Кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 148 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 21 ақпанда № 16403 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 86-бабының 6-тармағына және 137-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарламаның қосымша нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№148 бұйрығына қосымша
  Нысан

Кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарлама

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 16.10.2019 № 1145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

20__жылғы "___"_________

№ ____

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы

      26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 86-бабының 6-тармағына

      және 137-бабының 6-тармағына сәйкес (бұдан әрі - Кодекс)

      _______________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      Сізді,

      _______________________________________________________________

      (төлеушінің, төлеушімен ортақ міндетте болатын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған кезде) немесе толық атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/

      _______________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), мекен-жайы)

      Кодексінің ______ бабына сәйкес туындаған

      _________________________________________________________________

      теңге (санда және жазбаша),

      кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының,

      өсімпұлдардың, пайыздардың төлеу жөніндегі міндеттердің орындалмағанын немесе

      тиісінше орындалмағанын хабардар етеді: теңге

р/с №

Бюджеттік сыныптама коды

Төлем тапсырмасының код

Бюджеттік сыныптама кодының атауы

Кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомалары

Хабарлама қойылған күнгі өсімпұл сомасы

Хабарлама қойылған күнгі пайыздың сомасы

Барлық сомалар

1

2

3

4

5

6

7

8


















Барлығы







      Кодекстің 86-бабының 6-тармағына және 137-бабының 6-тармағына сәйкес кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарлама, оны табыс еткен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде орындалуға жатады.

      Сіз осы сомаларды мынадай деректемелер бойынша бюджеттік сыныптама коды бойынша бюджетке төлеуіңіз қажет:

      _______________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      БСН

      ______________________________________________________________

      шотқа №______________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органы)

      _______________________________________________________________

                        (Қазынашылық басқармасы, БИК)

      Кодексінің 21-бабына сәйкес Сіз мемлекеттік кірістер органының немесе олардың

      лауазымды тұлғаларының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне),

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде

      шағымдануға құқылысыз.

      Мемлекеттік кірістер органының басшысы (басшының орынбасары)

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы, мөрі)

      20__ жылғы "___"__________

      М.О.

      "Хабарламаны алған төлеуші, төлеушімен ортақ міндетте болатын тұлға

      _______________________________________________________________

      (төлеушінің/ төлеушімен ортақ міндетте болатын тұлғаның/ төлеушінің /

      төлеушімен ортақ міндетте болатын тұлғаның лауазымды тұлғасының тегі, аты,

      әкесінің аты (ол болған кезде) қолы, мөрі (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне

      жататын заңды тұлғаларды қоспағанда)

      20__ жылғы "___"________

      М.О.(жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда)".

      Хабарлама төлеушіге, төлеушімен ортақ міндетте болатын тұлғаға тапсырылды

      _______________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған кезде) қолы, мөрі)

      Хабарлама төлеушіге жөнелтілді

      _______________________________________________________________

      (жөнелтілгенін және (немесе) алынғанын растайтын құжат)

      20__ жылғы "___"__________

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСК – бизнес-сәйкестендіру коды;

      М.О. – мөр орны;

      Р/С – реттік саны.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады