Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 474/60-VI және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 511-1707 бірлескен шешімі мен қаулысы. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 желтоқсанда № 1253 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы Ономастика комиссиясының 2019 жылғы 3 қазандағы және 2019 жылғы 14 қарашадағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы қорытындыларының негізінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мыналарға:

      Нұр-Сұлтан қаласының "Алматы" ауданы бойынша:

      жобалық атауы А19 көшеге – Райымбек батыр көшесі;

      жобалық атауы А34 көшеге – Анатолий Храпатый көшесі;

      жобалық атауы № 237 көшеге – Фазыл Кәрібжанов көшесі;

      жобалық атауы № 198 көшеге – Бәйдібек Қарашаұлы көшесі;

      Нұр-Сұлтан қаласының "Байқоңыр" ауданы бойынша:

      Абай даңғылы мен Әлмұқан Сембинов көшелерінің қиылысында орналасқан атаусыз аллеяға – "Қаламгерлер аллеясы";

      Нұр-Сұлтан қаласының "Есіл" ауданы бойынша:

      жобалық атауы № 28 көшеге – Әбіш Кекілбайұлы көшесі;

      жобалық атауы № 29 көшеге – Фариза Оңғарсынова көшесі;

      жобалық атауы Е356 көшеге – Қасым Қайсенов көшесі;

      жобалық атауы Е246 көшеге – Мақсұт Нәрікбаев көшесі;

      жобалық атауы Е49 көшеге – Әбікен Бектұров көшесі;

      жобалық атауы № Е51көшеге – Төле би көшесі;

      жобалық атауы № Е102 көшеге – Қазыбек би көшесі;

      жобалық атауы № Е32 көшеге – Әйтеке би көшесі;

      Нұр-Сұлтан қаласының "Сарыарқа" ауданы бойынша:

      жобалық атауы № 167 көшеге – Қараменде би Шақаұлы көшесі атауы берілсін.

      2. Мыналар:

      Нұр-Сұлтан қаласының "Алматы" ауданы бойынша:

      Сарыкөл және № 23-8 көшелерін біріктіріп, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі;

      Нұр-Сұлтан қаласының "Алматы" және "Байқоңыр" аудандары бойынша:

      Ақжол, Вишневская және Байырқұм көшелерін біріктіріп Әл-Фараби даңғылы;

      Нұр-Сұлтан қаласының "Есіл" ауданы бойынша:

      "Арай" саябағы – "Жетісу" саябағы деп қайта аталсын.

      3. Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы", "Байқоңыр", "Есіл", "Сарыарқа" аудандарының әкімдері, "Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.

      4. "Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының және шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы және шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы қаулының және шешімнің ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулы және шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бірлескен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі
_______________ А. Көлгінов

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
________________ А. Табулдина
Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихаты хатшысының
міндетін атқарушы
_______________ М. Шайдаров


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады