тұлғасының тегі, аты,

      әкесінің аты (ол болған кезде) қолы, мөрі (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне

      жататын заңды тұлғаларды қоспағанда)

      20__ жылғы "___"________

      М.О.(жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда)".

      Хабарлама төлеушіге, төлеушімен ортақ міндетте болатын тұлғаға тапсырылды

      _______________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған кезде) қолы, мөрі)

      Хабарлама төлеушіге жөнелтілді

      _______________________________________________________________

      (жөнелтілгенін және (немесе) алынғанын растайтын құжат)

      20__ жылғы "___"__________

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСК – бизнес-сәйкестендіру коды;

      М.О. – мөр орны;

      Р/С – реттік саны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады