Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2019 жылғы 28 қарашадағы № 11-1-4/631 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 5 желтоқсанда № 19700 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14806 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы инвестициялық үлгілік келісімшартында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшарт";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Тараптар кез келген Тараптың екінші Тарапқа жазбаша өтінішін алған күннен бастап екі ай ішінде келісімге қол жеткізбеген жағдайда дауларды шешу "Астана" Халықаралық қаржы орталығының сотында/ "Астана" Халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығында/ Қазақстан Республикасының сот органдарында, сондай-ақ тараптардың келiсiмімен айқындалатын төрелiктерде жүзеге асырылады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Арнайы инвестициялық келісімшарт үшін қолданыстағы "Астана" Халықаралық қаржы орталығының/ Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.";

      2) "Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім нысанын және оны қабылдау және тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14800 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім нысаны осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқық департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы -
Министрдің бірінші орынбасары
Ш. Нурышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2019 жылғы 28 қарашадағы
№ 11-1-4/631 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 6 ақпандағы
№ 74 бұйрығына
1-қосымша
  нысан

Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім

      (арнайы экономикалық аймақ қатысушысы немесе еркін қойма иесі немесе моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан заңды тұлға) болып табылатын

      ______________________________________________________________________________,

      (заңды тұлғаның атауы)

      арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған осы өтінімді жолдайды.

      Жасалатын арнайы инвестициялық келісімшартқа қолдануға жататын құқық ретінде:
      _______________________________________________________________________________
      (ұсынылатын құқық түрлерінің бірін таңдау: қолданыстағы "Астана" Халықаралық қаржы орталығының құқығы/ Қазақстан Республикасының құқығы) көрсетуіңізді өтінемін.
      Қосымша:
      1) _______________________________________________________________
      2) _______________________________________________________________
      3) _______________________________________________________________
      _________________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке куәлігінде болған жағдайда) және лауазымы)
      _________________________________________________________________
      (қолы және мөр (болған жағдайда))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады