Ведомстволық бағыныстағы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті - Елбасының Кеңсесі бастығының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 01-6.40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 желтоқсанда № 19741 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы" ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Құжаттамалық, қаржылық және кадрлық қамтамасыз ету бөлімі:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Құжаттамалық, қаржылық және кадрлық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары - бас бухгалтері Б.Қ. Битеноваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті –
Елбасының Кеңсе Басшысы
М. Қасымбеков

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасы Еңбек және

      халықты әлеуметтiк қорғау министрі

      _________________Б.Б. Нұрымбетов

  Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті –
Елбасының
Кеңсесі Басшысының
2019 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 01-6.40 бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының ТІЗІЛІМІ

Буын Саты Лауазымдар атауы
А блогы (басқарушы персонал)

А2

1

Бас бухгалтер

А2

1-1

Қызмет басшысы

А3

1

Сектор басшысы, бас экономист

В блогы (негізгі персонал)

В1

1

Бас ғылыми қызметкер

2

Бас сарапшы, жетекші ғылыми қызметкер

3

Жетекші сарапшы, аға ғылыми қызметкер

4

Аға сарапшы, ғылыми қызметкер, кеңесші

5

Сарапшы, кіші ғылыми қызметкер

В2

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты негізгі персонал мамандары: қорларды сақтаушы, экскурсия жүргізуші, экспозицияларды және көрмелерді ұйымдастыру жөніндегі маман, мұрағатшы

2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты негізгі персонал мамандары: қорларды сақтаушы, экскурсия жүргізуші, экспозицияларды және көрмелерді ұйымдастыру жөніндегі маман, негізгі қызметтердің инженері, мұрағатшы

3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты негізгі персонал мамандары: қорларды сақтаушы, экскурсия жүргізуші, экспозицияларды және көрмелерді ұйымдастыру жөніндегі маман, негізгі қызметтердің инженері, мұрағатшы

4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ негізгі персонал мамандары: қорларды сақтаушы, экскурсия жүргізуші, экспозицияларды және көрмелерді ұйымдастыру жөніндегі маман, негізгі қызметтердің инженері, лаборант, мұрағатшы

В3

1

Біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санатты негізгі персонал мамандары: қорларды сақтаушы, экскурсия жүргізуші, экспозицияларды және көрмелерді ұйымдастыру жөніндегі маман, мұрағатшы

2

Біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші санатты негізгі персонал мамандары: қорларды сақтаушы, экскурсия жүргізуші, экспозицияларды және көрмелерді ұйымдастыру жөніндегі маман, мұрағатшы


3

Біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санатты негізгі персонал мамандары: қорларды сақтаушы, экскурсия жүргізуші, экспозицияларды және көрмелерді ұйымдастыру жөніндегі маман, мұрағатшы

4

Біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ негізгі персонал мамандары: қорларды сақтаушы, экскурсия жүргізуші, экспозицияларды және көрмелерді ұйымдастыру жөніндегі маман, мұрағатшы, негізгі қызметтердің инженері, лаборант

С блогы (әкімшілік персонал)

С2


Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: бухгалтер, экономист, заң кеңесшісі, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, инспектор

С3


Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: бухгалтер, экономист, заң кеңесшісі, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, инспектор, механик

D блогы (қосалқы персонал)

D1


Техникалық орындаушылар: Музей қараушысы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады