"Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 12 қарашадағы № 1248 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 қарашада № 19585 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16534 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Санаттау субъектісінің тәуекел дәрежесі құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары және құпия (қызметтік) ақпарат болып табылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары бойынша есептеледі және жартыжылдықта бір рет өзектендіріледі.

      Салықтық берешекті және (немесе) әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті күнтізбелік отыз күннен астам өтемеген жағдайда, тәуекел дәрежесі төмен деп айқындалған салық төлеушілер бойынша тәуекел дәрежесі айына бір реттен кем емес өзектендірілуге жатады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. "Бұрын ұсынылған салықтық есептілікке бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізу" өлшемшарты, егер салық төлеуші корпоративтік табыс салығы және (немесе) қосымша құн салығы бойынша азайтуға бестен астам қосымша декларациялар ұсынған, бұл ретте осындай декларацияларды ұсыну үшін белгіленген күннен бастап он екі және одан да көп айлар өтіп кеткен жағдайда анықталады.

      Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы алты ай болып табылады.

      Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілер бойынша өлшемшарт қабылданбайды.

      Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекелдер деңгейіне әсер етуі–теріс.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. "Шот-фактураны электрондық түрде жазып беру" өлшемшарты шот-фактураны электрондық түрде жазып берген жағдайда анықталады.

      Осы өлшемшарттың басымдылығы:

      қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер үшін – 2 балл алу;

      қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмаған салық төлеушілер үшін – 3 балл алу.

      Тәуекел дәрежесіне әсер етуі – оң.";

      мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын:

      "25. "Салықтар және әлеуметтік төлемдер бойынша дәйекті берешектің болмауы" өлшемшарты осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген күннің алдындағы алты айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша анықталады.

      Осы өлшемшарттың басымдылығы – 3 балл алу, тәуекел дәрежесіне әсер етуі – оң.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады