БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10250 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 сәуірде "Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған") мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:
1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авария - ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) техникалық құрылғылардың бұзылуы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауіпті заттардың шығарындысы;
2) аномальдық жоғары қыртыс қысым – аномальдық коэффиценті 1,5 және одан жоғары кенжатынының жиынтығының қабаттық қысымы аномальдық жоғары болатын жобалар танылады;
3) рұқсат беру-наряд – жұмыс істеп тұрған кәсіпорын аумағында құрылыс-монтаждау және (немесе) жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ресімделетін жұмыстар өндірісіне жұмыс істеп тұрған кәсіпорыннан туындайтын өндірістік қаупі бар немесе туындауы мүмкін тапсырма;
4) технологиялық регламент – технологиялық процесті немесе оның жекелеген кезеңдерін (операцияларын) жүргізу технологиясын, өнім өндірісінің режимі мен технологиясын, жұмыстың қауіпсіз шарттарын айқандайтын, техникалық басшы бекітетін құжат;
5) топырақ үйіп қорғану – қауіпті сұйық заттардың төгілуден қорғау үшін қоршау қабырғалары немесе жер білігі түріндегі құрылыс.";
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Мұнай, газ, газконденсаттық кен орындарын жайластыру жобаларын әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қауіпті өндірістік объектіні жобалау кезінде жабдық пен құбырларды таңдау тасымалданатын заттардың тоттану-агрессиялы қасиеттеріне байланысты жүргізіледі.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жобалық құжаттамада персоналдарды жинау және эвакуациялау орындары мен бағдарлары, жұмыс істеушілердің ұжымдық қорғану құралдары (бұдан әрі - ҰҚҚ), қоршаған ортаның газдылығын бақылау станциялары, газ қауіпсіздігі бекеттері, жел көрсеткіштерінің, бақылау өткізу пункттері көрсетілуі тиіс.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы іс-шаралар көмірсутек кен орындарын жайластыру объектілерін жобалау және салу кезінде осы объектілердің қауіпсіз жұмыс істеу, ықтимал авариялық жағдайлардың салдарын оқшаулау және барынша төмендету бойынша шараларды қамтамасыз етуі және мыналарды көздеуі тиіс:
1) қауіпсіз қашықтықтарды есепке алумен, МГКО обьектілерінің орналасуы;
2) қауіпсіз пайдалану бөлігінде жабдықтарды таңдау негіздемесі;
3) ұңғымалардың өнімдерін жинау, дайындау және тасымалдау жүйесі, зиянды заттар мен ілеспе газды пайдаға асыру;
4) технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – ТП БАЖ);
5) қауіпті және авариялық жағдайлардың алдын алу жөніндегі сақтандыру және белгі беру құрылғылары, бұғаттаулар, авариялық қарсы қорғану жүйесі;
6) қауіпті факторларды ерте анықтауға арналған дабылдама және ауа ортасын бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің құралдары;
7) авариялық байланыс пен құлақтандырудың тұрақты өндірістік және автономдық жүйелерін ұйымдастыру;
8) объектілерді автоматтандыру және телеметрикалық бақылау;
9) персоналдарды жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз ету;
10) өндірістік қалдықтарды, жанармайды, зиянды және уытты заттарды бейтараптандыру және пайдаға асыру;
11) ұңғымаларды, объектілерді қауіпсіз бұрғылау, игеру, сынақтан өткізу, зерттеу, тоқтатып қою және жою жағдайлары;
12) сынақтардың әдістері мен технологиясы;
13) объектінің жарылу және өртену қаупі көрсеткіштерін ескере отырып, қауіпті және авариялық жағдайлардың туындау ықтималдығын бағалау;
14) жабдықтарды, құбырларды, металл құралымдарды бүлдірмей бақылау және тотығуға қарсы қорғау әдістерін қолдану.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Жобалық құжаттамада табиғи ортаның қайтымсыз техногендік өзгерістер мүмкіндігін, оның ішінде авариялық шығарындылар кезінде зиянды заттарды болдырмау, өндірістік процестер мен жабдықтың сенімділігі мен апатсыздығын бағалау негіздемесі, болжанатын авариялық жағдайлардың туындау қатері мен ықтимал салдарын бағалау, авариялардың алдын алуға, оқшаулауға, жоюға және қауіпті өндірістік факторлардан жұмысшылар мен халықты қорғауға бағытталған шешімдер көзделуі тиіс.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Кен орынды жайластыру жобалау құжаттаманың құрамында зиянды заттардың шекті рұқсат берілген шоғырлануы (ШРШ) қауіптік өндірістік объектілерде толық көлемде көрсетіледі.";
22-тармақ мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
"18) құрылыс, сынау және игеру кезінде ТҚЖ немесе тығындау жабдығымен ұңғыма сағасын байластырудың үлгі схемалары.";
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Объектілердің құрылысын және іске қосу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";
25-тармақ алып тасталсын;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Персонал болатын үй-жайларда ұйым басшысы бекіткен құжаттар ілініп тұруы тиіс:
1) жабдықтар және құбырлардың орналасуының БӨАжА, сақтандырғыш, бітегіш реттегіш қондырғылар көрсетілген технологиялық схемалары (мнемосхема), күкіртті сутек датчиктерін орнату схемасы және ауа кеңістігін бақылау бөлімдерін орнату;
2) авариялық қоймалардың, газ қауіпсіздігі аралының, жұмысшылардың қорғаныс құралдарының, адамдар және көлік қозғалысының негізгі және қосымша жол сапарларының, авариялық жағдайларда ауада күкіртті сутектің жиналу орны және таралу бағыты, байланыс және құлақтандыру құралының орналасуы көрсетілген объект схемасы;
3) Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті органдарының аумақтық бөлімшелерінің және АҚҚ телефон нөмірлері көрсетілген құлақтандыру схемасы;
4) апаттын жою жоспары (бұдан әрі - АЖЖ) оперативтік бөлімі.";
40-тармақ алып тасталсын;
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Ұңғымаларды бұрғылау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Ұңғыманы бұрғылау бұрғылау қондырғысын монтаждау аяқталғаннан соң және кәсіпорын бойынша бұйрықпен тағайындалған комиссияның оны қабылдауынан кейін басталады. Комиссия жұмыстарына өнеркәсіптік кауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілі қатысады. Өнеркәсіптік кауіпсіздік саласындағы аумақтық уәкілетті органға комиссия жұмысының күні туралы хабарлама комиссия жұмысының басталуына дейін күнтізбелік 5 күн бұрын жіберіледі.
Өнеркәсіптік кауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшенің өкілі қатыспаған жағдайда комиссия оның қатысуынсыз бұрғылау қондырғысын қабылдауды жүзеге асырады.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Бұрғылау қондырғысы бұрғылау басталмас бұрын кондуктор астындағы қашаулармен, бұрғылау құбырларымен және бірінші аралық бағанамен (егер оны түсіру 30 тәуліктен кем болса), шағын механикаландыру керек-жарақтарымен, қолмен жұмыс жасайтын құрал-сайманның жиынтығымен, БӨАжА, бұғаттайтын және сақтандыратын құрылғылармен, ұстап қалатын құрал-саймандармен, өртке қарсы құрал-сайманымен және авариялық сигнализациямен, сөйлесу құрылғыларымен, қорғау құралдарымен, сондай-ақ тез тозатын бөлшектер және түйіндердің қорларымен, материалдар мен кондуктор және бірінші аралық бағана астына бұрғылау ерітіндісін дайындауға арналған химиялық реагенттермен жинақталады. Бұрғылау ерітіндісіне арналған ыдыстар ұнғыманың 2 есе көлемін қамтамасыз етуі тиіс.";
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Бұрғы қондырғысында мынадай:
1) вахталық;
2) геологиялық;
3) бұрғылау ерітіндісі параметрлерінің;
4) түсіру-көтеру операциялары (бұдан әрі – ТКО) кезіндегі еселеп құю мен химиялық реагенттердің шығындарын есепке алу;
5) дизельдердің жұмыс істеу мотосағаттарын есепке алу;
6) бұрғылау бағанын өлшеу;
7) қашауларды сынау;
8) таль арқаны атқарымының;
9) техникалық суды және өнеркәсіптік бұрғы ағындарын тұтынуды есепке алу;
10) газ-ауа ортасын бақылау журналдары жүргізіледі;
5); 6); 7); 8); 9) тармақшалары бойынша журналдарды электрондық форматта жүргізуге рұқсат етіледі.";
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Құрамында күкіртті сутегі бар флиюдтерді қамтитын қабаттарды ашпастан бұрын (50÷100 м):
1) бұрғы аумағының айналасында (кіру жолдарында, бұрғы аумағына болжалды өту орындарында) қауіпсіздік белгілері орнатылады;
2) жұмыс аймағының ауасындағы күкіртті сутектің мөлшерін бақылау аспаптарының дұрыс жұмыс жасауы тексеріледі және жеке қорғану құралдары (бұдан әрі – ЖҚҚ), тыныс мүшелерінің жеке қорғану құралдары (бұдан әрі – ТМ ЖҚҚ), ҰҚҚ бар екендігі және дайындығы тексеріледі;
3) бұрғы ерітіндісі бейтараптандырғышпен өңделеді;
4) нұсқама журналына тіркей отырып, қызметкерлердің АЖЖ-ды және ЖҚҚ қолдану дағдысын, алғашқы көмек көрсетуді білуін тексеру жүргізіледі;
5) бұрғыда саны кемінде екі көлемді бұрғы ерітіндісін өңдеу үшін жеткілікті күкіртті сутекті бейтараптандыратын материалдардың қоры мен химиялық реагенттер құрылады;
6) авариялық жағдайларда жұмыскерлерді қауіпті аймақтан шығуына арналған бағдарлар белгіленеді. Іздеу, барлау, бұрғылауда бағалау кезінде қосымша түрде: геологиялық-технологиялық зерттеулер (бұдан әрі – ГТЗ) станциясын орнату; авариялық-құтқару қызметі өкілдерінің тәулік бойы кезекшілігін, персоналдарды эвакуациялауға арналған көлік ұйымдастыру; бұрғыда жұмысқа әрдайым дайын күйіндегі цементтеу агрегаттарының бар болуын қамтамасыз ету; бұрғылау орнында цемент көпірін орнату үшін мөлшерді цемент қорын құру қажет. Цементтің қатаю мерзімдері мен беріктігін сынақтан өткізу 10 күнде бір рет өткізіледі.";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Вахтаның мүшелері өз жұмыс орындарының қауіпсіздік жағдайын ауысым сайын тексереді, бұрғылаушы вахталық журналда жазбаларды ресімдейді.";
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Авариялық жағдай кезінде АЖЖ-ның қолданылуы іске қосылады, сағаны саңылаусыздандыру және аварияны жоюға қатыстырылмаған персоналды көшіру жүзеге асырылады.";
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"63. Алаң қауіпсіздік белгілерімен, жарықтандырумен және қауіпті аймақты қоршаумен қамтамасыз етіледі. Бұрғылауды бастамастан бұрын жынысты бұзатын құралдың, кенжар қозғалтқышының, бұрғылау бағанын құрастыру, БӨАжА техникалық жағдайы тексеріледі. Ақаулық анықталған жағдайда бұрғылауға рұқсат берілмейді.";
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"67. Бұрғылау кезінде бұрғы ерітіндісі циркуляциясының рұқсат берілген жүктемесі мен қысымынан асыруға рұқсат берілмейді.";
76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"76. Өнімді горизонтты бұрғылау ашуға арналған құрылғысы бар кері қақпақшалардың және қосымша шүмектің болуы жағдайында құрастырылымда тоттануға қарсы орындаудағы шарлы крандарды орнату жолымен жүзеге асырылады.
Көпіршелерде қысыммен тексерілген құбыр орналасқан, ол құбыр диаметрі мен беріктік сипаттамалары бойынша бұрғылау ұстынының жоғарғы секциясына сәйкес келеді. Құбыр қызыл түске боялған және құбырға ашық жағдайда тұрған шарлы кран орнатылған.";
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"79. Төтенше жоғары қысымы бар газ, мұнай және су горизонттарын ашу кезінде, сондай-ақ күкіртті сутектің болуы кезінде (алты пайызға дейін көлемді құрамы бар) ұңғыма сағасына кем дегенде үш превентор, оның ішінде бір әмбебап превентор орнатылады.
Нормадан ауытқыған жоғары қысымы және алты пайыздан астам күкіртті сутектің көлемді құрамы бар қабаттарды ашу кезінде кем дегенде алты превентор, оның ішінде қиюшы бұранда кескіші бар және бір әмбебап превентор орнатылады.";
80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"80. Өнімді қабатты бұрғылау және игеру барысында қандай да бір эксперименталдық және тәжірибелік жұмыстарды ұйымның техникалық басшысы бекіткен бағдарлама бойынша жүзеге асыруға жол беріледі.";
мынадай мазмұндағы 85-1, 85-2, 85-3, 85-4, 85-5, 85-6, 85-7, 85-8-тармақтармен толықтырылсын:
"85-1. Бұрғылау ерітіндісін (шаю сұйықтығын) дайындау және өңдеу бойынша жұмыстар жасау кезінде қызметкерлердің химиялық реагенттер әсерінен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғау құралдары қолданылады.
85-2. Бұрғылаудың үйлесімді жағдайларының интервалдарындағы бұрғылау ерітіндісінің тығыздығы (егер ол ұңғыма қабырғаларының тұрақтылығын қамтамасыз етуді қажет етпесе) мына шамаларға:
1) 10-15% - тереңдігі 1200 м (0-ден 1200 м қосқандағы интервалдарға) дейін, бірақ 15 МПа (15 кгс/см²) аспайтын ұңғымалар үшін;
2) 5-10% - тереңдігі 2500 м (1200-ден 2500 м қосқандағы интервалдарға) дейін, бірақ 2,5 МПа (25 кгс/см²) аспайтын ұңғымалар үшін;
3) 4-7% - тереңдігі 2500 м асатын, бірақ 3,5 МПа (35 кгс/см²) аспайтын ұңғымалар үшін қабатталғаннан (кеуек) асатын ұңғымадағы гидростатикалық қысымның бұрғылау ерітіндісін бағанмен құру есебінен айқындалады.
85-3. Бұрғылау ерітіндісінің циркуляциясындағы тығыздықтың ±20 кгс/см³ (0,02 г/см³) астамға дейін ауытқуына жол беріледі.
85-4. Бұрғылау ерітіндісін дайындау, өңдеу, ауырлату және тазалау рецептурасы мен әдістемесін ұңғымалар құрылысына авторлық қадағалау мамандары бақылайды.
85-5. Ұңғыманы бұрғылау және шаю процесінде бұрғылау ерітіндісінің параметрлері (қасиеттері) – тығыздығы мен тұтқырлығы 10-15 минуттан кейін, температурасы, сүзілуі, құм құрамы, коллоидты фаза құрамы, рН, СНС1/10 және реологиялық көрсеткіштер (тиімді тұғырлығы мен шөгудің қарқынды кедергісі) – әр 4 сағат сайын мерзімділігімен бақыланады. Газ горизонттарын қайта бұрғылау кезінде және газсыздандырудан кейін ұңғымадан шығатын бұрғылау ерітіндісінің тығыздығы 5 минут сайын, қалған көрсеткіштер жоғарыда көрсетілген мерзімділікпен өлшенеді. Бұрғылау газокаротажды станциясында болмаған кезде бір ауысымда екі рет бұрғылау ерітіндісінің газбен қанықтығына бақылау жүргізіледі. Бұрғылау ерітіндісінің параметрлері журналда жазылады.
85-6. Егер бұрғылау ерітіндісіндегі газдың көлемді құрамы 5%-дан асатын болса, онда газсыздандыру, ерітіндінің газбен толу себептерін анықтау (қабат жұмысы, бұрғыланған жынысы бар газды келуі, көбіктенуі және басқалар) және оларды жою бойынша шаралар қабылдану қажет.";
85-7. Жаңа ерітіндіні дайындау үшін ұзақ үзілістермен ауырланған ерітіндінің жекелеген үлестерін айдау жолымен ұңғымадағы бұрғылау ерітіндінің тығыздығын арттыруға жол берілмейді.";
85-8. Бұрғылау ерітіндісінің циркуляциясы кезінде ең жоғарғы рұқсат берілген қысым қабаттың гидроажырау және сіңіру қысымының шамасынан аспайды.";
1) және 2) тармақшалар алып тасталсын;
4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
5- тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Мұнай, газ және газконденсаттық кен орындары объектілерін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";
128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"128. Кәсіпорындардың аумағы және ондағы ғимараттардың, құрылыстардың және әртүрлі өндірістік объектілердің орналасуы МГКО қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуі тиіс.
Науалар, орлар, қазаншұңқырлар және ойықтар – биіктігі кемінде 1 метр болатын қоршаумен немесе қорғаныс жабынмен қамтамасыз етіледі. Науалар кәріз құдығына қарай еңкейтілген гидроысырмалар арқылы кәрізге жалғанады.";
130-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"130. МГКО үй-жайлары мен өндірістік алаңдары авариялық дабылдамасымен, ауа ортасының жағдайын бақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.";
134-тармақ алып тасталсын;
136-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"136. Белгілі мөлшерде және сақтаудың қауіпсіздік қағидаларын сақтай отырып, осы мақсаттарға арналған үй-жайларда және алаңдарда материалдар, уақытша сақтауға арналған жабдықтар орналастырылады.";
146-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"146. Қауіпті өндірістік объектіде жолдың жүретін бөлігін жабуға байланысты жүргізілетін жөндеу жұмыстары объект басшылығымен келісіледі.";
150-тармақ алып тасталсын;
151-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"151. Үй-жайларда және қауіпті өндірістік объектілердегі нақтыланбаған орындарда өндіріс қалдықтарын қалдыруға және сақтауға рұқсат берілмейді.";
156-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"156. Объектілер, қондырғылар, сұйыққойма парктері, төгу-құю қондырғылары аумақтарында және өндірістік үй-жайларда қауіпсіздік бойынша мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) қауіпсіздік жүйелердің техникалық жағдайын және дайындығын, судың, будың және жүйедегі реагенттердің жұмыс қысымының болуы ауысым кезегінде кемінде бір рет тексеріледі;
2) әрбір ауысым басталар алдында желдету қондырғыларын сырт көзбен байқап, дұрыстығы тексеріледі;
3) БӨАжА және сақтандырғыш қондырғыларының жағдайы кемінде бір рет қарап тексеріледі.";
161-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"161. Авариялық және газдан құтқару құралдарын тікелей өзінің мақсаттарына қатысы жоқ жағдайларда пайдалануға рұқсат берілмейді.";
164 және 165-тармақтар алып тасталсын;
169-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"169. Мұнай-газ саласының объектілерінде ұйымның басшысы мыналарды қамтамасыз етеді:
1) ұйымның басшысы бекіткен жобалау және пайдалану құжаттамаларының, технологиялық регламенттердің болуы;
2) іске қосу және құрылыстық құжаттамалардың болуы;
3) қауіпсіздік декларациясының және АЖЖ болуы;
4) объект персоналдары біліктілігінің сәйкестігі;
5) объектінің осы қағидалардың талаптарына және жобалау құжаттамаларына сәйкестігі;
6) объектінің және объект персоналының қауіпті авариялық жағдайларды жоюға дайындығы;
7) объектінің тағайындалуы мен сипаттамасын есепке ала отырып, АҚҚ объектісіне қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
8) іске қосу-жөндеу жұмыстары және жанғыш және қауіпті заттарды қолдана отырып, жабдықтарды сынау, дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамаларына сәйкес жүргізіледі.";
182-тармақ алып тасталсын;
185-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) дайындаушы-зауыттың мемлекеттік тілдегі және/немесе орыс тіліндегі техникалық құжаттамасының болуы.";
188 және 189-тармақтар алып тасталсын;
191-тармақ алып тасталсын;
198-тармақ алып тасталсын;
199-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) авариялық жағдай кезінде байқау, аварияға қарсы қорғау, байланыс, құлақтандыру және іс-қимылдарды қолдау жүйелерімен;";
232-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"232. 100 метрге дейін өнімді қабаттарды өткен кезде бұрғылау процесінде АҚҚ өкілінің қатысуымен бұрғылау қондырғысы дайындығының актісі жасалады. Ұңғымада қиыншылықтар туындаған кезде ЖҰЖ жасалады және оны ұйым басшысы бекітеді. ЖҰЖ көшірмесі АҚҚ-ға жіберіледі.";
233-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) автономдық авариялық байланыс және хабарландыру жүйесі, персоналдар мен халыққа мүмкін болатын қауіп туралы жедел хабар беру.";
234-тармақ алып тасталсын;
254-тармақ алып тасталсын;
337-тармақ алып тасталсын;
354-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"354. Пештерді (газ отынымен жағылатын құбырлы пештерді) пайдалануға тиісті біліктілігі мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалануға рұқсаты бар қызметкерлерге рұқсат беріледі.";
355-тармақ алып тасталсын;
360-тармақ алып тасталсын;
375-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"375. Қауіпті сұйыққойма аймағына көліктің өтуіне объект басшысы берген ресімделген рұқсат бойынша шығаратын құбырда ұшқынды өшіргіш бар болғанда және жылдамдықты сағатына 5 километрге дейін шектеумен рұқсат беріледі.";
438-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"438. Технологиялық жабдықтың, тетіктер мен құбырлардың жай-күйін бақылау дайындаушы зауытты пайдалану бойынша нұсқаулықтардың негізінде әзірленген ЖАЖ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.";
447-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"447. Жабдықтар мен құбырлардың әрбір түрі үшін тотығуды бақылау нүктесін дайындаушы зауыттың пайдалану бойынша нұсқаулығының негізінде ұйым басшысы белгілейді.";
449-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"449. Ұңғыманы кенжарлық ұңғымалы жабдықсыз фонтандық тәсілмен пайдалануға жол берілмейді, ол мыналарды қамтиды:
1) қабылдаушы қақпақша және қатаң тығын үшін отырғызылатын ниппель;
2) пайдалану колоннасын сақтандыруға арналған пакер;
3) ұңғыманың қауіпсіз тоқтап қалуын және жабылауын қамтамасыз ететін жабдық.";
452 және 453-тармақтар алып тасталсын;
456-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"456. Құрамында өздерімен бірге тыныс алу аппараттары, ауаны бақылау және байланыс құралдары бар кемінде екі оператордан тұратын жылжымалы бригада күн сайын ұңғымалар мен шлейфтерді тексереді. Мұнай құрамында кем дегенде 1,80 % күкірттің жалпы үлесінің болуы кезінде ұңғымалар мен шлейфтерді өзімен бірге тыныс алу органдарының жеке қорғану құралдары, ауаны бақылау және байланыс құралдары бар оператор күн сайын тексереді. Тексерe нәтижелері вахталық журналда тіркеледі.";
459-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"459. Бұрқақты ұңғыманың сағасында сағаның ашылуына байланысты жөндеу кезеңінде осы Қағидалардың 79-тармағына сәйкес ШҚЖ орнатылады.";
мынадай мазмұндағы 469-1-тармақпен толықтырылсын:
"469-1. Ұңғыманың барлық қолданылу циклінің процесінде колоннааралық қысымға бақылау жүзеге асырылуы тиіс. Колоннааралық қысымы бар ұңғыманы пайдалану туралы шешімді зерттеулер нәтижелерінің және ұңғыманы пайдалануға байланысты тәуекелдерді бағалау негізінде ұйым басшысы қабылдайды.";
477-тармақ алып тасталсын;
478-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"478. Бұрқақты және газлифтті пайдалану кезінде мұнай, газ, газконденсатты ұңғымалардың шығарушы және айдаушы желілерінде құбырдың ашылуы кезінде жұмыс жасайтын бекітпе жабдығы орнатылады.";
492-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"492. Ұңғымаларды игеру және зерттеу жауапты адамның қатысуымен жүргізіледі.
ЖҰЖ-да өндірістік персоналдың саны, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, ааварияларды алдын-алу шарттары, жұмыс аймағы ауасында күкіртті сутекті бақылау кестесі және ШҰШ асқан жағдайда шаралар көрсетіледі. Ұңғымаларды игеру мен зерттеумен айналысатын барлық жұмысшылар жоспармен танысады.
ЖҰЖ-на жабдықтардың, қондырғылардың, тетіктердің орналасқан ахуалдық жоспары мен схемалары, болжамды авариялық газдандырылған жағдайда авариялық аймақтан шығу бағыттары, желдің бағытты (флюгер) көрсеткіштері, МҚҚ-ғы объектілердің және жақын арадағы елді мекендердің схемасы қоса беріледі.";
494-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"494. Бұрғылап тесу және ағынды шақырудың алдында бақыланбайтын ГМСК және АБ алдын алу бойынша іс-шаралар орындалады, АҚҚ-мен бірлесіп ұңғыманың дайындық актісі жасалады. Бұдан кейінгі жұмыстар ұйым басшысының жазбаша рұқсаты бойынша жүргізіледі.";
502-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"502. Бағананы тесер алдында ұңғыма аузында бұрқақты арматураны сынама қысымға нығыздаумен ашық және жабық күйде мықтылығы мен нығыз жабылуы орнатуға дейін тексерілген тесу ысырмасы орнатылады. Бұрқақты өндірілетін ұңғымаларда тесу алдында сағасына ШҚЖ орнатылады.";
514-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"514. Ұңғыманы игеру алдында бұрғылау қондырғысы ұңғымадағы ерітінді көлемін есепке алмай, тығыздыққа тиісті ұңғыманың кем дегенде екі көлемі мөлшерінде бұрғылау ерітіндісінің қорымен қамтамасыз етіледі.";
515-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"515. Ұңғымаларды игеруге және зерттеуге күкіртсутегін баяулату, бейтараптандыру және өнімді кәдеге жарату үшін жабдықтың болмаған кезінде рұқсат етілмейді.";
518-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"518. Қыртыстардан ағынды шақыру және өшіру кезінде:
1) ИТЖ қатарынан бақылаушы жауапты адамның тәулік бойы тұрақты кезекшілік етуі;
2) эвакуациялау үшін көліктің тәулік бойы кезекшілік етуі;
3) цементтеу агрегаттарының жұмысқа үнемі дайындығы;
4) қызметкерлер авариялық шығарынды жағдайындағы әрекеттерге дайындығы қамтамасыз етіледі.";
525-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"525. Тереңдікте зерттеуге қолданылатын сым тотығуға төзімді және тұтас. Сымды көтеру-түсіру кезінде кейіннен жою (жағу) арқылы газды аумақтан шығаруға арналған қондырғысы бар берік герметикалық қондырғы өтеді.";
528-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"528. Бұрма торабында ысырмалар ашылады және лубрикатордан аспаптар шығарылады. Содан соң оларды оқшаулаушы ауа-тыныс алу аппараттарында бөлшектейді.";
533-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"533. Ұңғымаларды сұңғылау сұйықтықтың төгілуіне, ГМСК және АБ туындауына жол бермейтін герметизациялайтын құрылғы болған кезде жүргізіледі.";
534, 535 және 536-тармақтар алып тасталсын;
549-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"549. Игеру процесінде ұңғыманы бітеу кезінде мерзімді араластыра, бақылай отырып және ЖЖЖ-ға тиісті параметрлерін тіркеп, ұңғыманың кем дегенде екі көлемі мөлшерінде шаюға арналған сұйықтықтың болуы қамтамасыз етіледі.";
550-тармақ алып тасталсын;
557-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"557. Жобалау құжаттамасынан ауытқыған жағдайда сынақ жүргізу және игеру туралы шешімді ұңғыманы бастыруды және жоюды қоса отырып, оны сенімді басқаруды, персоналдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қосымша іс-шараларды әзірлеу және орындау жағдайында жобалау ұйымымен келісу бойынша тапсырыс беруші қабылдайды. Шешім көшірмесі АҚҚ-ға жіберіледі.";
562-тармақ мынадай редакцияда жүргізіледі:
"562. Шахта құрылғысы бар саға жабдығы жабдықтың техникалық ерекшелігіне сәйкес колонналық бастиектердің сызықтық және диаметралды өлшемдерін есепке ала отырып, ұйымның техникалық басшысы бекіткен схемалар бойынша жүргізіледі.";
600-тармақ алып тасталсын;
605-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"605. Айдағыш ұңғыманың ауызындағы жабдықтауда қысымды және толтырылатын агент көлемін реттеу үшін дросселді құрылғылары қарастырылады.";
611-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"611 Бұзушылықтар жойылғаннан кейін актіні жасай отырып, ұңғыманың техникалық жай-күйі қайта тексеріледі. Кейіннен пайдалану ұйым басшысы бекіткен осы актінің негізінде жүзеге асырылады.";
613 және 614-тармақтар алып тасталсын;
6- тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Ұңғымаларды зерттеу";
631-тармақ алып тасталсын;
638-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"638. Геофизикалық зерттеу мен жұмыстарды арнайы дайындалған ұңғымаларда жүргізуге рұқсат етіледі. Жұмыстар объектісінің дайындалғандығы жұмыстардың осы түріне қолданыстағы техникалық нұсқаулықтарға сәйкес актімен расталады. Дайындық жер үстіндегі геофизикалық жабдықты қауіпсіз және ыңғайлы пайдалануды, каротаждық зондтарды және ұңғымалық аспаптарды геофизикалық зерттеу мен жұмыстардың бүкіл кешенін жүргізуге қажетті уақыт ішінде кедергісіз түсіру мен көтеруді қамтамасыз етуге тиіс.
Геофизикалық зерттеу деректері электрондық форматта ресімделеді.";
652-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"652. Ұңғыма аспаптары мен аппараттары ұңғыманың зерттеу немесе жұмыс арақашықтығындағы барынша жоғары қысымнан кем дегенде 20 % асатын қысым кезіндегі жұмысқа есептелуі тиіс. Ұңғыма аспабының немесе аппараттың термотөзімділігі ұңғымадағы ең үлкен температурадан:
1) 0-100 градус Цельсия температурасы диапазонындағы зерттеу арақашықтығында кем дегенде 10 пайыздан;
2) 100-200 градус Цельсия температурасы диапазонындағы кем дегенде 15 пайыздан;
3) 200 градус Цельсиядан астам температура кезінде кем дегенде 20 пайыздан артық болуы тиіс.";
726-тармақ алып тасталсын;
735-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"735. Бақыланбайтын ГМСК мен АБ-тың алдын алу мақсатында саға жабдығының нақты схемасы қабатты қарқындатудың пайдаланылатын әдісін есепке алып, АҚҚ-ға жіберіледі.";
740, 741 және 742-тармақтар алып тасталсын;
7- тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-тарау. Жөндеу жұмыстары";
767-тармақ алып тасталсын;
789-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"789. Жұмыс тапсырушысы болып табылатын ұйым ұңғыманы жерасты және күрделі жөндеу үшін жөндеу бойынша ЖҰЖ әзірлейді және бекітеді. ГМСК немесе АБ қауіптілігі кезінде жұмыстар АҚҚ қатысуымен ұйым басшысының рұқсаты бойынша жүргізіледі.";
790-тармақ алып тасталсын;
816-тармақ алып тасталсын;
841-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ТКО процесіне қатысатын вахта мүшесі болмаған кезде;";
8-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-тарау. Газмұнайсукөрінісін ескерту";
890-тармақ алып тасталсын;
892-тармақ алып тасталсын;
901-тармақ алып тасталсын;
911-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"911. АБ туындау мүмкіндігімен байланысты жұмыстар (өнімді қыртыстың ашылуы, ұңғыманы тесу, ағын шақыру, гидродинамикалық зерттеулер) бақылаушы адамның басшылығымен жүргізілуі тиіс.";
912-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"912. Техногендік сипаттағы авариялық жағдайларға ден қою бойынша техникалық және технологиялық операциялардан басқа АЖЖ-да қызметкерлердің жиналу орындары мен эвакуациялау жолдары, кіреберіс жолдары, ауа ортасын бақылау тәртібі мен кезеңділігі, қауіпсіздік шаралары және авариялық жағдайлардағы қызметкерлердің әрекеттері, авария туралы хабарланатын адамдар мен ұйымдардың телефон нөмірлері мен оларды хабарландыру тәртібі көрсетілген тізімдер айқындалады. Газданудың мүмкін болатын көздері, әр түрлі метеожағдайлар кезіндегі эвакуациялаудың жинау пункттері, жолдары (бағыттары), тәсілдері және соңғы пункттері, лауазымды адамдардың көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыруы бойынша іс-қимылдарының тәртібі көрсетілген схема.";
914-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) кәсіпорындардың, АҚҚ және жергілікті әкімшілік органдардың мүмкін болатын авариялық жағдайларда адамдарды қорғау және эвакуациялау бойынша бірлескен іс-қимылдары.";
924-тармақ алып тасталсын;
926-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"926. Өнімді қабатты ашу және бұрғылау процесінде бұрғылауда мыналар болады:
1) жобамен белгіленген көлемдегі химреагенттердің және ауырлатқыштың қоры;
2) екі шарлы кран (біреуі квадрат астында, екіншісі авариялық құбырда немесе бұрғылау орнында арқанға ілінулі);
3) цементтеу агрегатының, автомашинаның, ИТЖ қатарынан жауапты адамның тәулік бойы кезекшілігі, бұрғылау орнымен (кәсіпорынмен) байланыс қамтамасыз етілген.";
939-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"939. Ұзақ мерзімді жөндеу жұмыстары кезінде (5 тәуліктен асатын) ГМСК алдын алу бойынша шара қабылдансын.";
940-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) тотығуға шалдығатын техникалық қондырғыларды аварияға қарсы қорғау жүйелері;";
941-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) ұңғыманың өнімді қабатын ашуға жұмыс басшысының рұқсатын алу.";
946-тармақ алып тасталсын;
962-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"962. Мұнай, газ және газконденсатты ұңғымалардың құрылысы, жөндеуі, тесуі, сынауы мен зерттеуі кезінде, ШҚЖ немесе бітеуіш жабдықтармен ұңғыманың аузын жалғау үлгі схемасы кәсіпорындармен жасалып, кәсіпорындардың басшылары ұңғыманы салуға арналған жобаны ескере отырып бекітеді.
Үлгі схемасынан ауытқыған жағдайда ұңғымаларды салу, жөндеу, тесу, сынау және зерттеу кезінде ұңғымалардың сағасын ШҚЖ немесе бекітпе жабдығымен байланыстыру АҚҚ ұсынымдарын есепке алып жүргізіледі. Нақты схема әрбір ұңғымаға жеке түрде жасалады және оны ұңғыманың салынуын және жөнделуін жүзеге асыратын ұйым басшысы бекітеді.";
966-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"966. Ұңғымалардың сағасында ШҚЖ монтаждауды АҚҚ қатысуымен ШҚЖ монтаждау актісін жасай отырып, үлгі схемасына сәйкес пайдаланушы жабдықтың жауапты адамының басшылығымен бұрғылау бригадасы жүргізеді.";
967-тармақ алып тасталсын;
972-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"972. Монтаждаудан кейін превентор қондырғысы цемент стаканын бұрғылап орнатуға дейін қоршаулау бағанасының нығыздалу қысымына теңестіріліп нығыздалады. Нығыздау жұмыстары актіні еркін нысанда ресімдей отырып, АҚҚ өкілінің қатысуымен жүргізіледі.";
974-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"974. Дроссельдеу пультында көрінетін жерде бағананы нығыздаудың рұқсат етілген қысымы көрсетілген тақталар қойылады, манометрлерде рұқсат етілген жұмысшы қысымның белгілері салынады.";
975-тармақ алып тасталсын;
978-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"978. ШҚЖ қоршаулау бағанасымен бірлесіп, монтаждаудан және нығыздаудан кейінгі ұңғыманы бұрғылау жұмыс басшысының рұқсатымен ғана жалғастырылады.";
983-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"983. Өткелдерде жетекші құбырды (шаршыны) пайдалану кезінде бұрғылау қондырғысында ашық күйдегі кері қақпақшасы немесе шар тәріздес краны және бұрғылау немесе қаптама бағанасына аударғысы бар қызыл түске боялған авариялық құбыр болуы тиіс.";
985-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"985. ШҚЖ монтаждау және пайдалану кезінде:
1) бағаналы фланецті бұрандамаға немесе сыналы қысқышқа орналастыру;
2) бағаналы фланецті орнату кезінде бағаналы фланецтің төменгі бүйіржағына жер бетінің деңгейіне дейін кемінде 200 мм аралықты қамтамасыз ету;
3) бағаналы фланецке манометрге арналған манометрлік фланеці бар кран орнату қажет.";
994-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"994. Монтаждау және пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес бағаналы бастиектің барлық тығыздау элементтері акт жасала отырып нығыздалады.";
995-тармақ алып тасталсын;
1000-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1000. Ұңғыманы бітегеннен кейін қысым тіркеледі және бақылауға алынады, сағаның, ШҚЖ, манифольданың жай-күйі көзбен шолу арқылы тексеріледі және өткізу режимі енгізіледі.
Бітілген ұңғыманың сағасында қысымның қоршау бағанасының сығымдалу қысымының 80 % асып түсуіне рұқсат берілмейді. Рұқсат етілетін қысымның дәрежесін белгілеу кезінде геофизикалық зерттеулердің, қалыңдықты және қауіпті факторлардың әсерін өлшеу деректері бойынша қоршау бағанасының тозу және тотығу дәрежесі ескеріледі.
Қысымды азайту бірқалыпты, минутына 0,3-0,4 мегаПаскаль жылдамдықпен жүргізіледі.";
1003-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1003. Технологиялық аварияларды және кедергілерді жою үшін жұмыстардың басшысы, объектідегі қауіпсіздік іс-шаралары көрсетіліп, ЖҰЖ жасалады, оны ұйым басшысы бекітеді және қосымша нұсқама кезінде персоналдың назарына жеткізіледі.
Өнімді қабат аршулы кезде жұмыстарды бақылау және ГМСК үшін жұмыскерлер тағайындалады.";
1025-тармақ алып тасталсын;
1026-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1026. Ұңғымада қалдырылған каротажды кәбілді шығарып алу кезінде оның сыналануының алдын алу үшін шектеусіз ұңғымаға қармау құралдарын төмен түсіруге рұқсат берілмейді.";
1030-тармақ алып тасталсын;
9-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"9-тарау. Құбыр желілерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";
1075-тармақтың 10) және 11) тармақшалары алып тасталсын;
1078-тармақ алып тасталсын;
1080-тармақ алып тасталсын;
1090-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1090. Газ құбырларының, төмен және жоғары қысымдық суарналардың, дайындалған мұнай тасымалдау құбырларының, технологиялық құбырлардың, мұнай жинау коллекторларының, ұңғымалардың шығу желілерінің сенімді әрі қауіпсіз жұмысын бақылаудың негізгі әдісі – мерзімдік ревизиялар жасау болып табылады, олардың барысында құбырлардың жағдайы, олардың элементтері мен бөлшектерінің жағдайы тексеріледі.
Ревизияны мамандармен бірлесе отырып, техникалық бақылау қызметі немесе пайдаланушы бөлімше жүргізеді.
Ревизияның нәтижелері – құбырдың жағдайын және оны одан әрі пайдалану мүмкіншілігін бағалаудың негіздемесі болып табылады.";
1094-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) құбыржолдарын тексеру кезіндегі жұмыс көлемін ұйым басшысы айқындайды.";
1100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1100. Құбырлардың бөлшектеуге, кесуге және дәнекерлеуге ұшыраған барлық учаскелері – құрастырудан кейін беріктігі мен тығыздығына қатысты сынақтан өткізіледі.";
1101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1101. Технологиялық (кәсіптік) құбырлардың сенімділігі гидравликалық сынақтармен сыналады.
Сынақ өткізеді:
1) монтаждан кейін;
2) дәнекерлеумен байланысты жөндеуден кейін;
3) консервациялаудан немесе бір жылдан артық тұрғаннан кейін;
4) арматуралардың төсемелерін немесе құбыр элементін біржолғы ауыстырумен байланысты бөлшектеуден кейін жүргізіледі.
Бұл ретте арматура мен құбырдың фланецті жалғамаларында сынақ өлшемдеріне сәйкес келетін қақпақша алдын ала орнатылуы тиіс. Сынақ кезінде монтажды жапсарлар мен құбырлардағы дәнекерлеу орындары ашық болуы тиіс.
Болат құбырларды сынау қысымы:
0,5 МПа дейінгі жұмыс қысымы кезінде - 1,5 Рраб, бірақ 0,2 МПа кем емес;
0,5 Мпа жоғары жұмыс қысымы кезінде - 1,25 Рраб, бірақ кемінде Рраб+0,3 МПа орнатылады.
Құбыр көрсетілген қысымда 5 мин ішінде ұстап тұра алады, одан кейін қысым жұмыс қысымына дейін төмендетіледі және тексеру жүргізіледі.
Егер сынау кезінде манометр бойынша қысымның түсуі болмаса, ал дәнекерленген тігістер мен фланецті жалғамаларда тесіктер мен терліктері табылмаса, нәтижелер қанағаттандырылған болып саналады.
Технологиялық және кәсіптік құбырларға паспорттар жасалуы және пайдалану журналдары арналуы тиіс, оларда жүргізілген тексерулер мен жөндеу туралы деректер мен олардың күні көрсетілуі тиіс.";
1134-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1134. МГКО әзірлеу объектілері:
1) ішкі өндірістік диспетчермен және байланыс басқармасымен (директор);
2) басқару-іздеумен, мобильді және дауыс зорайтқышпен, факс және электрондық байланыспен;
3) жедел-технологиялық, қүзет, дыбыстық және жарықтық "Дабыл" сигналын беру сигнализациясымен, бейнебақылаумен қамтамасыз етіледі.";
1136-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1136. Ішкі өндірістік байланыс диспетчерлердің объектілермен және қызмет көрсетуші персоналмен тұрақты байланысын, ұйым басшылығының және объектілердің диспетчерлердің, операторлардың жұмыс орындарымен және АҚҚ байланысын қамтамасыз етеді.";
1137-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1137. Бір уақытта жарлық ақпаратын тарату, авариялық жағдайлар туралы хабарлау үшін кезекші персоналдың тұрақты қатысуымен радиофикация желісі үй-жайда көзделеді.";
1139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1139. Байланыс, авария және күзет сигнализациясы қондырғылары, тиісінше, авариялық-құтқару қызметінің, объектіні қорғау үй-жайларында орнатылуы қажет.";
1141-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1141. МГКО әзірлеу объектілерінің кешені үшін: сумен жабдықтаудың өндірістік және шаруашылық-ауыз су жүйелері көзделеді.";
1183-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) үй-жайларда газдың МҚҚ мөлшері шектен асырылған жағдайда желдетпенің автоматикалық жүйеде қосылуын қамтамасыз етеді.";
3-қосымшада 1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) көріністерді жою бойынша кейінгі жұмыстар АҚҚ қатысуымен ұйым басшысының нұсқауы бойынша жүргізіледі.";
4-қосымша алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қауіпті өндіріс объектісінің технологиялық регламентін техникалық басшысы бекітеді. Қауіпті өндірістік объектінің техникалық басшысы әрбір нақты жағдайда технологиялық регламентті әзірлеуге қатысатын өндірістік және техникалық қызметтерді айқындайды.";
19-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) өндірісті қауіпсіз пайдалану. Аварияға қарсы қорғау және қауіпті жағдайдағы іс-қимылдар жүйелері.";
22-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) технологиялық схеманы сипаттау шикізаттың түсуінен бастап, негізгі технологиялық процестің параметрлерін (температураны, қысымды, процеске қатысатын және технологиялық жүйенің құрамына қосылған негізгі жабдықты) көрсете отырып, технологиялық процестің кезеңдері бойынша келтіріледі. Схеманың мазмұнына қарай негізгі автоматтандыру және бұғаттау жүйесі, аварияға қарсы қорғау жүйесі көрсетіледі.";
34-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Авариялық құтқару қызметін шақыру жүйесі.";
11-қосымшаның 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ұңғыманы дайындау
1 Ұңғыма оқпандарының отыру немесе созылу аралықтарын толығымен жойғанша пысықтау.
2 Жуу сұйықтықтарының параметрлерінің ГТН-ға сәйкестікке келтіру.
_________________м3 тең жуу сұйықтығының қорына және __________________т саз ұнтағына ие болу.
3 Кавернограмманы міндетті түрде шеше отырып және сойысты ашылған кесіндіге бекіте отырып, каротажды жұмыстар жүргізу.
4 Сойыстың тазалығын қамтамасыз ететін көлемде қойманы жуу (құбырлы және құбыр артындағы кеңістікте меншікті салмақты теңестіруге дейін)
5 Қойманың бағанасын кемінде _____ мин. ішінде сойыста құрал-жабдықтың табылуы қамтамасыз етілетіндей дайындау.
6 Сынау кезеңінде бұрғылау орнында цементтеуші агрегат болуы керек.
7 Қысымда қойманың оқпанының кері жуылу мүмкіндігін және сынау процесінде құбыр артындағы кеңістікке сұйықтықтың үздіксіз құйылуын қамтамасыз ету.
Бұрғылау шебері ___________________
Геолог ____________________________
3. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық Бұрғылау шеберінің, бұрғылау бригадасының, цементтеуші агрегат экипаждарының жұмыстарды жүргізу тәртібі мен олардың қауіпсіздігі жөніндегі нұсқама жүргізу.
Нұсқауды өткізуге жауапты:
Жұмыстардың жетекшісі _______________
Партия бастығы ________________ ";
17-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Экология,
геология және табиғи ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Ауа ортасын бақылау журналы
Р/с № | Сынаманы іріктеу күні, уақыты және орны | Уытты және жарылу қаупі бар заттардың атауы | Аспаптың типі және нөмірі | Талдау жүргізуші тұлғаның тегі және лауазымы | Жарылу қаупінің шектері – төменгі, жоғарғы көлемдік % | Талдау нәтижелері, мг/мі немесе көлемдік % | Арнайы тағайындалған адамның (ауысым бастығы, шебер) қолтаңбасы | Газбен ластануды жою бойынша қолға алынған шаралар (ауысым бастығы, шебер толтырады) | Газбен ластану деңгейінің арту себебі | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |