Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 03.12.2019 № 1319 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетелдік валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың айырбастау пункттері жөніндегі мәліметтер нысаны бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 03.12.2019 № 1319 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
_______________ Д. Ақышев
2018 жылғы "____" ________
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 278 бұйрығымен Бекітілген |
|
нысан |
Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 03.12.2019 № 1319 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20___ жылғы______ тоқсан соңындағы жағдай бойынша Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетелдік валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың айырбастау пункттері жөніндегі мәліметтер
№ | Уәкілетті ұйымның атауы | Бизнес сәйкестендіру нөмірі | Уәкілетті ұйымның орналасқан жері | Қолма-қол шетелдік валютамен айырбастау операцияларына арналған лицензия бойынша деректер (бұдан әрі – лицензия) | |||||
Лицензияның нөмірі және берілген күні | Қайта ресімделген лицензияның күні, нөмірі | Лицензияның тоқтатылған күні | Лицензияны тоқтату кезеңінің аяқталған күні | Лицензияны ерікті қайтару күні | Лицензиядан айыру (кері қайтару) күні | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
кестенің жалғысы
Лицензияға қосымшалар бойынша деректер | |||||
Нөмірі және берілген күні | Ағымдық мәртебесі | Айырбастау пунктінің жабылған күні | Уәкілетті ұйымның филиалы* | Айырбастау пунктінің орналасқан жері (мекен-жайы) | |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | |
_________________________________________________________ |
_________ (қолы) |
Ескертпе: * уәкілетті ұйымның орналасқан жерінің өңірінен тыс қосымша айырбастау пунктін ашу кезінде көрсетіледі.
"Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетелдік валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың айырбастау пункттері жөніндегі мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
"Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетелдік валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың айырбастау пункттері жөніндегі мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1. "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетелдік валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың айырбастау пункттері жөніндегі мәліметтер" нысаны (бұдан әрі – Нысан) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 26-бабы 11-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Нысан өсу қорытындысымен есепті тоқсанның соңғы күніне толтырылады және тоқсаннан кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмейтін мерзімде тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады.
3. Нысанды мәліметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарының жауапты лауазымды тұлға толтырады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарының бірінші басшы не орынбасары, мәліметті жасауға жауапты лауазымды тұлға нысанға қол қояды және мөрмен бекітеді.
5. "№" деген 1-бағанда нөмір ретімен көрсетіледі. Келесі ақпарат реті бойынша нөмірленеді.
6. "Уәкілетті ұйымның атауы" деген 2-бағанда, қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетелдік валютасы және оған қосымшасы (қосымшалары) бар айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі, онда уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункті (айырбастау пункттері) көрсетіледі.
7. "Бизнес сәйкестендіру нөмірі" деген 3-бағанда 2-бағанда көрсетілген уәкілетті ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
8. "Уәкілетті ұйымның орналасқан жері" деген 4-бағанда 2-бағанда көрсетілген уәкілетті ұйымның заңды мекенжайы (пошта индексі, облысы, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі (стационарлық үй-жай), сондай-ақ қабат, сектор, блок және басқа (ол болған кезде)) көрсетіледі.
9. "Лицензияның нөмірі және берілген күні" деген 5-бағанда лицензияның нөмірі және берілген күні көрсетіледі.
10. "Қайта ресімделген лицензияның күні, нөмірі" деген 6-бағанда қайта ресімделген лицензияның күні, нөмірі көрсетіледі.
11. "Лицензияның тоқтатылған күні" деген 7-бағанда лицензияны тоқтата тұру кезеңінің басталған күні көрсетіледі.
12. "Лицензияны тоқтату кезеңінің аяқталу күні" деген 8-бағанда лицензияны тоқтата тұру кезеңінің аяқталу күні көрсетіледі.
13. "Лицензияны ерікті қайтару күні" деген 9-бағанда лицензияның ерікті қайтару күні көрсетіледі.
14. "Лицензиядан айыру (кері қайтару) күні" деген 10-бағанда лицензиядан айыру немесе кері қайтару күні көрсетіледі.
15. "Нөмірі және берілген күні" деген 11-бағанда уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің лицензиясына қосымшаның нөмірі мен күні көрсетіледі.
16. "Ағымдық мәртебесі" деген 12-бағанда лицензияға қосымшаның мәртебесі – берілгені, қайта ресімделгені, ерікті қайтарылғаны, тоқтатылғаны, айырылғаны (кері қайтарып алынғаны) көрсетіледі.
17. "Айырбастау пунктінің жабылған күні" деген 13-бағанда айырбастау пунктінің жабылған күні көрсетіледі.
18. "Уәкілетті ұйымның филиалы" деген 14-бағанда уәкілетті ұйымның орналасқан жерінің өңірінен тыс қосымша айырбастау пунктін ашу кезінде уәкілетті ұйымы филиалының атауы көрсетіледі.
19. "Айырбастау пунктінің орналасқан жері" деген 15-бағанда айырбастау пунктінің орналасқан мекен-жайы (облысы, қала, аудан, көше, үй, қабат, сектор, блок) көрсетіледі.