Кастодиан-банк пен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалатын кастодиандық шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 57 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 шiлдеде № 32998 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 46-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес кастодиан-банк пен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалатын кастодиандық шарттың үлгілік нысаны бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актісінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2023 жылғы 26 маусымдағы
№ 57 Қаулыға
1-қосымша

      Нысан

Кастодиан-банк пен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалатын үлгілік кастодиандық шарт

      20 __ жылғы "____" ____________

      Осы Шарт мынадай тараптардың арасында жасалды:

      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры,

      Бұдан әрі "Қор" деп аталатын, ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) лицензиясы

      ________________________________________________________________________

      (лицензияның берілген күні және нөмірі)

      бар, ___________________________________________ негізінде іс-қимыл жасайтын

      (Жарғының немесе сенімхаттың)

      _________________________________________________________________ арқылы

      (лауазымы, тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)

      _________________________________________ ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры.

      (атауы)

      Бұдан әрі "Кастодиан" деп аталатын,

      ________________________________________________________________________

      (Жарғының немесе сенімхаттың)

      _______________________________________________ негізінде іс-қимыл жасайтын

      _________________________________________________________________ арқылы

                  (лауазымы, тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)

      __________________________________________________________ кастодиан-банк.

                  (банктің атауы, лицензияның нөмірі, берілген күні)

1. Шарттың мәні

      1. Қордың зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдары мен ақшаны жауапты сақтау және есепке алу жөнінде қызметтер көрсету шарттың мәні болып табылады.

      2. Қор салымшылардан ерікті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – зейнетақы жарналары) тартуды жүзеге асырады және Қордағы жеке зейнетақы шоттарында зейнетақы жинақтары бар салымшыларға (алушыларға) зейнетақы төлемдерін жүргізеді, инвестициялық басқаруды жүзеге асырады. Осы функцияларды жүзеге асыру үшін Қор Кастодианда банк шоттарын ашады.

      3. Қор тапсырады, ал Кастодиан Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы әлеуметтік қорғау және бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасын сақтай отырып және Шартқа сәйкес қаржы құралдары мен ақшаны есепке алуды, олар бойынша құқықтарды растауды, олардың сақталуы бойынша өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, құжаттамалық қаржы құралдарын сақтауды жүзеге асырады.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      4. Кастодиан:

      1) Қорға Шарттың 3-бөлімінде сипатталған шот режимінде инвестицияларға арналған теңгемен банк шотын (бұдан әрі – теңгемен банктік инвестициялық шот) ашуға және жүргізуге;

      2) Қорға Шарттың 4-бөлімінде сипатталған шот режимінде инвестицияларға арналған шетел валютасындағы банк шотын (бұдан әрі – шетел валютасындағы банктік инвестициялық шот) ашуға және жүргізуге;

      3) Қорға Шарттың 5-бөлімінде сипатталған шот режимінде зейнетақы төлемдеріне арналған теңгемен банк шотын (бұдан әрі – зейнетақы төлемдерінің теңгемен банк шоты) ашуға және жүргізуге;

      4) Қорға Шарттың 6-бөлімінде сипатталған шот режимінде зейнетақы төлемдеріне арналған шетел валютасындағы банк шотын (бұдан әрі – зейнетақы төлемдерінің шетел валютасындағы банк шоты) ашуға және жүргізуге;

      5) Қорға Шарттың 7-бөлімінде сипатталған шот режимінде бағалы қағаздар мен зейнетақы активтері есебінен инвестициялауға рұқсат етілген басқа да қаржы құралдарын есепке алу және сақтау үшін баланстан тыс шоттар (бұдан әрі – қаржы құралдарын есепке алу шоттары) ашуға және жүргізуге;

      6) зейнетақы жарналарын операциялық күн ішінде теңгемен банктік инвестициялық шотқа аудара отырып алуға;

      7) басқа Қорлардан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарының аударымдарын және өзге де түсімдерді операциялық күн ішінде теңгемен банктік инвестициялық шотқа аудара отырып алуға;

      8) Қорға операциялық күннен кейінгі күнгі сағат 09-00-ден кешіктірмей операциялар түрлері бойынша теңгемен және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақша қозғалысы туралы хабарламаларды ұсынуға;

      9) күнделікті ағымдағы операциялық күнгі сағат 09-00-ге дейін Қорға МТ-100 форматында электрондық төлем тапсырмаларды және МТ-102 форматында электрондық тізімдерді – алдыңғы операциялық күнде теңгемен банктік инвестициялық шотқа келіп түскен төлем құжаттарын ұсынуға;

      10) Қордың зейнетақы активтерінен және инвестициялық кірістен ұстап қалған комиссиялық сыйақыны Қордың теңгемен банктік инвестициялық шотынан ағымдағы шотына аудару жөніндегі төлем тапсырмаларын орындауға;

      11) зейнетақы активтерін инвестициялау кезінде ақшаны Қордың теңгемен банктік инвестициялық шотынан және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шотынан қарсы агенттердің ұлттық валютадағы және шетел валютасындағы тиісті шоттарына аудару жөніндегі төлем тапсырмаларын орындауға және бағалы қағаздарды есептен шығаруға (есептеуге) және қаржы құралдарын есепке алу шоттарынан (шоттарына) банктік салымдарға (банктік салымдарды) орналастыруға (қайтаруға);

      12) Қордың ақшаны теңгемен банктік инвестициялық шоттан зейнетақы төлемдерінің теңгемен және шетел валютасындағы банк шоттарына аудару жөніндегі төлем құжаттарын орындауға;

      13) Қордың ақшаны және салымшының зейнетақы жинақтарын зейнетақы төлемдерінің теңгемен және шетел валютасындағы банк шотынан басқа Қордың, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының теңгемен және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шотына немесе сақтандыру ұйымына есептен шығару жөніндегі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің теңгемен және шетел валютасындағы банк шотынан есептен шығару және алдағы зейнетақы төлемдерінің сомасын зейнетақы төлемдерін алушыға қызмет көрсететін банкке аудару және зейнетақы төлемдерінен ұсталған табыс салығын салық органдарына аудару жөніндегі төлем тапсырмаларын орындауға;

      14) номиналды ұстау функцияларын жүзеге асыратын тиісті ұйымдардың хабарламалары негізінде хабарлама түскен күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей Қорға қаржы құралдарын есепке алу бойынша шоттарға (шоттардан) бағалы қағаздарды есепке алу (есептен шығару) туралы хабарлауға;

      15) Қордың зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз етуге;

      16) зейнетақы активтерінің қозғалысына байланысты операцияларды күнделікті есепке алуды қамтамасыз етуге;

      17) зейнетақы активтері жөніндегі есептілікті, сондай-ақ зейнетақы активтерін есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттарды бес жыл бойы сақтауға;

      18) Кастодианға ақпарат түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде бағалы қағаздар эмитенттерінен Қорға ақпарат ұсынуға;

      19) Кастодиан және Қор жүзеге асыратын зейнетақы активтерінің есебі мен бағалауының сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      20) номиналды ұстаушы ретіндегі қызметті Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында айқындалған көлемде жүзеге асыруға;

      21) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына және бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес теңгемен және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттар, зейнетақы төлемдерінің теңгемен және шетел валютасындағы банк шоттары және Қордың қаржы құралдарын есепке алу шоттары туралы мәліметтердің конфиденциалдылығын сақтауға;

      22) Шарттың 22-тармағында көрсетілген деректерді Шарттың 23 және 24-тармақтарына сәйкес Қормен үнемі қарсы салыстырып тексеру жүргізуге;

      23) Қор лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы уәкілетті органнан хабарлама алған күннен бастап және Қор лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы уәкілетті органнан хабарлама алған күнге дейін теңгемен немесе шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардан ақша аудару және қаржы құралдарын есепке алу бойынша шоттардан бағалы қағаздарды есептен шығару туралы Қордың бұйрықтарын орындамау;

      24) уәкілетті органның шешімін алған күні өз лицензиясының қолданысын тоқтата тұру (тоқтату) немесе Кастодианның зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу құқықтарының өзгеруіне әкелетін басқа да мән-жайлар туралы Қорды жазбаша хабардар етуге;

      25) бес жұмыс күні ішінде Қордың жазбаша сұратуларына жауап беруге;

      26) қаржы құралдары бойынша кірістердің түсуін бақылауды жүзеге асыруға;

      27) қаржы құралдары бойынша алынған кірісті Кастодианның корреспонденттік шотына кіріс түскен күні Қордың банктік инвестициялық шотына есепке жазуға;

      28) Қордың зейнетақы төлемдерінің теңгемен банктік шотынан ақшаны зейнетақы төлемдерінің шетел валютасындағы банктік шотына есептен шығару бойынша, сондай-ақ шетел валютасындағы зейнетақы төлемдерінің шотынан Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен зейнетақы төлемдерін алушыға қызмет көрсететін банкке халықаралық аударымды жүзеге асыру бойынша төлем құжаттарын орындауға;

      29) Қордың зейнетақы активтерін нысаналы орналастыруды бақылауды жүзеге асыруға және олар Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы әлеуметтік қорғау және бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті органға және Қорға келесі жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлай отырып, оның тапсырмасын бұғаттауға (орындамауға);

      30) зейнетақы активтерін шоғырландыру, оларды орналастыру, инвестициялық кіріс алу бойынша барлық операцияларды есепке алуды жүзеге асыру және Қорды оның шоттарының жай-күйі жөнінде ай сайын хабардар етіп тұруға;

      31) Қордың зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдары мен ақшаны есепке алуды, олар бойынша құқықтарды растауды, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы әлеуметтік қорғау және бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құжаттамалық қаржы құралдарын сақтау жөнінде міндеттеме қабылдай отырып, оларды сақтауды жүзеге асыруға міндетті.

      5. Кастодиан:

      1) ай сайын Шарттың 18 және 19-тармақтарына сәйкес Қордан өзінің көрсеткен қызметі үшін ақы алуға;

      2) Шарттың 35, 36, 37 және 38-тармақтарында көзделген талаптармен және тәртіппен Шартты бұзуға;

      3) Қорға Кастодианның номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тиісті халықаралық ұйымдардың қызметіне ақы төлеу бойынша, зейнетақы активтерімен жасалған мәмілелерге қызмет көрсету және қаржы құралдарын есепке алу бойынша шоттарды жүргізу бойынша шығыстарын өтеуге арналған шот-фактуралар ұсынуға;

      4) ағымдағы түсімдерді ескере отырып, мұндай төлем тапсырмаларын орындауға жеткілікті сомалардың көрсетілген шоттарда болмауы жағдайында, Қордың банктік инвестициялық шоттардан теңгемен немесе шетел валютасында және зейнетақы төлемдерінің банк шотынан теңгемен және шетел валютасында соманы есептен шығару жөніндегі төлем тапсырмаларын орындамауға;

      5) Шарттың 19-тармағында белгіленген тәртіппен тарифтерді өзгертуге;

      6) Қор мен Кастодиан арасындағы салыстырып тексеру актісімен расталатын Кастодианның халықаралық нарықтарда зейнетақы активтерімен мәмілелері бойынша жұмсаған шығыстары сомаларын акцептсіз есептен шығаруға құқылы.

      6. Қор:

      1) Кастодианмен зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалаудың сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      2) Кастодианға Қордың ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясының көшірмесін, Қордың Кастодианның жазбаша тапсырмаларына Қордың атынан қол қоюға уәкілетті адамдарының қол қою үлгілерінің нотариат куәландырған карточкасын ұсынуға;

      3) күн сайын, ағымдағы операциялық күнгі сағат 18-00-ге дейін Кастодианға:

      түскен зейнетақы жарналарының сомалары;

      өсімпұл сомасы;

      басқа Қорлардан аударылған зейнетақы жинақтарының сомалары;

      қате түскен сомалар;

      өзге де түсімдер сомасы;

      алынған инвестициялық кірістің сомасы;

      есептелген инвестициялық кірістің сомасы туралы растау ұсынуға;

      4) Кастодианға теңгемен банктік инвестициялық шоттан теңгемен зейнетақы төлемдерінің банктік шотына ақша аударуға арналған төлем құжаттарын жіберуге;

      5) Кастодиан ұсынған және Шарттың 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шот-фактураларды шот алынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей төлеуге;

      6) Кастодианды уәкілетті органнан шешімді алған күні ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару қызметіне берілген лицензиясының тоқтатыла тұрғаны (тоқтатылғаны) туралы хабардар етуге;

      7) Кастодианға Шарттың 4-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар топтамасын ұсынуға;

      8) Кастодианға екі жұмыс күні ішінде тиісті құжаттарды ұсына отырып, өзгерістер басталған күні барлық өзгерістер (төлем құжаттарына қол қоюға құқығы бар басшы қызметкерлердің ауысуы, пошталық мекенжайлардың, телефондардың, бизнес-сәйкестендіру нөмірінің өзгеруі) туралы Кастодианға жазбаша хабарлауға;

      9) Кастодианға зейнетақы төлемдерінің шетел валютасындағы банктік шотынан зейнетақы төлемдерінің сомасын халықаралық аударуға төлем тапсырмасын жіберуге;

      10) Шарттың 22-тармағында көрсетілген деректерді Кастодианмен Шарттың 23 және 24-тармақтарына сәйкес қарсы салыстырып тексеру жүргізуге;

      11) Кастодианға Қор бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызмет көрсетуге шарт жасасқан бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның (ұйымдардың) (бұдан әрі - брокер-дилер) деректемелерін шарт жасасқан күні хабарлауға;

      12) Кастодианға Қордың болжамды таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы туралы кем дегенде бір ай бұрын жазбаша нысанда хабарлауға;

      13) зейнетақы активтерін инвестициялауға және Кастодианға көрсетілген деректемелер бойынша ақша аударуға төлем тапсырмасын және бағалы қағаздарды есепке жазу (есептен шығару) және салымдарды қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шотқа (шоттан) орналастыру (қайтару) жөніндегі бұйрықты жіберуге;

      14) брокер-дилерге бір мезгілде зейнетақы активтерінің қатысуымен мәмілелер жасауға тапсырыстардың түпнұсқаларын жібере отырып, Кастодианға осындай тапсырыстардың (төлем жүргізуге сенімхат, аударуға өкім) көшірмелерін және Кастодианның операциялық күні шеңберінде қаржы құралдарын есепке алу бойынша бағалы қағаздары шоттарға (шоттардан) есепке жазуға (есептен шығаруға) бұйрықтарды осы арқылы Кастодианның бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында жасалатын мәмілелерді растау жүйесіне қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып жіберуге және мәмілелердің орындалуына және зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуына бақылауды жүзеге асыруға;

      15) Қор бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелеріне брокер және (немесе) дилер ретінде дербес қатысқан жағдайда - Кастодианды сауда-саттыққа қатысатыны және олардың нәтижелері туралы бағалы қағаздармен сатып алу-сату мәмілесін жасау күні мәлімдеуге немесе жазбаша хабардар етуге;

      16) Кастодианға банктік инвестициялық шоттан теңгемен зейнетақы төлемдерінің шетел валютасындағы банктік шотына ақша аударуға төлем тапсырмасын жіберуге;

      17) Кастодианға екінші деңгейдегі банктермен жасалған банктік салым шарттарының көшірмелерін оларды жасаған күні ұсынуға міндетті.

      7. Қор:

      1) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен белгіленген шекті шамадан аспайтын мөлшерде комиссиялық сыйақы алуға;

      2) Шарттың 35, 36, 37 және 38-тармақтарында көзделген талаптармен және тәртіппен Шартты бұзуға құқылы.

3. Теңгемен банктік инвестициялық шоттың режимі

      8. Теңгемен банктік инвестициялық шот зейнетақы жинақтарын, басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтары аударымдарының түсімін, қаржы құралдарын сатудан және (немесе) өтеуден түскен сомаларды, ұлттық валютамен қаржы құралдарын сатып алуды және өзге де түсімдерді есепке жазуға арналған.

      9. Шоттағы ақша кепіл нысаны, кепілмен қамтамасыз ету, Қордың кепілдемелері мен басқа да міндеттемелері бола алмайды.

4. Шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттың режимі

      10. Шетел валютасындағы банктік инвестициялық шот зейнетақы активтерінің есебінен шетел валютасына номинирленген бағалы қағаздарды сатып алуға арналған шетел валютасын сатып алуға, шетел валютасын сатуға, құны шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары бойынша алынған кіріс түсіміне, бағалы қағаздарды өтеуге, салымдарға орналастыруға және екінші деңгейдегі банктерде шетел валютасындағы орналастырылған салымдар бойынша қайтарылған сомаларды және шетел валютасындағы басқа түсімдер мен шығыстарды алуға арналған.

      11. Шоттағы ақша кепілдің объектісі, кепілдіктердің, кепілдемелердің және Қордың басқа да міндеттемелерінің қамтамасыз етуі бола алмайды.

5. Зейнетақы төлемдерінің теңгемен банк шотының режимі

      12. Зейнетақы төлемдерінің теңгемен банк шоты зейнетақы төлемдерін төлемдер алушының банкіне жүзеге асыруға және (немесе) салымшылардың зейнетақы жинақ ақшасын басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкіне, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударуға, басқа жинақтаушы зейнетақы қорларының және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банктерінен төлемдер мен аударымдар қайтарымдарының түсуіне, сондай-ақ зейнетақы төлемдерінен ұсталған табыс салығын салық органдарына аударуға арналған.

      13. Шоттағы ақша кепілдің объектісі, кепілдіктердің, кепілдемелердің және Қордың басқа да міндеттемелерінің қамтамасыз етуі бола алмайды.

6. Зейнетақы төлемдерінің шетел валютасындағы банк шотының режимі

      14. Зейнетақы төлемдерінің шетел валютасындағы шоты салымшылардың Қазақстан Республикасынан тысқары тұрақты тұратын жерге кетуіне байланысты зейнетақы жинақтарын алуға арналған.

      15. Шоттағы ақша кепілдің объектісі, кепілдіктердің, кепілдемелердің және Қордың басқа да міндеттемелерінің қамтамасыз етуі бола алмайды.

7. Қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттың режимі

      16. Қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шот Қордың бағалы қағаздарды және зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған басқа да қаржы құралдарын есепке алуға арналған баланстан тыс шоты болып табылады.

      17. Шоттағы қаржы құралдары кепілдің объектісі, кепілдіктердің, кепілдемелердің және Қордың басқа да міндеттемелерінің қамтамасыз етуі бола алмайды.

8. Кастодиан көрсеткен қызметке ақы төлеу мөлшері мен тәртібі

      18. Қор Кастодианның шоттарын осы Шартқа сәйкес төлейді.

      19. Кастодианның тарифтері осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Кастодианның тарифтері өзгерген жағдайда осы өзгерістер қосымша келісім түрінде ресімделеді.

9. Есеп беру нысаны және кезеңділігі

      20. Кастодиан теңгемен және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақша қозғалысына қарай Қорға операциялардың түрлері бойынша теңгемен және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақшаның қозғалысы туралы хабарлама береді.

      21. Кастодиан қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттарға (дан) бағалы қағаздарды есепке алу (есептен шығару) және салымдарды орналастыру (қайтару) туралы үзінді көшірмені, сондай-ақ "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" акционерлік қоғамының үзінді көшірмелерін Қорға бағалы қағаздардың қозғалысына қарай не есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын береді.

      22. Кастодиан есепті айдан кейінгі айдың үш жұмыс күні ішінде салыстырып тексеру үшін төмендегілер туралы деректерді электрондық түрде қалыптастырады және Қорға жібереді:

      1) қаржы құралдарының құрылымы;

      2) теңгемен және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақша қозғалысы;

      3) қаржы құралдарының сатып алу құны;

      4) зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялардың ағымдағы құны;

      5) есептелген және алынған инвестициялық кіріс сомасы;

      6) зейнетақы активтерінен және инвестициялық кірістен түскен комиссиялық сыйақы сомасы.

      23. Шарттың 22-тармағында көрсетілген деректер бойынша салыстырып тексеру салыстырып тексеру актісімен ресімделеді. Салыстырып тексеру актісі екі данада жасалады, оған есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей Кастодианның және Қордың уәкілетті өкілдері қол қояды.

      Салыстырып тексеру актісінде мыналар көрсетіледі:

      1) салыстырып тексеру актісінің жасалған күні және салыстырып тексеру жүргізілетін кезең;

      2) салыстырып тексеру жүргізілген кезеңдегі:

      келіп түскен зейнетақы жарналардың, оның ішінде қате есепке алынған жарналардың;

      зейнетақы активтерінен және инвестициялық кірістен есептелген және аударылған сыйақы;

      инвестициялық шоттан зейнетақы төлемдерінің шотына аударылған зейнетақы жинақтарының;

      зейнетақы төлемдерінің шотынан жасалған төлемдердің;

      есептелген жиынтық кірістің немесе шығынның сомасы;

      3) салыстырып тексеру актісін жасау күніне:

      теңгемен және шетел валютасындағы инвестициялық шоттағы зейнетақы жинақтарының қалдығы;

      теңгемен және шетел валютасындағы зейнетақы төлемдерінің шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы;

      жиынтық инвестициялық кірістің немесе шығынның сомасы туралы ақпарат;

      4) Шартта көзделген өзге мәліметтер.

      24. Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығындар пайда болған жағдайда Кастодиан және Қор осындай шығындар бойынша салыстырып тексеруді жүргізеді.

10. Тараптардың жауапкершілігі

      25. Кастодиан Қордың осы Шарттың талаптарына сәйкес жіберген тапсырмаларын (бұйрықтарын) уақтылы орындамаған жағдайда, Кастодиан тапсырмасы (бұйрығы) мерзімінде орындалмаған Қорға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жасау күніне белгілеген базалық мөлшерлеменің 1,5 мөлшерінде, ақы төлеу күнін қоса алғанда, әрбір кешіктірілген күн үшін мерзімінде орындалмаған тапсырмада көрсетілген сомаға есептелген айыппұл төлейді.

      26. Осы Шарттың 6-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген шоттарды уақтылы төлемеген жағдайда Қор Кастодианға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жасау күніне белгіленген базалық мөлшерлеменің 1,5 мөлшерінде, ақы төлеу күнін қоса алғанда, әрбір кешіктірілген күн үшін төленбеген сомаға есептелген айыппұл төлейді.

      27. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы, дұрыс орындамауы немесе уақтылы орындамауы нәтижесінде басқа тарапқа шығын келтірген тарап, осындай жағдайлар туындағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы тарапқа шығынды өтеуге және оған төлем жасау күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгіленген базалық мөлшерлеменің 1,5 мөлшерінде әрқайсысына жеке есептелген шығын сомасына есептелген айыппұл төлейді.

      28. Тараптар егер айыппұлдардың туындау негіздері Шарттың 30, 31, 32 және 33-тармақтарына сәйкес көрсетілген дүлей күш жағдайына тікелей байланысты болса, Шарттың 25, 26 және 27-тармақтарында көрсетілген айыппұлдарды төлеуден босатылады.

      29. Қор Қазақстан Республикасының бастапқы және қайталама бағалы қағаздар нарықтарында және халықаралық нарықтарда жүзеге асырылатын мәмілелер бойынша есептеулерге арналған төлем тапсырмаларының Кастодианға уақтылы берілмегені үшін жауапкершілік атқарады.

11. Төтенше жағдайлар

      30. Егер осы Шарттың 31-тармағында көрсетілген Төтенше жағдайлар тараптардың біріне осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға бөгет болса, кедергі жасаса немесе міндеттемелерін орындауды кідіртсе, осындай тараптың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауы Төтенше жағдайлар созылатын уақытқа тең және жоғарыда аталған міндеттемелерді орындауға бөгет, кедергі жасау немесе кідірту дәрежесінде тоқтатыла тұрады.

      31. Төтенше жағдайлар өртті, су тасқынын, зілзаланы, соғыстарды (жарияланған және жарияланбаған), көтерілістерді, ереуілдерді, азамат соғысын немесе тәртіпсіздіктерді, осы Шартта көрсетілген қызмет түрлеріне тікелей немесе жанама тыйым салатын заңдар, қаулылар, шешімдер және уәкілетті органдардың өзге де актілерін қабылдауды қоса отырып, бірақ шектелместен кез келген жағдайларды білдіреді.

      32. Төтенше жағдайлар туындаған күні осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін кедергісі бар тарап басқа тарапқа Төтенше жағдайлар басталғаны туралы және Төтенше жағдайлардың оған осындай міндеттемелерді орындауға әсері жөнінде жазбаша хабарлауы тиіс. Егер тарап осы тармақта белгіленгендей Төтенше жағдайлар туралы хабарламаса, бұл тараптың Төтенше жағдайлар нәтижесінде басқа тарапқа хабарлама жіберуге мүмкіндігі болмаған жағдайларды қоспағанда, осы тарап осы Шарттың 30-тармағында келісілген құқықтарын жоғалтады.

      33. Төтенше жағдайлар тоқтатылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оған тартылған тарап басқа тарапқа Төтенше жағдайлар тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарлауы тиіс және осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауды жаңартуы қажет. Егер Төтенше жағдайлар басталғаннан кейін бір айдан астам уақытқа созылса, тараптардың кез келгені осы Шарттың 12-бөліміне сәйкес осы Шартты бұзуға құқылы.

12. Шарттың қолданылу мерзімі және оны бұзу тәртібі

      34. Шарт оған тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және мерзімсіз қолданылады.

      35. Шарт кастодиан банкке хабарлай отырып және шартты бұзудың белгіленген күніне дейінгі күнтізбелік жиырма күннің ішінде жаңа кастодиан банкке зейнетақы активтерін беру рәсімін аяқтап, Қордың талабы бойынша біржақты тәртіпте Қордың атқарушы органының тиісті шешімі негізінде бұзылады.

      36. Шартты Кастодианның бастамасы бойынша бұзған жағдайда ол Қор кастодиандық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы бар басқа банкпен осы Шарттың 38-тармағының талаптарына сәйкес кастодиандық шартқа қол қойған күнге дейін осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға міндетті.

      37. Осы Шартты бұзуға белгіленген күнге дейін күнтізбелік жиырма күн ішінде Кастодиан мен Қор Кастодианның, Қордың зейнетақы активтерін қабылдайтын кастодиан банктің және Қордың уәкілетті өкілдерінен қалыптастырылатын, міндеттеріне Қордың зейнетақы активтерін түгендеу және оларды қабылдаушы кастодиан банкке беру тәсілдерін және мерзімдерін айқындау кіретін келісім комиссиясын құрады. Комиссия жұмысының нәтижесі бойынша зейнетақы активтерін қабылдау-өткізудің үшжақты актісі ресімделеді.

      38. Осы Шарт бұзылған күннен бастап алты айға дейінгі мерзімге Қор, Кастодиан және қабылдаушы кастодиан банк арасында Кастодианның келіп түсетін зейнетақы жарналарын қабылдаушы кастодиан банкке аударуы туралы тиісті шарт жасалады. Осы шартқа мынадай талаптар:

      1) келіп түсетін зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы әлеуметтік қорғау және бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес сақтауды қамтамасыз ету;

      2) Қордың конфиденциалды коммерциялық құпиясын және зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтау талаптары;

      3) Кастодианның міндеттемелерін орындауға кедергі болатын жағдайлар туралы осындай жағдайлар туындағаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей Қорға жазбаша хабардар ету міндеті;

      4) Қордың теңгемен және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шотынан ондағы ақшаны одан әрі қабылдаушы кастодиан банкке аудару үшін акцептсіз тәртіппен Кастодианның алу құқығы;

      5) Қор күнтізбелік айдың нәтижесі бойынша Кастодианның шот-фактурасын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Қордың Кастодиан қызметі үшін ақы төлеу міндеті енгізілуге тиіс.

13. Басқа да талаптар

      39. Тараптар Қазақстан Республикасының осы Шарттың мәніне қатысты және осы Шарт бойынша тараптардың қатынастарын реттейтін заңнамасын сақтауға міндеттенеді.

      40. Осы Шарт әрқайсысының заң күшi бiрдей мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде үш дана етiп жасалды: әрбір тарапқа бір-бірден, үшінші данасы уәкілетті орган үшін.

      41. Осы Шарттың талаптары кез келген өзге шарттың немесе тараптар арасында жеке немесе бірге жасалған келісімнің талаптарына қайшы келген жағдайда, осы Шарттың ережелері басымды болып табылады және тараптар ең алдымен осы Шарттың ережелерін басшылыққа алады.

      42. Осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың жазбаша келісімі бойынша осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісімге қол қою арқылы енгізіледі. Тараптардың осы Шарт бойынша реттелмеген дауларын Қазақстан Республикасының соттары өздерінің құзыретіне сәйкес қарайды.

      43. Тараптардың ешқайсысы да осы Шарт бойынша құқықтарын немесе міндеттемелерін үшінші тұлғаларға беруге немесе басқаға беруге құқығы жоқ.

14. Тараптардың деректемелері және қолдары

Қор

Кастодиан

_______________________________
_______________________________
_______________________________
(Қордың деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, телефондары, банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды, бенефициар коды)

_______________________________
_______________________________
_______________________________
(Кастодианның деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, телефоны, банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды, бенефициар коды)

_______________________________
(Қор өкілінің тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса) қолы)
_______________________________

_______________________________
(Кастодиан өкілінің тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса) қолы)
_______________________________

  Қаулыға
2-қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Кастодиан банк пен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалатын үлгілік кастодиандық шарттың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 234 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8795 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 265 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14733 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 11-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 262 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19864 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 8-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 127 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21895 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 5-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 104 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25889 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады