Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 25 қазандағы № 928 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 30 қазанда № 19528 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11308 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 маусымда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      9-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, көлік құралдарының бар-жоғы (көрсетілетін қызметті алушы көлік құралының тіркеу нөмірін және көлік құралы куәлігінің тіркеу нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлерді, өрт сөндіру құтқару техникасын, жабдық пен құрал-жабдықты орналастыруға арналған объектінің бар-жоғы (көрсетілетін қызметті алушы жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлерде жүргізуші куәліктерінің бар-жоғы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде), көлік құралдарының міндетті техникалық байқауы (көрсетілетін қызметті алушы көлік құралының тіркеу нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлердің білімі және еңбек қызметі (көрсетілетін қызметті алушы жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";

      11-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.";

      көрсетілген стандарттың 1-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      11-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.";

      2) "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 514 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17281 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкте 2018 жылғы 13 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларында:

      4-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, көлік құралдарының бар-жоғы (көрсетілетін қызметті алушы көлік құралының тіркеу нөмірін және көлік құралы куәлігінің тіркеу нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлерді, өрт сөндіру құтқару техникасын, жабдық пен құрал-жабдықты орналастыруға арналған объектінің бар-жоғы (көрсетілетін қызметті алушы жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлерде жүргізуші куәліктерінің бар-жоғы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде), көлік құралдарының міндетті техникалық байқауы (көрсетілетін қызметті алушы көлік құралының тіркеу нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлердің білімі және еңбек қызметі (көрсетілетін қызметті алушы жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";

      көрсетілген қағидалардың 2-қосымшасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2019 жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 25 қазандағы
№ 928 бұйрығына
1-қосымша
  "Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтерді ұйымдардағы, елді
мекендердегі және
объектілердегі өрттердің алдын
алу және сөндіру, өрт
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
және авариялық-құтқару
жұмыстарын жүргізу жөніндегі
жұмыстарды жүргізу құқығына
аттестаттау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы Аттестат №__________________ аттестат нөмірі

      Осы аттестат ____________________________________________________

      заңды мекенжайы

      ____________________________________________________________________

      мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің атауы

      ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына

      ______________________________________________________________ берілді

      мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің түрі

      Төраға __________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Нұр-Сұлтан қаласы, 20___жылғы "___"_________________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 25 қазандағы
№ 928 бұйрығына
2-қосымша
  Мемлекеттік емес өртке
қарсы қызметтерді
аттестаттау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы Аттестат №__________________ аттестат нөмірі

      Осы аттестат ____________________________________________________

      заңды мекенжайы

      ____________________________________________________________________

      мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің атауы

      ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына

      ______________________________________________________________ берілді

      мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің түрі

      Төраға __________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Нұр-Сұлтан қаласы, 20___жылғы "___"__________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады