"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, "Еңбек нарығының қажеттiлiктерiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлiмдерiне, сондай-ақ мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi білімі бар мамандарды даярлауға 2018-2022 оқу жылдарына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік білім беру тапсырысы) қосымшаға сәйкес;
3) "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) – "360 057 000 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" деген бюджеттік бағдарлама әкімшісі болып бекітілсін.
2. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Астана қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.К. Әмринге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Б. Сұлтанов |
Астана қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 107-246 қаулысына қосымша |
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2018-2022 оқу жылдарына арналған мамандықтар бөлінісінде мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі
Р/с № | ЖОО атауы | Мамандық коды | Мамандықтар | Бөлінген мемлекеттік білім беру тапсырысы | |
Жоғары білім бойынша | Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Еуразия гуманитарлық институты" жоғары білім беру мекемесі | 5В010200 | Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі | 40 | - |
5В010100 | Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу | 36 | - | ||
2. | "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | 5В010100 | Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу | 20 | - |
5В010500 | Дефектология (сурдопедагог) | 20 | - | ||
5В071900 | Радиотехника, электроника және телекоммуникация-лар (инженер-электроншы) | 6 | - | ||
5В072900 | Құрылыс (құрылыстағы ЗD баспа жобалаушысы) | 3 | - | ||
5B130100 | Жалпы медицина (педиатор-дәрігер реабилитолог, неанатолог, суицидолог) | 37 | - | ||
3. | "Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | 5В010200 | Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі | 39 | - |
5В113000 | Биология (ағылшын тілінде оқыту құқығымен) | 17 | - | ||
5В010500 | Дефектология (логопед) | 17 | - | ||
4. | "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | 5В010100 | Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу | 54 | - |
5В011800 | Орыс тілі мен әдебиеті | 4 | - | ||
5В010900 | Математика (ағылшын тілінде оқыту құқығымен) | 10 | - | ||
5В070400 | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (бағдарламашы) | 4 | - | ||
5В070300 | Ақпараттық жүйелер (компьютерлік жүйелерді әзірлеуші және талдаушы) | 7 | - | ||
5В075200 | Инженерлік жүйелер мен желілер (газбен қамту жабдықтарын пайдалану және монтаждау жөніндегі инженер-техник) | 8 | - | ||
5В072900 | Құрылыс (құрылыстағы ЗD баспа жобалаушысы) | 2 | - | ||
5В070200 | Автоматтандыру және басқару (КИПиА инженері) | 3 | - | ||
5В090100 | Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру (логистика маманы) | 10 | - | ||
5В042000 | Сәулет (BIM-менеджер жобалаушы) | 39 | - | ||
5В042100 | Дизайн (Web-дизайн, ландшафт дизайны) | 34 | - | ||
5В050400 | Журналистика | 31 | - | ||
5В090200 | Туризм | 25 | - | ||
5В010200 | Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі | 15 | - | ||
5В010100 | Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу | 15 | - | ||
5. | "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | 5В010200 | Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі | 15 | - |
5В010100 | Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу | 15 | - | ||
5В072900 | Құрылыс (құрылыстағы ЗD баспа жобалаушысы) | 4 | - | ||
6. | "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | 5В010200 | Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі | 12 | 3 |
5В010500 | Дефектология | 25 | - | ||
5В070300 | Ақпараттық жүйелер (компьютерлік жүйелерді әзірлеуші және талдаушы) | 10 | - | ||
5В042100 | Дизайн (Web-дизайн) | 20 | - | ||
7. | "С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" акционерлік қоғамы | 5В070400 | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (бағдарламашы) | 21 | - |
5В070300 | Ақпараттық жүйелер (компьютерлік жүйелерді әзірлеуші және талдаушы) | 10 | - | ||
5В071900 | Радиотехника, электроника и телекоммуникация-лар (инженер-электроншы) | 20 | - | ||
5В090100 | Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру (логистика маманы) | 10 | - | ||
5В042100 | Дизайн (ландшафт дизайны) | 20 | - | ||
8. | "Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті" мекемесі | 5В010200 | Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі | 5 | 8 |
9. | "Тұран-Астана" университеті" мекемесі | 5В070400 | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (бағдарламашы) | 10 | - |
10. | "М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы" акционерлік қоғамы | 5В090100 | Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру (логистика маманы) | 20 | - |
11. | "Алматы Менеджмент Университеті" білім беру мекемесі | 5В070300 | Ақпараттық жүйелер (Business analytics and Big data) | 14 | - |
5В050700 | Менеджмент (кәсіпкерлік саласындағы бизнес әкімшілік) | 34 | - | ||
12. | "Астана" медициналық университеті" акционерлік қоғамы | 6R110500 | Аллергология және иммунология | - | 2 |
6R113500 | Травматология және ортопедия | - | 4 | ||
Жиыны: 748 | 731 | 17 |