"Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 387 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 қарашадағы № 873 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 қарашада № 19661 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 387 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11728 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. МЭТ-ті қалыптастыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын бесінші қарашаға дейінгі мерзімде МЭТ субъектілері туралы ақпаратты Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтына жібереді.";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған ақпарат негізінде МЭТ субъектілерінің тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) қалыптастырады;";

      5 және 5-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, МЭТ субъектілері жыл сайын бірінші сәуірге дейінгі мерзімде Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтына есепті кезең ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша ақпаратты ұсынады.

      5-1. Мемлекеттік мекемелер болып табылатын МЭТ субъектілері жыл сайын бірінші сәуірге дейінгі мерзімде Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтына есепті кезеңге осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша ақпаратты ұсынады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Осы Қағидалардың 5 және 5-1-тармақтарында көрсетілген ақпарат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қағаз және электрондық тасығыштарда (PDF және Excel) ұсынылады.";

      1 және 1-1-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      министр Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 22 қарашадағы
№ 873 бұйрығына
1-қосымша
  Мемлекеттік энергетикалық
тізілімді калыптастыру және
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  1-нысан

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің атауы, мекенжайы және олардың қызметінің негізгі түрлері туралы ақпарат

Р/с №

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің толық атауы

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің заңды мекенжайы

Квазимемлекеттік сектор мекемесі (Иә/Жоқ)

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъктісінің негізгі қызмет түрлері*


1

2

3

4

1





      * Ескертпе:

      1) егер Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі бірнеше қызмет түрін жүзеге асырған жағдайда барлық қызмет түрін көрсету;

      2) мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің қызмет түрлерін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеушіне сәйкес көрсету керек.

  Мөр орны (жеке кәсіпкерлер
болып табылатын тұлғалардан
қоспағанда)

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) толық жазу, лауазымы, телефоны және жауапты адамның қолы:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) толық жазу және Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі басшысының қолы:

  2-нысан

Заттай және ақшалай мәндегі энергетикалық ресурстар мен суды өндіру, шығару, тұтыну, беру және ысырабының көлемдері туралы ақпарат

      20___жылғы есепті кезең

      Нысан Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігінің ресми сайтында орналастырылған.

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағына сәйкес ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 292–бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Индекс: 2 – ӨШТБК *

      Кезеңділігі – жыл сайын

      Ұсыну мерзімі: 1 сәуірге дейін

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бiр жүз мен одан да көп тоннаға барабар көлемiнде тұтынатын квазимемлекеттік сектор және табиғи монополиялар субъектілері.

      Нысан қайда ұсынылады: Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтына.

      * ӨШТБК - өндіру, шығару, тұтыну, беру көлемі

1-бөлім. Энергетикалық ресурстарды өндіру, шығару, тұтыну, беру және жоғалту көлемдері туралы ақпаратты көрсетіңіз.

Р/с №

Энергетикалық ресурстардың атауы

Өлшем бірлігі

Өндірілген/шығарыл ған отын-энергетика ресурсы көлемі

Меншікті емес көздерден алынған энергетикалық ресурстарды тұтыну

оның ішінде:

Меншікті көздерден алынған энергетикалық ресурстарды тұтыну

Басқа заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға берілген (өткізілген) энергетикалық ресурстар

Энергетикалық ресурстарды сатып алуға жұмсалған шығыстар (5а+6 бағаналар сомасы), мың. теңге (ҚҚС есебімен)

Ескертпе

отын-энергетика ресурсын тасымалдау кезіндегі ысырап


1

2

3

4 а

4 б

5

6

7

8

1

Электр энергиясы

киловатт-сағат








2

Жылу энергиясы

гигакаллория








3

Сүрек

тонна








4

Мотор бензині

литр








5

Керосин

литр








6

Дизель отыны (Газойлдер)

литр








7

Жағатын мазут

тонна








8

Тұрмыстық отын пеші

тонна








9

Табиғи газ

текше метр








10

Тас көмір

тонна








11

Сұйытылған газ (пропан және бутан)

тонна








12

Текшелер және тас көмірдің түйіршігі

тонна








13

Лигнит (қоңыр тас көмір)

тонна








14

Шикі мұнай

тонна








15

Газ конденсаты

тонна








16

Бензин тұрпатындағы реактивті отын

литр








17

Ілеспе мұнай газы

текше метр








18

Кокс және көмірдің шала коксы

тонна








19

Ағаш үгінділері және қалдықтары

тонна








20

Авиациялық бензин

литр








21

Тазартылған газдар, этилен, пропилен, бутилен, бутадиен және басқа мұнай газдарын қоса алғанда

тонна








22

Бензиннен ажыратылған газ

текше метр








23

Мұнай коксы және тақтатас

тонна








24

Мұнай битумы және тақтатас

тонна








25

Домна газы

текше метр








26

Коксты газ

текше метр








27

Мұнай өңдеу зауыттарында айыру арқылы алынған газ

текше метр








28

Антрацит

тонна








2-бөлім. Тұтынылатын су мен ысырап мөлшерін көрсетіңіз.

Р/с №

Түрі

Өлшем бірлігі

Суды тұтыну

Тасымалдау кезіндегі судың ысырабы


1

2

3

4

1

Суық су

текше метр



теңге (қосымша құн салығын ескере отырып)



2

Ыстық су

текше метр



теңге (қосымша құн салығын ескере отырып)



3

Техникалық су

текше метр



теңге (қосымша құн салығын ескере отырып)



      Атауы _________________________ Мекенжайы _____________________________

      ______________________________ ________________________________________

      Телефоны _________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы_______________________________________

      Жауапты адам ___________________________________________       ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)                         қолы

      Басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам _____________________ _______________

                  тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)            қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме ______ күнтізбелік жыл үшін заттай және ақшалай мәндегі энергетикалық ресурстар мен суды өндіру, шығару, тұтыну, беру және ысырабының көлемдері туралы ақпарат (2-индекс – ӨШТБК *, кезеңділігі жылдық) 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "______ күнтізбелік жыл үшін заттай және ақшалай мәндегі энергетикалық ресурстар мен суды өндіру, шығару, тұтыну, беру және ысырабының көлемдері туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай тәртіпті айқындайды.

      2. Нысан "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Толтырылған нысан Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері жыл сайын есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша қағаз немесе электрондық тасығыштарда ұсынады. Нысандағы деректер өлшем бірліктерінде толтырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адамдар және жауапты адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. 1-бөлімде келесі деректерді көрсетіңіз:

      1) "3" бағанында өндірілген және шығарылған энергетикалық ресурстардың санын көрсетіңіз.

      2) "4а" бағанасында меншікті емес көздерден алынған, тұтынылған энергия ресурстарының санын көрсетіңіз.

      3) "4б" бағанасында отын-энергетика ресурстарын тасымалдау кезінде ысырап болған энергетикалық ресурстардың санын көрсетіңіз.

      4) егер мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі басқа заңды тұлғаларға энергия ресурстарын тасымалдау жөнінде қызметтер көрсетсе, онда "4б" бағанасында сондай-ақ осы тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету кезінде туындайтын энергия ресурстарының бүкіл ысырабы көрсетіледі ("4б" бағанның мәні "4а" бағанның құрамдас бөлігі болып табылады).

      5) мұнай, газ және көмір өндіруші зауыттарға қайта өндеуге арналған шикізат ретінде келіп түсетін энергия ресурстарының бөлігі (үлесі) "4а", "4б" және "5" бағаналарда көрсетілмейді.

      6) "5" бағанында құрамында жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын генерациялайтын қондырғылары бар кәсіпорындар толтырады.

      7) "6" бағанында басқа заңды және жеке тұлғаларға берілген энергия ресурстарының санын көрсетіңіз. Бұл жағдайда, энергия ресурстарда жаңартылған энергия көздерін қоспағанда, МЭТ субъектілерінің өзі жүргізген электр және жылу энергиясы көзделеді.

      8) "7" бағанасында энергия ресурстарын сатып алу шығындары жүзеге асырылған ақша қаражатының шығыстары санын көрсетіңіз, мың теңгемен.

      9) бір энергия ресурсының бірнеше түрі қолданылатын жағдайда, "8" бағанада, сондай-ақ санын көрсету қажет. Гидро-электр станциясы - егер Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің құрамында болатын болса, аталған ұяшықта гидро-электро станцияның өз мұқтажына тұтынылған электр энергиясы көрсетеледі.

      10) "8" бағанында моторлы, дизель отынын тұтынылған жағдайда, маркасын көрсетіңіз.

      11) "8" бағанында тас көмірі, лигниті тұтынылған жағдайда кен орнын көрсетіңіз.

      12) егер Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі шламды тұтынған жағдайда, осы ресурсты "Жағатын тұрмыстық мазут" жолында толтыру қажет.

      13) егер сұйытылған газды (пропан және бутан) есепке алу литрмен жүргізілген жағдайда, шартты отынның тоннасына ауыстыру коэффициенті 0,000528.

      14) бағандардағы ақпарат "3", "4", "5", "6" табиғи шамада толтырыңыз.

      15) "7" бағанасында ақша түрінде толтыру қажет, өлшемі – теңге.

      2. 2-бөлімде келесі деректерді көрсетіңіз:

      1) суды есепке алу аспаптары болмаған жағдайда тиісті бағанда "есепке алу жүргізілмейді" деп жазылады.

      2) "3" бағанында заттай көріністегі тұтынылған су көлемі және ақшалай көріністегі баламасы көрсетіледі.

      3) "4" бағанында су тасымалдауды жүзеге асыратын компаниялар ғана толтырады.

      * ӨШТБК - өндіру, шығару, тұтыну көлемі

  3-нысан

      Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері әзірлейтін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижелері туралы ақпарат

      20___жылғы есепті кезең

      Нысан Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігінің ресми сайтында орналастырылған.

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағына сәйкес ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 292–бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Индекс: 3 – ЭҮІ *

      Кезеңділігі – жыл сайын

      Ұсыну мерзімі: 1 сәуірге дейін

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бiр жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемiнде тұтынатын квазимемлекеттік сектор және табиғи монополиялар субъектілері.

      Нысан қайда ұсынылады: Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтына.

      * ЭҮІ - энергия үнемдеу іс-шаралары

      Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды көрсетіңіз

Энергия аудит қорытындысы болған жағдайда


Иә

Энергия менеджменті жүйесі енгізілген жағдайда


Иә


Жоқ


Жоқ

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Есепті кезең ішіндегі нақты инвестициялар (қосымша құн салығын ескере отырып), мың.теңге

Есепті кезеңдегі іс-шараларды жүзеге асырудан алынатын үнемдеудің нақты тиімділігі

айы

жылы

Энергетикалық ресурстың атауы

Заттай түрде

ақшалай түрде (қосымша құн салығын ескере отырып), мың. теңге


1

2

3

4

5

6

1








2








      Атауы ________________________ Мекенжайы _____________________________

      ______________________________ ________________________________________

      Телефоны _________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы_______________________________________

      Жауапты адам _____________________________             ______________

                  тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)             қолы

      Басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам _________________________ _______________

                  тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)             қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері әзірлейтін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижелері туралы ақпарат (3-индекс - ЭҮІ *, кезеңділігі жылдық)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері әзірлейтін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижелері туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай тәртіпті айқындайды.

      2. Нысан "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Толтырылған нысан Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері жыл сайын есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша қағаз немесе электрондық тасығыштарда ұсынады. Нысандағы деректер өлшем бірліктерінде толтырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адамдар және жауапты адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. энергия аудитінің қорытындысы болмаған жағдайда, бағанда тиісті белгі болған кезде нысан толтырылмайды.

      2. энергия аудитінің қорытындысы болған жағдайда, оның көшірмесін нысанға қоса беру қажет. (егер бұрын ұсынылмаса)

      3. энергия аудитінің қорытындысы бойынша әзірленген іс-шаралардың бекітілген жоспары болған жағдайда, оның көшірмесін нысанға қоса беру қажет.

      4. ISO 50001 халықаралық стандартына сәйкестік сертификаты болған жағдайда, оның көшірмесін нысанға қоса беру қажет.

      5. "1" бағанында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мақсатында өткізілген іс-шараның атауын көрсетіңіз.

      6. "2" бағанында іс-шараны енгізген айды және жылды көрсетіңіз.

      7. "3" бағанында қосылған құн салығын есепке ала отырып, іс-шараларды іске асыруға арналған нақты инвестицияларды мың теңгемен көрсетіңіз.

      8. "4" бағанында іс-шараны енгізуден үнемделген энергетикалық ресурстың атауын көрсетіңіз.

      9. "5" бағанында іс-шараны енгізуден үнемделген энергетикалық ресурстардың санын заттай мәнде көрсетіңіз.

      10. "6" бағанында мың теңгемен ақша қаражатының нақты үнемделуін көрсетіңіз.

      11. қажет болған жағдайда жолдар қосылады.

      * ЭҮІ - энергия үнемдеу іс-шаралары

  4-нысан

      Өнім бірлігіне шаққанда нақты энергия тұтыну және (немесе) үйлер, құрылыстар, ғимараттар ауданының бірлігіне шаққанда жылытуға жұмсалған энергетикалық ресурстардың шығысы туралы ақпарат

      20___жылғы есепті кезең

      Нысан Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігінің ресми сайтында орналастырылған.

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағына сәйкес ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 292–бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Индекс: 4 – ӨБЭТ *

      Кезеңділігі – жыл сайын

      Ұсыну мерзімі: 1 сәуірге дейін

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бiр жүз мен одан да көп тоннаға барабар көлемiнде тұтынатын квазимемлекеттік сектор және табиғи монополиялар субъектілері.

      Нысан қайда ұсынылады: Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтына.

      * ӨБЭТ - Өнім бірлігіне нақты энергия тұтыну

      Энергия тиімділігі көрсеткішінің есебін және мәнін көрсетіңіз

№ п/п

Энергия тиімділігі көрсеткішінің атауы

Өнім бірлігіне регламенттелген нормативтік көрсеткіштер

Ұйымның энергия тиімділігінің пайдаланылатын коэффициенттерінің өлшем бірлігі

Энергия тиімділігі көрсеткішін есептеу

Энергия тиімділігі көрсеткішінің мәні


1

2

3

4

5

1

үлестік жылу тұтыну


гигакалория/шаршы метр



2

жылытуға арналған энергетикалық ресурстардың шығысы


шартты отынның тоннасы/шаршы метр



3

жылу өндіруге арналған отын-энергетикалық ресурсты тұтыну


шартты отынның киллограммы/гигакалория



4

электр энергиясын өндіруге арналған отын-энергетикалық ресурсты тұтыну


шартты отын грамм/киловатт-сағат



5

өнім өндіруге арналған электр энергиясының шығысы


киловатт-сағат/тонна



      Атауы ________________________ Мекенжайы______________________________

      ______________________________ ________________________________________

      Телефоны _________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы_______________________________________

      Жауапты адам ___________________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)                   қолы

      Басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам ________________________ _______________

                  тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)                   қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      Күнтізбелік ____ жыл ішінде өнім бірлігіне шаққанда нақты энергия тұтыну және (немесе) үйлер, құрылыстар, ғимараттар ауданының бірлігіне шаққанда жылытуға жұмсалған энергетикалық ресурстардың шығысы туралы ақпарат (4-индекс - ӨБЭТ *, кезеңділігі жылдық)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Күнтізбелік ____ жыл ішінде өнім бірлігіне шаққанда нақты энергия тұтыну және (немесе) үйлер, құрылыстар, ғимараттар ауданының бірлігіне шаққанда жылытуға жұмсалған энергетикалық ресурстардың шығысы туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай тәртіпті айқындайды.

      2. Нысан "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. толтырылған нысан Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері жыл сайын есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша қағаз немесе электрондық тасығыштарда ұсынады. Нысандағы деректер өлшем бірліктерінде толтырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адамдар және жауапты адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. бекітілген норматив болған жағдайда Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің әрбір субъектісінің және саланың ерекшелігі ескеріле отырып толтырылады.

      2. "4" "Энергия тиімділігі көрсеткішін есептеу" бағанасында орталық жылыту кезінде жылытуға жұмсалған Гкал санының және жылытылатын алаң мөлшерінің қатынасы толтырылады (мысал: жылытуға 1500 Гкал тұтынғанда және жылытылатын ауданы 3000 м2 – "1500/3000").

      3. "5" бағанасында "4" бағанасында алынған мән толтырылады. (мәселен: 0,5).

      4. "4" "Энергия тиімділігі көрсеткішінің есебі" бағанасында дербес жылыту кезінде жылытуға және жылытылатын алаңдарға энергетикалық ресурс санының қатынасы толтырылады. Бұл ретте, энергетикалық ресурс ш.о.т. ауыстыру коэффициентіне бойынша аудару (көмір үшін 0,626 және сұйытылған газ үшін 1,57) керек.

      5. қажет болған жағдайда жолдарды қосу керек.

      * ӨБЭТ - Өнім бірлігіне нақты энергия тұтыну

  5-нысан

      Энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандыру туралы ақпарат

      20___жылғы есепті кезең

      Нысан Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігінің ресми сайтында орналастырылған.

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағына сәйкес ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 292–бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Индекс: 5 – ЕАЖ *

      Кезеңділігі – жыл сайын

      Ұсыну мерзімі: 1 сәуірге дейін

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бiр жүз мен одан да көп тоннаға барабар көлемiнде тұтынатын квазимемлекеттік сектор және табиғи монополиялар субъектілері.

      Нысан қайда ұсынылады: Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтына

      * ЕАЖ - есепке алу аспаптарымен жарақтандыру

      Есептеу құралдарының (есептеуіштердің) санын және энергетикалық ресурстарды есептеу аспаптарымен жарақталуын көрсетіңіз

Р/с №

Есепке алынатын энергетикалық ресурстың атауы

Аспаптар саны, дана

Есепке алу аспаптарымен жарақталуының жалпы %


1

2

3

1

электр



2

газ



3

жылу



n

басқалары



      Атауы _________________________ Мекенжайы______________________________

      ______________________________      ________________________________________

      Телефоны _________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы_______________________________________

      Жауапты адам ___________________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)                   қолы

      Басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам _________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)                         қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      Энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандыру туралы ақпарат (5-индекс –ЕАЖ *, кезеңділігі жылдық)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандыру туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай тәртіпті айқындайды.

      2. Нысан "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. толтырылған нысан Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері жыл сайын есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша қағаз немесе электрондық тасығыштарда ұсынады. Нысандағы деректер өлшем бірліктерінде толтырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адамдар және жауапты адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. "Есепке алынатын энергетикалық ресурстың атауы" 1-бағанында тұтынылатын ресурстардың түрлері толтырылады.

      2. "Аспаптар саны" деген 2-бағанда дана өлшемдегі есептеу аспаптарының (есептеуіштердің) саны, данасы есептеліп толтырылады.

      3. "Есептеу аспаптарымен жарақтандыру" деген 3-бағанда кәсіпорынның есептеу аспаптарымен жарақтандыру пайызы толтырылады.

      * ЕАЖ - есепке алу аспаптарымен жарақтандыру

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 22 қарашадағы
№ 873 бұйрығына
2-қосымша
  Мемлекеттік энергетикалық
тізілімді калыптастыру және
жүргізу қағидаларына
1-1-қосымша
  1-нысан

Мемлекеттік мекеме болып табылатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің атауы, мекенжайы және негізгі қызмет түрлері туралы ақпарат

Р/с №

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің толық атауы (Бизнес сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып)

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің заңды мекенжайы

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің негізгі қызмет түрлері *


1

2

3

1




      * Ескертпе:

      егер Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі екі немесе одан көп қызмет түрін жүзеге асыратын болса, барлық қызмет түрін көрсету.

      Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің қызмет түрлерін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптаушыны сәйкес көрсету.

  Мөр орны (бар болған жағдайда)

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) толық жазу, лауазымы, телефоны және жауапты адамның қолы:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) толық жазу және Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі басшысының қолы:

  2-нысан

Заттай және ақшалай көріністегі энергетикалық ресурстарды және суды өндіру, шығару, тұтыну, беру және ысрабының көлемдері туралы ақпарат 20___жылғы есепті кезең

      Нысан Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігінің ресми сайтында орналастырылған.

      Индекс: 2 – ӨШТБК *

      Кезеңділігі – жыл сайын

      Ұсыну мерзімі: 1 сәуірге дейін

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бiр жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемiнде тұтынатын мемлекеттік мекемелер.

      Нысан қайда ұсынылады: Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтына.

      * ӨШТБК - өндіру, шығару, тұтыну, беру көлемі

      Тұтынылатын энергетикалық ресурстардың заттай және ақшалай мәндегі көлемін көрсетіңіз

Энергетикалық ресурстардың атауы

Өлшем бірлігі

Энергетикалық ресурстарды тұтыну

Энергетикалық ресурстарды сатып алуға арналған шығыстар, мың. теңге (ҚҚС-мен)

Өндірілген/шығарыл ған отын-энергетика ресурстарының көлемі

Басқа заңды және жеке тұлғаларға берілген (өткізілген) энергия ресурстары


1

2

3

4

5

6

1

Электр энергиясы

киловатт-сағат





2

Жылу энергиясы

гигакаллория





3

Сүрек

тонна





4

Мотор бензині

литр





5

Керосин

литр





6

Дизель отыны (Газойлдер)

литр





7

Жағатын мазут

тонна





8

Тұрмыстық отын пеші

тонна





9

Табиғи газ

текше метр





10

Тас көмір

тонна





11

Сұйытылған газ (пропан және бутан)

тонна





12

Текшелер, тас көмірдің түйіршігі

тонна





13

Лигнит (қоңыр тас көмір)

тонна





14

Шикі мұнай

тонна





15

Газ конденсаты

тонна





16

Бензин типіндегі реактивті отын

литр





17

Ілеспе мұнай газы

текше метр





18

Кокс және көмірдің жартылай коксы

тонна





19

Ағаш үгінділері және қалдықтары

тонна





20

Авиациялық бензин

литр





21

Тазартылған газдар, этилен, пропилен, бутилен, бутадиен және басқа мұнай газдарын қоса алғанда

тонна





22

Бензиннен ажыратылған газ

текше метр





23

Мұнай коксы және тақтатас

тонна





24

Мұнай битумы және тақтатас

тонна





25

Доменді газ

текше метр





26

Коксты газ

текше метр





27

Мұнай өңдеу зауыттарында айыру арқылы алынған газ

текше метр





28

Антрацит

тонна





      Атауы ________________________ Мекенжайы_____________________________

      ______________________________ ________________________________________

      Телефоны _________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы_______________________________________

      Жауапты адам ___________________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)                   қолы

      Басшы немесе қол қоюға уәклетті адам _________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)                   қолы

      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Заттай және ақшалай көріністегі энергетикалық ресурстарды және суды өндіру, шығару, тұтыну, беру және ысрабының көлемдері туралы ақпарат (2-индекс – ӨШТК *, кезеңділігі жыл сайын) 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Заттай және ақшалай көріністегі энергетикалық ресурстарды және суды өндіру, шығару, тұтыну, беру және ысрабының көлемдері туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай тәртіпті айқындайды.

      2. Нысан "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері жыл сайын есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша қағаз немесе электрондық тасығыштарда ұсынады. Нысандағы деректер өлшем бірліктерінде толтырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адамдар және жауапты адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. 3-бағанда көрсетілген өлшем бірліктерінде тұтынылатын энергетикалық ресурстардың заттай көріністегі саны көрсетіледі.

      2. 4-бағанда энергетикалық ресурстарды сатып алуға арналған шығыстар, қосылған құн салығын ескере отырып, мың теңгемен көрсетіледі.

      3. "5" бағанында өндірілген және шығарылған энергетикалық ресурстардың санын көрсетіңіз.

      4. "6" бағанында басқа заңды және жеке тұлғаларға берілген энергия ресурстарының санын көрсетіңіз. Бұл жағдайда, энергия ресурстарда жаңартылған энергия көздерін қоспағанда, МЭТ субъектілерінің өзі жүргізген электр және жылу энергиясы көзделеді.

      5. мәліметтер болмаған жағдайда нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

      * ӨШТБК - өндіру, шығару, тұтыну, беру көлемі

  3-нысан

      Өнім бірлігіне шаққанда нақты энергия тұтыну және (немесе) үйлер, құрылыстар, ғимараттар ауданының бірлігіне шаққанда жылытуға жұмсалған энергетикалық ресурстардың шығысы туралы ақпарат, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандыру туралы ақпарат

      20___жылғы есепті кезең

      Нысан Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігінің ресми сайтында орналастырылған.

      Индекс: 3 – ЭРШ *

      Кезеңділігі – жыл сайын

      Ұсыну мерзімі: 1 сәуірге дейін

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бiр жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемiнде тұтынатын мемлекеттік мекемелер.

      Нысан қайда ұсынылады: Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтына.

      * ЭРШ - энергетикалық ресурстардың шығысы

1-бөлім. Әкімшілік ғимарат туралы жалпы мәліметтерді көрсетіңіз

Р/с №

Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың саны

Салынған жылы

Автоматтандырылған жылыту пунктінің болуы (Иә/Жоқ)

Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың алаңы, м2

Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жылытылатын алаңы, м2

Қызметкерлер, жұмыскерлер саны (штат бойынша)

Оқушылар, тәрбиеленушілер саны

Келушілер, төсек-орын саны


1

2

3

4

5

6

7

8

1









2









жиынтықтар






2-бөлім. Энергия тиімділігінің көрсеткіші мен мәнінің есебін көрсетіңіз

Р/с №

Жылыту түрі

Энергия тиімділігі көрсеткішінің атауы

Ұйымның пайдаланылған энергия тиімділігі коэффициентінің өлшем бірлігі

Энергия тиімділігінің көрсеткіштерін есептеу

Энергия тиімділігі көрсеткішінің мәні


1

2

3

4

5

1

Орталық жылыту

меншікті жылу тұтыну

Гкал/ м2 *



2

Автономды жылыту

жылытуға жұмсалатын электр энергия шығыны

киловатт-сағат/ м2



жылытуға жұмсалатын дизель отынның шығыны

литр/ м2



жылытуға жұмсалатын мазут шығыны

тонна/ м2



жылытуға жұмсалатын тұрмыстық пеш отынның шығыны

тонна/ м2



жылытуға жұмсалатын тас көмір шығыны

тонна/ м2



жылытуға арналған табиғи газдың шығыны

м3/м2



Жылытуға арналған энергетикалық ресурстардың өзге де шығыстары




      * м2 – шаршы метр

      м3 – текше метр

      Гкал - Гигакалория

3-бөлім. Жылу көздері туралы ақпаратты көрсетіңіз (автономды жылыту болған жағдайда толтырылады)

р/с №

Жылыту көздерінің түрі

Жылыту көздерінің саны, дана

Пайдалы әсер коэффициенті

Жылыту көзінің қуаты, ВТ

Пайдалануға берілген жылы


1

2

3

4

5

1

Электр қазандығы





2

Көмір қазандығы





3

Электр пеші





4

Көмір пеші





5

Газ пеші





6

Дизельді пеш





n

Басқалары





4-бөлім. Жарық көздері бойынша деректерді көрсетіңіз (ішкі және сыртқы)

р/с №

Жарықтандыру аспаптары

Саны, дана

Қуаты, ВТ

Тәулігіне жұмыс уақыты, сағат


1

2

3

4

1

Қыздыру шамдары




2

Люминесцентті шамдар




3

Жарықдиодты шамдар




4

Басқалары




5-бөлім. Негізгі энергия тұтыну жабдықтары бойынша деректерді көрсетіңіз

р/с №

Энергия тұтынатын жабдықтың атауы

Саны, дана

Қуаты, ВТ

Тәулігіне жұмыс уақыты, сағат


1

2

3

4

1

Компьютер




2

Электр плитасы




3

Электр пеш шкафы




4

Газ пеш шкафы




5

Кондиционер




6

Тоңазытқыш




n

Басқалары




6-бөлім. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды көрсетіңіз

Энергия аудит қорытындысы болған жағдайда


Иә

Энергия менеджменті жүйесі енгізілген жағдайда


Иә


Жоқ


Жоқ

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Есепті кезең ішіндегі нақты инвестициялар (қосымша құн салығын ескере отырып), мың.теңге

Есепті кезеңдегі іс-шараларды жүзеге асырудан алынатын үнемдеудің нақты тиімділігі

айы

жылы

Энергетикалық ресурстың атауы

Заттай түрде

ақшалай түрде (қосымша құн салығын ескере отырып), мың. теңге


1

2

3

4

5

6

7

1








2








      Атауы _________________________ Мекенжайы _____________________________

      ______________________________ ________________________________________

      Телефоны _________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы_______________________________________

      Жауапты адам ___________________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)                   қолы

      Басшы немесе қол қоюға уәклетті адам _________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)                         қолы

      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Өнім бірлігіне шаққанда нақты энергия тұтыну және (немесе) үйлер, құрылыстар, ғимараттар ауданының бірлігіне шаққанда жылытуға жұмсалған энергетикалық ресурстардың шығысы туралы ақпарат, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандыру туралы ақпарат (3-индекс – ЭРШ *, кезеңділігі жыл сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Өнім бірлігіне шаққанда нақты энергия тұтыну және (немесе) үйлер, құрылыстар, ғимараттар ауданының бірлігіне шаққанда жылытуға жұмсалған энергетикалық ресурстардың шығысы туралы ақпарат, сонай-ақ энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандыру туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай тәртіпті айқындайды.

      2. Нысан "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері жыл сайын есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша қағаз немесе электрондық тасығыштарда ұсынады. Нысандағы деректер өлшем бірліктерінде толтырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адамдар және жауапты адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. 1-бөлімде келесі деректерді көрсетіңіз:

      1) "Салынған жылы" тармағында барлық үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың салынған жылын көрсетіңіз.

      2) "Автоматтандырылған жылыту пунктінің болуы" тармағында, егер автоматтандырылған жылу пункті орнатылған болса, "Иә" қойыңыз. Егер автоматтандырылған жылу пункті болмаған жағдайда, бағанға "Жоқ" қойыңыз.

      3) "Үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың ауданы, м2" тармағында шаршы метрдегі алаңды көрсетіңіз.

      4) "Үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың жылытылатын ауданы, м2" тармағында шаршы метрде жылытылатын алаңды көрсетіңіз.

      5) "Қызметкерлер, жұмыскерлер саны" тармағында, штаттық тізім бойынша қызметкерлердің санын көрсетіңіз.

      6) "Оқушылар, тәрбиеленушілер саны" тармағында, бар болған жағдайда, оқушылар, тәрбиеленушілер санын көрсетіңіз.

      7) "Келушілердің саны, төсек-орын" тармағында келушілердің санын көрсетіңіз немесе бар болса төсек-орын санын көрсетіңіз.

      8) қажет болған жағдайда жолдар қосылады.

      2. 2-бөлімде келесі деректерді көрсетіңіз:

      1) "4" бағанында өлшем бірлігі "3" бағанында көрсетілген энергия тиімділігі көрсеткішінің есебін көрсетіңіз (мысал: "1000/300", мұнда 1000 – жылытуға тұтынылатын энергетикалық ресурс саны, 300 – жылытылатын алаң мөлшерінің шаршы метр саны).

      2) "5" бағанасында энергия тиімділігі көрсеткішінің мәнін, "4" бағанасындағы қарым-қатынас нәтижесін көрсетіңіз.

      3) жылудың бірнеше түрі қолданылған жағдайда, әрбір түрі бойынша есепті көрсету керек.

      4) қажет болған жағдайда жолдарды қосу керек.

      3. 3-бөлімде келесі деректерді көрсетіңіз:

      1) автономды жылыту болған жағдайда толтырылады.

      2) 2-бағанда жылу көздерінің түрлері бойынша санын көрсету.

      3) су жылыту жабдығын пайдаланған жағдайда оны осы нысанда көрсету қажет.

      4) жылыту көздерінің бірнеше түрін пайдаланған жағдайда олардың әрқайсысын көрсету қажет.

      5) 3-бағанда Жабдықтың техникалық паспортында көрсетілген жылыту көзінің пайдалы әсер коэффициенті көрсетіледі.

      6) 4-бағанда Жабдықтың техникалық паспортында көрсетілген жылыту көзінің қуатын көрсету.

      7) 5-бағанда жылу көзінің пайдалануға берілген жылын көрсету.

      8) нысанда көрсетілмеген басқа жылу көзі болған жағдайда, төменнен жолдар қосу қажет.

      4. 4-бөлімде келесі деректерді көрсетіңіз:

      1) 2-бағанда санаттар бойынша жарықтандыру құралдарының санын көрсету.

      2) 3-бағанда жарық беру құралының қуатын көрсету.

      3) әр түрлі қуатты жарықтандыру құралдарын пайдаланған жағдайда жолдар қосу.

      4) 4-бағанда жарық беру құралының тәулік ішіндегі жұмыс уақытын көрсету.

      5. 5-бөлімде келесі деректерді көрсетіңіз:

      1) 2-бағанда кәсіпорында қолданылатын жабдық түрлерінің санын дана етіп көрсету керек. Болмаған жағдайда жабдық түрі үшін бағанды бос қалдыруға.

      2) 3-бағанда пайдаланылатын жабдықтың қуатын көрсету.

      3) 4 -бағанда тәулігіне энергия тұтыну жабдығын пайдалану сағаттарының санын көрсету.

      4) нысанда көрсетілмеген басқа энергия тұтыну жабдығы болған жағдайда, төменнен жолдар қосу қажет.

      6. 6-бөлімде келесі деректерді көрсетіңіз:

      1) энергия аудитінің қорытындысы болған жағдайда, оның көшірмесін нысанға қоса беру қажет.

      2) энергия аудитінің қорытындысы бойынша әзірленген іс-шаралардың бекітілген жоспары болған жағдайда, оның көшірмесін нысанға қоса беру қажет.

      3) ISO 50001 халықаралық стандартына сәйкестік сертификаты болған жағдайда, оның көшірмесін нысанға қоса беру қажет.

      4) "1" бағанында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мақсатында өткізілген іс-шараның атауын көрсетіңіз.

      5) "2" бағанында іс-шараны енгізген айды көрсетіңіз.

      6) "3" бағанында іс-шараны енгізген жылды көрсетіңіз.

      7) "4" бағанында қосылған құн салығын есепке ала отырып, іс-шараларды іске асыруға арналған нақты инвестицияларды мың теңгемен көрсетіңіз.

      8) "5" бағанында іс-шараны енгізуден үнемделген энергетикалық ресурстың атауын көрсетіңіз.

      9) "6" бағанында іс-шараны енгізуден үнемделген энергетикалық ресурстардың санын заттай мәнде көрсетіңіз.

      10) "7" бағанында мың теңгемен ақша қаражатының нақты үнемделуін көрсетіңіз.

      11) қажет болған жағдайда жолдар қосылады.

      * ЭРШ - энергетикалық ресурстардың шығысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады