ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14806 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 22 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшарт осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті:
1) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқық департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Министр | М. Тілеуберді |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 25 қазандағы № 11-1-4/557 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 75 бұйрығымен бекітілген |
Арнайы инвестициялық үлгілік келісімшарт
Нұр-Сұлтан қаласы | _________________ (күні, айы, жылы) |
Осы арнайы инвестициялық үлгілік келісімшарт бұдан әрі Тараптар деп аталатын,
____________________________________________________________ негізінде
(ереже немесе бұйрық)
________________________________ (бұдан әрі - уәкілетті орган) әрекет ететін
(уәкілетті органның атауы)
____________________________________________________________________
(басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
және _______________________________________________________ негізінде
(Жарғы немесе сенімхат)
_____________________________________________________________ арнайы
инвестициялық жобаны іске асыратын арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы
немесе еркін қойма иелері немесе моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау
келісімін жасасқан заңды тұлғамен
____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі
және мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу күні)
(бұдан әрі – Заңды тұлға) атынан әрекет ететін ____________________________
(басшының немесе өзге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
мыналарды:
1) уәкілетті органға тікелей арнайы инвестициялық келісімшартты жасасумен және
орындалуын бақылаумен байланысты құқықтар берілгенін;
2) Тараптар _____________________________________________________
(арнайы инвестициялық жобаның атауы)
іске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы
уағдаласқандарын назарға ала отырып, төменде көрсетілгендер туралы осы арнайы
инвестициялық келісімшартты жасасты.
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы арнайы инвестициялық келісімшартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) арнайы инвестициялық жоба – бұл арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойма иесі ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған (іске асыратын) және (немесе) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысынан сатып алынған не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған инвестициялық жоба;
2) арнайы инвестициялық келісімшарт – арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар беруді көздейтін шарт;
3) жинақтауыштар – жиынтығында технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын құрайтын құрамдас бөліктер түсініледі;
4) технологиялық жабдық – арнайы инвестициялық жобаның технологиялық процесінде пайдалануға арналған тауарлар түсініледі;
5) үшінші тұлға – арнайы инвестициялық келісімшарт бойынша Тарап болып табылмайтын кез келген тұлға;
6) форс-мажор – арнайы инвестициялық келісімшарттың одан әрі орындалу барысын қиындататын немесе оған мүмкіндік бермеуге әкеп соғатын еңсерілмейтін күш мән-жайлары (әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей зілзалар және тағы басқалары);
7) шикізат және (немесе) материал деп кез келген пайдалы қазба, жинақтауыш, бөлшек немесе бұл шикізаттың және (немесе) материалдың технологиялық процесі арқылы дайын өнім алу үшін пайдаланылатын өзге де тауар түсініледі.
2. Арнайы инвестициялық келісімшарттың мәні
2. Осы арнайы инвестициялық келісімшарттың мәні Заңды тұлғаға:
арнайы инвестициялық жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасында көзделген, осы Арнайы инвестициялық келісімшартқа қосымшаға сәйкес дайын өнімді өндіру үшін импортталатын технологиялық жабдықты, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерін, шикізатты және (немесе) материалдарды, сондай-ақ дайын өнім құрамындағы шикізатты және (немесе) материалдарды кедендік баждар салудан босату;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың немесе еркін қойманың аумағында өндірілген дайын өнім құрамындағы тауарлар импортының қосылған құнына салық төлеуден босату түрінде инвестициялық преференциялар беру болып табылады;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізаттың және (немесе) материалдар импортының қосылған құнына салық төлеуден босату түрінде инвестициялық преференциялар беру болып табылады.
3. Арнайы инвестициялық келісімшарттың мақсаты
3. Осы арнайы инвестициялық келісімшарт
___________________________________________________________________
(арнайы инвестициялық жобаның атауы)
іске асыру кезінде инвестициялық преференцияларды беру мақсатында қолдану
құқығына сәйкес уәкілетті орган мен Заңды тұлға арасындағы шарттық өзара
қарым-қатынастардың заңды шеңберін белгілейді.
4. Инвестициялық қызмет объектісі
4. Осы арнайы инвестициялық келісімшарт бойынша инвестициялық қызмет
объектісі, _________________________________________ орналасқан
(мекенжайы)
___________________________________________________ болып табылады.
(арнайы инвестициялық жобаның атауы)
5. Тараптардың құқықтары
5. Уәкілетті органның:
1) өкілеттіктерді табыстау шегінде Заңды тұлғамен тікелей келіссөздер жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуге;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқықтары бар.
6. Заңды тұлғаның инвестициялық жобаны іске асыру үшін инвестициялық келісімшарт талаптарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген әрекет жасауға құқығы бар.
7. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екжақты келісім бойынша арнайы инвестициялық келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.
6. Тараптардың міндеттері
8. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде осы арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу арқылы инвестициялық преференциялар беруге.
Заңды тұлға арнайы инвестициялық жобаны іске асыру кезінде осы арнайы инвестициялық келісімшарттың ережелерін сақтауға және бұзбауға міндеттенеді.
7. Форс-мажор
9. Арнайы нвестициялық келісімшарт бойынша қандай да болмасын орындалмаған міндеттемелер үшін, егер мұндай орындамау немесе орындау кезінде кідірту еңсерілмейтін күш (бұдан әрі – форс-мажор) мән-жайынан туған болса, Тараптардың ешқайсысы жауапты болмайды.
10. Форс-мажорға еңсерілмейтін күш мән-жайлары, яғни осы жағдайлар кезіндегі төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлар (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және тағы басқалары) жатады.
11. Арнайы нвестициялық келісімшарт бойынша жұмыстардың форс-мажор мән-жайларынан туындаған толық немесе ішінара тоқтауы кезінде жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізу жолымен осы жұмыстардың жүргізілу мерзімі форс-мажордың әрекет ету мерзіміне ұзартылады және форс-мажор аяқталған сәттен бастап жаңартылады.
12. Форс-мажор жағдайлары туындаған жағдайда, одан зардап шеккен Тарап ол басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде бұл туралы форс-мажор оқиғасы басталған күнді және сипаттамасын көрсете отырып, жазбаша хабарламаны тапсыру жолымен екінші Тарапты хабардар етеді.
13. Форс-мажор мән-жайлар туындаған кезде, Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығудың шешуін іздеу үшін дереу келіссөздер өткізеді және мұндай жағдайлардың зардаптарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
8. Құпиялылық
14. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы арнайы инвестициялық келісімшарттың әрекет ету мерзімі ішінде оны іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысты барлық құжаттар, ақпарат және есептер жөніндегі құпиялылық шарттарын (осы инвестициялық келісімшарттың 15-тармағына сәйкес) сақтайды.
15. Мына:
1) ақпарат сот тергеуі барысында пайдаланылатын;
2) егер үшінші тұлға мұндай ақпараттың құпиялылығы шарттарын сақтау және ол ақпаратты Тараптар белгіленген мақсаттарда және Тараптар анықтаған мерзімде ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, ақпарат Тараптардың біріне арнайы инвестициялық келісімшарт бойынша қызмет көрсететін үшінші тұлғаларға берілген;
3) арнайы инвестициялық келісімшарт бойынша Тарап қаржы қаражатын алатын банк немесе басқа қаржы ұйымы бұл ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтауға міндеттеме алуы шартымен ақпарат осындай банкке немесе басқа қаржылық ұйымына берілген;
4) кез келген, оның ішінде Заңды тұлғаның, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары шетелдік банктерде ашылған кез келген шоттарына қатысты банктік құпия болып табылатын ақпаратқа қол жетімділігі бар салық немесе өзге де Қазақстан Республикасының мемлекеттік уәкілетті органдарына берілген;
5) Уәкілетті орган арнайы инвестициялық келісімшарт жасалған арнайы инвестициялық жобаны іске асыруға қатысты нормативтік құқықтық актілерді жалпы ақпарат құралдарында жариялайды. Бұл ретте уәкілетті орган инвестициялардың сомасы мен іске асырылатын өңірлердің құрылатын жұмыс орындарының саны және арнайы инвестициялық жобаның атауы туралы ақпаратты ғана жариялауға құқылы.
9. Дауларды шешу
16. Даулы мәселе туындаған жағдайда, тараптар арнайы инвестициялық келісімшарттың кез келген ережелерін орындауға немесе түсіндіруге байланысты туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктерді өзара келіссөздер жолымен шешу үшін бар күш-жігерін салады.
17. Тараптар кез келген Тараптың екінші Тарапқа жазбаша өтінімін алған күннен бастап екі ай ішінде келісімге қол жеткізбеген жағдайда дауларды шешу Қазақстан Республикасының сот органдарында, сондай-ақ Тараптардың келісімімен айқындалатын халықаралық төреліктерде жүргізіледі.
18. Тараптар пайда болған даулар мен келіспеушіліктер толықтай шешілгенге дейін арнайы инвестициялық келісімшартта белгіленген міндеттемелерді орындаудан босатылмайды.
10. Арнайы инвестициялық келісімшарттың тұрақтылығына кепілдемелер
19. Заңды тұлғаның құқықтары мен мүдделері толық және сөзсіз қорғалады, бұл Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен қамтамасыз етіледі.
20. Заңды тұлғаның мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтін актілер шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекетінің (әрекетсіздігінің) салдарынан өзіне келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтетуге құқығы бар.
11. Қолданылатын құқық
21. Арнайы инвестициялық келісімшарт үшін Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
12. Арнайы инвестициялық келісімшарттың әрекет ету мерзімі және күшіне енуі
22. Осы арнайы инвестициялық келісімшарт оны жасасқан сәттен бастап күшіне енеді.
23. Арнайы инвестициялық келісімшарт ______________________________________ мерзім өткен соң күшін жояды.
13. Арнайы инвестициялық келісімшартты бұзу талаптары
24. Арнайы инвестициялық келісімшарт қолданысы мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1) арнайы инвестициялық келісімшартта көрсетілген мерзімнің өтуі немесе мерзімнен бұрын арнайы экономикалық аймақ қатысушысы, бос қойманың иесі ретінде тіркеуден бас тарту кезінде, заңды тұлғамен жасасқан моторлы көлік құралдарын жинау өндірісі туралы келісімдерді бұзған жағдайда, Заңды тұлғамен жасасқан арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу үшін негіздеме болып табылатын, моторлы көлік құралдарын жинау өндірісі туралы келісімдерді осындай Заңды тұлғамен міндеттемелерді, оның ішінде моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау туралы келісімді жасасқан, бос қойма иесімен осындай келісімдерде көрсетілген міндеттемелерді орындамаған жағдайда;
2) Заңды тұлғаның арнайы инвестициялық келісімшартты бұзуы туралы жазбаша өтініші негізінде;
3) Заңды тұлға 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 531, 534, 539, 544, 548, 549, 550, 551, 553-баптарында көзделген инвестициялық преференцияларды алу үшін арнайы инвестициялық жоба шеңберінде орындауға қажетті Қазақстан Республикасының Кедендік заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда.
14. Инвестициялық келісімшарт тілі
25. Арнайы инвестициялық келісімшарттың мәтіні, осы арнайы инвестициялық келісімшартқа қоса берілетін өзгерістер, қосымшалар, қосымша құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ қажет болған жағдайда ағылшын тілінде жасақталады. Барлық даналар егер, арнайы инвестициялық келісімшартта өзге жағдайлар көзделмеген болса, тең түпнұсқалы болып табылады және бірдей заңды күшке ие.
26. Тараптар ___________ тілі қатынас тілі ретінде қолданылатындығына уағдаласады.
15. Қосымша ережелер
27. Хабарламалар мен есептер тікелей қолма-қол немесе төменде көрсетілген мекенжайға хабарламасы бар почтамен жіберіледі:
уәкілетті орган:______________________________________________________
(атауы, заңды мекенжайы, телефондары)
уәкілетті органның басшысы __________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Заңды тұлға: _______________________________________________________
(атауы, заңды және іс жүзіндегі нақты мекенжайы, телефондары, электрондық почтасы)
Заңды тұлғаның басшысы ____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
28. Уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде арнайы инвестициялық келісімшарт жасасқаны немесе өзегертілгені, немесе бұзылғаны туралы мемлекеттік кірістер органын хабардар етеді.
29. Арнайы инвестициялық келісімшарт бойынша мекенжайлар өзгерген кезде Тараптардың әрқайсысы екі апта мерзімде екінші Тарапқа жазбаша хабарлама беруі тиіс.
30. Осы арнайы инвестициялық келісімшартқа _______ жылғы _____________ Қазақстан Республикасының Нұр-Сұлтан қаласында Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған.
Уәкілетті орган: | Заңды тұлға: |
Қолы_________ Мөр орны | Қолы __________ Мөр орны |
Арнайы инвестициялық үлгілік келісімшартқа қосымша |
Еркін қоймалар немесе арнайы экономикалық аймақтар аумағында немесе моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау келісімі шеңберінде өндіретін өнімдер (дайын өнім) тізілімі
Р/с № | Өнім (дайын өнім) атауы | СЭҚТН* коды ЕАЭО |
1. | ||
2. |
*СЭҚТН ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы
Уәкілетті орган: | Заңды тұлға: |
Қолы_________ Мөр орны | Қолы __________ Мөр орны |