"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 12 қарашадағы № 433 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 10 тамыздағы № 283 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 тамызда № 23973 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 30-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 12 қарашадағы № 433 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19593 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қызметтік куәлік Министрліктің аппарат басшысына және комитет төрағаларына Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрдің қолы қойылып беріледі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қызметтік куәліктерді беруді және қайтаруды есепке алуды Министрліктің Персоналды басқару департаментінің Кадр жұмысы басқармасы (бұдан әрі – КЖБ) жүргізеді.

      Министрліктің аппарат басшысы және комитет төрағалары жаңа қызметтік куәлік рәсімдеу және алу үшін өздерінің 3х4 см көлемдегі екі дана түрлі түсті фотосуретін кадр қызметіне тапсыруы қажет. Бір фотосурет қызметтік куәлікке, екінші фотосурет осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысандағы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік куәлігін беруді есепке алу журналына (бұдан әрі – есепке алу журналы) жапсырылады.

      Қызметкерлер алған қызметтік куәлік үшін қызметтік куәліктерді беруді есепке алу журналында қол қояды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті қызметтік куәлікті беруге жауапты КЖБ қызметкерлері қайтарып алады және есепке алу журналына жазба енгізеді және қызметтік куәлікті тапсырған қызметкер қол қояды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметтік куәлігінің сипаттамасында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қызметтік куәліктің ішкі жағының ақ түсті фонында жасырын түрдегі күн және шеңбер ішіндегі қалықтаған қыранды қолдана отырып, көк түсті қорғаныш тангир бейнеленген.

      Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) қызметтік куәлігінде жоғарғы бөлігінде "QAZAQSTAN RESPÝBLIKASYNYŃ AQPARAT JÁNE QOǴAMDYQ DAMÝ MINISTRLIGI", "МИНИСТЕРСТВО ИНФОРМАЦИИ И ОБЩЕСТВЕННОГО РАЗВИТИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН" деген жазу орналастырылған.

      Министрліктің комитеттерінің қызметтік куәлігінде қосымша жолда "AQPARAT KOMITETI", "КОМИТЕТ ИНФОРМАЦИИ", "AZAMATTYQ QOǴAM ISTERI KOMITETI", "КОМИТЕТ ПО ДЕЛАМ ГРАЖДАНСКОГО ОБЩЕСТВА", "JASTAR JÁNE OTBASY ISTERI KOMITETI", "КОМИТЕТ ПО ДЕЛАМ МОЛОДЕЖИ И СЕМЬИ", "DIN ISTERI KOMITETI", "КОМИТЕТ ПО ДЕЛАМ РЕЛИГИЙ", "ETNOSARALYQ QATYNASTARDY DAMYTÝ KOMITETІ", "КОМИТЕТ ПО РАЗВИТИЮ МЕЖЭТНИЧЕСКИХ ОТНОШЕНИЙ", деген жазу орналастырылған. Сол жағында: көлемі 3х4 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), қызметтік куәліктің нөмірі, министрдің қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған қазақ тіліндегі мәтін. Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, қызметтік куәліктің, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті "QAZAQSTAN" деген жазу және орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында куәліктің жарамдылық мерзімі (екі жыл мерзімге беріледі) көрсетіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Персоналды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрдің міндетін атқарушы
К. Ойшыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады