Зейнетақы активтері есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсында жариялау қағидаларын және мерзімдерін, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты, оның ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттар жасасқан инвестициялық портфельді басқарушылардың тізбесін ашу қағидаларын және көлемін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 26 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 маусымда № 32672 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 35-бабы 2-тармағының 9) және 10) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Зейнетақы активтері есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсында жариялау қағидалары және мерзімдері;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты, оның ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттар жасасқан инвестициялық портфельді басқарушылардың тізбесін ашу қағидалары және көлемі бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2023 жылғы 26 мамырдағы
№ 26 Қаулыға
1-қосымша

Зейнетақы активтері есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсында жариялау қағидалары және мерзімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Зейнетақы активтері есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсында жариялау қағидалары және мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 35-бабы 2-тармағының 9) және 10) тармақшаларына сәйкес әзірленді және зейнетақы активтері есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсында жариялау тәртібін және мерзімдерін айқындайды.

2-тарау. Зейнетақы активтері есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсында жариялау тәртібі және мерзімдері

      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаржы құралдарының мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы, саны, номиналдық құны, сондай-ақ осы қаржы құралдарына инвестициялар мөлшерінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліне пайыздық арақатынасы көрсетілген зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысанда өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

      3. Зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді орналастыру үшін пайдаланатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсының сервері өткізгіштік қабілеті кемінде 20 Mbit/sec байланыс арнасы бойынша Интернет желісіне қосылады. Интернет желісіне қосылу үшін деректерді беру жылдамдығы 128 Kbit/sec болатын байланыс арнасын пайдаланатын Интернет желісін пайдаланушының интернет-ресурсының кез келген парағын іске қосу уақыты парақты графикамен және басқа элементтермен толықтыруға қарай 10 секундтан аспайды.

      Интернет-ресурста ақпаратты орналастыру күні мен уақыты көрсетіледі, сондай-ақ олардың тұрақты сақталуы қамтамасыз етіледі.

      4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы мәліметтер ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсында жарияланады (орналастырылады).

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельге және инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельге қатысты жеке жарияланады (орналастырылады).

      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы мәліметтердегі деректер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті есепті күнгі бағамы бойынша ұлттық валюта - теңгемен көрсетіледі.

  Зейнетақы активтері есебінен
бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорының
инвестициялық портфелінің
құрылымы туралы мәліметтерді
бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорының
интернет-ресурсында
жариялау қағидалары және
мерзімдеріне қосымша

      Нысан

      Басқарудағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ______________ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша (жарна түрі) инвестициялық портфельдің құрылымы _________________________________________ (атауы)

      20 __жылғы "_____" "_______________" жағдай бойынша

Эмитенттің атауы және қаржы құралының түрі

Қаржы құралының сәйкестендіргіші

Нақтылы құнның (базалық активтің) валютасы

Рейтингі

Өтеу күні

1

2

3

4

5











      кестенің жалғасы

Саны

Нақтылы құны

Ағымдағы құны

Инвестициялық портфельден үлес салмағы, %

Ескерту

6

7

8

9

10











      Кестені толтыру бойынша түсіндірмелер.

      Зейнетақы активтері есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қалыптастырылған инвестициялық портфелінің құрылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы активтері бөлінісінде бөлек жарияланады.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы мәліметтерді жариялаған кезде, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" көрсетіледі.

      Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы мәліметтерді жариялаған кезде, осы инвестициялық портфельді басқарушының атауы көрсетіледі.

      "Жарналардың түрі" деген жолда зейнетақы жарналарына қарай қалыптастырылған зейнетақы активтері: "міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары" және "жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары" бойынша мәліметтер көрсетіледі.

      1-бағанда қаржы құралы эмитентінің толық атауы және оның түрі (оның ішінде "кері репо", "репо" операциясы нәтижесінде алынған бағалы қағаз, тазартылған бағалы металл, туынды қаржы құралы, банк депозиті) көрсетіледі.

      2-бағанда баға белгіленетін қаржы құралдарының қысқаша атауы (бірегей сәйкестендіргіші), сондай-ақ қаржы құралдары үшін халықаралық сәйкестендіру нөмірі (Іnternatіonal Securіtіes Іdentіfіcatіon Number-ІSІN) не банк депозитін ашуға арналған шарттың нөмірі көрсетіледі.

      3-бағанда ол номиналданған қаржы құралының 07 ІSO 4217 ҚР ҰЖ "Валюталар мен қорларды ұсынуға арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеушісіне сәйкес валюта коды не туынды қаржы құралы бойынша базалық актив болып табылатын валюта коды көрсетіледі.

      4-бағанда борыштық бағалы қағаздар үшін бағалы қағаздың қолда бар рейтингтік бағасы, шетелдік мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша елдің рейтингі, акциялар (банк салымы) үшін эмитенттің (банктің) рейтингі не туынды қаржы құралдары үшін контрәріптестің рейтингі, сондай-ақ рейтингтік баға берген рейтингтік агенттіктің атауы көрсетіледі. Екі және одан да көп рейтингтік бағалар болған кезде рейтингтік агенттіктердің бірінің халықаралық және (немесе) ұлттық шәкілі бойынша ең жоғары рейтингтік бағасы көрсетіледі.

      Осы баған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша толтырылмайды.

      5-бағанда шығарылым (мәміле (шарт) талаптарына сәйкес борыштық бағалы қағаздар ("кері репо" немесе "репо" операциясы немесе банктік салым немесе туынды қаржы құралы) үшін "күні/айы/жылы" форматында өтеу (жабу) күні көрсетіледі. Үлестік және өзге де мерзімсіз бағалы қағаздар үшін бұл баған толтырылмайды.

      6-бағанда қаржы құралдарының саны данамен көрсетіледі.

      7-бағанда бір шығарылым облигацияларының санын осы шығарылымның бір облигациясының нақтылы құнына көбейту ретінде есептелетін облигациялардың нақтылы құны мың теңгемен көрсетіледі.

      8-бағанда есепті күнге есептелген сыйақыны қамтитын қаржы құралдарының ағымдағы жиынтық құны олардың құнсыздануын ескере отырып, мың теңгемен көрсетіледі.

  Қаулығы 2-қосымша

Инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты, оның ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттар жасасқан инвестициялық портфельді басқарушылардың тізбесін ашу қағидалары мен көлемі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты, оның ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттар жасасқан инвестициялық портфельді басқарушылардың тізбесін ашу қағидалары мен көлемі Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 35-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты, оның ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттар жасасқан инвестициялық портфельді басқарушылардың тізбесін ашу қағидалары мен көлемін айқындайды.

2-тарау. Инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты, оның ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттар жасасқан инвестициялық портфельді басқарушылардың тізбесін ашу тәртібі мен көлемі

      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің жеке интернет-ресурсына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттар жасасқан инвестициялық портфельді басқарушылардың тізбесін (бұдан әрі – тізбе) орналастырады, ол мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) инвестициялық портфельді басқарушының атауы;

      2) инвестициялық портфельді басқарушының орналасқан жері, байланыс телефондарының нөмірлері, электрондық поштасының мекенжайы және интернет-ресурсының домені;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың күні мен нөмірі;

      4) инвестициялық портфельді басқарушыға берілген зейнетақы активтерін сақтау мен есепке алуды жүзеге асыратын кастодианның атауы.

      3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры инвестициялық портфельді басқарушы туралы мәліметтерді инвестициялық портфельді басқарушымен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасалғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсына орналастырылған басқарушылар тізбесіне енгізеді.

      4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт бұзылған кезде инвестициялық портфельді басқарушы туралы мәліметтер оны бұзғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде басқарушылар тізбесінен алып тасталуға тиіс.

  Қаулығы 3-қосымша

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді, инвестициялық портфельді басқарушы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 199 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8672 болып тіркелді).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 33 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9317 болып тіркелді) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 262 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19864 болып тіркелді) бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 5-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 33 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22238 болып тіркелді) бекітілген Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 66 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29609 болып тіркелді) бекітілген Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 8-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады