"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 969 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 21 қарашадағы № 999 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 қарашада № 19654 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 969 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12471 болып тіркелген, "Әділет" Нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) департаменттері, дербес басқармалары, комитеттері олардың құрылымдық бөліністері құрамындағы лауазымдар бойынша Жұмыс стандарттарын, сондай-ақ әрбір басқару деңгейі бойынша қызметтің барлық бағыттарын ескере отырып, әрбір лауазым атауы бойынша үлгілік Жұмыс стандарттарын белгілейді.

      Ішкі істер министрлігінің Екінші арнайы басқармасы Казақстан Республикасы Ішкі істер министрінің көмекшісі лауазымы бойынша Жұмыс стандарттарын белгілейді.

      Ішкі істер министрлігінің Штаб-департаментіне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, Көліктегі полиция департаменттерінің, Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі бастықтарының лауазымдары бойынша Жұмыс стандарттарын белгілеу жүктеледі.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, Көліктегі полиция департаменттерінің, Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары орынбасарларының лауазымдары бойынша Жұмыс стандарттарын белгілеу оларға жетекшілік ететін қызметтерге жүктеледі.

      Төтенше жағдайлар және Қылмыстық-атқару жүйесі комитеттерінің штабтарына, сондай-ақ Әкімшілік полиция комитетінің аналитикалық бөлінісіне комитеттер басшылығының, аумақтық органдар, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің бастықтары мен олардың орынбасарларының лауазымдары бойынша Жұмыс стандарттарын белгілеу жүктеледі.

      Өңірлік Полиция департаменттері, Төтенше жағдайлар департаменттері, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің аппараттарындағы штабтарға қалалық, аудандық бөліністердің бастықтары мен олардың орынбасарларының лауазымдары бойынша Жұмыс стандарттарын белгілеу жүктеледі.

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының және оның ведомстволарының салалық қызметтеріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің бастықтары мен олардың орынбасарларының лауазымдары бойынша Жұмыс стандарттарын белгілеу жүктеледі.".

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (А.М. Сайтбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Тургумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады