Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 203 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 қарашада № 19641 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 19 қарашадағы
№ 203 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Тұрақтандыру банкін басқару, жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелерді жасасу, төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізу, тұрақтандыру банкінің активтер мен міндеттемелерді уәкілетті орган айқындайтын басқа банкке беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 312 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14785 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрақтандыру банкін басқару, жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелерді жасасу, төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізу, тұрақтандыру банкінің активтер мен міндеттемелерді уәкілетті орган айқындайтын басқа банкке беру қағидаларында:

      24-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өтінімдер берген күнге 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін орындалмаған әкімшілік жазалар, уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған қадағалап ден қою шаралары (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) және санкциялар жоқ;".

      2. "Банктік депозиттік сертификаттарды шығару және олардың айналысы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 264 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16229 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік депозиттік сертификаттарды шығару және олардың айналысы қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Банктік депозиттік сертификаттарды шығару және олардың айналысы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің банктік депозиттік сертификаттарды (бұдан әрі – депозиттік сертификат) шығару және айналысы тәртібін айқындайды.".

      3. "Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, Ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 48 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16772 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 61-5-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 61-5-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – ұйым) ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейді.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидалары мен мерзімдерінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 61-5-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – ұйым) ақпараттық жүйелердегі жөнсіздіктер, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты ұсыну тәртібін және мерзімдерін айқындайды.".

      4. "Банктік салым шарттары бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларын, оның қолданылу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 194 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17493 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік салым шарттары бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларында, оның қолданылу шарттарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Банктік салым шарттары бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидалары, оның қолданылу шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – банк) үшін жеке және заңды тұлғалармен жасалатын мерзімді немесе жинақ салымдары шарттары (бұдан әрі – шарт) бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібі мен қолданылу шарттарын айқындайды.";

      3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына сәйкес белгілейтін базалық мөлшерлеме;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады