"Қолма-қол шетелдік валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері жөніндегі мәліметтер нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 278 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 1319 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 4 желтоқсанда № 19685 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қолма-қол шетелдік валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері жөніндегі мәліметтер нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 278 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16570 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетелдік валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың айырбастау пункттері жөніндегі мәліметтер нысанын бекіту туралы";

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетелдік валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың айырбастау пункттері жөніндегі мәліметтер нысаны бекітілсін";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетелдік валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың айырбастау пункттері жөніндегі мәліметтер нысаны, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары -
Қаржы министрі
А. Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2019 жылғы 3 желтоқсандағы
бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 278 бұйрығымен
Бекітілген
  нысан

20___ жылғы______ тоқсан соңындағы жағдай бойынша Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетелдік валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың айырбастау пункттері жөніндегі мәліметтер

Уәкілетті ұйымның атауы

Бизнес сәйкестендіру нөмірі

Уәкілетті ұйымның орналасқан жері

Қолма-қол шетелдік валютамен айырбастау операцияларына арналған лицензия бойынша деректер (бұдан әрі – лицензия)

Лицензияның нөмірі және берілген күні

Қайта ресімделген лицензияның күні, нөмірі

Лицензияның тоқтатылған күні

Лицензияны тоқтату кезеңінің аяқталған күні

Лицензияны ерікті қайтару күні

Лицензиядан айыру (кері қайтару) күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      кестенің жалғасы

Лицензияға қосымшалар бойынша деректер

Нөмірі және берілген күні

Ағымдық мәртебесі

Айырбастау пунктінің жабылған күні

Уәкілетті ұйымның филиалы*

Айырбастау пунктінің орналасқан жері (мекен-жайы)

11

12

13

14

15

_________________________________________________________
(Бірінші басшының не орынбасарының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))
________________________________________________
(Мәліметті жасауға жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))
Мәліметтердің жасалған күні 20__ жылғы "___" _________

_________ (қолы)
_________ (қолы)

      Ескертпе: * уәкілетті ұйымның орналасқан жерінің өңірінен тыс қосымша айырбастау пунктін ашу кезінде көрсетіледі.

      "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетелдік валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың айырбастау пункттері жөніндегі мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Қызметін Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің
қолма-қол шетелдік
валютасымен айырбастау
операцияларына арналған
лицензиясы негізінде тек қана
айырбастау пункттері арқылы
жүзеге асыратын заңды
тұлғалардың айырбастау
пункттері жөніндегі мәліметтер"
  нысанына қосымша

"Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетелдік валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың айырбастау пункттері жөніндегі мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1. "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетелдік валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың айырбастау пункттері жөніндегі мәліметтер" нысаны (бұдан әрі – Нысан) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 26-бабы 11-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Нысан өсу қорытындысымен есепті тоқсанның соңғы күніне толтырылады және тоқсаннан кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмейтін мерзімде тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады.

      3. Нысанды мәліметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарының жауапты лауазымды тұлға толтырады.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарының бірінші басшы не орынбасары, мәліметті жасауға жауапты лауазымды тұлға нысанға қол қояды және мөрмен бекітеді.

      5. "№" деген 1-бағанда нөмір ретімен көрсетіледі. Келесі ақпарат реті бойынша нөмірленеді.

      6. "Уәкілетті ұйымның атауы" деген 2-бағанда, қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетелдік валютасы және оған қосымшасы (қосымшалары) бар айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі, онда уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункті (айырбастау пункттері) көрсетіледі.

      7. "Бизнес сәйкестендіру нөмірі" деген 3-бағанда 2-бағанда көрсетілген уәкілетті ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      8. "Уәкілетті ұйымның орналасқан жері" деген 4-бағанда 2-бағанда көрсетілген уәкілетті ұйымның заңды мекенжайы (пошта индексі, облысы, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі (стационарлық үй-жай), сондай-ақ қабат, сектор, блок және басқа (ол болған кезде)) көрсетіледі.

      9. "Лицензияның нөмірі және берілген күні" деген 5-бағанда лицензияның нөмірі және берілген күні көрсетіледі.

      10. "Қайта ресімделген лицензияның күні, нөмірі" деген 6-бағанда қайта ресімделген лицензияның күні, нөмірі көрсетіледі.

      11. "Лицензияның тоқтатылған күні" деген 7-бағанда лицензияны тоқтата тұру кезеңінің басталған күні көрсетіледі.

      12. "Лицензияны тоқтату кезеңінің аяқталу күні" деген 8-бағанда лицензияны тоқтата тұру кезеңінің аяқталу күні көрсетіледі.

      13. "Лицензияны ерікті қайтару күні" деген 9-бағанда лицензияның ерікті қайтару күні көрсетіледі.

      14. "Лицензиядан айыру (кері қайтару) күні" деген 10-бағанда лицензиядан айыру немесе кері қайтару күні көрсетіледі.

      15. "Нөмірі және берілген күні" деген 11-бағанда уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің лицензиясына қосымшаның нөмірі мен күні көрсетіледі.

      16. "Ағымдық мәртебесі" деген 12-бағанда лицензияға қосымшаның мәртебесі – берілгені, қайта ресімделгені, ерікті қайтарылғаны, тоқтатылғаны, айырылғаны (кері қайтарып алынғаны) көрсетіледі.

      17. "Айырбастау пунктінің жабылған күні" деген 13-бағанда айырбастау пунктінің жабылған күні көрсетіледі.

      18. "Уәкілетті ұйымның филиалы" деген 14-бағанда уәкілетті ұйымның орналасқан жерінің өңірінен тыс қосымша айырбастау пунктін ашу кезінде уәкілетті ұйымы филиалының атауы көрсетіледі.

      19. "Айырбастау пунктінің орналасқан жері" деген 15-бағанда айырбастау пунктінің орналасқан мекен-жайы (облысы, қала, аудан, көше, үй, қабат, сектор, блок) көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады