Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2019 жылғы 6 қарашадағы № 177-нқ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 қарашада № 19580 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының м.а. 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 110-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының м.а. 30.07.2020 № 110-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Комитет төрағасы М. Жайымбетов

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрлігінің
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері комитеті төрағасының
2019 жылғы 6 қарашадағы
№ 177-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Құрылыстағы технологиялық карталарды әзірлеу, келісу, бекіту және олардың құрамы жөніндегі Мемлекеттік нормативті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 413-нқ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12900 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының үшінші абзацының 489) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыстағы технологиялық карталарды әзірлеу, келісу, бекіту және олардың мазмұны жөніндегі мемлекеттік нормативте:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Технологиялық карталардың мазмұнына қойылатын талаптар";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Технологиялық карталарды әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Технологиялық карталарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Технологиялық карталарды ресімдеу ережелері";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Техникалық-нормалау карталарын әзірлеу, келісу және бекіту".

      2. "Қазақстан Республикасындағы құрылыстың есептік құнын айқындау жөніндегі Мемлекеттік нормативті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2016 жылғы 10 наурыздағы № 68-нқ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13604 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының үшінші абзацының 489) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылыстың есептік құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативте:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Құрылыстың есептік құнын айқындаудың негізгі қағидаттары";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді талап ететін жобалар бойынша құрылыстың есептік құнын айқындау";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздемелер құрамындағы құрылыс саласындағы мемлекеттік инвестициялық жобалар құрылысының есептік құнын айқындау";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Ұзақтығы бір күнтізбелік жылдан астам объектілер бойынша құрылыстың есептік құны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесінің 23-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдайтын бес жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында айқындалған инфляцияның болжамды деңгейін қолданып, күнтізбелік жылдар бойынша көлемдерін бөліп көрсете отырып, құрылыстың нормативтік мерзімі ескеріле отырып айқындалады.".

      3. "Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын сараптамалық ұйымдарға және Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкке электрондық-сандық нысандағы техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамасын қалыптастыру және ұсыну жөніндегі мемлекеттік нормативті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 106-НҚ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13736 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының үшінші абзацының 489) тармақшасына және Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын сараптамалық ұйымдарға және Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкке электрондық-цифрлық нысандағы техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамасын қалыптастыру және ұсыну жөніндегі мемлекеттік нормативте:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаларға электрондық-цифрлық нысанына қойылатын талаптар";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Сараптамалық ұйымдарға және Бірыңғай электрондық банкке техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамаларды электрондық-цифрлық нысанда беру".

      4. "Құрылыс сметаларындағы шығындардың конструктивтік-технологиялық топтамасы жөніндегі мемлекеттік нормативті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2016 жылғы 15 тамыздағы № 59-НҚ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14240 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының үшінші абзацының 489) тармақшасына және Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      5. "Қазақстан Республикасы құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 232-НҚ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14642 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 17 қаңтарда жарияланған):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 50-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының үшінші абзацының 489) тармақшасына және Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      6. "Қазақстан Республикасындағы құрылыс үшін инженерлік ізденістердің құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 239-нқ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14648 тіркелген, 2017 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының үшінші абзацының 489) тармақшасына және Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы құрылыс үшін инженерлік ізденістердің құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативте:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұзақтығы бір күнтізбелік жылдан астам объектілер бойынша құрылыстың есептік құны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесінің 23-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдайтын бес жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында айқындалған инфляцияның болжамды деңгейін қолданып, күнтізбелік жылдар бойынша көлемдерін бөліп көрсете отырып, құрылыстың нормативтік мерзімі ескеріле отырып айқындалады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады