Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын сараптамалық ұйымдарға және Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкке электрондық-сандық нысандағы техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамасын қалыптастыру және ұсыну жөніндегі мемлекеттік нормативті бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 106-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 мамырда № 13736 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.09.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының үшінші абзацының 489) тармақшасына және Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 06.11.2019 № 177-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын сараптамалық ұйымдарға және Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкке электрондық-сандық нысандағы техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамасын қалыптастыру және ұсыну жөніндегі мемлекеттік норматив бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері және жер ресурстарын
басқару комитетінің төрағасы
М. Жайымбетов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері және жер
ресурстарын басқару
комитеті төрағасының 2016 жылғы
21 ақпандағы № 106-нқ бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын сараптамалық ұйымдарға және Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкке электрондық-цифрлық нысандағы техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамасын қалыптастыру және ұсыну жөніндегі мемлекеттік норматив

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 06.11.2019 № 177-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы "Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын сараптамалық ұйымдарға және Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкке электрондық-цифрлық нысандағы техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамасын қалыптастыру және ұсыну жөніндегі мемлекеттік норматив" (бұдан әрі – Мемлекеттік норматив) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Мемлекеттік норматив сараптамалық ұйымдар мен мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен қаржыландыралатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың бірыңғай мемлекеттік электрондық банкіне (бұдан әрі – Бірыңғай электрондық банк) ұсынылатын техникалық-экономикалық негіздемелердің және жобалау-сметалық құжаттамасының электрондық-цифрлық нысанына қойылатын талаптарды қамтиды.

      3. Осы Мемлекеттік нормативте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жобаның және/немесе жұмыс жобасының электрондық-цифрлық нысандағы паспорты (бұдан әрі – жобаның электрондық паспорты) – негізгі қасбеттердің, жоспарлардың және бөліністердің (қималардың) схемалық бейнесі, қысқаша сипаттамасы және негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері, оның ішінде пайдалану сипаттамалары келтірілетін электрондық құжат;

      2) жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) – көлемдік-жоспарлау, конструкциялық, технологиялық, инженерлік, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешімдерді, сондай-ақ құрылысты, аумақты инженерлік дайындауды, абаттандыруды ұйымдастыруға және жүргізуге арналған сметалық есептерді қамтитын құжаттама;

      3) құрылыс объектілерінің электрондық-цифрлық нысандағы техникалық-экономикалық негіздемелері (бұдан әрі – ЭТЭН) – инвестициялау мақсатын, инвестициялар тиімділігінің негіздемелерін сипаттап, негізгі бастапқы деректерден тұратын электрондық құжаттар мен файлдардың логикалық құрылымдалған және ұйымдастырылған жиынтығы, оның ішінде: объектінің (кешеннің) жұмыс істеуінен күтілетін экономикалық, әлеуметтік және (немесе) коммерциялық тиімділік, сондай-ақ, құрылыс объектісінің негізгі техникалық және технологиялық өлшемдері туралы мәліметтер және объектінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің айқындамасы бар есептер;

      4) Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілері қаражатының есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалық-сметалық) құжаттамасының бірыңғай мемлекеттік электрондық банкі (бұдан әрі – Бірыңғай электрондық банк) – Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен бекітілген мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен қаржыландыралатын объектілердің құрылысына арналған электрондық жеткізгіштердегі жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама;

      5) объект құрылысының электрондық-цифрлық нысандағы жобалау-сметалық құжаттамасы (бұдан әрі – ЭЖСҚ) – көлемдік-жоспарлау, конструкциялық, технологиялық, инженерлік, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешімдерді қамтитын электрондық құжаттар мен файлдардың қисындық жағынан құрылымдалған және ұйымдастырылған жиынтығы, сондай-ақ құрылысты, аумақты инженерлік дайындауды, абаттандыруды ұйымдастыруға және жүргізуге арналған сметалық есептер;

      6) техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) – негізгі техникалық, технологиялық және өзге де шешімдер туралы мәліметтерді, сондай-ақ, негізгі техникалық-экономикалық параметрлерді айқындай отырып, пайданы және шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырушылығы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтитын құжат;

      7) файл – бағдарламадан тыс сыртқы жақта орналасатын және арнайы операциялар арқылы бағдарламаға қол жетімді болатын деректер түрінде нақты бағдарламада толық сипатталған даналардың сәйкестендірілген жиынтығы;

      8) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      9) электрондық тасығыш – ақпаратты электрондық нысанда сақтауға, сондай-ақ, оны техникалық құралдардың көмегімен жазуға немесе көрсетуге арналған материалдық тасығыш;

      10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиістілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаларға электрондық-цифрлық нысанына қойылатын талаптар

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 06.11.2019 № 177-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Электрондық-цифрлық нысанда ЖСҚ бөлімдерінің құрамына және мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының 2007 жылғы 29 мамырдағы № 163 бұйрығымен бекітілген Құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу, келісу, бекіту және құрамы туралы ережелердің Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына сәйкес қалыптастырылады және қағаз тасығыштағы құжаттаманың түпнұсқасына толық ұқсас.

      5. Электрондық-цифрлық нысандағы ЖСҚ құрамына және мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен құрамының Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына сәйкес қалыптастырылады және қағаз тасығыштағы құжаттаманың түпнұсқасына толық ұқсас.

      6. Жоба бөлімдерінің әрқайсысы бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу үшін ТЭН мен ЖСҚ ұсыну кезінде Тапсырыс беруші мынадай тәсілдердің бірімен электрондық құжаттарды қалыптастырады:

      1) қағаз түпнұсқаларды сканерлеу;

      2) қағаз тасығышта шығарусыз электрондық-цифрлық нысанның негізінде электрондық құжаттарды қалыптастырады.

      7. Жобаның мәтіндік және графикалық бөлігінің қағаз түпнұсқаларын сканерлеу тәсілімен ЭЖСҚ және ЭТЭН қалыптастыру мынадай талаптарды ескере отырып, жүргізіледі:

      1) жоба бөлімдерінің мәтіндік және графикалық бөлігінің сканерленген материалдарын мынадай қағидат бойынша PDF форматының көп бетті файлдары түрінде қалыптастыру қажет: "жобаның бір бөлімі (кіші бөлімі) – бір том (кітап) – бір файл";

      2) "бір бет - бір сызба - бір файл" қағидаты бойынша құжаттаманы қалыптастыруға жол берілмейді;

      3) PDF файлдарында мазмұны бойынша және кестелер мен суреттердің толық тізбесі бойынша бетбелгі жасау қажет;

      4) сканерлеу құжаттың түпнұсқасынан тікелей жүзеге асырылуы тиіс (ксерокөшірмеден сканерлеуге жол берілмейді);

      5) құжатта кез келген графикалық бейнелер болмаған кезде сканерлеу құжаттағы мәтін қара түсті болуы шартымен қара-ақ режимде жүзеге асырылады;

      6) құжатта түрлі-түсті графикалық бейнелер немесе түрлі-түсті мәтін болған кезде құжатты түрлі-түсті режимде сканерлеу қажет;

      7) құжатта түрлі-түстіден өзгеше бейнелер болған кезде сканерлеуді құжаттағы мәтіннің қара түсті болуы шартымен "Қоңыр түс" режиміне жүзеге асыру қажет;

      8) ЖСҚ (ТЭН) мәтіндік бөлігіндегі файлдарды 300 dpi рұқсатымен сканерлеу қажет;

      9) ЖСҚ (ТЭН) бөлігінің графикалық бөлігінің файлдары А4, А3, А2 форматы үшін кем дегенде 300 dpi (еселік форматтарды қоса алғанда) және А1 және А0 форматы үшін кем дегенде 400 dpi (еселік форматтарды қоса алғанда) рұқсатымен сканерленеді;

      10) ЖСҚ (ТЭН) бөлімін (кіші бөлімін), томды (кітапты) білдіретін электрондық-цифрлық нысандағы құжаттаманың әр файлы уәкілетті тұлғаның электрондық-цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.

      8. Қағаз тасығышта шығарусыз электрондық-цифрлық нысанның түпнұсқасы негізінде ЭЖСҚ және ЭТЭН қалыптастыру мынадай талаптарды ескере отырып, жүргізіледі:

      1) ЖСҚ (ТЭН) мәтіндік бөлігінің электрондық-цифрлық нысаны көп бетті PDF-файлдың форматында файлды тікелей жариялау жолымен дайындалады;

      2) ЖСҚ (ТЭН) графикалық бөлігінің электрондық-цифрлық нысаны DWF, DWFX форматының көп бетті файлдарындағы файлдарды тікелей жариялау жолымен дайындалады;

      3) қағаз тасығыштарда алынған және қабылданған тәртіппен келісілген үшінші ұйымдардан (мердігерлік, пайдаланушы) құжаттарды ЭЖСҚ құрамына енгізу осы Мемлекеттік нормативтің 7-тармағының талаптарына сәйкес жүргізіледі;

      4) ЖСҚ (ТЭН) электрондық-цифрлық нысаны "жобаның бір бөлімі (кіші бөлімі) – бір том (кітап) – бір файл" қағидаты бойынша жинақталады. ЖСҚ бөлімінің (кіші бөлімінің) мәтіндік және графикалық бөліктері үшін жекелеген кітаптарды (файлдарды) жинақтауға рұқсат беріледі. "Бір бет - бір сызба - бір файл" қағидаты бойынша құжаттаманы қалыптастыруға жол берілмейді.

      9. Егер, ЖСҚ (ТЭН) қалыптастыру кезінде жобаның графикалық бөлігінің негізіне айналған объектінің немесе оның жекелеген бөліктерінің (бөлімдерінің/кіші бөлімдерінің) 3D моделі әзірленсе, онда жобалаушы жобаланатын объектінің 3D моделін сараптамаға жібереді. Бұл жағдайда жобаның тиісті бөлімінің графикалық бөлігінің құрамына 3D моделдің жекелеген компоненттерін, түрлерін, тораптарын немесе 3D моделді толықтай енгізу қажет. Бұл үшін ЖСҚ (ТЭН) кешенінің берілетін графикалық бөлігі объектінің 3D моделімен толықтырылады. 3D модель немесе оның жекелеген бөлшектері 3D PDF, 3D DWF немесе 3D DWFX жариялау үшін редакцияланбайтын форматта ұсынылуы мүмкін.

      10. Қағаз тасығышта шығарусыз режимінде ЭЖСҚ (ЭТЭН) куәландыру мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:

      1) ЖСҚ (ТЭН) норма бақылауды әзірлеуге және келісуге қатысатын әрбір тұлға өз ЭЦҚ-мен электрондық құжатты (бұдан әрі - ЭҚ) куәландырады. Куәландыру тәртібі жобалаушы ұйымның ішкі регламенттерімен айқындалады. Толық дайындалған ЭҚ-ға Тапсырыс беруші ЭЦҚ қол қояды;

      2) барлық жауапты тұлғалардың ЭЦҚ қамтамасыз ету мүмкін емес болған жағдайда жобаның жекелеген құжаттарына, кітаптарына, бөлімдеріне (томдарына) ақпараттық-куәландыру парағын (бұдан әрі - КП) рәсімделеді. КП-да оларға шығарылған тиісті ЭҚ әзірлеген, тексерген, келіскен және бекіткен тұлғалардың тектері мен түпнұсқа қолдары ЭҚ белгілеуі көрсетіледі. ЭҚ пен КП әзірлеген тұлғаның қолы және норма бақылау міндетті болып табылады. "Күні" тиісті бағанындағы КП-да бекітілген файлдың соңғы өзгерісінің күні мен уақыты көрсетіледі. КП ресімдеу бойынша ұсынымдар 2.051-2006 "Электрондық құжаттар" МЕСТ-те бар. Қағаз тасығышта толық ресімделген КП PDF форматында сақтаумен сканерленеді, Тапсырыс берушінің ЭЦҚ куәландырылады, одан кейін бір кітапқа (файлға) тігіледі және сараптамадан өту үшін беріледі.

      11. Сметалық құжаттаманы осы Мемлекеттік нормативтің 7, 8-тармақтарының талаптарына сәйкес жергілікті ресурстық сметалардың шығыс деректері мен есебі нәтижелерін ұсынудың әмбебап форматында (бұдан әрі – KENML форматы) және PDF форматында электрондық құжат түрінде бір мезгілде ұсыну қажет. Жергілікті ресурстық сметалар есебінің нәтижелерін беру форматының сипаттамасы және мақсаты осы Мемлекеттік нормативтің 1-қосымшасына сәйкес ұсынылады.

      Сметалық-есептік бағдарламалардың осы Мемлекеттік нормативке 2-қосымшаға сәйкес жергілікті сметалар файлдарының әмбебап форматын (ХМL негізінде KENML) техникалық сипаттауда ұсынылған талаптарға сәйкес KENML форматында сметалық есептердің шығыс деректері мен есеп нәтижелерін жүктеудің техникалық мүмкіндігі болуы тиіс.

      12. Файлдардың атауы титулды парақтарда, негізгі мәтіндік және графикалық құжаттардағы жазбаларда (мөртаңбаларда) және жобалау құжаттамасының құрамында көрсетілген атауларына сәйкес келуі тиіс.

      13. Қалыптастырылған электрондық құжат материалдарының құрамы және оларды ұсыну нысаны оларды басып шығару кезінде пайдаланушының тарапынан қандай да бір қосымша іс-әрекеттерді – құжаттың толық қағаз көшірмесін дайындауды басып шығару кезінде осындай түрде ұсынылуы қажет. Графикалық бейнелеу масштабы бойынша да және түсті бейнелеу бойынша да түпнұсқаға сәйкес келуі тиіс және қарау үшін оңтайландырылуы тиіс.

      14. Тапсырыс беруші сараптама ұйымының сұрау салуы бойынша анықтама материалы ретінде файлдарды/электрондық құжаттарды ЭЖСҚ және/немесе ЭТЭН құру пайдаланатын бағдарламалар файлдардың форматында ұсынады.

3-тарау. Сараптамалық ұйымдарға және Бірыңғай электрондық банкке техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамаларды электрондық-цифрлық нысанда беру

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 06.11.2019 № 177-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Сараптамалық ұйымдарға ТЭН-ді және ЖСҚ-ны электрондық-цифрлық нысанда беру Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ, бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілері қаражатының есебінен қаржыландырылатын қаражат есебінен әзірленген жобаларды Бірыңғай электрондық банкке енгізу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 705 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12422 болып тіркелген Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен қаржыландыралатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

  Мемлекеттік инвестициялардың және
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің
қаражаты есебінен қаржыландырылатын
объектілердің құрылысына арналған жоба
алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық)
құжаттамасын сараптамалық ұйымдарға және
Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкке
электрондық-цифрлық нысандағы
техникалық-экономикалық негіздемелерді
және жобалау-сметалық құжаттамасын
қалыптастыру және ұсыну жөніндегі
мемлекеттік нормативке
1-қосымша

Жергілікті ресурстық сметалар есебінің нәтижелерін беру
форматының сипаттамасы және мақсаты

      1. Жергілікті сметалардың бастапқы деректерін және есеп нәтижелерін сақтау мен берудің әмбебап форматы мынадай:

      1) жобалау процесіне қатысушылар арасында бастапқы деректермен және есеп нәтижелерімен алмасу;

      2) сметалардың сараптамасын орындау;

      3) электрондық мұрағатты бірыңғай форматта қалыптастыру мақсатына арналған.

      2. Әмбебап форматы UTF-8 (RFC 3629) кодтауда XML (RFC 3023) форматының файлын білдіреді, бұл бір файлда көптеген тілді және арнайы нышандарды пайдалануға мүмкіндік береді. XML тіліне негізделген деректерді сақтаудың ашық форматын пайдалану идеологиясы пайдаланушыларға құжатпен жұмыс істеу үшін мәтіндік редакторға дейін кез келген бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдауға мүмкіндік береді. Сметалық есептердің барлық нәтижелерін бірыңғай форматта сақтау қажет болған жағдайда бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізушіні ауыртпалықсыз ауыстыруға мүмкіндік береді. Бұдан өзге, бірыңғай ашық форматтағы нәтижелермен алмасу жобалау процесіне барлық қатысушыларды бір бағдарламалық өнімде жұмыс істеуге міндеттемейді.

  Мемлекеттік инвестициялардың және
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің
қаражаты есебінен қаржыландырылатын
объектілердің құрылысына арналған жоба
алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық)
құжаттамасын сараптамалық ұйымдарға және
Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкке
электрондық-цифрлық нысандағы
техникалық-экономикалық негіздемелерді
және жобалау-сметалық құжаттамасын
қалыптастыру және ұсыну жөніндегі
мемлекеттік нормативке
2-қосымша

Жергілікті сметалар файлдарының әмбебап форматының
(XML негізінде KENML) техникалық сипаттамасы

Торап

Атрибут

Типі

Мәні

ҚҰЖАТ



Файлдың негізгі торабы


Формат нұсқасы

STRING

Экспорт форматы нұсқасының нөмірі, XX.YY, онда XX – негізгі нөмір,.YY – қосымша


Типі

INTEGER

Құжат типі,

1 – Инвесторлық жоба

2 – Оферта


Генератор

STRING

Құжатты қалыптастырған бағдарлама


Күні

STRING

КК.АА.ЖЖЖЖ форматынде құжатты жасау акүні


Уақыты

STRING

СС:ММ:СС форматында құжатты жасау уақыты


СНБ нұсқасы

STRING

Сметалық-нормативтік базаның есебі кезінде пайдаланылатын нұсқа


Нұсқа

STRING

Есепті орындаған бағдарлама нұсқасы


Бірегей Сәйкестендіруші

GUID

['{F02A446F-F449-420E-B9A5-166A9303EBF8}'] форматындағы құжаттың GUID


Құрылыс атауы

STRING

Құрылыс атауы


Құрылыс шифрі

STRING

Құрылыс шифры


Жобалау сатысы

STRING

Жобалау сатысы


Басшы

STRING

Жобалау ұйымы басшысының аты-жөні


ЖБИ

STRING

Бас инженердің аты-жөні


Сметалық Бөлім Бастығы

STRING

Сметалық бөлім бастығының аты-жөні


Валюта

STRING

Құжат валютасының атауы


Валюта Коды

STRING

Құжат валютасының халықаралық коды


Өңір Нөмірі

INTEGER

Сметалық есеп өңірінің нөмірі


Аудан Нөмірі

INTEGER

Сметалық есеп ауданының нөмірі


Аумақ Нөмірі

INTEGER

Сметалық есеп аумағының нөмірі


СБК Аймақ Нөмірі

INTEGER

Сметалық бағалар каталогы бойынша аймақ нөмірі


Ұйым Коды

STRING

Ұйым коды


Құрылыс Түрі

STRING

Құрылыс түрінің коды – Норматив шифрі Құрылыстағы үстеме шығыстардың шамасын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативке 3-қосымша


ҮСТ2 Көрсеткіші

DOUBLE

2 деңгейдегі үстеме шығыстар есебі үшін қабылданған көрсеткіш, %.


СП Көрсеткіші

DOUBLE

Сметалық пайданың есебі үшін қабылданған көрсеткіш, %.


Баға Деңгейі

STRING

Баға деңгейі, формат ЖЖЖЖ.Т – жыл.тоқсан форматы


Бірлікті Дөңгелектеу

INTEGER

Позицияның бірлік құнын дөңгелектеу кезінде он таңбалық белгілердің саны


Дөңгелектер Барлығы

INTEGER

Позицияның құнын дөңгелектеу кезінде он таңбалық белгілердің саны


Еңбек Бірлігін Дөңгелектеу

INTEGER

Позицияның өлшем бірлігіне арналған еңбек шығындарын дөңгелектеу кезінде он таңбалық белгілер саны


Барлық Еңбекті Дөңгелектеу

INTEGER

Позицияның көлеміне арналған еңбек шығындарын дөңгелектеу кезінде он таңбалық белгілер саны


Тарау

INTEGER

Құрылыс құнының сметалық есебі тарауының нөмірі


Объектінің Атауы

STRING

Объект атауы


Құжат Атауы

STRING

Құжат атауы


Объект Шифрі

STRING

Объект шифры


Смета Шифры

STRING

Смета шифры


Сызбалар Тізімі

STRING

Смета бойынша сызбалар тізімі


Құрылыс Көлемі

DOUBLE

Смета бойынша құрылыс көлемі


Өлшегіш

STRING

Смета өлшегіші


Құжат Нөмірі

STRING

Сметалық құжаттағы құжат нөмірі


Жұмыстар Тізімі

STRING

Смета жұмыстарының тізімі


Құрастырды

STRING

Құрастырушының аты-жөні


Тексерді

STRING

Тексерушінің аты-жөні


Деректерді Енгізу

STRING

Оператордың аты-жөні

Құрылысы

ҚҰЖАТТЫҢ ата-ана торабы



Жергілікті сметалық құжат типінің құжат құрылымының иерархиялық сипаттауынан тұрады

ТАРАУ

Ата-ана торабы ҚҰРЫЛЫМ немесе БӨЛІМ





Типі

INTEGER

Тарау типі, 1 – Бөлік, 2 – Бөлім, 3 - Бөлімше, 4 – Кіші бөлімше


ID

GUID

Құжат бөлімшесінің GUID


Атауы

STRING

Құжат бөлімшесінің атауы


Өлшегіш

STRING

Құжат бөлімшесінің өлшегіші


Ескерту

STRING

Құжат бөлімшесіне ескерту





ПОЗИЦИЯ

Ата-ана торабы ҚҰРЫЛЫМ немесе БӨЛІМ



Барлық ресурстық және құндық көрсеткіштерді келтірумен құжаттың жекелеген сметалық позициясының сипаттамасынан тұрады.


ID

INTEGER

Құжаттағы позиция нөмірі


GUID

GUID

Позиция GUIDи


Типі

INTEGER

Сметалық позиция типі,

0 – жұмыс, 1 – материал, 2 – жергілікті материал, 2 – инженерлік жабдық, 3 – технологиялық жабдық, 4 – жиһаз және мүкәммал, 5 – конструкция, 6 - тасымалдар


СНБ коды

STRING

Сметалық-нормативтік базада қабылданған сметалық позиция коды, мысалы ХХ-ХХХХХХ-ХХХХ.

Егер мәтіндік позиция – бос жол.


Жергілікті Код

STRING

Сметалық бағдарламада қабылданған сметалық позиция коды


Атауы

STRING

Позиция атауы


Код түсініктемесі

STRING

Позиция шифріне (негіздемеге) түсініктеме


Атау түсініктемесі

STRING

Позиция атауына түсініктеме


Көлем

DOUBLE

Позиция көлемі


Формула Көлемі

STRING

Көлем есебі формуласының жолы


Өлшегіш

STRING

Позицияның өлшем бірлігі


Жұмыстар Түрлері

STRING

Жұмыс түрінің коды – Норматив шифрі Құрылыстағы үстеме шығыстардың шамасын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативке 2-қосымша


Шығындар Түрі

STRING

Шығындар түрі, Қ – құрылыс жұмыстары, М – монтаж жұмыстары, Ж – жабдық, І – іске қосу жұмыстары, ӨЖ – өзге де жұмыстар және шығындар


ҮСТ1

DOUBLE

Егер, ол нормативтіктен ерекшеленетін болса, 1 деңгейдегі үстеме шығыстар есебі үшін көрсеткіш


ҮСТ2

DOUBLE

Егер, ол нормативтіктен ерекшеленетін болса, 2 деңгейдегі үстеме шығыстар есебі үшін көрсеткіш


СП

DOUBLE

Егер, ол нормативтіктен ерекшеленетін болса, сметалық пайданың есебі үшін көрсеткіш

ҚҰНЫ

Ата-ана торабы ПОЗИЦИЯ



Бірлік пен көлемге арналған позицияның құн көрсеткіштерінен тұрады

БІРЛІК

Ата-ана торабы ҚҰНЫ



Жоба валютасында көлем бірлігіне позицияның құн көрсеткіштері


ПЗ

DOUBLE

Позиция (сметалық) бірлік бағасы


МТ

DOUBLE

Материалдық ресурстар құны


ЖА

DOUBLE

Жұмысшылардың еңбегін төлеу


ОР

DOUBLE

Жұмысшылар еңбегінің орташа разряды


МЖ

DOUBLE

Механизаторлардың еңбегін төлеу


ЕМ

DOUBLE

Машиналар мен механизмдерді пайдалану құны


САЛМАҚ

DOUBLE

КГ-да көлем бірлігіне арналған сметалық позиция салмағының көрсеткіші (жабдық пен конструкциялардың позициялары үшін)


МТВ

DOUBLE

Қайтарылатын материалдардың құны


БОС

DOUBLE

Жабдықтың босатылатын құны


КШ

DOUBLE

Көлік шығыстары (жабдық үшін)


ДАҚ

DOUBLE

Дайындау-қойма шығыстары (жабдық үшін)


ДАҚК

DOUBLE

Дайындау-қойма шығыстарының есебі үшін көрсеткіш, % (жабдық үшін)









БАРЛЫҒЫ

Ата-ана торабы ҚҰНЫ



Көлемге арналған позицияның құн көрсеткіштері


ТШ

DOUBLE

Тікелей шығындар


МТ

DOUBLE

Материалдардың құны


ЖА

DOUBLE

Жұмысшылардың еңбегін төлеу


ОР

DOUBLE

Жұмысшылар еңбегінің орташа разряды


МЖ

DOUBLE

Механизаторлардың еңбегін төлеу


ЕМ

DOUBLE

Машиналар мен механизмдерді пайдаланудың құны


МТВ

DOUBLE

Қайтарылатын материалдардың құны


ЖМҚ

DOUBLE

Жергілікті материалдардың құны


МТК

DOUBLE

Конструкциялар құны


ІСҚ

DOUBLE

Іске қосуға және реттеуге арналған шығындар құны


ЖА

DOUBLE

Жабдықтың сметалық құны


БОС

DOUBLE

Көлемге арналған жабдықтың босатылым бағасы


КШ

DOUBLE

Көлемге арналған көлік шығыстары (жабдық үшін)


ДҚШ

DOUBLE

Көлемге арналған дайындау-қойма шығыстары (жабдық үшін)


ҮСТ1

DOUBLE

1 деңгейдегі үстеме шығыстары


ҮСТ2

DOUBLE

2 деңгейдегі үстеме шығыстары


СП

DOUBLE

Сметалық пайда


БАРЛЫҒЫ

DOUBLE

Сметалық құн





РЕСУРС

Ата-ана ПОЗИЦИЯ



Позиция ресурсының сипаттамасынан тұрады. Егер, материал немесе жабдық типінің позициясы, онда ресурс торабы сондай толтырылады.


ID

GUID

Ресурс GUID


Атауы

STRING

Ресурс атауы


Типі

INTEGER

Ресурс типі: 1 – еңбек шығындары, 2 – материал, 3 – машина, 4 – инженерлік жабдық, 5- технологиялық жабдық


СНБ коды

STRING

СНБ-те қабылданған ресурс коды


Жергілікті Код

STRING

Есепті орындаған бағдарламада қабылданған ресурс коды


Баға

DOUBLE

Ресурс бағасы


МЖ

DOUBLE

Машиналар үшін, оның ішінде, механизаторларлың еңбегін төлеу


ОР

DOUBLE

Еңбек шығындары үшін – орташа разряд


БОС

DOUBLE

Материалдар мен жабдық үшін – босатылым бағасы


КШ

DOUBLE

Материалдар мен жабдықтар үшін – көлік шығыстары


ДҚШ

DOUBLE

Материалдар мен жабдықтар үшін – дайындау-қойма шығыстары


ДҚШК

DOUBLE

Дайындау-қойма шығыстарының есебі үшін көрсеткіш, %


Норма

DOUBLE

Бірлікке арналған шығыс нормасы


Өлшегіш

STRING

Ресурсты өлшеу бірлігі


Салмақ

DOUBLE

Ресурсты өлшеу бірлігінің салмағы


Мәртебе

STRING

Нормативке қатысты ресурсқа арналған қолданылғн әсер ету:

Ауыстырылды, түзетілді, жойылды, қосылды, алып тасталды


ID Ауыстыру

GUID

Норматив бойынша шығыс, ауыстырылған ресурсқа арналған сілтеме


Жеткізу

STRING

Жеткізу белгісі: М – мердігер, Т – тапсырыс беруші, Б – Бас мердігер.





ҚҰЖАТ ЖИЫНЫ

Ата-ана торабы ДОКУМЕНТ



Құжаттың жиынтық құн көрсеткіші


Құрылыс

DOUBLE

Құрылыс жұмыстарының құны


Монтаж

DOUBLE

Монтаж жұмыстарының құны


Инженерлік Жабдық

DOUBLE

Инженерлік жабдық құны


Технологиялық Жабдық

DOUBLE

Технологиялық жабдық құны


Жиһаз Мүкәммал

DOUBLE

Жиһаз мен мүкәммал құны


Өзгелері

DOUBLE

Өзге де шығындар


Барлығы

DOUBLE

Сметалық құнның барлығы


Мердігердің Шығындары

DOUBLE

Оның ішінде мердігердің шығындары


Тапсырыс берушінің Шығындары

DOUBLE

Оның ішінде тапсырыс берушінің шығындары





РЕСУРС ЖИЫНЫ

Ата-ана торабы ДОКУМЕНТ



Құжат бойынша ресурстардың сипаттамасынан тұрады

ЖИЫН РЕСУРС

Ата-ана торабы ЖИЫН РЕСУРС



Құжат ресурсының сипаттамасынан тұрады.


ID

INTEGER

Ресурстың реттік нөмірі


Атауы

STRING

Ресурс атауы


Типі

INTEGER

Ресурс типі: 1 – еңбек шығындары, 2 – материал, 3 – машина, 4 - жабдық


СНБ коды

STRING

СНБ-да қабылданған ресурс коды


Жергілікті Код

STRING

Есепті орындаған, бағдарламада қабылданған ресурс коды


Баға

DOUBLE

Құжат бойынша ресурстың орташаланған бағасы


МЖ

DOUBLE

Машиналар үшін, оның ішінде, механизаторлардың еңбегін төлеу


ОР

DOUBLE

Еңбек шығындары үшін – орташа разряд


БОС

DOUBLE

Материалдар мен жабдықтар үшін – босатылым бағасы


КШ

DOUBLE

Материалдар мен жабдықтар үшін – көлік шығыстары


ДҚШ

DOUBLE

Материалдар мен жабдықтар үшін – дайындау-қойма шығыстары


ДҚШК

DOUBLE

Дайындау-қойма шығыстарының есебі үшін көрсеткіш, %


Норма

DOUBLE

Бірлікке арналған шығыс нормасы


Өлшегіш

STRING

Ресурс өлшегішінің бірлігі


Салмақ

DOUBLE

Ресурс өлшегіші бірлігінің салмағы


Жеткізу

STRING

Жеткізу белгісі: М – мердігер, Т – тапсырыс беруші, Б – Бас мердігер.

КОЭФФИЦИЕНТТЕР

Ата-ана торабы

ҚҰЖАТ немесе ТАРАУ не ПОЗИЦИЯ



Белгіленген коэффициенттердің тізімінен тұрады

КОЭФФИЦИЕНТ



Коэффициенттің сипаттамасынан тұрады


Атауы

STRING

Коэффициент атауы


Сілтеме

STRING

Нормативке сілтеме


Типі

INTEGER

Коэффициент типі:

1 – Жұмыс жүргізу талаптары,

2 – Қолдану талаптары,

3 – Жабдыққа есептеулер,

4 – Үстеме есебіне және пайда үшін көрсеткіштерге коэффициенттер,

5 – Айқындалмаған


Позициялар Тізімі

STRING

Егер, құжаты үшін коэффициент ЛС немесе бөлімше типі олар үшін осы коэффициент қолданылатын позициялар нөмірлерінің тізімі, Тізім форматында = ID | Тізім[, ID]


Жұмыс Типі

STRING

Өндіріс талаптарының типі коэффициенттері үшін олар үшін осы коэффициент қолданылатын жұмыстар типі:

Қ – құрылыс, М – монтаж, Ж – жөндеу-құрылыс, І – іске қосу, К – 46-бөлімшенің құрылыс.


Еңбек Коэффициенті

DOUBLE

Жұмысшылардың еңбек шығындарына коэффициент еңбекті төлеу шамасына да әсер етеді


ЖаК

DOUBLE

Жұмысшылардың жалақысына коэффициент


МашК

DOUBLE

Машиналарды пайдалану уақытына коэффициент машинистердің еңбек шығындарына және машинистердің еңбегін төлеуге әсер етеді


ЕңбекмашК

DOUBLE

Машинистердің еңбек шығындарына коэффициент машинистердің еңбегін төлеуге әсер етеді


МашжалК

DOUBLE

Машинистердің жалақысына коэффициент


МатериалдарК

DOUBLE

Материалдық ресурстардың шығысына коэффициент материалдардың құнына әсер етеді


матқұнК

DOUBLE

Материалдардың құнына коэффициент


КөлпрцК

DOUBLE

Жабдық үшін көлік шығындарының құны есебі үшін босатылым бағасынан процент


ДҚпрцК

DOUBLE

Франко-жоба маңы қоймасы жабдығының құнынан процент


ҮШК1

DOUBLE

1 деңгейдегі үстеме шығыстар есебі үшін көрсеткішке коэффициент


ҮШК2

DOUBLE

2 деңгейдегі үстеме шығыстар есебі үшін көрсеткішке коэффициент


СПК

DOUBLE

Сметалық пайда есебі үшін көрсеткішке коэффициент


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады