Ауыл шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар жұмыскерлеріне, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемақылар төлеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 442 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 20 желтоқсанда № 19748 болып тіркелді

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілген 15-қосымшаға сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар жұмыскерлеріне, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемақылар төлеу қағидалары мен шарттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 442 бұйрығымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар жұмыскерлеріне, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемақылар төлеу қағидалары мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар жұмыскерлеріне, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақылар төлеу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілген 15-қосымшаға сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар жұмыскерлеріне, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақылар төлеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Үстемақылар белгілеу ұйымның тиісті қаржы жылына бекітілген еңбекақы төлеу қоры есебінен және шегінде жүргізіледі.

2-тарау. Ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемақылар төлеу тәртібі мен шарттары

      3. Ауыл шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар жұмыскерлеріне, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемақылар белгілеу:

      1) мекемені дамытуға бағытталған жұмыс;

      2) практикада озық әдістерді қолданғаны;

      3) жұмыстағы жоғары жетістіктер;

      4) аса маңызды немесе шұғыл жұмыстарды орындағаны;

      5) еңбектегі күрделілік пен қауырттылық үшін жүзеге асырылады.

      4. Ерекше еңбек жағдайы үшін үстемақы базалық лауазымдық жалақының елу пайызына (50%) дейінгі мөлшерде белгіленеді.

      5. Ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақылар белгілеу үстемеақылар белгілеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) шешімі негізінде ұйым басшысының не оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен жүргізіледі.

      6. Комиссия құру және комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді ұйымның басшысы не оның міндетін атқарушы адам қабылдайды.

      7. Комиссия төрағасы және басқа да мүшелері комиссия мүшелері болып табылады.

      Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, бірақ кемінде үш адамды құрайды.

      8. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде оның дауыс беру құқығы болмайды.

      9. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      10. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды.

      11. Ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемақылар белгілеу жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына тікелей басшысы немесе ұйым басшысы ұсынады.

      12. Ауыл шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар жұмыскерлеріне, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемақылар төлеу шарттары осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес қолданылады.

  Ауыл шаруашылығы
саласындағы азаматтық
қызметшілерге, мемлекеттік
бюджет қаражаты есебінен
ұсталатын ұйымдар
жұмыскерлеріне, қазыналық
кәсіпорындар жұмыскерлеріне
ерекше еңбек жағдайлары үшін
үстемақылар төлеу қағидалары
мен шарттарына
қосымша

Ауыл шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар жұмыскерлеріне, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемақылар төлеу шарттары

Ұйымдар (бөлімшелер) тізбесі

Жұмыскерлер лауазымдарының тізбесі

Ерекше жағдайлар

Базалық лауазымдық жалақы көрсеткіштері

30 %

40 %

50 %

Мекемені дамытуға бағытталған жұмысы үшін

1.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі

Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық жұмыскерлер

өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласында фитосанитариялық мониторингтің жаңа технологияларын енгізу және пайдалану (фитосанитариялық мониторингті цифрландыру –технологиялардың геоақпараттық жүйесін пайдалану (2019 жылдан бастап күнделікті зерттеп-қарау нәтижелері танаптардан планшеттерді пайдалана отырып, онлайн режимінде беріліп отырады)

жұмыс жоспарын жалпы көлемнің 16-20%-ына асыра орындау

жұмыс жоспарын жалпы көлемнің 21-25%-ына асыра орындау

жұмыс жоспарын жалпы көлемнің 26-30%-ына асыра орындау

Практикада озық әдістерді қолданғаны үшін




пилотсыз ұшу аппараттарының көмегімен аэрофотүсірілім және бейнетүсірілім


пилотсыз ұшу аппараттарымен қол жеткізу қиын жерлердің жалпы алаңының 3% -ын зерттеп- қарау

пилотсыз ұшу аппараттарымен қол жеткізу қиын жерлердің жалпы алаңының 5%-ын зерттеп қарау

Аса маңызды немесе шұғыл жұмыстарды орындағаны үшін




жүргізілетін зерттеп-қараудың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін оңтайлы қысқа мерзімдерде фитосанитариялық мониторинг жүргізу (зерттеп-қарау үшін аспаптар, автокөлік дайындау, тексеру бағдарларын, зиянды организмдер жайлаған орындардың координаталары бар орналасу карталарын жасау, базалық шаруашылықтарды таңдау, фенологиялық байқау)

фитосанитариялық мониторинг бойынша қажетті жұмыстарды оңтайлы мерзімдер аяқталғанға дейін мерзімінен 2 күн бұрын орындау

фитосанитариялық мониторинг бойынша қажетті жұмыстарды оңтайлы мерзім аяқталғанға дейін мерзімінен 3 күн бұрын орындау

фитосанитариялық мониторинг бойынша қажетті жұмыстарды оңтайлы мерзімдер аяқталғанға дейін мерзімінен 5 күн бұрын орындау

Еңбектегі күрделілік пен қауырттылық үшін




Ауыл шаруашылығы дақылдары мен зиянды организмдердің вегетациясы мен дамуы кезеңінде фитосанитариялық мониторинг жүргізу кезіндегі нормаланбаған жұмыс күні



қолайсыз ауа райы жағдайларында зерттеп-қарау (ауаның жоғары температурасы, шаңды дауылдар, жаңбыр), қиын қозғалу (егістік, қамыс, батпақты жерлер), зерттеп-қарау жұмыстары кезеңінде жүргізілген химиялық өңдеулерден кейін химиялық заттар қалдықтарымен улану қаупі




жұмыстың физикалық ауырлығы – ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды организмдері (зиянды, аса қауіпті зиянды организмдер және карантиндік объектілер) бойынша мониторингтік зерттеп-қарау жүргізу кезінде ауыл шаруашылығы дақылдары талаптарында үнемі қозғалыста болуға байланысты






фазалар бойынша фенологиялық байқау және зиянды организмнің тиістілігін анықтау. Танаптағы жүйелі бақылау (таңертең ерте)



Мекемені дамытуға бағытталған жұмысы үшін

2.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық өсімдіктер карантинінің орталығы" мемлекеттік мекемесі

Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық жұмыскерлер

"Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зиянды организмді карантиндік зиянды организмдер тізбесіне қосу, сондай-ақ оған қатысты карантиндік шараларды қолдану үшін фитосанитариялық тәуекелге тұрақты негізде талдау жүргізу

1 ФТТ

2 ФТТ

3 және одан көп ФТТ




зерделенетін объектіні анықтау және сәйкестендіру бойынша әдістемелік ұсынымдар, зерделенетін объектімен күресу және оны оқшаулау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

1 әдістемелік ұсыным (әдістемелік нұсқау)

2 әдістемелік ұсыным (әдістемелік нұсқау

3 әдістемелік ұсыным (әдістемелік нұсқау)

Практикада озық әдістерді қолданғаны үшін




Қазақстан Республикасы аумағындағы өсімдіктер карантині саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды зерделеу және қолдануға қатысу, карантиндік объектілерді сәйкестендіру мен анықтаудың жаңа әдістерін зерделеу, халықаралық тәжірибе алмасуға арналған практикалық сабақтар

жұмыс жоспарын жалпы көлемнің 5% -на асыра орындау

жұмыс жоспарын жалпы жалпы көлемнің 7%-на асыра орындау

жұмыс жоспарын жалпы жалпы көлемнің 10%-на асыра орындау

Жұмыстағы жоғары жетістіктері үшін




Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге арналған өсімдіктер карантині саласындағы зертханааралық салыстырмалы сынақтарға қатысу (аккредиттелген зерханалар үшін)

1 турға қатысу

2 турға қатысу

3 және одан да көп турға қатысу




зерделенетін объектіні анықтау және сәйкестендіру бойынша әдістемелік ұсынымдарды, зерделенетін объектімен күресу және оны оқшаулау бойынша әдістемелік ұсынымдарды қазақ тіліне аудару

1 әдістемелік ұсыным (әдістемелік нұсқау)

2 әдістемелік ұсыным (әдістемелік нұсқау)

3 әдістемелік ұсыным (әдістемелік нұсқау)




өсімдіктер карантині бойынша анықтамалықтар, шолу-әдеби материалдарды және басқа да ғылыми негізделген құжаттамаларды әзірлеу

1 бірлік

2 бірлік

3 бірлік




Еуразиялық экономикалық одақтың карантиндік объектілерінің бірыңғай тізбесіне карантиндік объектілерді қосуға арналған ұсыныстар енгізу

дұрыстығы 60%-дан төмен емес

дұрыстығы 65%-дан төмен емес

дұрыстығы 70%-дан төмен емес

Аса маңызды немесе шұғыл жұмыстарды орындағаны үшін




мекеменің филиалдарына, облыстық және шекаралық карантиндік зертханаларына, интродукциялық-карантиндік питомниктерге, өсімдіктер карантині жөніндегі аумақтық инспекцияларға және басқа да мемлекеттік органдарға оңтайлы қысқа мерзімдерде әдістемелік көмек көрсету

оңтайлы мерзімдерде қажетті жұмыстарды орындау

оңтайлы мерзімдер аяқталғанға дейін 2 күн бұрын қажетті жұмыстарды мерзімінен бұрын орындау

оңтайлы мерзімдер аяқталғанға дейін 3 күн бұрын қажетті жұмыстарды мерзімінен бұрын орындау




зертханалық сараптамаға келіп түскен үлгілерде анықталған карантиндік объектілер мен бөтен тектес түрлер туралы ақпаратты (апталық, айлық, тоқсандық және жылдық есептер) жинау, талдау және уәкілетті органға беру

оңтайлы мерзімдерде қажетті жұмыстарды орындау

оңтайлы мерзімдер аяқталғанға дейін 2 күн бұрын қажетті жұмыстарды мерзімінен бұрын орындау

оңтайлы мерзімдер аяқталғанға дейін 3 күн бұрын қажетті жұмыстарды мерзімінен бұрын орындау

Еңбектегі күрделілік пен қауырттылық үшін




карантиндік және аса қауіпті организмдерден коллекциялық материал жинау және сақтау (карантинге жатқызылатын өнімдерден сараптама кезінде табылған карантиндік объектілер картотекасын жүргізу)

зиянды организмнің 1 түрі

зиянды организмнің 2 түрі

зиянды организмнің 3 түрі




өсімдіктер зиянкестерінің, өсімдік ауруларын қоздырғыштардың және арамшөптердің түрлік құрамын анықтау, карантинге жатқызылған өнімдер үлгілерінде карантиндік объектілер мен басқа да аса қауіпті объектілердің табылуына энтомологиялық, фитопатологиялық, фитогельминтологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, гербологиялық сараптамалар жүргізу. Оптикалық аспаптармен жұмыс істеу және экраннан байқап отыру (микроскоптар, ұлғайтқыштар, ПТР, мұқият байқау ұзақтығы уақытының 50%-ан асатын кезде)

жұмысты жоспардан 5%-ға асыра орындау

жұмысты жоспардан 7%-ға асыра орындау

жұмысты жоспардан 10%-ға асыра орындау




импорттық егіс материалдары мен отырғызылатын материалдарда карантиндік зиянкестермен, өсімдік ауруларын қоздырғыштармен, арамшөптермен және бөтен текті түрлермен жасырын залалдануды анықтау

жұмысты жоспардан 5% -ға асыра орындау

жұмысты жоспардан 7%-ға асыра орындау

жұмысты жоспардан 10%-ға асыра орындау




өсімдіктерді егу, ұластыру, танаптық жағдайларда өсіру және вегетациялық кезеңде материалды зерттеп-қарау, өсімдіктердің фенологиясын жүйелі түрде байқап отыру, (таңертең ерте, кешкісін қараңғы түсе), қолмен атқарылатын жұмыс, бүкіл жұмыс уақытында танапта жұмыс істеу, нормаланбаған жұмыс уақыты, діріл, шу деңгейі жоғары және жоғары температурадағы жұмыс

жұмысты жоспардан 5%-ға асыра орындау

жұмысты жоспардан 7%-ға асыра орындау

жұмысты жоспардан 10%-ға асыра орындау




улармен, улы химикаттармен, химиялық реактивтермен, астық шаңымен тікелей байланыса жұмыс істеу, желім негіздегі тұзақтарды қамбалық-қоймалық үй-жайлар фумигацияланғаннан кейінгі сыпырындыны жете тексеру. Улармен және улы химикаттармен өңделген карантинге жатқызылатын отандық және импорттық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сараптама жүргізу, аталған үлгілерді сақтау және иесіздендіру

жұмысты жоспардан 5%-ға асыра орындау

жұмысты жоспардан 7%-ға асыра орындау

жұмысты жоспардан 10%-ға асыра орындау

Мекемені дамытуға бағытталған жұмысы үшін

3.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі

Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық жұмыскерлер

аттестаттаудан өту, семинарлар мен конференцияларға қатысу

аттестаттаудан өту, баяндамашы ретінде семинарлар мен конференцияларға қатысу, ғылыми мақалалар дайындау






қазіргі заманғы зертханалық жабдықты енгізу және пайдалану (базалық бақылау – жылына 70 000 топырақ үлгісі)

жұмысты жалпы жұмыс көлемінің 20%-на асыра орындау



Практикада озық әдістерді қолданғаны үшін




республиканың әр түрлі топырақтық-климаттық аймақтарында ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін арттыруды қамтамасыз ететін минералдық тыңайтқыштардың неғұрлым тиімді түрлерін нақтылау бойынша тәжірибелік-өндірістік зерттеулер жүргізу (базалық көрсеткіш – өткен жылғы ауыл шаруашылығы дақылдары түсімділігінің орташа аудандық көрсеткіші)

ауыл шаруашылығы дақылдары түсімділігінің 10-15%-ға өсуі

ауыл шаруашылығы дақылдары түсімділігінің 16-20%-ға өсуі

ауыл шаруашылығы дақылдары түсімділігінің 21-25%-ға өсуі




республиканың әртүрлі топырақтық-климаттық аймақтарында танаптық тәжірибелер жүргізу арқылы минералдық тыңайтқыштар қолданудың тиімділігін анықтау үшін (базалық көрсеткіш – топырақтық-климаттық аймақта 1 қызметкерге 2 тәжірибе)

топырақтық-климаттық аймақта 1 қызметкерге 2-ден астам тәжірибе






топырақты жыл сайынғы агрохимиялық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша тыңайтқыштарды енгізудің жыл сайынғы нормаларын қалыптастыру


ауыл шаруашылығы министрлігінің ғылыми-техникалық кеңесіне шығару үшін аграрлық бейіндегі басқа ғылыми ұйымдардың қорытындыларын ескере отырып, минералды тыңайтқыштарға субсидияларды есептеуге арналған, республиканың әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарында ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтқыштар енгізу нормалары


Еңбектегі күрделілік пен қауырттылық үшін




топырақ материалын жинау және сақтау бойынша жұмыстар жүргізу
(базалық көрсеткіш –бір қызметкерге жылына 10 000 топырақ үлгісі)

базалық көрсеткіштен 2%-ға асу

базалық көрсеткіштен 3%-ға асу

базалық көрсеткіштен 4%-дан астам асу




көзге қауырт көрінетін жұмыстар: прецизионды, оптикалық аспаптармен және мұқият байқау ұзақтығы кезінде экранды (микроскоптар, лупалар, инфоқызыл талдағыш) байқай отырып (базалық көрсеткіш – бір қызметкерге 40 топырақ үлгісі)

базалық көрсеткіштен 10%-ға асу

базалық көрсеткіштен 15%-ға асу

базалық көрсеткіштен 20%-ға асу




атомдық-абсорбциялық спектрофотометрлерде, спектралды және жалынды спектрометрлерде, жоғары қысымдағы ыдыстармен қосымша жұмыс жүктемесі (базалық көрсеткіш – бір талдаушыға 40 топырақ үлгісі)

базалық көрсеткіштен 10%-ға жоғары






агрохимиялық зерттеп-қарауды орындау кезінде бір қызметкерге қосымша жүктеме (күніне зерттеп-қарау алаңы – 1043 гектар, суармалы жерде – 0,104 гектар)

базалық көрсеткіштен 10%-ға жоғары

базалық көрсеткіштен 13%-ға жоғары

базалық көрсеткіштен 15%-ға жоғары

Мекемені дамытуға бағытталған жұмысы үшін

4

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия" республикалық мемлекеттік мекемесі

Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық жұмыскерлер

республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік, ғылыми-теориялық конференцияларды (күндізгі/сырттай) ұйымдастыру және өткізу

республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік, ғылыми-теориялық конференцияларды баяндамаларын жариялай отырып ұйымдастыру және өткізу

халықаралық ғылыми-тәжірибелік, ғылыми-теориялық конференцияларды баяндамаларын жариялай отырып ұйымдастыру және өткізу

республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік, ғылыми-теориялық конференцияларда баяндамама жасау




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда және нөлдік емес дәйексөзділік индексі (Q1, Q2, Q3, Q4) бар шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда ғылыми мақалалар, тезистер мен баяндамалар жариялау

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда ғылыми мақалалар, тезистер мен баяндамалар жариялау

ресейлік ғалымдардың ғылыми басылымдарының библиографиялық дерекқорына кіретін журналдарда ғылыми мақалалар жариялау

дәйексөзділік индексі жоғары журналдарда ғылыми мақалалар жариялау




біліктілікті арттыру/ тағылымдама және ғылыми нәтижелерді байқаудан өткізу

Қазақстан Республикасының шегіндегі өндірісте тағылымдамадан өтіп, серификат алу

жақын шетелдерде тағылымдамадан өтіп, серификат алу

алыс шетелдерде тағылымдамадан өтіп, сертификат алу




ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін агроөнеркәсіптік кешен саласында ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу, республикалық, салалық бұқаралық ақпарат құралдарында имидждік мақалалар дайындау, радиодан немесе теледидардан сөз сөйлеу, әлеуметтік желілер мен платформалардағы өзінің парақшасында немесе ресми парақшада республикалық мемлекеттік мекеменің қызметі туралы жариялау

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін агроөнеркәсіптік кешен саласында ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу

республикалық, салалық бұқаралық ақпарат құралдарында имидждік мақалалар дайындау, радиодан немесе теледидардан сөз сөйлеу

әлеуметтік желілер мен платформалардағы өзінің парақшасында немесе ресми парақшада республикалық мемлекеттік мекеме нің қызметі туралы жариялау




"Дала күні" күні іс-шарасы шеңберінде өткізілетін шығармашылық көрмелерді, білім тарату жөніндегі оқыту семинарларын, дөңгелек үстелдерді, сондай-ақ әртүрлі спартакиадаларды ұйымдастыру және өткізу

өңірлік және қалалық деңгейде

республикалық деңгейде

халықаралық деңгейде




өндірістік практикаға студенттерді тартып, одан әрі жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша бейінді жоғары оқу орындарымен жұмыс жасау

бейінді жоғары оқу орындары мен әкімдіктер өткізетін бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру және жүргізу

студенттер үшін өндірістік практика өткізу (өндірістік практикадан өту туралы есеп)

өндірістік практика өткізе отырып, одан әрі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия" республикалық мемлекеттік мекемесіне жұмысқа орналастыру




біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

мемлекеттік сорт сынау жүйесі мамандарының тағылымдамалары және біліктілігін арттыру және тәуелсіз мемлекеттер елдерінің сорт сынау саласындағы ұқсас ұйымдарымен тәжірибе алмасу

Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одақтың талаптарына сәйкес техникалық сараптамалар жүргізу рәсімдерін үйлестіру

Швейцарияның Женева қаласында Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одақ офисі ұйымдастыратын жыл сайынғы сессиялар мен семинарларға баяндамалар мен ақпараттар дайындау




"Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылық пайдалылығын мемлекеттік сынау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізу

мемлекеттік көрсетілетінқызметті автоматтандыру жөніндегі бизнес-процесті әзірлеуді ұйымдастыру және жүргізу

мемлекеттік көрсетілетінқызметті автоматтандыру жөніндегі жобаны ілгерілетуді ұйымдастыру және жүргізу

автоматтандырылған мемлекеттік көрсетілген қызметті енгізу

Практикада озық әдістерді қолданғаны үшін




сорттық сынау жөніндегі әдістемелерді халықаралық әдістемелермен үндестіруде жаңа сорттық технологияларды зерделеу және енгізу, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп бағдарламаларын шоғырландыру

ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп- өсірудің қарқынды технологиясын қолдану

сорттық сынауда жаңа сорттық технологияларды енгізу, бюджеттік жоспарлау мен бухгалтерлік есептің шоғырландырылған бағдарламаларының жаңа технологиялары мен әдістерін енгізу және пайдалану

сорттық сынақ жүргізу бойынша жаңа әдістемелерді әзірлеу, енгізу және пайдалану, Еуразиялық экономикалық одақ және Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одақ елдерімен үндестіру

Жұмыстағы жоғары жетістіктері үшін




сортты сынау процесінде түпкілікті және тікелей нәтижелерді сапалы орындау

жұмыс жоспарын жалпы көлемнің 5-10%-ына артық орындау

жұмыс жоспарын жалпы көлемнің 11-15%-ына артық орындау

жұмыс жоспарын жалпы көлемнің 16-20%-ына артық орындау

Аса маңызды немесе шұғыл жұмыстарды орындағаны үшін




республикада пайдалануға ұсынылатын неғұрлым құнды және өнімді сорттарды насихаттау мақсатында Дала күндерін, семинарларды, конференцияларды ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары мен будандарын таныстыруды ұйымдастыру және жүргізу

өңірлік деңгейде Дала күнін, конференция және семинар ұйымдастыру және өткізу

облыстық деңгейде Дала күнін, конференция және семинар ұйымдастыру және өткізу

респуликалық деңгейде Дала күнін, конференция және семинар ұйымдастыру және өткізу




далалық жұмыстарды қысқа, оңтайлы ғылыми негізделген мерзімдерде орындау.
(базалық көрсеткіш –10 күн)

далалық жұмыстарды оңтайлы мерзімдер аяқталғанға дейін мерзімінен 2 күн бұрын орындау

далалық жұмыстарды оңтайлы мерзімдер аяқталғанға дейін мерзімінен 3 күн бұрын орындау

далалық жұмыстарды оңтайлы мерзімдер аяқталғанға дейін мерзімінен 4 күн бұрын орындау

Еңбектегі күрделілік пен қауырттылық үшін




дала жұмыстарындағы қысқа мерзімдегі нормаланбаған жұмыс күні (базалық көрсеткіш – 8 сағаттық жұмыс күнінде)

нормативтік көрсеткіштен 12,5%-ға асу (1 сағатқа дейін)

нормативтік көрсеткіштен 25%-ға асу (2 сағатқа дейін)

нормативтік көрсеткіштен 37,5%-ға асу (3 сағаттан аса)




қолдан жұқтыру кезінде өсімдіктердің ауруларға төзімділігін анықтау үшін инфекциялық материалды жинау және сақтау

3 патогенді инфекциялық материалды сақтау

4 патогенді инфекциялық материалды сақтау

5 патогенді ннфекциялық материалды сақтау




сорттық сынау жүргізу кезінде бір маманға қосымша жүктеме
(базалық көрсеткіш – 1 маманға жүктеме –80 сорттық тәжірибе)

базалық көрсеткіштен 5%-ға асу

базалық көрсеткіштен 10%-ға асу

базалық көрсеткіштен 15%-ға асу




Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия" республикалық мемлекеттік мекемесі ведомстволық бағынысты ұйымдарының бюджеттік өтінімдерін, штаттық кестелерін, жиынтық бухгалтерлік теңгерімін, қаржылық және басқа да ақпаратын шоғырландыру
(базалық көрсеткіш –1 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия" республикалық мемлекеттік мекемесі)

республикалық бюджет бойынша жиынтық бюджеттік өтінімдер мен штаттық кестелерді жинау және жасау және сорттық сынақтан өткізу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер – 15 облыстық және өңірлік мемлекеттік мекемеде

республикалық бюджет бойынша шоғырландырылған жиынтық бухгалтерлік теңгерім және жиынтық қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу және сорттық сынақтан өткізу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу жөніндегі көрсететілетін қызметтер – 15 облыстық және өңірлік мемлекеттік мекемеде

негізгі құралдарды жиынтық түгендеу және есептен шығару, республикалық бюджет бойынша қаржылық және экономикалық мәселелер жөніндемәліметтер, есептер ақпаратын жинау мен жасау және мониторинг және сорттық сынақтан өткізу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер – 15 облыстық және өңірлік мемлекеттік мекемеде




көзге қауырт көрінетін жұмыстар: прецизионды, оптикалық аспаптармен және мұқият байқау ұзақтығы кезінде экранды (микроскоптар, лупалар, инфоқызыл талдағыш және диафанаскоп) байқай отырып (базалық көрсеткіш – техникалық бөлім –күніне 30 талдау, химиялық бөлім – күніне 20 талдау)

базалық көрсеткіштен 2%-ға асу

базалық көрсеткіштен 3%-ға асу

базалық көрсеткіштен 5%-ға асу

Аса маңызды немесе шұғыл жұмыстарды орындағаны үшін

5

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" республикалық мемлекеттік мекемесі

Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық жұмыскерлер

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбесі бойынша жануарлар мен құстардың жіті инфекциялық ауруларының ошақтарын оқшаулау және жою (олар Қазақстан Республикасының аумағында пайда болған жағдайда оларды алып қою және жою);
республикаға инфекцияның енуіне жол бермеу бойынша шектес мемлекеттермен шекарада уақытша шекара маңындағы карантиндік бекеттер ұйымдастыру (шектес мемлекеттерде эпизоотиялық жағдай асқынған жағдайда);
созылмалы аурулардан саламатсыз пункттерді сауықтыру;
жануарлардың аса қауіпті және созылмалы аурулары бойынша саламатсыз пункттерде жоспардан тыс профилактикалық іс-шаралар жүргізу қажеттігі

жануарларды күнделікті клиникалық қарап-тексеру;
инфекциялар ошағының орналасу схемасы картасын әзірлеу;
уақытша дезинфекциялық тосқауыл салу

2 рет теріс нәтиже алғанға дейін мал айдалғанға дейін (таңғы сағат 5 шамасында) қан алуды жүргізу

бұйрыққа сәйкес алып қойылған жануарларды жою;
алып қойылған және жойылған ауру жануарлардың залалын өтеуге құжаттар жинау;
жеке аулалардағы санитариялық іс-шаралар (механикалық тазалау);
мәжбүрлі және қорытынды дезинфекциялау – дезинфекциялық құралдар пайдаланылады;
қорытынды дезинфекция – дезинфекция сапасына арналғансынама алу жүргізіледі

Еңбектегі күрделілік пен қауырттылық үшін




жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының енуі мен таралуынан қорғау

ветеринариялық препараттар мен дезинфекциялау құралдарын жеткізу; өлген жануарлар мен құстардың өлекселерін өртеу арқылы жою

алып қойылған және жойылған жануарлардың құнын өтеу, эпизоотия ошағында және қауіп төндіретін аймақта жануарлар мен құстарға амалсыз вакцина егу, ауру жануарлар мен құстар ұсталған қора-жайларды дезинфекциялау

карантин уақытында созылмалы инфекцияларға бақылау зерттеулерін жүргізу, карантиндік бекеттер, дезинфекциялық тосқауылдар орнату және оларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру

Жұмыстағы жоғары жетістіктері үшін




жануарларды аса қауіпті ауруларға қарсы профилактикалық иммундау осы аурулардың пайда болуы мен таралуының өте жоғары және жоғары қаупі бар аймақтар мен кәсіпорындарда иммундық мал басынан тосқауыл жасау үшін жүзеге асырылады.
Жануарларды ірі қара мал обасына, сібір жарасына, құтырмаға, шошқаның классикалық обасына, құстардың Ньюкасл ауруына және т. б. қарсы вакцинациялау үнемі жүргізіледі.
Қоздырғыштарды сыртқы ортада жою, инфекцияның таралуына кедергі келтіретін ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізу және қауіп төндіретін аймақтағы сезімтал мал басына жаппай иммундау жүргізу жолымен жануарлардың саулығын сақтау

елдің барлық аумағы бойынша жануарлардың жай-күйін үздіксіз эпизоотиялық қадағалау, жануарларды профилактикалық иммундау, жануарлар арасында қауіпті және аса қауіпті аурулар анықталған кезде эпизоотиялық жағдайдың асқынуы туралы бірыңғай өзара шұғыл ақпарат

аса қауіпті ауруларға қарсы мал басын иммундау жөніндегі іс-шараларды уақтылы жүргізу мемлекеттік шекараға іргелес әкімшілік аудандарда профилактикалық иммундау жүйесінде көзделген, Қазақстан мамандары әзірлеген жоспарға сәйкес жүзеге асырылады

жедел ақпарат берудің, тез арада сынама алудың, шұғыл диагностикалаудың ең ұтымды әдістері және эпизоотиялық тізбектің барлық буындарына әсер етуді, ауру жануарларды карантиндеуді, ал қажет болған жағдайда, жануарлардың жекелеген топтарын союды және жоюды көздейді– инфекция қоздырғыштарының берілу жолдары мен объектілері

Мекемені дамытуға бағытталған жұмысы үшін

6.

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" республикалық мемлекеттік мекемесі

Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық жұмыскерлер

ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу

3 ұсыным

4 ұсыным

5 ұсыным

Практикада озық әдістерді қолданғаны үшін




өнертабыстық ұсыныстар, жаңа бағдарламалық қамтым енгізу, далалық зерттеулер мен камералық жұмыстар жүргізу кезінде диагностикалық аспаптар мен зертханалық жабдық қолдану



50 %

Аса маңызды немесе шұғыл жұмыстарды орындағаны үшін




гидрогеологиялық, гидрологиялық, топырақтық жұмыстар және агромелиорациялық зерттеп-қарау жүргізу кезіндегі нормаланбаған жұмыс күні



50 %

Еңбектегі күрделілік пен қауырттылық үшін




қол жеткізу қиын жерлерде және ауа-райы-климаттық жағдайларда мониторинг жүргізу кезіндегі қосымша жүктеме



50 %


Мекемені дамытуға бағытталған жұмысы үшін

7.

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" республикалық мемлекеттік мекемесі

Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық жұмыскерлер

ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу

3 ұсыным

4 ұсыным

5 ұсыным

Практикада озық әдістерді қолданғаны үшін




өнертабыстық ұсыныстар, жаңа бағдарламалық қамтым енгізу, далалық зерттеулер мен камералық жұмыстар жүргізу кезінде диагностикалық аспаптар мен зертханалық жабдық қолдану



50 %

Аса маңызды немесе шұғыл жұмыстарды орындағаны үшін




гидрогеологиялық, гидрологиялық, топырақтық жұмыстар және агромелиорациялық зерттеп-қарау жүргізу кезіндегі нормаланбаған жұмыс күні; сұраным бойынша жедел ақпарат дайындау



50 %

Еңбектегі күрделілік пен қауырттылық үшін




қол жеткізу қиын жерлерде және ауа-райы-климаттық жағдайларда мониторинг жүргізу кезіндегі қосымша жүктеме



50 %

Мекемені дамытуға бағытталған жұмысы үшін

8.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық" республикалық мемлекеттік мекемесі

Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық жұмыскерлер

ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу

3 ұсыным

4 ұсыным

5 ұсыным

Практикада озық әдістерді қолданғаны үшін




өнертабыстық ұсыныстар, жаңа бағдарламалық қамтым енгізу, далалық зерттеулер мен камералық жұмыстар жүргізу кезінде диагностикалық аспаптар мен зертханалық жабдық қолдану



50 %

Аса маңызды немесе шұғыл жұмыстарды орындағаны үшін




гидрогеологиялық, гидрологиялық, топырақтық жұмыстар және агромелиорациялық зерттеп-қарау жүргізу кезіндегі нормаланбаған жұмыс күні;
сұраным бойынша жедел ақпарат дайындау



50%

Еңбектегі күрделілік пен қауырттылық үшін




қол жеткізу қиын жерлерде және ауа-райы-климаттық жағдайларда мониторинг жүргізу кезіндегі қосымша жүктеме



50%

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҚР АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      ПТР – полимеразалық тізбек реакциясы;

      ФТТ – фитосанитариялық тәуекелді талдау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады