"Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 23 ақпандағы № 461/64-V шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы № 388/50-VI шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 маусымда № 1231 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 49-бабы 1-тармағына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 23 ақпандағы № 461/64-V шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде №1005 болып тіркелген, 2016 жылдың 12 наурызында "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды).

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы А. Күрішбаев
      Нұр-Сұлтан қаласы
      мәслихатының хатшысы Ж. Нұрпейісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады