Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.02.2021 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі
"Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның микрокредиттер беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бекіткені туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды хабардар ету қағидалары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның микрокредиттер беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бекіткені туралы хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2019 жылғы "___" ___________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2019 жылғы "___" ___________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 237 қаулысымен бекітілді |
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның микрокредиттер беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бекіткені туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды хабардар ету қағидалары
1. Осы Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның микрокредиттер беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бекіткені туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды хабардар ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды (бұдан әрі - уәкілетті орган) микрокредиттер беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бекіткені туралы хабардар ету тәртібін айқындайды.
2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым микрокредитті беру бойынша қызметті оны бекітуге уәкілетті микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның органы бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымының микрокредиттер беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бекітуі туралы хабарламаны (бұдан әрі – Хабарлама) жібереді.
3. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның микрокредиттер беру жөніндегі қызметтерді бекіткені туралы хабарламаға қоса берілетін құжаттар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) көзделген құжаттар қоса берілген хабарлама Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына 2-қосымшаға сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы беріледі.
4. Тізбеде көрсетілген, бірнеше парақтан тұратын құжаттар, нөмірленіп, тігіліп және соңғы парақтың артқы жағында тігілген беттердің саны көрсетілген тігістің түйініне желімделген жапсырманың жартысына соғылған микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның мөрімен (бар болса) куәландырып беріледі.
5. Хабарламаны микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым микрокредиттің әр түрі бойынша бөлек ұсынады.
6. Хабарламаны жіберу, сондай-ақ:
1) шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру;
2) Хабарламаның 4-тармағында көрсетілген микрокредит беру қызметі туралы ақпаратқа әсер етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жағдайларын қоспағанда, микрокредит беру жөніндегі қызмет туралы ақпаратты өзгерткен және (немесе) толықтырған кезде, оның ішінде микрокредит беру жөніндегі шарттың (бұдан әрі – шарт) нысанына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда да талап етіледі.
7. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым Хабарламаның 4-тармағында көрсетілген, шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге әкеп соқпайтын микрокредит беру жөніндегі қызмет туралы ақпаратты өзгерткен және (немесе) толықтырған кезде, Тізбеде көрсетілген құжаттарды қоспай, уәкілетті органға микрокредиттер беру жөніндегі көрсетілетін қызмет туралы ақпаратқа енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып хабарлама жібереді.
8. Тізбеде көзделмеген басқа құжаттарды Хабарламаға қоса ұсыну талап етілмейді.
9. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым Хабарламаны жібергені туралы растаманы алу үшін өтініш жасаған кезде уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен өзі жіберген Хабарлама туралы үзінді көшірме береді.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның микрокредиттер беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бекіткені туралы хабарлама
1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның атауы және есептік тіркеу нөмірі:
___________________________________________________________________
2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның тіркелген және орналасқан
жері, байланыс деректері, электрондық мекенжайы, интернет-ресурсы:
____________________________________________________________________
3. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
____________________________________________________________________
4. Микрокредит беру жөніндегі көрсетілетін қызмет туралы ақпарат:
1) нысаналы микрокредит беру кезіндегі микрокредит мақсаты:
____________________________________________________________________
2) микрокредиттің шекті сомалары:
____________________________________________________________________
3) берілетін микрокредиттің шекті мерзімі:
____________________________________________________________________
4) сыйақы мөлшерлемесінің шекті шамалары:
____________________________________________________________________
5) қарыз алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
6) оны бекітуге уәкілетті, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның органы бекіткен микрокредит беруді регламенттейтін микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның ішкі құжатының деректемелері (атауы, нөмірі және күні): ____________________________________________________________________
5. Хабарламаға:
________________________________________________________ қоса беріледі.
(құжаттардың атауы мен парақтар саны көрсетіледі)
6. ___________________________________________ осы хабарламамен
(микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның атауы)
микрокредиттер беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бекітуге уәкілетті
____________________________________________________________________,
(микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның атауы)
_____________________________________________________________ бекіткен
(микрокредитті беру туралы қызметтің атауы)
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетінін растайды.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның бірінші басшысы
(ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам):
____________________ ________________________________________________
(лауазымы ) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
20____ жылғы "_____" ______________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 237 қаулысына 2-қосымша |
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның микрокредиттер беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бекіткені туралы хабарламаға қоса берілетін құжаттар тізбесі
1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның оны бекітуге уәкілетті органы бекіткен қазақ және орыс тілдеріндегі микрокредит беру жөніндегі шарт нысаны (микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның ішкі құжаттарында микрокредит беру жөніндегі шарттардың (бұдан әрі – шарт) нысандарын бекіту туралы талап бар болса).
2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның мөрімен бекітілген және уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылған, дауыс беру қорытындысы көрсетілген шартты бекіту туралы микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның органы шешімінің көшірмесі немесе шешімнің үзінді көшірмесі.
3. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның бірінші басшысын алмастырған жағдайда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның микрокредиттер беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бекіткені туралы хабарламаға қол қойған тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжат.