Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 257/39-IV "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын беру Қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 411/53-VI шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 шілдеде № 1237 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 "Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Жарлығына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын беру Қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 257/39-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 606 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 26 желтоқсанда "Астана ақшамы", "Вечерная Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің атауындағы "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      шешімнің 1 тармағында "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын беру Қағидасында бүкіл мәтін бойынша "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихаты сессиясының төрағасы
Қ. Таукен
      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының хатшысы
Ж. Нүрпейісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады