Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтару, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті түрде және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның және бағалы қағаздар нарығында басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқ екендігін растайтын құжаттар тізбесін белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 38 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20220 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 48 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 48 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтару, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті түрде және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның және бағалы қағаздар нарығында басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқ екендігін растайтын құжаттар тізбесін белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулыны мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2020 жылғы ____ __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2020 жылғы ____ ___________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 38 қаулысымен
бекітілді

Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтару, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті түрде және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның және бағалы қағаздар нарығында басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқ екендігін растайтын құжаттар тізбесін белгілеу қағидаларын бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтару, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті түрде және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның және бағалы қағаздар нарығында басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқ екендігін растайтын құжаттар тізбесін белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 45-бабының 1-тармағына, 49-бабының 3-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтару немесе одан айрылу, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті түрде және мәжбүрлеп тарату кезінде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтару, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті түрде және мәжбүрлеп тарату, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру тәртібін белгілейді және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның және бағалы қағаздар нарығында басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқ екендігін растайтын құжаттар тізбесін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.03.2022 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында және Заңда көрсетілген мәндерде қолданылады.

2-тарау. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару тәртібі

      3. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі - Қор) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті түрде қайтару туралы Қор акционерлерінің жалпы жиналысы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) хабарлайды.

      Қор акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін ерікті зейнетақы жарналары есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қордың бірінші басшысы қол қойған ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға лицензияны ерікті түрде қайтаруға арналған өтінішпен (бұдан әрі - өтініш) уәкілетті органға Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүгінеді.

      Өтінішпен бірге мына құжаттар қоса беріледі:

      Қор акционерлерінің жалпы жиналысының ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті түрде қайтару туралы шешімі;

      Қордың ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелерінің жоқ екендігін және ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша қолданыстағы шарттардың жоқ екендігін растайтын құжат;

      өтініш жіберген күннің алдындағы күнде жасалған Қордың бухгалтерлік балансы және оған түсіндірме жазба. Қордың бухгалтерлік балансына түсіндірме жазбада кредиторлық берешек сомаларын және олардың пайда болу негіздемелерін көрсете отырып, Қордың кредиторлары (олар бар болса) туралы ақпарат;

      Қордың, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің, Қордың кастодиан банкінің және Қордың зейнетақы активтерін басқарушысының (осындай бар болса) бірінші басшылары немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша Қордың зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісі.

      4. Қор уәкілетті органға өтініш берген күнге дейін ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды Қағидалардың 5-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

      Қор ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды Қор акционерлерінің жалпы жиналысы ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті түрде қайтару туралы шешім қабылдағаннан кейін жүзеге асырады.

      5. Қор ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті түрде қайтару туралы ақпаратты уәкілетті органға өтініш берген күнге дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

      6. Уәкілетті орган өтінішті қарау кезінде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің жоқ екендігін және ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша қолданыстағы шарттардың жоқ екендігін растайтын құжаттарды тексереді.

      Уәкілетті орган өтінішті тиісінше ресімделген құжаттарды алған күннен бастап екі айдың ішінде қарайды.

      7. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті түрде қайтару:

      1) Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген толық құжаттар пакетін ұсыну;

      2) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының азаматтық, қаржылық заңнамаларына және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамтамасыз ету заңнамасына сәйкес келуі;

      3) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің жоқ екендігі және ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша қолданыстағы шарттардың жоқ екендігі талаптарын орындаған кезде жүргізіледі.

      8. Қор Қағидалардың 7-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті түрде қайтару үшін, уәкілетті орган Қорға ескертулерді көрсете отырып жазбаша жауап жібереді. Қор өтінішті қайталап берген кезде уәкілетті органның оны қарау мерзімі оны қайталап берген күнінен басталады.

      9. Қор уәкілетті органның Қордың ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті түрде қайтаруды жүзеге асыру мүмкіндігі туралы хатын немесе рұқсатын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей лицензияны (лицензияларды) және (немесе) лицензияның қосымшасын (лицензиялардың қосымшаларын) уәкілетті органға қайтарады.

      Уәкілетті органның Қордың ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтаруды жүзеге асыру мүмкіндігі туралы хатын алған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға Қор атауынан "ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры" деген сөздерді және (немесе) "ЕЖЗҚ" деген аббревиатураны алып тастау бөлігінде Қордың мемлекеттік қайта тіркелуі туралы хабарлайды.

3-тарау. Қорды ерікті тарату тәртібі

      10. Қор Қорды ерікті тарату туралы Қор акционерлерінің жалпы жиналысы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлайды.

      Қор акционерлердің жалпы жиналысы шешімінің негізінде ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударған және Қағидалардың 12-тармағында көзделген мерзімі аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті таратуға рұқсат алу туралы www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен (бұдан әрі – өтінішхат) уәкілетті органға өтініш жасайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздері, мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын "Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қойылатын негізгі талаптар тізбесі Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) жазылған.

      Қор өтінішхатты "жеке кабинетке" портал арқылы жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақытын көрсете отырып мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе автоматты түрде көрінеді.

      11. Қор уәкілетті органға өтініш берген күнге дейін ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды Қағидалардың 5-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

      Қор ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды Қор акционерлерінің жалпы жиналысы Қорды ерікті тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін жүзеге асырады.

      12. Қорды ерікті тарату туралы ақпаратты Қор уәкілетті органға өтініш берген күнге дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз уәкілетті органның Стандартында көзделген құжаттарды портал арқылы алуы болып табылады.

      14. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдау және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш хат түскен күні оны қабылдау және тіркеуді және орындау үшін уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін жауапты бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) жіберуді жүзеге асырады. Қор жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері өтінішхатты тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі және (немесе) қолданылу мерзімінің өткені анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішхатты одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және Қорға жібереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда уәкілетті орган оларды Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган Қорға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Қор ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру (беруден бас тарту туралы) туралы қаулының жобасын (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) дайындайды және уәкілетті орган Басқармасының қарауына шығарады, оны тіркеуді 32 (отыз екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері қол қойылғаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде көрсетілетін уәкілетті органның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Қордың "жеке кабинетіне" жібереді.

      Уәкілетті органның Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тарту туралы шешімі Стандарттың 3-тармағында көзделген мерзім шегінде оны қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қордың басшы қызметкерлеріне және акционерлеріне жіберіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.03.2022 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылып тұрады.

      16. Қорды ерікті таратуға рұқсат алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Қор лицензияны (лицензияларды) және (немесе) лицензияның қосымшасын (лицензиялардың қосымшаларын) уәкілетті органға қайтарады.

      17. Қор акционерлерінің жалпы жиналысы тарату комиссиясын тағайындайды және Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексына сәйкес Қорды ерікті тарату тәртібін және мерзімдерін белгілейді.

      18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды уәкілетті органның басшысы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым уәкілетті органға, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей осы шағымды шағым қарайтын органға жібереді.

      Уәкілетті органның атына келіп түскен Қордың шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Шағым қарайтын органның атына келіп түскен Қордың шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.03.2022 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Уәкілетті органның басшысына жіберілетін шағымда:

      1) тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол бар болса), пошта мекенжайы (жеке тұлға үшін);

      2) атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні (заңды тұлға үшін) көрсетіледі.

      Уәкілетті орган басшысының шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, уәкілетті органның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефондары бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы Қорға "жеке кабинеттен" жіберген кезде, уәкілетті орган өтінішті өңдеу кезінде жаңартылатын өтініш туралы ақпаратқа (жеткізілім, тіркеу, орындау туралы жазбалар, қарауға жауап немесе қараудан бас тарту туралы ескертпелер) қол жеткізуге болады.

4-тарау. Қорды мәжбүрлеп тарату тәртібі

      20. Қорды мәжбүрлеп тарату Заңда көзделген жағдайларда сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      Қорды мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күн Қорды мәжбүрлеп таратудың басталуы болып табылады.

      21. Сот Қорды мәжбүрлеп тарату туралы шешімді лицензиядан айырылуына байланысты емес негіз бойынша қабылдаған жағдайда, Қор ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензиядан айрылады.

      22. Қордың тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексына сәйкес сот шешімімен тағайындалады.

      23. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерін және міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру Қорды мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннің ішінде, Қағидалардың 5-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асады.

5-тарау. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтарған немесе одан айырылған, Қорды ерікті және мәжбүрлеп тарату кезінде ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру тәртібі

      24. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беруді:

      Қор лицензиясын ерікті қайтарған, ерікті тараған және ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельдерді басқаруға берілген лицензиясынан айырған жағдайларда – Қор;

      сот шешімі бойынша Қорды мәжбүрлеп таратқан жағдайда – Қордың тарату комиссиясы жүзеге асырады.

      Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша Қордың зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру Қағидалардың 29, 34, 36 және 39-тармақтарына сәйкес жасалған зейнетақы активтерін және міндеттемелерді қабылдау-өткізу актілерімен ресімделеді.

      25. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру Қордың зейнетақы активтері мен міндеттемелерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру бойынша іс-шараларды, оларды орындау мерзімдерін және жауапты тұлғаларды, сондай-ақ Қор (Қордың тарату комиссиясы) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беретін құжаттар мен ақпараттың тізбесін айқындайтын іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      26. Іс-шаралар жоспарында ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру бойынша іс-шаралар, оларды орындау мерзімі және орындауға жауапты адамдар, Қордың (Қордың тарату комиссиясының) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беретін құжаттар мен ақпараттар тізбесі көрсетіледі.

      Іс-шаралар жоспарында:

      1) Қор (Қордың тарату комиссиясы) мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының арасындағы ақпарат алмасу тәртібі;

      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасында Қордың ерікті зейнетақы жарналарының салымшыларына (алушыларына) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жеке зейнетақы шоттарын ашу және салымшылардың (алушылардың) осы жеке зейнетақы шоттарына зейнетақы жинақтарын аудару.

      Егер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысында (алушысында) ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бұрын ашылған жеке зейнетақы шоты бар болса, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жеке зейнетақы шотын ашуды жүргізбейді, салушының (алушының) зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бұрын ашылған жеке зейнетақы шотына есепке алуды жүзеге асырады.

      3) Қордың (Қордың тарату комиссиясының) Қордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасында Қордың ерікті зейнетақы жарналарының салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарын жабуы;

      4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қордың зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарының есебіне тұруы;

      5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша Қордың зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдауы кезеңінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қабылдаған зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштер бойынша Қор міндеттемелерін орындауы;

      6) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді қабылдау-өткізу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және Қордың бағдарламалық – техникалық құралдарының және автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету;

      7) Қордың (Қордың тарату комиссиясының) және инвестициялық портфельді басқарушының (осындай бар болса) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына құжаттар мен ақпараттарды қағаз және электрондық тасымалдағыштармен беруі;

      8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша Қордың зейнетақы активтерін және міндеттемелерін қабылдау барысында Қормен (Қордың тарату комиссиясымен), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкімен, Қордың кастодиан банкімен, инвестициялық портфельді басқарушымен (осындай бар болса) өзара әрекеттесу бойынша іс-шаралармен қоса, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді Қордың (Қордың тарату комиссиясының) беруін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қабылдауын қамтамасыз ету үшін қажетті іс-шараларды өткізу (іске асыру) тәртібі көзделеді.

      27. Қор (Қордың тарату комиссиясы) және инвестициялық портфельді басқарушы (осындай бар болса) тапсырады, ал бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде мынадай құжаттар мен ақпаратты қабылдайды:

      1) қолданыстағы (ашық) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бар ерікті зейнетақы жарналарын салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан және оларға қатысты сақтандыру ұйымдарына зейнетақы жинақтарының төлемдері мен зейнетақы жинақтарының аударымдары жүзеге асырылған ерікті зейнетақы жарналарын алушылардың жеке зейнетақы шоттарынан ағымдағы және тарихи деректер;

      2) барлық құжаттары қоса берілген ерікті зейнетақы жарналары есебінен қолданыстағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттардың және оларға қосымша келісімдердің түпнұсқалары;

      3) құжаттардың түпнұсқалары және Қордың бұдан бұрын сақтандыру ұйымдарына жүргізген зейнетақы жинақтарының төлемдері мен зейнетақы жинақтарының аударымдары бойынша ақпарат;

      4) мыналарды қоса алғанда, Қордың ерікті зейнетақы жарналары есебінен инвестициялық қызметі жөніндегі құжаттары:

      инвестициялық комитеттің отырыстары хаттамаларының түпнұсқалары;

      ұсынымдарды жасауда пайдаланылған құжаттар мен ақпаратты қоса бере отырып, қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға ұсынымдардың түпнұсқалары;

      тәуекелді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің қаржы құралдарымен жасалған мәміле бойынша қорытындыларының түпнұсқалары;

      инвестициялық шешімдердің түпнұсқалары;

      Қордың немесе инвестициялық портфельді басқарушының қаржы құралдарымен мәмілелерді жасауға клиенттік тапсырыстарының (зейнетақы активтерін есепке алу үшін Қордың шоты бойынша операцияларды жасауға бұйрықтардың) түпнұсқалары;

      ұйымдастырылған, ұйымдастырылмаған нарықта, халықаралық (шетелдік) нарықта мәмілелер жасауды және тіркеуді растайтын құжаттардың түпнұсқалары (trade ticket, trade сonfirmation, биржа куәлігі, қаржы құралдарын сатып алу-сату шарты, клиенттік тапсырыстарды орындау (орындамау) туралы бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептері);

      ол бойынша мәмілелер халықаралық (шетелдік) нарықта жасалған борыштық бағалы қағаздар шығарылымының индикативтік шарттары (бар болса);

      екінші деңгейдегі банктермен банк салымдары шарттарының түпнұсқалары;

      қабылданған инвестициялық шешімдердің, зейнетақы активтерінің есебінен жасалған және орындалған мәмілелердің журналдары (құжаттарды және ақпаратты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру күнінің алдындағы бес жылға);

      зейнетақы активтері бойынша айналым – сальдо ведомостері (соңғы есепті күнге және құжаттарды және ақпаратты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру күніне);

      зейнетақы активтері бойынша бухгалтерлік баланс (соңғы есепті күнге және Қордың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру басталған күнге);

      пайдалар мен шығындар туралы есеп (соңғы есепті күнге және Қордың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру басталған күнге);

      төлемдер бойынша ай сайынғы есептер;

      Қор қызметінің барлық кезеңінде инвестициялық басқаруда болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны туралы ай сайынғы анықтамалар;

      зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есептер (Қор қызметінің барлық кезеңінде әрбір есепті айдың бірінші күніне және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру басталған күнге);

      комиссиялық сыйақы, зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы, зейнетақы активтері бойынша ақша қозғалысы бойынша салыстырып тексеру актілерін қоса, кастодиан банкпен салыстырып тексеру актілерінің түпнұсқалары;

      ерікті зейнетақы жарналары есебінен сатып алынған қаржы құралдары бойынша эмитенттен берешектерді өндіріп алу жөніндегі құжаттардың түпнұсқалары (сот актілері, атқарушылық іс жүргізу жөніндегі құжаттар);

      5) іс-шаралар жоспарында белгіленген тізбеге сәйкес өзге құжаттар мен ақпарат.

      28. Қағидалардың 27-тармағы 1) тармақшасында және 4) тармақшасының оныншы абзацында көрсетілген ақпарат электронды тасымалдағыштарда ұсынылады.

      Қағидалардың 27-тармағы 2), 3), 4) (оныншы абзацты қоспағанда) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар:

      қағаз тасымалдағышта ұсынылады;

      іс қағазға жылдар бойынша қалыптастырылады, нөмірленеді, тігіледі. Әрбір іс қағаз 180 парақтан аспайды және оған ішкі тізімдеме қосылады, ол қағаз тасымалдағышта екі данада жасалады (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына электронды нұсқасын берумен), оған жасаушы лауазымын және қол қоятын күнін көрсете отырып, қол қояды.

      Сақтау мерзімі уақытша құжаттар Қағидалардың 27-тармағы 4) тармақшасына сәйкес сол тәртіппен, бірақ ішкі тізімдемені көрсетпей қалыптастырылады.

      29. Қордың (Қордың тарату комиссиясының) және инвестициялық портфельді басқарушының (осындай бар болса) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына Қағидалардың 27-тармағында көзделген құжаттар мен ақпаратты электронды және қағаз тасымалдағыштарда беруі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Қордың (Қордың тарату комиссиясының), инвестициялық портфельді басқарушының бірінші басшылары немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған құжаттарды қабылдау-өткізу актілерімен ресімделеді.

      Қағаз тасымалдағыштағы құжаттарды қабылдау-өткізу актілерінде іс қағаздар атауларының тізбесі, іс қағаздардың жылы және олардың әрбірі бойынша парақтарының саны көрсетіледі.

      30. Қор (Қордың тарату комиссиясы) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру басталған күні мыналарды құрады және оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына электронды форматта жібереді:

      1) ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасаған ерікті зейнетақы жарналарын салымшылардың (алушылардың) тізімі;

      2) олардың зейнетақы жинақтарының сомалары "анықтағанға дейінгі басқа да сомалар" шотында саналатын ерікті зейнетақы жарналарын салымшылардың (алушылардың) тізімі;

      3) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы және тоқтатылған шарттар бойынша онымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты негізінде зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға байланысты ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын төлеуге арналған орындалған өтініштерінің тізімі;

      4) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы және тоқтатылған шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын төлеуге арналған орындалған өтініштерінің тізімі;

      5) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы тоқтатылған шарттар бойынша ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) тізімі;

      6) кредиторлық берешегі өтелген зейнетақы жинақтарының сомалары "анықталғанға дейінгі басқа да сомалар" шотында есептелетін салымшылардың (алушылардың) тізімі;

      7) ерікті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары жөніндегі операциялар туралы, салымшылар (алушылар) деректемелерінің өзгеруі жөніндегі, Қор қызметінің барлық кезеңінде жүзеге асырылған салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының бірігуі жөніндегі ақпаратты.

      31. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қордан (Қордың тарату комиссиясынан) Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ақпаратты алған күні:

      1) автоматтандырылған ақпараттық жүйенің деректер базасында Қағидалардың 30-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарын ашады;

      2) Қорға (Қордың тарату комиссиясына) ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарын ашқандығы туралы Қағидалардың 30-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты жібереді.

      32. Қор (Қордың тарату комиссиясы) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынған ақпарат негізінде, автоматтандырылған ақпарат жүйесінің деректер базасында салымшылардың (алушылардың) Қағидалардың 30-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жеке зейнетақы шоттарын жабады.

      33. Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген тізімдерді Қор (Қордың тарату комиссиясы) электронды тасымалдағышта сақтайды және оны бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тексереді.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері тексерген соң Қордың (Қордың тарату комиссиясы) өкілдерін қатыстыра отырып, Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген тізімдердің қосымша көшірмелерін электронды тасымалдағышта жасайды, оларға мөр басылады, пломба салынады және қабылдау-өткізу актісі бойынша беріледі.

      Электронды тасымалдағыштардың мөр басылған, пломба салынған екі данасы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі, мөр басылған, пломба салынған электронды тасымалдағыштардың бір данасы жұмыс үшін қалдырылады, екінші данасы тұрақты негіздегі резервтік көшірме ретінде сақталады.

      34. Қордың (Қордың тарату комиссиясының) Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақпарат жіберу кезінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және Қордың (Қордың тарату комиссиясының) бірінші басшысының немесе оның орнындағы адамның қолы қойылған қабылдау-өткізу актісімен ресімделеді.

      35. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан Қордың инвестициялық портфелін құрайтын қаржы құралдары туралы ақпарат бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкіне электронды түрде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әзірлеген форматқа сәйкес жіберіледі.

      36. Қағидалардың 35-тармағында көзделген ақпаратты жіберу бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Қордың (Қордың тарату комиссиясының), Қордың кастодиан банкінің, инвестициялық портфельді басқарушының (осындай бар болса) бірінші басшылары қол қойған қабылдау-өткізу актісімен ресімделеді.

      37. Қағидалардың 35-тармағында көзделген ақпаратты қабылдау-өткізу актісінде мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) жіберілген күнгі зейнетақы активтерінің жалпы сомасы, оның ішінде:

      шоттардағы ұлттық және шетел валютасындағы инвестицияланбаған ақша қалдығы;

      ұлттық сәйкестендіру нөмірін, айналыс мерзімін, санын, сатып алу бағасын, акция үшін пайыздар мен дивидендтер бойынша облигацияларды, есептелген кіріс үшін номиналдан пайыз үшін есептелген кірістегі бір бағалы қағаздың ағымдық құнын көрсеткендегі жіберілетін бағалы қағаздардың сомалық құны;

      банктің атауын, салым сомасын, банктік салым шартын жасау күнін, шарттың қолданылу мерзімін, салым бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемесін, салым бойынша есептелген және алынған сыйақы сомасын көрсете отырып, екінші деңгейдегі банктердегі салымдар;

      осы қаржы құралдарына тән сомаларды, санды және қосымша сипаттамаларды көрсете отырып, басқа қаржы құралдарының тізбесі;

      2) зейнетақы активтері бойынша міндеттемелер сомасы, оның ішінде қате есептелген сомалар;

      3) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелердің осының алдында басталған күн соңындағы зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының есебі.

      38. Орталық депозитарийді есепке алу жүйесіндегі кастодиан банктің жеке шоты аясында ашылған Қордың бағалы қағазды есептен шығару жөніндегі операцияларын және оларды орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің жеке шоты аясында ашылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қосалқы шотын есепке алатын орталық депозитарий Қордың кастодианы және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің екі қарсы бұйрықтары негізінде жүргізеді.

      Қаржы құралдарын аударым жасауды тіркеу жөніндегі бұйрық орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында белгіленген нысан бойынша ресімделеді.

      39. Орталық депозитарийді есепке алу жүйесіндегі кастодиан банктің жеке шоты аясында ашылған Қордың қосалқы шотынан бағалы қағаздарды есептен шығару жөніндегі операцияларды тіркегеннен кейін орталық депозитарийді есепке алу жүйесіндегі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің жеке шоты аясында ашылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қосалқы шотына есепке алғаннан кейін орталық депозитарий (орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде ескерілген қаржы құралдары бойынша), Қордың кастодиан банкі және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қордың қосалқы шотынан есептен шығарылған бағалы қағаздар қалдықтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қосалқы шотында тұрған бағалы қағаздар қалдықтарымен салыстыруды жүзеге асырады.

      Салыстырып тексеру салыстырып тексеруге қатысатын тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған қабылдау-өткізу актімен ресімделеді.

      40. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді жіберуге байланысты шығыстар Қордың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  Ерікті зейнетақы жарналарын
тарту құқығымен
инвестициялық портфельді
басқаруға арналған лицензияны
ерікті түрде қайтару,
ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорларын ерікті түрде
және мәжбүрлеп таратуын
жүргізу, сондай-ақ ерікті
зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру
туралы шарттар бойынша
зейнетақы активтері мен
міндеттемелерін беру және
ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорында ерікті зейнетақы
жарналарын тарту құқығымен
инвестициялық портфельді
басқаруға арналған лицензияның
және бағалы қағаздар
нарығында басқа да қызмет
түрлерін жүзеге асыруға
арналған лицензияның негізінде
жүзеге асырылатын қызмет
бойынша міндеттемелердің
және қолданыстағы шарттардың
жоқ екендігін растайтын
құжаттар тізбесін белгілеу
қағидаларына
№ 1 қосымша
  Нысан
  күні ________ № ___________
Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу,
бақылау және қадағалау
жөніндегі уәкілетті органның
төрағасына

Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияны ерікті түде қайтару туралы өтініш

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

                              (Қордың атауы)

      Қор акционерлерінің жалпы жиналысының

      __________________________________________________________________________

                              (өткiзiлетiн орны)

      _____ жылғы "____" _______________ № ____ шешіміне сәйкес

      __________________________________________________________________________

                              (Қордың атауы)

      ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияны қайтаруын жүзеге асыруды сұрайды.

      Қор өтінішпен қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуіне толығымен жауап береді.

      Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек):

      _________________________________________________________________________.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет жеке деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.

      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысы (ол болмаған кезде қол қоюға уәкілетті адам, оның өкілеттігін растайтын құжатты қоса беру).

      ____________________________________ ____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы (қолы)

      Күні ______ жылғы "____"__________

  Ерікті зейнетақы жарналарын
тарту құқығымен
инвестициялық портфельді
басқаруға арналған лицензияны
ерікті түрде қайтару,
ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорларын ерікті түрде
және мәжбүрлеп таратуын
жүргізу, сондай-ақ ерікті
зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру
туралы шарттар бойынша
зейнетақы активтері мен
міндеттемелерін беру және
ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорында ерікті зейнетақы
жарналарын тарту құқығымен
инвестициялық портфельді
басқаруға арналған лицензияның
және бағалы қағаздар
нарығында басқа да қызмет
түрлерін жүзеге асыруға
арналған лицензияның негізінде
жүзеге асырылатын қызмет
бойынша міндеттемелердің
және қолданыстағы шарттардың
жоқ екендігін растайтын
құжаттар тізбесін белгілеу
қағидаларына
№ 2 қосымша
  Нысан
  күні ________ № ___________
Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу, бақылау
және қадағалау жөніндегі
уәкілетті органның
төрағасына

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті таратуға рұқсат алу туралы өтінішхаты

      __________________________________________________________________________

                              (Қордың атауы)

      Қор акционерлерінің жалпы жиналысының

      __________________________________________________________________________

                              (өткiзiлетiн орны)

      _____ жылғы "____" _______________ № ____ шешіміне сәйкес

      Қорды ____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

                                    (Қордың атауы)

      ерікті түрде таратуға рұқсат беруді сұрайды.

      Қор өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуіне толығымен жауап береді.

      Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек):

      __________________________________________________________________.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет жеке деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.

      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысы (ол болмаған кезде қол қоюға уәкілетті адам, оның өкілеттігін растайтын құжатты қоса беру).

      ____________________________________ ____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы (қолы)

      Күні ______ жылғы "____"__________

  Ерікті зейнетақы жарналарын
тарту құқығымен
инвестициялық портфельді
басқаруға арналған лицензияны
ерікті түрде қайтару,
ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорларын ерікті түрде
және мәжбүрлеп таратуын
жүргізу, сондай-ақ ерікті
зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру
туралы шарттар бойынша
зейнетақы активтері мен
міндеттемелерін беру және
ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорында ерікті зейнетақы
жарналарын тарту құқығымен
инвестициялық
портфельді басқаруға арналған
лицензияның және
бағалы қағаздар нарығында
басқа да қызмет түрлерін
жүзеге асыруға арналған
лицензияның негізінде
жүзеге асырылатын қызмет
бойынша міндеттемелердің
және қолданыстағы шарттардың
жоқ екендігін растайтын
құжаттар тізбесін белгілеу
қағидаларына
№ 3 қосымша

"Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

2.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәсілдері

www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі

Құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) ай.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы немесе уәкілетті орган Басқармасының тиісті қаулысының көшірмелерін қоса бере отырып мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

1) уәкілетті органның – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Кодекске сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1)Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхат;
2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлері жалпы жиналысының оны ерікті түрде тарату туралы шешім;
3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның және бағалы қағаздар нарығында қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың болмауын растайтын құжаттар:
ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметтің тиісті түрлері бойынша міндеттемелерінің болмауы туралы, сондай-ақ қызметтің көрсетілген түрлері бойынша қолданыстағы шарттардың болмауы туралы хаты;
ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша көрсетілетін ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісі (ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің бірінші басшылары және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелін басқарушы (ол болған кезде) немесе олардың орындарындағы адамдар қол қойған);
ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бухгалтерлік балансы және оған ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартында көзделген міндеттемелердің болмауы туралы түсіндірме жазба.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуға қоса беріледі.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті түрде таратуға рұқсат алу туралы өтінішхат пен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелері жоқтығын растайтын құжаттар және бағалы қағаздар нарығында лицензияланатын қызмет түрлері бойынша қолданыстағы шарттарға ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысы қол қояды.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мыналар мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады:
1) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңының 48-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбағаны;
2) лицензияланатын қызмет түрлері бойынша міндеттемелер мен қолданыстағы шарттардың болуы;
3)көрсетілетін қызметті алушының барлық
кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін қаржының жеткіліксіздігі.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Порталда іркілістер не техникалық ақаулар анықталған жағдайда мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығына хабарласу қажет.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 38 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтару, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті түрде және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның және бағалы қағаздар нарығында басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқ екендігін растайтын құжаттар тізбесін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 216 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8810 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 желтоқсанда № 184 (2559) "Заң газеті" газетінде жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Ерікті зейнетақы жарналарын тарту, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 27 тамыздағы № 216 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 27 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9323 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірде № 60 (2628) "Заң газеті" газетінде жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 261 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 12-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10211 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысының 1-тармағының 52) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 258 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 5-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14727 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      6. ""Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 24 ақпандағы № 37 қаулысының 1-тармағының үш жүз қырық сегізінші абзацы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15210 тіркелген, 2017 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      7. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 149 қаулысының 1- тармағының 41) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15685 тіркелген, 2017 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      8. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 7 ақпандағы № 26 қаулысының 1-тармағының жеті жүз елу төртінші, жеті жүз елу бесінші, жеті жүз елу алтыншы, жеті жүз елу жетінші, жеті жүз елу сегізінші, жеті жүз елу тоғызыншы, жеті жүз алпысыншы, жеті жүз алпыс бірінші, жеті жүз алпыс екінші, жеті жүз алпыс үшінші, жеті жүз алпыс төртінші, жеті жүз алпыс бесінші, жеті жүз алпыс алтыншы, жеті жүз алпыс жетінші, жеті жүз алпыс сегізінші, жеті жүз алпыс тоғызыншы, жеті жүз жетпісінші, жеті жүз жетпіс бірінші, жеті жүз жетпіс екінші, жеті жүз жетпіс үшінші, жеті жүз жетпіс төртінші, жеті жүз жетпіс бесінші, жеті жүз жетпіс алтыншы, жеті жүз жетпіс жетінші, жеті жүз жетпіс сегізінші, жеті жүз жетпіс тоғызыншы, жеті жүз сексенінші, жеті жүз сексен бірінші, жеті жүз сексен екінші және жеті жүз сексен үшінші абзацтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18340 тіркелген, 2019 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      9. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 149 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 65 қаулысының 1- тармағының үш жүз он үшінші, үш жүз он төртінші, үш жүз он бесінші, үш жүз он алтыншы, үш жүз он жетінші, үш жүз он сегізінші, үш жүз он тоғызыншы, үш жүз жиырмасыншы, үш жүз жиырма бірінші, үш жүз жиырма екінші, үш жүз жиырма үшінші, үш жүз жиырма төртінші, үш жүз жиырма бесінші, үш жүз жиырма алтыншы және үш жүз жиырма жетінші абзацтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18589 тіркелген, 2019 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      10. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 262 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19864 тіркелген, 2020 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 7-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады