РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № А-7/279 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6742 болып тіркелген, 2018 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы ""ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамымен" деген сөздер ""АстанаГаз ҚМГ" акционерлік қоғамымен" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.С. Үйсімбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | М.Мырзалин |