ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Банктік емес ұйымдарды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Е. Досаев |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
2019 жылғы "____"____________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 262 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. "Төлем агентінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы № 409 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2632 болып тіркелген, 2004 жылғы 23 қаңтарда "Егемен Қазақстан" газетінде № 14-15 (23653) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Төлем агентінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Төлем агенті эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті және облигациялар шығарылымының проспектісінде белгіленген өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде оларды өтеу кезінде облигациялардың номиналды құнын толық төлеген жағдайда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жібереді.".
2. "Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы № 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5406 болып тіркелген, 2009 жылғы 14 қаңтарда "Заң газеті" газетінде № 5 (1428) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"18) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.".
3. "Қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау қағидаларын және акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 60 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7540 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдеде "Егемен Қазақстан" газетінде № 369-374 (27448) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау қағидаларында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын және өзге мүлікті инвестициялау тәртібін белгілейді.";
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) басқарушы компания - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) берген лицензиясы негізінде инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;";
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Инвестициялық қор активтері құрылымының осы Қағидаларда және (немесе) инвестициялық декларацияда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуіне әкеп соқтырған, басқарушы компанияның іс-қимылына байланысты емес жағдайлар туындаған кезде басқарушы компания осындай сәйкессіздікке байланысты инвестициялық қызметін тоқтатады және бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға іс-шаралардың атауын, оларды орындауға жауапты басқарушы компанияның басшы қызметкерлерін және орындау мерзімін көрсете отырып, сәйкессіздікті жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса беріп, осындай сәйкессіздік фактісі мен себептері туралы хабарлайды.".
4. "Облигацияларды ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын, сондай-ақ эмитент пен облигацияларды ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақпарат беру мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 88 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7568 болып тіркелген, 2012 жылғы 1 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 442-449 (27523) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Облигацияларды ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын, сондай-ақ эмитент пен облигацияларды ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру мерзімдерін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Облигацияларды ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары, сондай-ақ эмитент пен облигацияларды ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру мерзімдері бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Облигацияларды ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларында, сондай-ақ эмитент пен облигацияларды ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарда және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақпарат беру мерзімдерінде:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Облигацияларды ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары, сондай-ақ эмитент пен облигацияларды ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру мерзімдері";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Облигацияларды ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары, сондай-ақ эмитент пен облигацияларды ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және облигацияларды ұстаушылар өкілінің (бұдан әрі – өкіл) қамтамасыз етілген, инфрақұрылымдық немесе ипотекалық облигацияларды (бұдан әрі – облигациялар) шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу кезінде өз функциялары мен міндеттерін, эмитент пен өкілдің арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды орындау тәртібін, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен жағдайларын, сондай-ақ Заңның 20-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ақпарат беру мерзімдерін айқындайды.".
5. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 26 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 33 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 57 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
9. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) Standard & Poor's агенттiгiнiң рейтингтік бағаларынан бөлек, сондай-ақ Moody's Investors Service пен Fitch агенттiктерiнiң және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингтік бағаларын мойындайды.".
10. "Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларында:
1-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) уәкiлеттi орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;";
31-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) клиенттердің жеке шоттарынан оларға тиесілі Банктер туралы заңның 16-бабының 6-тармағына сәйкес мәжбүрлеп сатып алуға жататын екінші деңгейдегі банктердің акцияларын есептен шығару және осы акцияларды Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18669 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 мамырдағы № 70 қаулысымен бекітілген Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейіннен инвесторларға міндетті түрде сату қағидаларында белгіленген тәртіппен қабылданған уәкілетті органның шешімі негізінде тіркелетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шотына есепке жазу бойынша операциялар;";
33-1 және 33-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"33-1. Номиналды ұстаушы (номиналды ұстаушылар) бөлу немесе қосылу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда мұндай қайта ұйымдастыру нәтижесінде пайда болған және қайта ұйымдастырылған номиналды ұстаушының (қайта ұйымдастырылған номиналды ұстаушылардың) лицензиясын "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 1 және 5-тармақтарында белгіленген тәртіппен қайта ресімдеген заңды тұлға уәкілетті органнан қайта ресімделген лицензияны алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17920 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысымен бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – № 307 қағидалар) 37-тармағында көрсетілген операцияларды жасауға арналған бұйрықты орталық депозитарийге беруді жүзеге асырады.
33-2. Номиналды ұстаушылар біріктіру нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда біріктіру жүргізілген номиналды ұстаушы Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес тараптар беру актісіне қол қойған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде № 307 қағидалардың 37-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген операцияларды жасау жөніндегі бұйрықты орталық депозитарийге беруді жүзеге асырады.".
11. "Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларын, Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 189 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17579 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларында:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) уәкiлеттi орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;".
12. "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 249 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17803 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) уәкiлеттi орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан оларға тиесілі, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) 16-бабының 6-тармағына сәйкес мәжбүрлеп сатып алуға жататын екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – банктер) акцияларын есептен шығару және осы акцияларды уәкілетті органның шотына есепке жазу операциялары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18669 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 мамырдағы № 70 қаулысымен бекітілген Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейіннен инвесторларға міндетті түрде сату қағидаларында белгіленген тәртіппен қабылданған уәкілетті органның шешімі негізінде тіркеледі.".
13. "Исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу, оларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ жоюдың қорытындылары туралы есептердi қарау қағидаларын, Исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісін, исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 298 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18175 болып тіркелген, 2019 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу, оларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ жоюдың қорытындылары туралы есептердi қарау қағидаларында:
1-қосымша Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
14. "Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17920 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) уәкiлеттi орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;".
15. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.16. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
(қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбасының бейнесі бар бланкісінде басылады)
Исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
20_ жылғы "___" __________ № ______ | Алматы қаласы |
__________________________________________________________________
(қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және
қадағалау жөніндегі уәкілетті органның толық атауы)
__________________________________________________________________
_________________________________________________________тіркелген
(эмитенттің бизнес сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(эмитенттің толық атауы және орналасқан жері)
исламдық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге алды.
Шығарылым
________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(исламдық бағалы қағаздардың саны цифрмен және жазбаша, халықаралық
сәйкестендіру нөмiрi (ISIN коды) берiлген исламдық бағалы қағаздар түрi)
________________________________________________________
исламдық бағалы қағаздарға бөлiнген.
Бір исламдық бағалы қағаздың номиналды құны _____________________
____________________________________________________________теңге.
(цифрмен және жазумен)
Шығарылым көлемі
_______________________________________________
(шығарылатын исламдық бағалы қағаздар жиынтық
________________________________________________ теңге болады.
номиналды құны цифрмен және жазумен)
Исламдық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру себебі (исламдық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік ауыстырылған жағдайда толтырылады):
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________.
Төрағаның орынбасары ____________ ______________________________
(қолы) (тегі, инициалдары)
Мөр орны
(қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбасының бейнесі бар бланкісінде басылады)
Исламдық бағалы қағаздар шығарылымын жою туралы куәлік
20 __ жылғы "___"_________ № ______ | Алматы қаласы |
_________________________________________________________________
(қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және
қадағалау жөніндегі уәкілетті органның толық атауы)
________________________________________________________________
(эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні,
________________________________________________________
тіркелген тіркеуші органның атауы)
_______________________________________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(эмитенттің толық атауы және орналасқан жері)
исламдық бағалы қағаздар шығарылымын жойды.
Шығарылым
_______________________________________________________
(исламдық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді
________________________________________________________________
жүзеге асырған органның атауы,
_______________________________________________________ тіркелген.
күні, айы, жылы)
Исламдық бағалы қағаздар шығарылымына берiлген халықаралық сәйкестендіру нөмiрi (ISIN коды) ____________________________________
Шығарылым __________________________________________________
(исламдық бағалы қағаздардың саны цифрмен және жазбаша,
__________________________________________________________ бөлінген.
исламдық бағалы қағаздар түрі)
Исламдық бағалы қағаздар шығарылымы ___________________________
_________________________________________________________________
______________________________________________ байланысты жойылды.
(күшін жою себебі)
Исламдық бағалы қағаздар шығарылымы ___________________________
_________________________________________________________________
______________________________________ бастап жойылды деп есептелсін.
(күні, айы, жылы)
Төрағаның орынбасары ____________ _____________________________
(қолы) (аты-жөні)
Мөр орны
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 5-қосымша |
Ескерту. 5-қосымшаның күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 6-қосымша |
Ескерту. 6-қосымшаның күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 7-қосымша |
Ескерту. 7-қосымшаның күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 8-қосымша |
Ескерту. 8-қосымшаның күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 9-қосымша |
Ескерту. 9-қосымшаның күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.