"Ауыл шаруашылығында телефон арқылы пікіртерім жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 13 қарашадағы № 177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 30 желтоқсанда № 19785 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауыл шаруашылығында телефон арқылы пікіртерім жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 13 қарашадағы №177 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12375 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Ауыл шаруашылығында телефон арқылы сауал салуды жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы";

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығында телефон арқылы сауал салуды жүргізу жөніндегі әдістеме бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген ауыл шаруашылығында телефон арқылы пікіртерім жүргізу жөніндегі әдістемеде көрсетілген бұйрықпен бекітілген осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2019 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 16 бұйрық жобасына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2015 жылғы "13" қарашадағы
№ 177 бұйрығымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығында телефон арқылы сауал салуды жүргізу жөніндегі әдістеме

1. Жалпы ережелер

      1. Ауыл шаруашылығында телефон арқылы сауал салуды жүргізу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      Осы Әдістеме компьютерлендірілген жүйені қолданумен телефон арқылы сауал салуды жүргізу әдісімен жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар шеңберінде алғашқы статистикалық деректерді жинауды ұйымдастыру және өткізудің негізгі тәсілдерін айқындайды.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті және оның аумақтық органдары Әдістемені ауыл шаруашылығында жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде қолданады.

      Әдістеме "ҚАЗСТАТ: Ұлттық статистика жүйесін нығайту жөніндегі жоба" жобасының шеңберінде, телефон арқылы сұхбат жүргізу әдісімен алғашқы статистикалық деректерді жинау саласындағы еуропалық елдердің тәжірибесін зерделеу есебімен, Польша Статистика офисінің үлгісінде әзірленді.

      2. Ауыл шаруашылығы статистикасында ауыл шаруашылығы өндірушілерінен (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы өндірушілері) алғашқы статистикалық деректерді алу үшін жинаудың әртүрлі әдістері пайдаланылады. Респонденттерден қағаз жеткізгіште және электронды түрде, интервьюердің қағаз жеткізгішті пайдалануымен немесе планшетті пайдалануымен жеке сауал салуды жүргізуі арқылы алғашқы статистикалық деректерді жинауымен қатар, сондай-ақ телефон арқылы сауал салуды жүргізудің компьютерлендірілген жүйесі арқылы деректерді жинау пайдаланылады.

      3. Телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі (бұдан әрі – ТССКЖ) – телефонмен респонденттерге сауал салу арқылы жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе.

      Телефон арқылы сауал салуды жүргізуді функционалдық міндеттеріне ТССКЖ пайдаланумен жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректерді жинауды өткізу қосымша кіретін, осы үшін дербес компьютерінде тиісті жабдық және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған аумақтық статистика органының қызметкері болып табылатын, арнайы оқытылған телефондық интервьюер жүргізеді (бұдан әрі – телефондық интервьюер). Телефондық интервьюердің құзырында осындай сауал салу кезінде сұрақтар тізімі бар сауалнаманы беретін және респонденттердің нөмірін автоматты түрде теруге мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалық қамтамасыз етумен компьютерлік терминал және телефондық гарнитура болады. Сұхбат өткізілген соң барлық сауалнамалар зерттеудің бірыңғай дерекқорына түседі.

      4. Телефондық интервьюерлердің жұмысын функционалдық міндеттеріне телефондық интервьюерлер жұмысын үйлестіру және бағалау жүргізу қосымша кіретін Статистика комитетінің немесе оның аумақтық органының қызметкері болып табылатын супервайзер үйлестіреді (бұдан әрі – супервайзер).

      5. Телефон арқылы сауал салуды жүргізудің компьютерлендірілген жүйесінің сол немесе басқа жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың шеңберінде алғашқы статистикалық деректерді жинаудың осы әдісін пайдалану туралы шешім қабылдауға әсер ететін өзінің оң және теріс жақтары бар. Деректерді жинау үшін ТССКЖ-ны таңдаудың оң шешімі мына жағдайларда қолданылады:

      тым қысқа мерзімде респонденттердің көп санын қамту қажеттілігі;

      статистикалық байқауды бюджетті шектеу шеңберінде өткізу;

      алыс жерде және жету қиын елді мекендердегі респонденттерге сауал салуды жүргізу.

      6. Телефон арқылы сауал салу әдісімен деректерді жинау үшін респонденттер шеңбері респондентте телефонның бар болуы қажеттілігімен шектелетіндіктен, ТССКЖ деректерді жинаудың басқа да әдістерімен үйлесімде ғана қолданылады.

      ТССКЖ әдісімен статистикалық байқау бойынша деректерді жинау мүмкіндігі туралы шешімді қабылдау кезінде сондай-ақ, сұрақнаманың көлемі (бір телефондық сұхбаттың ұсынылған орташа ұзақтығы 20 минуттан көп емес) және сұрақтардың мазмұны есепке алынады. Респондент қажетті деректерді дайындауы үшін телефон арқылы сұхбат жүргізу уақыты туралы оған алдын-ала ескерту мүмкіндігі есепке алынады.

      7. Телефон арқылы сұхбатты ұйымдастыру және өткізу үдерісі бірнеше кезеңдерден тұрады:

      ТССКЖ жүйесі үшін бейімделген электронды сұрақнаманы әзірлеу;

      статистикалық байқауды өткізу кезінде телефон арқылы сұралатын респонденттердің нақты тізбесін анықтау;

      телефондық интервьюерлер мен супервайзерлерді нақты статистикалық байқауды жүргізу мен сауал салу технологиясына және ТССКЖ жүйесі арқылы деректерді енгізудің әдіснамалық негіздеріне оқыту;

      қоңырау шалуды жүзеге асыру;

      телефондық сұхбатты жүргізу және деректерді енгізу;

      телефондық сұхбатты жүргізудің сапасын бағалау.

2. ТССКЖ үшін сұрақнаманы әзірлеу

      8. ТССКЖ жүйесі үшін бейімделген электрондық сұрақнама үшін міндеттер қойылымын Статистика комитетінің ауыл шаруашылығы статистикасын қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі әзірлейді.

      9. Әзірлеу кезінде телефон арқылы сауал салуды жүргізу барынша қысқа уақыт аралығында өткізілетіні ескеріледі, осыған байланысты респондентке сауалнамада немесе сұрақ нысанында көзделген барлық сұрақтар толығымен қойылмайды, тек қана респондент ақпарат беруге мүмкіндігі бар сұрақтар қойылады. Ол үшін сұрақтар жүйелі түрде құрылады. Аралық сұрақтар қарастырылады, олар бойынша үдеріс немесе құбылыс орын алған-алмағандығы анықталды, содан кейін жауаптың нәтижелері бойынша егжей-тегжейлі сұраққа, не келесі тақырыпқа көшеді. Есепті кезеңде респонденттің шаруашылығында сиырдың бар болуы туралы сұрақ қойылады дейік. Респондент оң жауап берген жағдайда, онда сауылған сиыр сүтінің мөлшері туралы сұрақ қойылады. Респондент шаруашылықта сиыр болмағаны туралы жауап берген жағдайда, онда сауылған сүт туралы сұрақ қойылмайды. ТССКЖ-да электрондық сұрақнама үшін сұрақтарды құру мысалы осы Әдістеменің 1- қосымшасында келтірілген.

      10. Мүмкін болатын қателердің санын барынша азайту және деректердің сапасын арттыру мақсатында телефон арқылы сауал салуды жүргізу үдерісінде деректерді енгізудің әрбір кезеңінде әртүрлі арифметикалық-логикалық бақылаулар жүзеге асырылады. Ол үшін міндеттер қойылымында барлық мүмкін болатын валидациялар қарастырылады, яғни мүмкін және мүмкін емес арифметикалық-логикалық бақылауларды қоса, жауап кезіндегі дұрыс және қате жағдайлар. ТССКЖ-да электрондық сұрақнама үшін валидацияларды құру мысалы осы Әдістеменің 2- қосымшасында келтірілген.

3. ТССКЖ үшін респонденттер тізбесін анықтау

      11. Телефон арқылы сауал салуды жүргізу үшін қолданыстағы телефон нөмірлері бар респонденттердің жеке каталогы қалыптастырылады. Статистикалық тіркелімдерде телефон нөмірлерін өзектілендіруді Статистика комитетінің тіркелімдерді жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі үйлестіреді. Аумақтық статистика органдары жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар және басқа көздердің деректерін қолдану арқылы өзектілендіруді жүзеге асырады. Телефон арқылы сауал салуды жүргізу үшін стационарлық, сондай-ақ респонденттердің ұялы телефон нөмірлері қолданылады.

      12. Ауыл шаруашылығы бойынша статистикалық сұрақнамалардағы жауаптар респонденттің өзінің ауыл шаруашылығы өндірісі туралы сандық деректерді терең білуін пайымдайтындықтан, ауылшаруашылығы өндірушісіне дайындалуға және сауал салу кезінде қажетті деректердің қолда болуына мүмкіндік беру үшін респондентке сауал салудың уақыты туралы алдын-ала ескертіледі. Респондентпен алдын-ала байланыс сауал салу үдерісі кезінде бас тарту пайызын азайту мақсатында, мемлекеттік статистика органдарына телефон арқылы сауал салуды жүргізу сияқты деректерді жинаудың дәл осы әдісімен деректерді тапсыруды қалауын анықтау үшін маңызды.

4. Телефондық интервьюерді дайындау

      13. Телефондық интервьюерлерді іріктеу және дайындауды аумақтық статистика органдары жергілікті орындарда штаттағы қызметкерлер ішінен жүзеге асырады. Телефондық интервьюерлерді іріктеу кезінде үміткерлердің келесі қасиеттері есепке алынады:

      статистикалық байқау материалын меңгеру қабілеті;

      телефон арқылы сұхбатты жүргізу бойынша ауызша және жазбаша нұсқауды түсіну және оларды жұмыста қолдана білу қабілеті;

      күтпеген жағдайларда шешім қабылдай білу және ойын анық тұжырымдау қабілеті;

      атқарушылық, тәртіптілік;

      байланыс орната білу шеберлігі және респонденттердің ұнату сезімін ояту, басқаларды тыңдау және іс-әрекеттерін түсіну;

      жақсы дикция.

      14. Телефондық интервьюерлерді дайындау үдерісі келесі кезеңдер бойынша өткізіледі:

      1) ауыл шаруашылығы бойынша статистикалық байқаулардың негізгі әдіснамалық аспектілеріне оқыту;

      2) телефон арқылы сауал салуды жүргізуге бейімделген нақты статистикалық байқаулардың сұрақнамаларын зерделеу;

      3) телефон арқылы сауал салуды жүргізу және деректерді енгізу бойынша бағдарламалық қосымшамен жұмыс бойынша нұсқаулық;

      4) тәжірибелік рөлдік ойындар, онда әрбір сұрақ жете қарастырылады (жауаптардың мүмкін нұсқалары, дауыс екпіні, жауапқа реакциялары және тағы да басқалар);

      5) телефондық интервьюерді іс-әрекеттердің негізгі ережесіне, телефон арқылы сұхбат алудың техникасына оқыту.

5. Телефон арқылы сауал салуды жүргізу кезінде қоңырау шалуды жүзеге асыру

      15. Телефон арқылы сұхбатты жүргізудің бірінші қадамы респондентке қоңырау шалу үдерісі болып табылады. Қоңырау шалуды жүйе автоматты түрде жүзеге асырады. Қоңырау шалудың бірнеше нұсқасы бар, олардың әрқайсысы үшін телефондық интервьюер тарапынан белгілі іс-әрекет көзделген.

      16. Қоңырау шалудың барлық нәтижелері екі топқа бөлінеді:

      қоңырау шалу жүзеге аспаған;

      қоңырау шалу жүзеге асты.

      17. Қоңырау шалу мынадай жағдайларда жүзеге аспаған болып саналады:

      нөмір жауап бермейді;

      нөмір бос емес;

      бұндай нөмір жоқ.

      Нөмір жауап бермеген немесе нөмір бос болмаған жағдайларда телефондық интервьюер жүйеде осы нөмір бойынша қайта қоңырау шалу қажет деп көрсетеді. Бұндай нөмірге қоңырау шалу телефон арқылы сауал салуды жүргізу кезеңінің соңына дейін төрт рет жүзеге асырылады. Одан кейін қоңырау шалу тоқтатылады, жүйеде осы нөмір бойынша жауап жоқ деп көрсетіледі.

      Қоңырау шалу кезінде бұндай нөмір жоқ деген хабарлама келген жағдайда телефондық интервьюер жүйеде нөмір қате деп көрсетеді, одан кейін қоңырау шалу тоқтатылады және жүйеде осы нөмір бойынша жауап жоқ деп көрсетіледі.

      Телефон арқылы сұхбат жүргізу әдісін пайдалану арқылы респонденттің жауап бермеуі фактісін түпкілікті анықтағаннан кейін алғашқы деректерді бұдан әрі жинау басқа әдістермен жүзеге асырылады.

      18. Егер абонентпен кез келген байланыс орнатылса, яғни тұтқаны әлде біреу алған жағдайда қоңырау шалу жүзеге асты деп саналады. Осы жағдайда телефондық интервьюер абонент іздестіріліп жатқан респондент пе екендігін анықтайды.

      Егер абонент іздестіріліп жатқан респондент болмаса, телефондық интервьюер жүйеде қате нөмір туралы белгіні қояды және әңгімені тоқтатады.

      Егер абонент іздестіріліп жатқан респондент болмаса, бірақ респондентті білсе және қажетті нөмірді айта алса, телефондық интервьюер жүйеге респонденттің дұрыс нөмірін енгізеді, осы респондентке кейінірек қайта қоңырау шалу белгісін қояды және әңгімені тоқтатады.

      Егер нөмірде автоматты жауап беру орнатылған болса, телефондық интервьюер хабарлама қалдырады және жүйеде тиісті белгіні қояды.

      Егер іздестіріліп жатқан респондентпен байланыс орнатылса, бірақ респондент осы уақытта сауал салуға дайын емес және басқа уақытта қоңырау шалуды сұраса, телефондық интервьюер респондент үшін ыңғайлы уақытты анықтайды, жүйеде тиісті белгіні қояды және әңгімені тоқтатады.

      Егер іздестіріліп жатқан респондентпен байланыс орнатылса, бірақ респондент телефон арқылы сауал салудан бас тартса, телефондық интервьюер жүйеде бас тарту және осы респонденттен деректерді жинау әдісін өзгерту қажеттілігі туралы тиісті белгіні қояды және әңгімені тоқтатады.

      Егер әңгімелесу кезінде байланыс үзілсе, телефондық интервьюер жүйеде сауал салу аяқталмағаны туралы тиісті белгіні қояды.

      Егер іздестіріліп жатқан респондентпен байланыс орнатылса және ол диалог жүргізуге дайын болса, сауал салу басталады.

6. Сауал салуды жүргізу кезіндегі телефондық интервьюердің іс-әрекеті

      19. Телефон арқылы сауал салуды жүргізу кезінде телефондық интервьюер:

      Статистика комитетінің аумақтық органының өкілі ретінде өзінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда) айтады;

      қысқа, бірақ түсінікті түрде телефон арқылы сауал салу жүргізудің мақсаты мен міндеттерін баяндайды;

      сұхбат үдерісінде респондентке аты мен әкесінің аты (бар болған жағдайда) бойынша жүгінеді;

      құралдарда мазмұндалған сұрақтардың тұжырымын және тізбектілігін ұстанады;

      сауал салуды әңгімелесу мәнерінде табиғи дауыспен жүргізеді;

      сауал салу кезінде түсінікті және айқын сөйлейді;

      респондент үшін ыңғайлы қарқынмен жылжиды, бірақ бұл ретте сұхбатты ұзаққа созбайды;

      сұхбат аяқталғанға дейін респонденттің қызығушылығын және назарын жоғалтып алмау, оның аулақ кетуіне жол бермеу үшін сұрақтар арасында жеткілікті үзіліс жасайды, телефондық интервьюер сұрақнаманың экранында респонденттің жауабын белгілеп жатқанда пайда болатын шағын үзілістерге жол беріледі;

      респондентке артық алаңдауға және интервьюерді өзінің мәселелеріне араластыруына жол бермеу үшін әрдайым әңгімені бақылауды жүзеге асырады;

      респондентпен байланысты орнықтырады, сұралатындардың жауаптарының мазмұнына қандай да бір әсерге жол бермеу арқылы өзінің іс-әрекетін бақылайды;

      сұхбат үдерісінде респонденттің жауабынан қате табылған жағдайда, деректерді уақытылы нақтылайды;

      телефон арқылы сауал салу аяқталған соң респондентке ынтымақтастығы үшін алғыс айтады.

      20. Байланысты өшірудің алдында телефондық интервьюер осы статистикалық байқау бойынша респонденттің сұрақтары жоқ екеніне және ол статистикалық деректерді тапсырудың осы әдісін ары қарай пайдалануға дайын екендігіне көз жеткізеді.

      21. Егер іздестіріліп жатқан респондентпен байланыс орнатылып, бірақ ол телефон арқылы сауал салуды жүргізуден бас тартқан жағдайда, телефондық интервьюер:

      1) сұхбаттасушыға қосымша ақпаратты береді:

      сұхбат қанша уақыт алатыны туралы хабарлайды;

      басқа жолы ыңғайлы уақытта қайта хабарласа алу мүмкіндігінің бар екенін атап айтады;

      осы респондент қалай таңдалғанын және ауыстыру болмайтынын түсіндіреді;

      статистикалық байқаудың мақсатын тағы түсіндіреді, осы саладағы ахуалды талдау және мемлекеттік шешімдерді қабылдау үшін оны өткізу маңызды екенін көрсетеді.

      2) икемділік танытады:

      байланыс орнатуға өзінің тәсілін өзгертуді байқап көреді;

      сауал салуды аяқтауға және әсіресе егер бас тарту қаупі сезілгенде басқа уақытта қайта хабарласуға дайын екенін көрсетеді;

      жабысқақ болып көрінбеу үшін бас тарту анық болайын дегенге дейін әңгімелесуді аяқтайды.

      22. Респондент жауап беруге дайын емес, себебі ол оны білмейді немесе ұмытып қалған жағдайда, телефондық интервьюер респондентке ойлануға біраз уақыт береді немесе қажетті ақпаратты беретін қандай да бір құжатты қарауды ұсынады.

      23. Сауал салу кезінде телефондық интервьюерге сұрақтардың тұжырымын және олардың тәртібін өзгертуіне жол берілмейді.

      Егер респондент сұрақты түсінбесе және қайталауды сұраса, онда телефондық интервьюер сұрақты тағы да сұрақнамада келтірілген сол тұжырымда оқиды.

      24. Телефондық интервьюер респонденттен алынған жауап анық емес, түсініксіз, мәнсіз деп есептеген жағдайда нақтылап тексеру қолданылады. Бұл ретте ақпаратты нақтылау үшін қосымша сұрақтар қойылады.

      25. Телефондық интервьюерге респонденттің жеткілікті ұзақ жауабын нақтылау қажет болған жағдайда, түсіндіруді қажет ететін жауаптың сол бөлігінің үзіндісі нақтылайтын сұрақпен бірге қойылады.

      26. Фактілер туралы сұрақтарды тексеру кезінде телефондық интервьюер:

      1) тек нақты ақпаратты сұрайды (нақты санды, күнді);

      2) егер респондент сол уақытта нақты жауап бермесе, нақты санды, күнді және сол сияқтыны көрсетуді сұрайды;

      3) егер респондент бұны істей алмаған жағдайда, одан шамалап жауап беруді немесе бағалау мәнін сұрайды. Бұл ретте, респонденттің нақты жауапқа жақын жауап бергеніне көз жеткізу маңызды, мысалы екі жауаптың қайсысы нақты болатындығын сұрау арқылы.

      27. Егер сұрақ бірнеше дайын жауаптардың ішінен біреуін таңдауды көздегенде, телефондық интервьюер әрдайым барлық жауаптар мен еске түсіру сөздерін анық және соңғы тармақтың соңына дейін оқиды.

      Бұл ретте телефондық интервьюер бір еске түсіру сөзін екіншісінен ажырату үшін еске түсіру сөздерінің арасында жеткілікті үзілісті қамтамасыз етеді, бұл респондент телефондық интервьюерді барлық тармақтарды оқып болғанша тоқтату жағдайларының алдын-алу мақсатында жасалады.

      Егер респондент барлық еске түсіру сөздері айтылғанша жауап берсе, онда телефондық интервьюер респондентке таңдау жасағанға дейін мүмкін болатын барлық жауаптарды оқып бергісі келетіндігін айтады. Егер респондент айқын емес немесе қалай да бір жолмен түрлендірілген жауап берсе, телефондық интервьюер жалпы жауаптың қайсысы көбірек сәйкес келетіндігін сұрайды және еске түсіру сөздерін қайталайды.

      28. Нақтылап тексеруді жүргізу кезінде телефондық интервьюер:

      1) тұжырымы жауап болып ұсынылатын жетекші және теріс сұрақтарды қолданудан аулақ болады;

      2) респондент жауапты білмеуі мүмкін деген лебіздерден аулақ болады;

      3) респонденттің ертерек айтқанына сүйене отырып, өзі нақты жауапты білетіні туралы болжамнан аулақ болады;

      4) қатты естілетін немесе респондент білікті емес екен дегенді білдіретін сөздерді қолдануға жол бермейді;

      5) талап етілген фактілерді еске түсіру кезінде өткен оқиғалар туралы сұрақтар респондентте қиындықтар туындатқан жағдайда, сұрақ қандай кезеңді қамтитынын нақты және айқын көрсетеді;

      6) респондент жауаптарының үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Сұрақтарды келісу жөніндегі жеке нұсқаулар бағдарламалық қосымшада электрондық сұрақнаманың өзінде келтірілген.

7. Телефон арқылы сұхбаттың сапасын бағалау

      29. Сұхбат алудың жоғары деңгейін ұстап тұру және толық, шынайы деректерді алу үшін супервайзерлер телефондық интервьюердің жұмыс сапасына бағалауды келесі бағыттар бойынша жүргізеді:

      1) телефон арқылы сауал салуды жүргізудің белгіленген мерзімдерін сақтау;

      2) осы Әдістеменің ережелерін қадағалау;

      3) нақты статистикалық байқау бойынша телефондық интервьюерге арналған нұсқаулықты сақтау;

      4) телефон арқылы сауал салуды жүргізу және деректерді енгізу технологиясы бойынша нұсқаларды сақтау.

      30. Ауыл шаруашылығында сапаны бағалау әрбір телефондық интервьюерге әр статистикалық байқау бойынша бір реттен кем емес өткізіледі.

      31. Бағалаудың нәтижелері бойынша сәйкессіздік анықталған жағдайда, супервайзер телефондық интервьюерді қайта дайындау қажеттілігі немесе оны ауыстыру туралы шешім қабылдайды.

  Ауыл шаруашылығында
телефон арқылы сауал салуды
жүргізу жөніндегі әдістемеге
1-қосымша

ТССКЖ-да электрондық сұрақнама үшін сұрақтарды құру мысалы

Сұрақтың коды

Сұрақ

Өріс коды

Ескертпе


















DAA1

А ауданында есепті тоқсан ішінде Сіз күнбағыс түсімін жинадыңыз ба?


1. Иә
2. Жоқ


DAA1

осы сұрақ 1 және 2 тоқсандарда қойылмайды


DAA2

А ауданында Сіз күнбағыстың келесі түрлерінің түсімін қандай көлемде жинадыңыз:
(бір ондық белгімен тоннада айтуыңызды сұраймын?)


DAA2

осы сұрақ 1 және 2 тоқсандарда қойылмайды


a)►

азық-түліктік





a

тонна


DAA2a



b)►

тұқымдық







b

тонна


DAA2b






c)►

жемшөптік






c

тонна


DAA2c

DAA2w =




w)

барлығы







w

тонна


DAA2w

DAA2a+DAA2b+DAA2c



































DAA3

А ауданында есепті тоқсан ішінде күнбағысты шет елден импорттадыңыз ба?


1. Иә
2. Жоқ


DAA3



















DAA4

А ауданында Сіз күнбағыстың келесі түрлерін қандай көлемде импорттадыңыз:
(бір ондық белгімен тоннада айтуыңызды сұраймын?)


DAA4



a)►

азық-түліктік





a

тонна


DAA4a






b)►

тұқымдық







b

тонна


DAA4b






c)►

жемшөптік






c

тонна


DAA4c

DAA4w =




w)

барлығы







w

тонна


DAA4w

DAA4a+DAA4b+DAA4c

























  Ауыл шаруашылығында
телефон арқылы сауал салуды
жүргізу жөніндегі әдістемеге
2-қосымша

ТССКЖ-да электрондық сұрақнама үшін валидацияларды құру мысалы

Қате коды

Қате түрі (H – жол берілмейтін қате, S – жол берілетін қате)

Сұрақ коды

Валидация формуласы

Сұрақнаманың экранындағы қате туралы хабарлама

дұрыс жағдай

қате жағдай

1

2

3

4

5

6

H001

H

DAA2

DAA1 сұрағына "1" жауабы жағдайында DAA2w ≠ 0

DAA1 сұрағына "1" жауабы жағдайында DAA2w = 0

түсімді жинау бойынша деректер толтырылмаған, деректерді енгізіңіз немесе DAA1 сұрағына қайтыңыз

H002

H

DAA4

DAA3 сұрағына "1" жауабы жағдайында DAA4w ≠ 0

DAA3 сұрағына "1" жауабы жағдайында DAA4w = 0

импорт бойынша деректер толтырылмаған, деректерді енгізіңіз немесе DAA3 сұрағына қайтыңыз


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады