Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.07.2021 № 454-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тауардың шығу тегі жөнінде сертификаттар бланкілерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10235 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысандарын бекіту туралы";
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы үшінші бөлімінің 3-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сұлтанов |
1. Тауарды өндіруші |
4. № ____________________________ | ||||
2. Тауарды алушы |
_________________________________ берілді | ||||
3. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу мақсаты | 5. Қызметтік ескертулер үшін | ||||
6. № | 7. Орындар саны және қаптама түрі | 8. Тауардың сипаттамасы | 9. Шығу тегінің өлшемдері | 10. Брутто/нетто салмағы (килограмм) | |
11. Куәлік. Осы арқылы өтініш берушінің декларациясы шындыққа сәйкес келетіні куәландырылады |
12. Өтініш берушінің декларациясы: |
"CT-KZ" НЫСАНДАҒЫ ТАУАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ № ___________
СЕРТИФИКАТҚА ҚОСЫМША ПАРАҚ
6. № | 7. Орындар саны және қаптама түрі | 8. Тауардың сипаттамасы | 9. Шығу тегінің өлшемдері | 10. Брутто/нетто салмағы (килограмм) |
11. Куәлік. Осы арқылы өтініш берушінің декларациясы шындыққа сәйкес келетіні куәландырылады |
12. Өтініш берушінің декларациясы: |