БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Биоотын өндірісі бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 358 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 тамыздағы № 381 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14272 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген биоотын өндірісі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) болмашы бұзушылық - биоотын саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарды өндірушілердің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына есептерді уақтылы ұсынбауы бөлігінде бұзу;
4) елеулі бұзушылық - биоотын саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарды өндірушілердің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына есептерді ұсынбауы, шикізаттың қауіпсіздігін ғылыми негізде растай отырып, оның генетикалық түрлендірілген көз (объекті) болып табылмайтындығын немесе генетикалық түрлендірілген көздерден (объектілерден) тұрмайтындығын және мемлекеттік тіркеуден өткенін растайтын тамақ шикізатына арналған құжаттардың болмауы, есепке алатын бақылау аспаптарының болмауы және олардың ақаулы жағдайда болуы бөлігінде бұзу;";
көрсетілген өлшемшарттарға 1-қосымша осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
Министр | Р. Даленов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті
"Бақылау субъектілері (объектілері) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшелеріне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар
№ | Өлшемшарттардың атауы | Бұзушылық дәрежесі |
1. | Биоотын өндірушілердің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына есептерді ұсынбауы | елеулі |