"Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 595 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 желтоқсанда № 19728 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінде:

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Жылжымайтын мүлікке және жылжымалы мүлікке тыйым салынған жағдайда нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартады, ол жөнінде нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Өсиет қалдырушының қалауы бойынша нотариусты оның мазмұнымен таныстырмай, нотариус құпия өсиетті бір данада куәландырады.

      Құпия өсиет, оның жарамсыз болып қалу қаупі ескеріліп, өсиет қалдырушының өз қолымен жазылады және қолы қойылады, екі куәнің және нотариустың қатысуымен куәлар өз қолдарын қоятын конвертке желімденіп салынады, куәлардың қатысуымен куәлар қол қояды, нотариус куәландыру жазбасын қойып, басқа конвертке бекітіледі. Құпия өсиеті бар конверт өсиет қалдырушының қалауы бойынша өсиетті куәландырған нотариуста не өсиет қалдырушыда не өсиет орындаушысында (өсиет жүктелген өкілде) сақталады.

      Құпия өсиетті куәландырған кезде нотариус өсиет берушіге Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1050-бабында көзделген өсиет нысанына қойылатын талаптарды түсіндіреді.

      Нотариус өсиет қалдырушыға құпия өсиетті сақтауға қабылдау туралы куәлік береді. Егер құпия өсиет өсиет қалдырушыға не өсиетті орындаушыға (өсиет жүктелген өкілге) сақтауға берілсе, бұл туралы нотариус сақтауға беру туралы куәлік береді және өсиетхаттарды есепке алудың алфавиттік кітабында белгі қояды.";

      95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "95. Өсиеттің мәтініне өсиетті орындаушыны тағайындау туралы шарттың қосылуы мүмкін. Өсиетті орындаудың мұрагер болып табылмайтын адамға жүктелуі мүмкін. Бұл жағдайда осы адамның өз қолымен жазылған өсиеттің өзінде, не өсиетке қоса берілген өтінішінде білдірілген келісімі қажет. Құпия өсиетті куәландыру және өсиет қалдырушы өсиетті орындаушыны (өсиет жүктелген өкілді) тағайындау кезінде өсиетті орындаушының (өсиет жүктелген өкілдің) келісімі конвертке қоса берілетін өтініште көрсетіледі.

      Өсиет орындаушы болып әрекет қабілеті жоқ адам, сол сияқты өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қойған адам тағайындалмайды.

      "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында БНАЖ арқылы өсиетті орындаушының (өсиет жүктелген өкілдің) жеке басын куәландыратын құжаттары тексеріледі.";

      100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. Нотариус нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде өсиетті жою, өзгерту туралы белгі жасайды.

      Өсиет жойылған жағдайда, нотариус өсиет қалдырушыдағы данасын, құпия өсиетті қоспағанда, алып қояды, оған жазба жасайды және нотариус істерінде сақталатын данасына тігеді.

      Құпия өсиеттің күші жойылған жағдайда нотариусқа оның күшін жою туралы өтініш беріледі.

      Бұрын жасалған өсиет өзгерген жағдайда оны өзгерту туралы өтініш нотариуста сақталатын өсиеттің данасына тігіледі.";

      100-1 және 100-2 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "100-1. Конвертті ашуды және құпия өсиет мәтінін жария етуді өсиет қалдырушы қайтыс болғаннан кейін ғана құпия өсиет сақталатын не оны куәландырған нотариус жүзеге асырады. Өсиет қалдырушының қайтыс болу фактісі өсиет қалдырушының қайтыс болуы туралы куәлікпен расталады.

      Өсиет қалдырушының қайтыс болғаны туралы куәлікті, сондай-ақ құпия өсиеті бар конвертті берген адам, ол өсиет қалдырушыда немесе өсиетті орындаушыда (өсиет жүктелген өкілде) сақталған жағдайда, құпия өсиет куәландырылған нотариусқа конвертті ашу және құпия өсиет мәтінін жариялау туралы өтініш береді, оны нотариус кіріс құжаттарын тіркеу кітабына келіп түскен күні тіркейді.

      Өтініште заң бойынша белгілі мұрагерлер туралы мәліметтер де көрсетіледі.

      100-2. Құпия өсиетті куәландырған не сақтаған нотариус, өсиетті жария ету күнін, орнын және уақытын және мазмұнын ашуды тағайындайды. Нотариус конверттерді ашады және өсиет қалдырушының қайтыс болуы туралы куәлік берілген күннен бастап он күннен кешіктірмей өсиетте қамтылған мәтінді жария етеді.

      Құпия өсиеттің ашылу және мазмұнының жария ету күні, уақыты мен орны туралы нотариус тұратын жері өзіне белгілі заң бойынша мұрагерлерге хабардар етеді. Егер мұрагерлердің тұрғылықты жері белгісіз болса, нотариус бұл туралы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.";

      100-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "100-4 Конвертті ашу және құпия өсиеттің мәтінін жариялау кезінде кемінде екі куә және заң бойынша мұрагерлер қатарынан қатысуға ниет білдірген адамдар қатысады.";

      115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "115. Нотариус мұраны ашқан жері бойынша, заң бойынша бір немесе бірнеше мұрагерлердің жазбаша өтініштері бойынша, сондай-ақ заң бойынша мұрагерлер болмаған немесе белгісіз болған кезде – жергілікті атқарушы органның жазбаша өтініші бойынша мұраға сенімгерлік басқарушы тағайындайды.

      Заң бойынша мұрагерлер келген жағдайда, сенімгерлік басқарушы оған қажетті шығыстардың орны толтырыла және мұраның есебінен қисынды сыйақы төлене отырып, олардың талабы бойынша кері шақырылады.";

      138-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "138. Мұраға құқық туралы куәлікті беру кезінде нотариус басқа мемлекеттік нотариаттық кеңселерден, нотариустардан немесе аумақтық нотариаттық палатадан мұраның ашылған жері бойынша, сондай-ақ БНАЖ арқылы мұрагерлік істің және өсиеттің бар/жоқтығы туралы ақпараттық анықтаманы сұратады.

      Мұрагерлікті қабылдағаны не қабылдаудан бас тарту туралы өтінішті бірнеше нотариус қабылдаған жағдайда мұраға құқығы туралы куәлік мұрагерлік істі тіркеу кітабшасына сәйкес бірінші бастаған нотариус береді.";

      141-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "141. Заң бойынша да, өсиет бойынша да мұраға құқық туралы куәлік берілген ретте нотариус белгіленген тәртіпте тіркелген жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды талап етеді.

      Егер мұраға құқық туралы куәлік тұтас жылжымайтын мүлікке берілсе, онда құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқасы нотариустың іс қағаздарында қалады.

      Өсиет бойынша мемлекетке мұраға құқық туралы куәлік беру кезінде нотариус бағалау актісін (жылжымалы да, жылжымайтын да мүлікке) талап етеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады