"Тақырыптық және қарсы тексерулер тағайындау мен хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешім шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 197 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 12 қарашадағы № 1249 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 қарашада № 19605 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тақырыптық және қарсы тексерулер тағайындау мен хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешім шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16479 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 14 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тақырыптық және қарсы тексерулер тағайындау мен хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешім шығару қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қарсы тексеру тағайындау және қарсы тексеру жүргізу туралы мемлекеттік кірістер органына сұрау салу жіберу үшін мемлекеттік кірістер органдары, оның ішінде мынадай:

      тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) мәмілелері бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), мүлікті өткізуден алынған пайданы кіріс есебіне жатқызбау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып (оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, жол берілген түзетулермен, тазартулармен, бұлыңғыр, анық емес қойылған қолдармен, ұйымдардың мөрлерімен, мөртабандарымен), жазбаша нысанда шарт жасаспастан тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу немесе тауарларды тиеп-жөнелту, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету;

      өзара талаптарды өтеуді есепке жатқызуларды, талап құқықтарын беру жөніндегі операцияларды, тауар алмасу және ақшасыз операциялардың нәтижелерінің бухгалтерлік есепте болуы не оларды көрсетпеу;

      ақысын төлеу қолма-қол ақшамен жүргізілген азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу;

      салық салынатын айналым мөлшерін түзету және қосылған құн салығының есебіне жатқызу сомасына түзетулер жүргізілген қосымша шот-фактуралар ұсыну;

      шығыстарды корпоративтік (жеке) табыс салығы бойынша шегерімге және іс жүзінде тауарларды жеткізбей, жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, салық сомасын қосылған құн салығының есебіне жатқызу мақсатында мәмілелер жасасу;

      тауардың қосылған құнын ұлғайту, тиісінше, есепке жатқызуға жатқызылған ҚҚС сомасының есептелген салық сомасынан асып түсуін өсіру мақсатында мәмілелер жасасу;

      басшысына (құрылтайшысына) қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабында көзделген құқық бұзушылықтар бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде қылмыстық іс тіркелген тікелей жеткізушімен өзара есеп айырысулар бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу;

      мемлекеттік органдардан, оның ішінде құқық қорғау органдарынан салық төлеуден жалтару белгілері мен фактілері туралы ақпарат алу;

      Салық кодексімен белгіленген тәртіпте жанама әдісінің негізінде салық салу объектілерін және салық салумен байланыс объектілерін анықтау жағдайларын да қарайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтын 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлеметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары-
Қаржы министрі
А. Смаилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады