"Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 159 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 24 желтоқсанда № 19754 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 сәуірде Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларында:

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Адамдар ақталған, сондай-ақ қылмыстық істер ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 7), 8) және 13) тармақтарында (1997 жылғы редакцияда), ҚР ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында (2014 жылғы редакцияда) көзделген негіздер бойынша немесе маңызы аз болуына байланысты тоқтатылған жағдайда, көрсетілген адамдарға қатысты ҚС ҚАҚБ-ға АЕ ААЖ-да мәліметтерді есептен алу туралы сұрау салу жіберіледі, міндетті түрде Комитеттің аумақтық органының тегі бойынша есепке алуды жүргізуге жауапты қызметкерімен куәландырылған ("графикалық көшірме салынды" тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, органы көрсетілген) растайтын құжаттардың графикалық көшірмелері (процестік шешімдер, ақтау туралы анықтамалар және басқалары) қоса тіркеледі.

      Осыған ұқсас, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 9 қарашадағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейінгі 1997 жылғы редакциядағы ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 10-тармағына сәйкес жасының толмауына байланысты тоқтатылған (қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған) қылмыстық істер бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты мәліметтер есептен алынады.

      Сондай-ақ, ҚР ҚПК-нің 33-бабымен (1997 жылғы редакцияда) көзделген жеке түрде қылмыстық қудалау жүзеге асырылған ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 6-тармағына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдарға қатысты мәліметтер есептен алынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесінің Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтың көшірмесінің құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бас Прокурор Г. Нурдаулетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының жанындағы

      Соттардың қызметін қамтамасыз

      ету департаменті

      (Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының аппараты)

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыбайлас жемқорлыққа

      қарсы іс-қимыл агенттігі

      (Сыбайлас жемқорлыққа

      қарсы қызмет)

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады